Химиялық құрамы




Презентация қосу
Несептегі индиканды, ацетон
сірке қышқылын, ацетон
денешіктерін және көмірсутегін
анықтау
Несеп, зәр немесе сідік – бүйректен
сүзіліп өткен қаннан түзілетін зат
алмасу процесінің өнімі.
Несеп жүйесі ағзалары несеп арқылы организмде
жиналған заттардың қалдықтарын, шлактарды
бөлуге көмектеседі, бұл қалдықтар зат алмасу
реакциясы процесінде түзілген организмге
енгізілген дәрілер және сумен, азықпен жануардың
асқазан жолына түскен улы заттардан пайда
болады.
Химиялық құрамы
Сүтқоректі жануарлар зəрінің 96% су, 4% құрғақ зат: 150-ден
астам күрделі қоспалардан: органикалық зат алмасуының
өнімдері (мочевина, несеп қышқылы, креатинин, қымыздық
қышқылы), минералды тұздар, әр түрлі улы заттардан тұрады.
Құрғақ заттың ішінде органикалық қосылыстар 2,5%
минералдық заттар 1,5%. Бір тəулік ішінде бөлініп шығатын
зəрдің жалпы мөлшеріне қарамай, онымен бірге шығатын
заттардың мөлшері орта есеппен біршама тұрақты болады.
Сондықтан да организмдердегі зат алмасуға сипаттама беру
үшін бір тəулікте бөлініп шығатын зəрдің жəне зəрмен бірге
шығатын əр заттың мөлшерін білу қажет.
Қалыпты жағдайда Несептің түсі ақшыл сары, мөлдір болады.
Меншікті салм. 1,001 – 1,040 аралығында болады және ол
Несептің құрамындағы тығыз заттарға байланысты. Ересек
адам организмінде тәулігіне 1000 – 1800 мл Несеп түзіледі.
Несептің физикалық-химиялық құрамы сыртқы орта
факторларына (ауа температурасы, ылғалдылығы, физ.
белсенділік, сұйықтық ішу және тамақтану тәртібі) байланысты
болады. Тағамда ақуыз көп болса, Несеп қышқылды, өсімдік
тектес тағам көп болса – әлсіз сілтілі болады; Несептегі
Зəрдің патологиялық құрамдары
Зəрдің патологиялық құрамдас бөлігіне глюкоза, ақуыздар, кетондық
денелер, өттің пигменттері жəне қалыпты нормадағы зəрде өте шағын
мөлшерде кездесетін басқа да бірқатар заттар болады.

Глукозурияда жаңа бөлінген зəрде 0,355 ммоль/л
шамасындай глюкоза болады. Ал глюкозурия (глюкозаның
көбейген кезі) кезінде зəрдегі глюкоза мөлшері кенеттен
көбейіп кетеді. Сөйтіп 33,3-66,6 ммоль/л шамасына дейін
жетеді. Мұндай жағдай адамда жəне жануарларда
анестезиядан кейін, немесе ішкі сезім билегенде жəне қант
диабеті ауруы кезінде байқалады.
Кетонурия - зəрмен бірге айтарлықтай мөлшерде ацетон, ацетосірке
қышқылы жəне ß-гидроксимай қышқылының бөлінуі. Қант
диабеті кезінде тəулікте 50 г мөлшеріне дейін ацетон бөлінеді, ал
жоғарыда аталған екі қышқыл 50 г, тіпті одан да көп мөлшерде
бөлінеді.
Несеп құрамына
индикан, ацетон және
сірке қышқылы кіреді.
Мысалы, жылқының 1 л
несебінде 220 мг-ға
дейін индикан болады.
Несептегі индиканды
анықтау. Дені сау мал
несебінде индикан аз
мөлшерде кездеседі.
Индиканның несеп құрамында
өте көп болуыиндиканурия
деп аталады. Индиканурия-
іштегі белокты заттардың
шіріген (ішек
түйілуі,копростазда,перитонит
те)және организмде белок
ыдыраған кезінде
байқалады(абсцесте,ісіктерде
және т.б.). Индиканның
несепте болуын арнайы
Обермайер сынамасы.
Пробиркаға 6 мл хлор ерітіндісін
қосамыз (0,2-0,4 г хлорлы темірді
100мл концентрленген тұз
қышқылында ерітеді).5 минут өткен
соң оған 1-2 мл хлороформ қосып,
пробирканы жақсылап шайқайды.
Егер индикан болған жағдайда,
пробирканың төменгі жағында
хлороформ көк түске боялады.
Бояудың қанықтығы индиканның
мөлшеріне байланысты
Яффе сынамасы. Пробиркаға
2-3 мл сүзілген несеп құйып,
оған осындай мөлшерде күшті
тұз қышқылын, 2-3 мл
хлороформ және 1-2 тамшы 2
% калий перманганат
ерітіндісін қосады.
Пробирканы бірнеше рет
төңкеріп араластырады.
Пробирканың түбіне
Индикан болған жағдайда
хлороформ
хлороформ түзілген соң ашық
көгілдір немесе
реакцияға баға
қызыл түске береді.
боялады
Несептегі сірке қышқылын анықтау
үшін күкіртті түспен
анықтауымызға болады. Колбаға
40-60 мл несеп құйып, оны 20-30
мин қоямыз. Сонан сон несептің
жоғары бетіне күкіртті түс ұнтағын
себеміз. Егер ұнтақ шөкпесе онда
байқау- теріс, ал шөксеоң. Несепте
сірке қышқылы және басқада
қышқылдар болса, және олар 0,01%
Іріңді
плевр
ит

Өкпе
шіріг ИНДИКА
енде
Н сепс
исте

абцес
Таспа
құртт
ар
Несептегі ацетонды анықтау Лестрада сынамасын
қолданады,ол реактив мына құрамда жасалынады
(натрий нитропрусмді- 1г, аммоний сульфаты-20
г,натрий карбонаты сусыз)-20 г. Өлшеніп алған
препараттарды фарфорлы ыдыста жақсылап ұнтап,
оларды араластырып,ауызы мықтап бекітілген
шыны ыдысқа сақтайды. Сынама қойған кезде ақ
кафельды плиткаға аздаған құрғақ ұнтақ салып,
оған 2-3 тамшы несеп тамызып ылғалдаймыз. Егер
несеп құрамында ацетон болса реактив ақшыл-
қызылдан қара- күлгін аралығында түске боялады.
Реактивтің боялуы 2-3 минут аралығында іске асуы
мүмкін. Дені сау малдың несеп құрамында ацетон
денелер өте аз мөлшерде кездеседі, олар Лестрада
сынамасы кезінде анықталмайды.

Ұқсас жұмыстар
Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы
Атомдық және молекулалық массаларды анықтау тәсілдері. Заттық мольдік массасы. Эквивалентті және эквивалент арасындағы қатынас. Газдардың заттық мольдік массаларын анықтау
Мелассаның химиялық құрамы
ИЗОМОРФИЗМ. ПОЛИМОРФИЗМ
ҚҰРЫЛЫС КЕРАМИКАСЫН ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ШИКІЗАТ ТУРАЛЫ
Жасушаның химиялық құрамы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯДА
Судың химиялық құрамын анықтайтын факторлар
Өсімдіктің химиялық құрамы
Минералдардын жіктелуі
Пәндер