Функциональдық жүйе


Slide 1

Тақырыбы: Ағзаның функциональдық жүйесі. Қызметтік жүйелер туралы К. П. Анохинның ілімі

Тексерген: Әбдірешов С.

Орындаған: Бақтияр А. Т.

Тобы: ББ 18-06.

Алматы, 2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе: Функциональдық жүйе.

Негізгі бөлім: 1) П. К. Анохин еңбегі.

2) Функцилональдық жүйе звенолары.

3) Афференттік талқылау.

4) Шешім қабылдау.

5) Әрекет нәтиже акцепторы.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Функциональдық жүйе дегеніміз - ?

Өзінің үйлесімді қызметінің нәтижесінде белгілі бір мақсатты әрекеттің туындауын қамтамасыз ететін, өздігінен реттеліп отыратын органдардың жылжымалы бірлестігі. Бұл ұғымды И. П. Павловтың рефлекстік теориясы негізінде көрнекті физиолог Н. К. Анохин ұсынған.

Slide 4

Пётр Кузьмич Анохин (14 (26) қаңтар 1898, Царицын - 5 наурыз 1974 Мәскеу) - кеңес физиологі. Функционалды жүйе теориясын құрушы, академик. Ленин сыйлығының лауреаты (1972) . Азамат соғысына қатысқан. «Қызыл Дон» журналының бас редакторы болған. Еңбектері: «Декарттан Павловқа дейін. Рефлекс теориясына 300 жыл», «Иван Петрович Павлов өмірі, қызметі және ғылыми мектебі», «Функционалды жүйе физиологиясының очерктері», «Шартты рефлекстің биологиясы мен нейрофизиологиясы» т. б.

П. К. Анохин (1898-1974)

Slide 5

Функционалдық жүйе құрамына кіретін эвенолары

Афференттік талқылау

Шешім қабылдау

Әрекеттік қозу кешенінің қалыптасуы

Әрекет нәтижесінің акцепторы

Әрекет нәтижесі және оның белгілері

Нәтиже параметрлерінің кері афферентациясы

Slide 6

Афференттік талқылау

Афференттік талқылау кез-келген іс-әрекеттік реакцияның бастапқы звеносы. Бұнда нені, қалай, қашан атқару керек дейтін сұрақтар жауабын табады. Афференттік талқылау іске асу үшін база ретінде төрт компонент қызмет етеді:

доминанттық мотивация және оның әсерлік деңгейін анықтаушы эмоция

жағдайлық (нақты жағдай) афферентация

іске қосушы афферентация

ес аппараты

Slide 7

Бұл компоненттердің өзара әрекеттесуі үш түрлі нейродинамикалық факторлар көмегімен іске асады: Осы механизм дер әр түрлі қозуларды біріктіріп әрі салыстыруға және нақты жағдайға сайт келетін іс-әрекетті анықтауға яғни мүмкін болатын әр түрлі варианттардың ең қолайлы дегенін таңдап алуға көмектеседі де, « шешім қабылданады ».

бағдарлап-зерттеу реакциясы

қозудың нейронға конвергенциясы

қозудың қыртыс қыртысасты реверберациясы

Осы механизм дер әр түрлі қозуларды біріктіріп әрі салыстыруға және нақты жағдайға сайт келетін іс-әрекетті анықтауға, яғни мүмкін болатын әр түрлі варианттардың ең қолайлы дегенін таңдап алуға көмектеседі де, « шешім қабылданады ».

Slide 8

Шешім қабылдау

Кез келген іс-әрекеттік істі орындаудың түйінді моменті. Бұл моментке тән болатын басты ерекшелік шешім қабылдау механизмінің көмегімен келешек орындалатын әрекеттің мақсаты айқындалады, бағдарламасы қалыптасады. Шешім қабылдаумен қабаттаса шұғыл түрде қозудың өзара байланысты екі кешені туады:

әрекеттің адекваттық бағдарламасы, яғни эфференттік қозулар интегралы

келешек әрекет нәтижелерін болжайтын спецификалық аппарат пен оның афференттік моделі

Slide 9

Әрекет нәтиже акцепторы

Әрекет нәтижесін акцепторда бағалау үшін кері афферентация жүру керек, яғни оған әрекеттің ақырғы нәтижелері туралы ақпарат түсу керек. Кері афферентация арнайы рецепторлық канал дар арқылы іске асады. Жеткізілген әрекет нәтижесінің барлық параметрлері сол нәтиженің афференттік моделімен салыстырылады. Егер бұл параметрлер бір-біріне сәйкес дәл келсе, организмнің бұл процессі аяқталады, ол енді іс- әрекеттің келесі кезекті процесін ұйымдастыруға, қалыптастыруға көшеді. Ал егер кері афферентация да кодталған нәтиже параметрлері шешім қабылданған кезде қалыптасқан, болжамдалған нәтиже параметрлерімен (әрекет нәтижесі акцепторындағы) сәйкес келмесе, онда « келісім бұзылу » жүреді, яғни организмнің керекті пайдалы нәтижеге қолы жетпегені, қажет өтелмегені. Бұл айтылғандардан туындайтын қағидалардың бірі: әрекет адам мен оны қоршаған орта арасындағы шынайы байланысты орнататын, болмыста туатын белсенді қатынас форматы.

Slide 10

Қорытынды

Қорыта келе, П. К. Анохин негізін қалаған қызметтік жүйе - белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрылымдары мен атқарушы органдардың динамикалық бірлестігі. Анохиннің түсінігі бойынша функциальдық жүйе түзуші ең негізгі шешуші фактор - әрекет нәтижесі. Оның звеноларына тоқталдық. Соның ішінде шешім қабылдау, афферентік талқылау, әрекет нәтиже акцепторы звенолары.

Slide 11

Пайдаланған әдебиеттер:

Сәтбаева Х. Қ., Өтепбергенов А. А., Нілдібаева Ж. Б. «Адам физиологиясы» (оқулық) . - Алматы. «Эверо», 2014.

С. Төлеуханов, Н. Торманов. «Адам физиологиясы» (оқулық) . - Алматы «Қазақ университеті», 2010.

El. kz

Stud. kz

Торманов Н., Төлеуханов С. Т. Адам физиологиясы «Медико-биологиялық іс» мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. - Алматы: «Қазақ университеті», 2007.


Ұқсас жұмыстар
Жүйенің функционалды және обектілі декомпозиция түсінігі
Негізгі комплекске кірмейтін функционалдық кіші жүйелер
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе бір жүйелер масштабта процессті бірнеше қамтитын ұйымдар
Мектеп ісін басқару жүйесі
Денсаулық сақтау саласында жүйелі тәсіл
Торлы құрылым және оның организмдегі орны, лимбикалық жүйе
Ұйымдастыру функциясы
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе
Фармацевтикалық білім
ЭЕМ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz