Паразитология және инвазиялық аурулары пәні


Slide 1

Тақырыбы: Аскаридоз ауруынын балау, емі, және алдын алу.

Орындаған: әбдіғаппар Әділет ВМ-407

Қабылдаған : Жантелиева Л.

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

“Биологиялық қауіпсіздік” кафедрасы

“Паразитология және инвазиялық аурулары” пәні

I-СӨЖ

Алматы-2020

Slide 2

Мазмұны: 1. Аскаридозға сипаттама. 2. Қоздырғышы. 3. Өсіп-өнуі 4. Аурудың өрбуі 5. Өлекседегі озгерістер 6. Анықтау. 7. Емі. 8. Сактандыру шаралары.

Slide 3

Тауық аскаридозы классификациясы

Топтама үсті: Scolecida Топтамасы: Nemathelminthes Тек тармағы: Nematoda Тобы: Ascaridida Топ асты: Ascarida Тұқымдасы: Ascaridae Туысы: Ascaridis Түрі: Ascaridia galli

Slide 4

Тауық аскаридозы

Тауық аскаридозын Ascaridae тұқымдасына жататын Ascaridia galli деген жұмыр құрт қоздырады. Аскаридоз тауықтың ең көп тараған гельминтоздарының бiрi. Бұл iшқұрт ауруы балапандардың өсуiн тежейді, өлiмге ұшыратады, тауықтың жұмыртқа өнімін кемітеді. Тауықтардан басқа аскаридалар күрке және мысыр тауықтарын, қырғауылдарды да жиi зақымдайды.

Slide 5

Қоздырғышы. Ascaridia galli ақшыл сары түстi iрi нематода. Еркегiнiң ұзындығы - 2, 5-7, 0 см, ұрғашыныкi - 6-12 см. Еркегiнiң екi тең спикуласы бар, ал оның құйрығының шеткi бөлiгiнде бiрнеше сезiмтал бүртiктер (емiзiкше) жайғасқан, ал клоаконың алдында - еттi жабысқақ (емiзiк) орналасқан. Ұрғашысының жыныс тесiгi денесiнiң алдыңғы жағынан ашылады. Жұмыртқасы сопақша келген, оның көлемi 0, 07-0, 08 л 0, 04-0, 05 мм.

1-сурет

Slide 6

2-сурет

Ересек сатысы

Slide 7

3-сурет

жұмыртқа

сатысы

Slide 8

4-сурет Тіршілік циклі

Slide 9

Өсiп-өнуi. Алғашында ұрғашысы сыртқы ортаға жетiлмеген жұмыртқалар шығарады. Сыртқы ортада қолайлы жағдайда 15-20 күн аралығында олардың iшiнде жетiлген балаңқұрттар өсiп-өнедi. Тауық тұқымдас құстарға балаңқұртты жұмыртқалар жем-су арқылы жұғады. Құс iшегiнде жұмыртқа қабыршығынан балаңқұрттары шығып, iшек бойымен жылжый отырып, он екi елi iшектiң кiлегей қабатына енеді. Оншақты күннен соң, олар одан әрi кiлегей қабыққа терең бойлап, дамуын жалғастырады. Екі-үш жетідей дамыған балаңқұрттар iшек қуысына қайта шығып, ересек құртқа айналады. Аскаридияның толық даму айналымы, тауықтың зақымданған уақытынан, оның денесiндегi өсiп-жетiлу кезеңдерiн қосқанда 28-56 күн аралығында өтедi. Тауық iшегiнде құрт 9-14 ай бойы тiршiлiк етедi (орта есеппен 1 жыл) . Эпизоотологиясы. Аскаридозбен көбiнесе 8-10 айлық балапандар ауырады. Ал, ересек тауықтар негiзiнен паразит сақтаушы, таратушы болып табылады. Аскаридияға орыстың ақ тауығы төзiмсiз, ал род-айленд туысы төзiмдiрек келедi. Құс балапандары қыстап шыққан нематода жұмыртқалары арқылы залалдануы мүмкiн. Бұл гельминттер өте өсiмтал. Өзiнiң өмiрiнде құрттың бiр ұрғашысы 50 мыңға жуық жұмыртқаға дейiн бөлiп шығарады. Аскаридоз қоздырғышының негiзгi ошақтары-құс қоралары, аула маңы, яғни саңғырықтың жинақталған орындары. Дымқылы жеткiлiктi, көлеңкелi, шөбi қалың, бұталы жерлерде құс инвазияны өте жиi жұқтырады. Ал, ашық алаңдар мен күн сәулесi түсетiн жерлерде паразит жұмыртқалары тез жойылады. Құстар жыл мезгiлiнiң кез келген кезеңiнде дертке шалдығуы мүмкiн, бірақ ылғалы мол жылдары ауру кеңiнен таралады. Аскаридоз құртының көбеюi немесе азаюы белгiлi бiр кезеңмен бiрге, қоршаған орта жағдайына және құс шаруашылығының сипатына да байланысты. Үлкен кешендердегi тор iшiнде (фабрикаларда) өсiрiлген құс, аскаридозбен залалданбайды десе де болады. Аскаридоздың таралуына жауын құрттары да үлкен рөл атқарады. Олардың 70-79, 4 % аскаридия жұмыртқаларын өз денесінде сақтайтыны анықталған. Құрт жұмыртқалары жауын құрттары денесiнде қыстап, көктемде ауру жұқтыруы мүмкiн.

Slide 10

Аурудың өрбуi ең алдымен iшектiң кiлегей қабығы мен бездерiнiң жарақаттануынан басталады. Тауық iшегiн мекендеген аскаридиялар, оның бүрлерiн жаралап және либеркюн бездерi қызметiн бұзады. Нәтижесiнде iшектен қан кетiп, құс созылмалы ауруға ұшырайды. Әртүрлi зардаптық микрофлоралардың енуiне қолайлы жағдай туады. Iшек бойында немотодалардың өте көп мөлшерде жиналуынан, оның қуысы бiтелiп, жарылып кетуi мүмкiн. Паразиттер бөлiп шығаратын улы заттар, құс денесiн уландырады. Ішкі ағзалары зақымданып, қан мөлшерi азаяды, балапандардың өсуi тежеледi, мекиеннiң жұмыртқалауы кемидi. Ауру тауықтардың витамин алмасуы бұзылып, А гиповитаминоз пайда болады, құстардың басқа да iндет қоздырғыштарына төзiмдiлiгi төмендейдi. Бауыр, ретикулоэндотелиялық жүйе қызметтерi нашарлайды. Эндокрин бездерi мен ас қорыту мүшелерiнiң де қызметтерi бұзылады. Бұл ауру әрi қарай тауықты әбден әлсiретiп арықтатады, ақыры өлiмге ұшыратады. Сырт белгiлерi құсқа құрт жұмыртқалары жұққаннан соң 7-10 күннен кейiн ғана айқындала бастайды. Ауру тауықтардың жұмыртқа салуы кемiп, азып-тозады. Кiлегейлi қабықтарының және айдарының бозарғаны бiлiнедi, көп қимылдамай, қанаттары салбырап отырады. Сонымен қатар, iштiң өтуi мен қатуы байқалады. Тұмсық тесiктерiнен шырыш ағады. Өлекседегi өзгерiстер. Тауық iшегiнiң iсiнуi және кiлегей қабығының қызаруы, бұлшық еттерi мен үлпершек (бауыр, талақ т. б. ) мүшелерi семуге (атрофияға) ұшырағаны аңғарылады. Iшек қуысы құрттармен бiтелiп немесе тесiлiп, жыртылып кетуi ықтимал. Кейде тауық жұмыртқасының iшiнен де аскаридия құртының табылуы ғажап емес. Себебi, құрт iшектен клоакаға жылжып, одан тұқым түтiгi арқылы жұмыртқаға барып енедi. Диагнозы. Тауық аскаридиозына диагноз қою үшін, құстың клиникалық белгілерін анықтайды, онымен қоса Фюллеборн немесе Дарлинг гельминтоовоскопиялық әдiстерiнің біреуімен саңғырықтан құрт жұмыртқаларын табады. Аскаридоздан өлген тауық өлексесі арық, ішегінен аскрида құрттары шығады.

Slide 11

Емi.


Ұқсас жұмыстар
Құс боррелиозы
Инвазиялық аурулардан туындайтын экономикалық шығын
КҮЙІСТІЛЕР АВИТЕЛИНОЗЫ
ЖЫЛҚЫ ГАБРОНЕМАТОЗЫ МЕН ДРАШЕЙОЗЫ
Инвазиялық аурулар жөніндегі ілім. Инвазиялық аурулардың номенкулатурасы
Ауруды анықтау
Диктиокаулездің даму биологиясы
Паразитология және инвазиялық аурулар
ОКСИУРАТОЗДАР ЖЫЛҚЫ ОКСИУРОЗЫ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Паразитология және инвазиялық аурулар пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz