Қозғыштық кезеңдері




Презентация қосу
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тақырыбы: Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері мен
ерекшеліктері.

Тексерген: Әбдірешов С.
Орындаған: Бақтияр А.Т.
Тобы: ББ 18-06.
Алматы, 2020
Жоспары:

• Кіріспе: Қозғыш тіндер.
• Негізгі бөлім: 1) Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері.
2) Қозу мен қозғыштық.
3) Қозғыштық кезеңдері.
4) Қозғыштық өлшемдері.
• Қорытынды.
• Пайдаланылған әдебиеттер.
Қозғыш тіндер

Тітіркендіру барысында, оған
жауап ретінде қозу үрдісі пайда
болатын, яғни тінның тыныштық
күйінен қызмет жағдайына
көшетін ұлпалар.
Оларға жатады:

Жүйке тіндері

Бұлшықет тіндері

Сөл бөлетін бездер
Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері

Қозғыштық Қозу үрдісін өткізу

Ет тіндері Без тіндері
үшін үшін үшін сөл
жиырылу бөлу
Қозу мен қозғыштық

• Қозу – тітіркендіру салдарынан пайда болатын тірі тіндердің (ұлпалардың)
әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай жағдайы; тірі клеткалардың
тітіркенуге қайтаратын жауабы. Қозу - түрлі физикалық және химиялық
функциональдық өзгерістер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі
организмге тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биологиялық
процесс. Организмде қозғыштық қасиет жойылса, клеткалардың қызметі
бұзылып, тіршілігі тоқтайды.
• Қозғыштық – тірі организмдердің тітіркендіруге арнаулы өзіндік реакциямен,
таралатын әрекет потенциалымен (тітіркеніспен) қайтаратын жауабы.
Қозғыштық процесіне әр түрлі өзіндік және жалпылама белгілер тән. Мысалы,
қозған тінде зат алмасу процесі күшейеді, оның химиялық құрамы мен
физикалық және химиялық қасиеттері сандық және сапалық өзгерістерге
ұшырайды.
Қозғыштық кезеңдері

• Абсолюттік рефрактерлік кезең (нағыз қасарысу)
• Салыстырмалы рефрактерлік кезең (шамалы қасарысу)
• Супернормалды кезең
• Субнормалды кезең
Анықтамасы:
• Қозу үрдісі басталысымен тіннің қозғыштық қасиеті төмендеп, қаншама
әсерлі болса да, біразға дейін келесі тітіркендіргіш күшке жауап бермей
қояды. Бұл мезгіл абсолюттік рефрактерлік кезең деп аталады.
• Бұл кезең аяқталысымен қозғыштық қасиеті қайта пайда болып біртіндеп
әдетті қалпына келеді. Былвйша айтқанда тін қозғыштығы біраз уақыт
әдеттегі (қозбай тұрғандағы) қалпынан төмен болады. Осы қозғыштықтың
төмен уақыты салыстырмалы рефрактерлік кезең деп аталады.
• Жауап әсерлісі туу кезең аяқталарда қозғыштық қасиет жоғарылап, біраз
уақыт әдеттегіден басымырақ болады. Қозу қасиетінің осы күшею сәтін
супернормалды кезең дейді.
• Бұл кезең өткен соң қозғыштық қайтадан төмендеп барып қозу үрдісі
тоқталарда әдеттегі қалпына келеді. Қозғыштықтың осылайша қалыптан
төмендейтін кезі субнормалды кезең деп аталады.
Қозғыштық кезеңдерін қисық сызықпен көрсетсек:
Қозғыштықтың өлшемдері

Қозу табалдырығы

Әсердің пайдалы уақыты

Хронаксия

Лабилдік

Аккомодация жылдамдығы
Анықтамасы:
• Қозу табалдырығы (реобаза) деп қозу үрдісін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз
мөлшерін айтады.
• Әсердің пайдалы уақыты деп белгілі тінді қоздыратын бір реобзаға тең күш әсерінің ең
қысқа уақытын (ОС) айтады.
• Хронаксия деп тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақытын (ОF)
айтады.
• Аккомодация (лат. accomodatio – бейімделу) тінді қоздыратын тітіркендіргіштің үдеу
қарқынының ең аз (минимум) уақытымен өлшенеді. Аккомодация кезінде тіннің қозу қасиеті
төмендейді.
• Лабилдік (лат. – labilis – тұрақсыздық) - белгігі тіннің қозғыштық дәрежесін көрсететін
өлшемдердің бірі. Лабилдік деп тітіркендіру жиілігіне сәйкес 1 секунд ішінде пайда болатын
қозудың ең жоғары (максималды) әрекеттік ширақтығын айтады.
Қорытынды

• Қорыта келе, қозғыш тіндер қоздырғыштық және қозу
қасиетін көрсете отырып, сол тіндер тән бұлшықет
және жүйке, т.б орындарда кездеседі. Қозғыштық
процесс ретінде көптеген өлшемдерді біріктіреді.
Олар: қозу табалдырығы, хронаксия, әсердің пайдалы
уақыты, аккомодация, лабилдік сынды кезеңдер.
Пайдаланылған әдебиеттер:

• Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. «Адам физиологиясы»
(оқулық). – Алматы. «Эверо», 2014.
• С.Төлеуханов, Н.Торманов. «Адам физиологиясы» (оқулық). – Алматы
«Қазақ университеті», 2010.
• El.kz
• Stud.kz

Ұқсас жұмыстар
Қозу үрдісі
ПАРАБИОЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Қалыпты және патологиялық физиология
ЖҮРЕК БҰЛШЫҚЕТІНІҢ ЖИЫРЫЛУ МЕХАНИЗМІ
Нейрондардың жіктелуі
Қозғыштық - тірі жүйелердің тітіркенгіш әрекетке жауап қайтара алу қасиеті
Жүйке талшықтарының құрылымы
Жүйке талшықтарының физиологиясы
Қозғыш ұлпалар физиологиясы
Бұлшық ет және жүйке физиологиясы
Пәндер