Мансаптық өсудің алты сабағы


Slide 1

Менің мансаптық және кәсіби өсуім

20ГГ

«Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Slide 2

Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші тұлғаның талпынысы болып табылады. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет. Кәсіби даму пайдалы әдеттің негізі болуы керек.

2

. Кәсіби даму - бұл жүйелі беку, белгілі бір салада жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.

Slide 3

Адамның кәсіби дамуының деңгейлік жоспары мынадай бағытта болғаны жөн:

Кәсіби дағдылар - өз дағдыларыңызды 5 баллдық жүйеде бағалаңыз. Бұл сізге қандай дағдыларыңызды жетілдіруіңізді анықтауға көмектеседі.

Құндылықтар - Сіздің құндылығыңыз топтың өзекті деп санайтын құндылықтарымен қаншалықты сәйкес екендігін тексеріңіз. Бұл өз құндылықтарыңызды қайтадан қарауға көмектеседі.

Оқу - өзіңізге жаңа мәліметтерді меңгеруге қолайлы стратегияны таңдаңыз.

3

Slide 4

Адамның жұмысы мен «өмір сүруін» бөлек қарастыру мүмкін емес, оның кәсіби әрекеттері өмірінде белгілі бір орын алса ғана, адамның тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің арасында қайшылықтар болмайды.

Бір сөзбен айтқанда, тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуінде бірлік болу керек.

Тұлғалық даму мен кәсіби өсуде болатын өзгерістердің жүзеге асқанын мына әрекеттерден білуге болады:

Мақсат қоя білу; өз алдына кәсіби мәнді мақсат пен өзіндік даму міндеттерін қою;

Жоспарлау: өзіндік даму құралдары мен әдістерін, әрекеттері мен тәсілдерін таңдау;

Өзіндік бақылау: өзіндік дамудағы қадамдар мен нәтижелерді салыстыру;

Түзету: өзімен жүргізілген жұмыс нәтижелеріне қажетті түзетулер енгізу.

4

Slide 5

5

Билік қаншалықты үлкен болса, жауапкершілік те соғұрлым өседі.

Проактивті болыңыз. Егер сіз мансап баспалдағымен жылдам көтерілуді қаласаңыз, проактивті болу - сіздің бойыңызда болуы тиіс міндетті қасиет. Жаңа міндеттер алыңыз, идея ұсыныңыз, мәселенің шешімдерін қарастырыңыз.

Сөйлесіңіз. Жаңа таныстықтар мен керекті адамдармен қарым-қатынас жүйесін орнату маңызды. Расымен, бұл - өте пайдалы қасиет. Дәл осы икем жаңа ақпаратты білуіңе немесе күтпеген жерден көмек алуыңа себепші болуы мүмкін.

Мансаптық өсудің алты сабағы

Жоспар. Жоспардың болуы - маңызды. Алдыңызға мақсат қойыңыз. Қазір өз-өзіңізге сұрақ қойыңыз - «5 жыл, 10 жылдан кейін қандай қызметте істегіңіз келеді?».

Кәсіби болыңыз. Өзіңізге не керегін анықтағаннан кейін өзіңізді жан-жақты дамытуды бастаңыз.

Демала біліңіз. Жұмыс - өміріміздің маңызды болса да жай ғана бір бөлігі. Спортпен айналысыңыз, белсенді әлеуметтік өмір сүріңіз, достарыңызбен, туыстарыңызбен кездесеңіз және т. б.

Slide 6

Адамның кәсіптік мансабының ең маңызды факторы оның жеке басы туралы идеясы болып табылады.

Мансаптық бағдар - бұл адамның үміттері мен қажеттіліктерін анықтайтын кәсіптік қызметте жеке дамудың белгілерінің бірі. Әр адамның өз мансабын таңдауды анықтайтын жеке сипаттамалары, тұжырымдамасы, мотивтері, құндылықтары бар, олардың қаралуы адамның мансапты таңдауы ықтималдығын айтарлықтай арттырады, ол оған ең үлкен моральдық қанағат әкеледі.

6

Slide 7

7

Ең алдымен - мақсат!

Адам баласы өзінің өмір жолында алдына мақсат қоя отырып алдыға ұмтылуға бейім. Мақсат-мүддесі айқын әрі жарқын тұлға ғана жетістікке жете алады. Өйткені оның әр қадамы ойластырылған болғандықтан оның мақсатқа жету жолындағы қиыншылықтарға тап болып қалу мүмкіндігі аз болды.

Slide 8

8

Slide 9

Назарларыңызға рақмет!

Орындаған: Нургалымова Тансу


Ұқсас жұмыстар
Кәсіби мансап
Қазақстанда жасөспірімдердің мамандық таңдау дағы ұстанымдары
Менің мансаптық жоспарым
Мансаптық типологиялаудың негіздері және мансап түрлері
Корея Республикасының білім беру жүйесі
Қос жарнақты тұқымның құрылысы
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу.Себептері,факторлары
Капиталдың жинақталуы және экономикалық өсу
Экономикалық өсу
Опра Уинфридің өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz