Паразитология: жылқы оксиурозы, үй қояндарының пассалурозы және құс гетеракидозын бағалау, емдеу және алдын алу


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ ұЛттық аграрлық университеті

Кафедра : "Биологиялық қауіпсіздік "

Пәннің аты : " Паразитология және инвазиялық аурулар"

І - СӨЖ

Тақырыбы: жылқы оксиурозы, қоян пассалурозын, құс гетеракидозын балау, емдеу, алдын алу

Қабылдаған : Жантелиева Л.

Орындаған: Рахматулла Раман вм-407

Алматы 2020 жыл

1

Slide 2

мазмұны

Кіріспе

Жылқы оксиурозы - балау, емдеу .

Қоян пассалурозы - балау, емдеу .

Құс гетеракидозы - балау, емдеу .

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Оксиуратоздар

Slide 4

Жылқы оксиурозы классификациясы

Топтама үсті: Scolecida Топтамасы: Nemathelminthes Тек тармағы: Nematoda Тобы: Ascaridida Топ асты: Oxyurata Тұқымдасы: Oxyuridae Туысы: Oxyuris Түрі: O. equi

Slide 5

Жылқы оксиурозы

Жылқы оксиурозы - Oxyuridae тұқымдасына жататың нематоданың Oxyuris equi қоздырушысымен шақырылатын, жануарлардың үлкен бүйен ішегінде паразиттейтін жұмыр құрттар тудыратын ішқұрт ауруы. Асқорыту жолының қызметі бұзылуымен және құйрық манындағы тері зақымдалуымен (зачес хвоста) білінеді. Жылқыдан басқа оксиурозбен тағы біртұяқтылар - есектер, зебралар ауырады. Оксиуроз бүкіл жерде кездеседі.

Slide 6

1-сурет .

Slide 7

2-сурет . Жұмыртқасы

Slide 8

3-сурет. Тіршілік циклі

Slide 9

Қоздырғышы.

Қоздырғышы. Ауыз қуысы алты бұрышты, қысқа ауыз капсуласына (кеңірдекке) ашылады, алты ерінмен қапталған. Өңештің артқы жағында бульбус орналасады. Аталықтың ұзындығы 6-15 мм. Құйрығы жалпақ, бір жінішке өткір спикуласы болады, рулегі жоқ. Аналықтын ұзындығы - 18 мм дейін жетеді, жуан, бас жағы қысқа, құйрығы жінішке, ұзын, вульва дененің алдыңғы жағында орналасқан. Жұмыртқалардың мөлшері 0, 085-0, 099 х 0, 040-0, 045 мм, түссіз, жартылай мөлдір, асимметриялы, полюстің бір шетінде - тығын сияқты болады. Жұмыртқалар салар кезіне қарай инвазиялық сатысына жетілген болады. Қоздырғышының даму айналымы. Дамуы аралық иесіз өтеді.

Шағылысқаннан кейін аталықтар өледі, ал аналықтарда жұмыртқалар түзіледі. Жатыры жұмыртқаларға толы аналықтар жылқының нәжісімен бірге тік ішектің сыртына, сыртқы ортаға шығып, жартысы жұмыртқаларын айналаға шашады, ал жартысы құйрық астының кілегей қабаты қыртыстарында жабысып қалады. Перианальді қыртыстар арасында жұмыртқаларын салады. Жұмыртқаларын салып болғасын аналықтар өліп қалады. 2-3 күн өткесін олардың ішінде дернәсілдер дамиды, содан жұмыртқалар инвазиялы болады. Нәжістің үстіндегі аналықтары 1-2 минуттен кейін жұмыртқаларды сала бастайды. Жылқылар оксиурозбен инвазиялық жұмыртқаларды жұтып зақымдалады. Ішекке түскең жұмыртқалардан дернәсілдер шығады, 3-4 апта өткесін толық жынысты паразиттерге, ересек құрттарға айналады.

Slide 10

Оксиурозға қарсы тиімді дәрілердің бірі - пиперазин препараты және оның фосфорлы немесе күкіртті тұздары. Дәріні шыланған құнарлы азыққа қосып, жеке малға немесе топтап 0, 1 гкг мөлшерінде арасына бір тәулік салып 2 рет беруге болады. Пиперазинді жеке жылқыға 2-5% ерітінді түрінде танау-жұтқыншақ түтігі арқылы немесе шөлмекпен береді. Топтап емдеу үшін, жас-салмағы бірдей 20-25 бас малға 20-25 кг құрама жемге немесе сұлыға ерітілген пиперазиннің керекті мөлшерін қосып, науаға салып жегізеді. Пиперазинді 2 жастан асқан жылқыға 20-25 г, жабағы мен тайға 15-20г, 10-11 айлық құлынға 10-12 г, 7-10 айлық құлынға 8-10 г мөлшерінде береді. Шет елдік дәрілерден оксиурозға қарсы 20%-дық тетрамизол гранулят, панакур және 10%-дық мебенвет гранулят жақсы нәтиже береді. Алдын - алу, сақтандыру шаралары. Таза емес шаруашылықта барлық жылқыларға 3-4 рет, 1-1, 5 ай сайын дегельминтизация жасайды, ол үшін пиперазин қолданады. Ауру жылқыларды бөледі және емдейді. Жұмыртқаларды таратуына тиым салу үшін құйрық астын және манайын бор қышқылы ерітіндісінде суланған тампонмен сүртеді. Әрбір 6 апта сайын дерт шыққан қорадағы жылқыны түгелдей гельминтоовоскопия әдісімен (артқы тесік маңайынан қырынды алу) зерттеп отыру керек. Қора ішін, күрек, айыр, сыпырғыш, аттарақ және т. б. жақсылап тазартып, ыстық сумен зарарсыздандырады.

Slide 11

Үй қояндары пассалурозы

Slide 12

Үй қояндары пассалурозы классификациясы

Топтама үсті: Scolecida Топтамасы: Nemathelminthes Тек тармағы: Nematoda Тобы: Ascaridida Топ асты: Oxyurata Тұқымдасы: Oxyuridae Туысы: Passalurus Түрі: P. ambiguus

Slide 13

Үй қояндары пассалурозы - Oxyuridae тұқымдасына жататың Passalurus ambiguus қоздырушысымен туғызылған ауру, үйдегі және жабайы қояндардың соқыр және жуан ішекте мекеңдейтін нематодалар. Инвазия барлық жерде таралған. Осы гельминтозға таза емес шаруашылықтарда үй қояндарының 40-90%-ға дейін ауруға шалдығады, бір үй қоянында инвазияның интенсивтігі 10 мыңға дейін жетеді.

Slide 14

4-сурет .

Slide 15

5-сурет. Жұмыртқасы.

Slide 16

6-сурет . Тіршілік циклі

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Жылқы оксиурозы, үй қояндарының пассалурозы және тауық гетеракидозы: эпизоотология, клиника, диагностика және алдын алу
Үй қояндарының гигиенасы мен ұстау жүйелері: тұқымдық ерекшеліктер, микроклимат және аурулардың алдын алу
Жануарлардағы нематодоздар мен оксиуратоздар: клиникасы, диагностикасы, емдеу және алдын алу
Жылқылардағы стронгилятоздар мен трихонематоздарды бағалау, емдеу және алдын алу
Тұмау мен құс тұмауы жағдайындағы алдын алу, диагностика және емдеу шаралары: стандарттар мен алгоритмдер
Құс ларинготрахеиті: этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу шаралары
Жылқы, шошқа және қояндағы оксиуроздар мен аскаридоздардың клиникасы, диагностикасы, емі мен алдын алуы
Жылқы тұмауы: этиологиясы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Құс тұмауы: қоздырғышы, клиникалық-патологиялық ерекшеліктері және алдын алу мен бақылау шаралары
Ларвальды энтомоздар (ірі қара гиподерматозы, қой эстрозы, жылқы ринэстрозы, түйе цефалопиноз): эпизоотология, клиника және алдын алу-емдеу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz