РЕСЕЙДІҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ



Ресей Федерациясы

Географиялық жағдайы
Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58, 3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.
Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Монғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста - Украинамен, батыста - Финляндиямен, Беларусьпен, Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі.

Әкімшілік-аймақтық құрылымы
Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер:
21 республика
9 өлке
46 облыс
2 федерадиялық деңгейдегі қала (Мәскеу және Санкт-Петербург)
1 дербес облыс
4 дербес округ
Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т. б. тағайындалған.

Халқының саны жөнінен Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкістан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9 - орын алады(146 млн 793, 7 мың. 2019ж) Еңбек ресурстары ● Еңбек ресурстары - 87 млн адам ● Жұмыссыздық деңгейі - 9, 2% ● Өндірістік емес салада - 57% Хақының орналасуы ♦ Тығыздығы 1км2 - ге 8, 5 адам, әлемдік көрсеткіштен 4 есе төмен ♦ Еуропалық бөлікте 79% тұрады, мұнда 1км2 аумаққа 30 адамнан келеді ♦ Азиялық бөлікке 21% тиесілі, мұнда 1км2 аумаққа 2, 5 адамнан келеді ♦ Калининград облысында халық тығыз орналасқан ♦ Қиыр Шығыс пен Шығыс Сібір, Солтүстік ауданда халық өте сирек қоныстанған ♦ Мәскеу қаласында халық тығыздығы 1км2 жерге 320 адам ♦ Транссібір теміржолы бойындағы аудандарды қамтитын жолақта Ресей халқының 93% тұрады ♦ Ресейде 150 мыңға жуық ауылдық елді мекен бар ♦ Ауыл шаруашылығында халықтың 55% жұмыс істейді ♦ Ұлттық автономиялық округтерде урбандалу деңгейі 50% ♦ Солтүстік Кавказбен Краснодар өлкесінде қала халқының үлесі 54%
Халқы

Өсімдік шаруашылығы
Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктерше дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ және жүзім, малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі. Жалпы жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.
Мал шаруашылығы
Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 23 есеге дейін кеміп кетті. Мал шаруашылығының өркендеуіне мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.
Ресейдің ауыл шаруашылығы

Минералдық ресурстары
Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан астамын отын-энергетикалық ресурстар (газ, көмір, мұнай), 15%-ын кенсіз қазба байлықтар, 13%-ын металдар, 1 %-ын алмас пен бағалы металдар (алтын, күміс, платина) құрайды. Минералдық, шикізат өндіру Ресей экономикасының жетекші саласы болып табылады, оған ЖІӨ мөлшерінің 33%-дан астамы тиесілі.
Жер ресурстары
Жер ресурстарының жалпы қоры жөнінен Ресей дүниежүзіндегі ең алдыңғы қатарлы ел. Елдің жалпы жер қоры - 1709, 8 млн га. Жан басына шаққандағы жер үлесі - 11, 5 га, бұл дүниежүзілік көрсеткіштен (3 га) әлдеқайда жоғары. Алайда жер қорының 1/3-і ғана пайдалануға жарамды, онда Ресей халқының 95%-ы қоныстанып, бүкіл шаруашылық салалары құрылымдарының 93%-ы шоғырланған
Су ресурстары
Ресей жері су ресурстарына да өте бай. Ресейде 2, 5 млн-нан аса өзен, 2 млн-ға жуық көл бар. Ресейде бір жыл ішіндегі жан басына шаққандағы өзен ағынымен қамтамасыз етілуі 30 мың м3-ге тең, алайда бұл көрсеткіш оның барлық бөлігінде бірдей емес. Орталық қара топырақты ауданның өзен ағынымен қамтамасыз етілуі Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстағы көрсеткіштен 100 есе төмен. Ресейдің ең ұзын өзені - Лена (4 400 км), ең мол сулы езені - Енисей. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету мақсатында Ресейде 40-тан астам ірі су бөгендері салынған. Ең үлкені - Братск (дүниежүзінде екінші орында) су бөгені. Тұщы судың аса мол қоры Байқалда шоғырланған.
Биологиялық ресурстары
Ресейдің ормандары, өзендері мен көлдері және теңіз жағалаулары биологиялық ресурсқа да аса бай болып келеді. Әсіресе Баренц, Охот, Беринг теңіздері мен Обь, Енисей өзендері алабының кәсіптік балық аулауда маңызы жоғары. Ормандарда терісі бағалы аңдардың көптеп таралуы аң шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Ресейдің табиғат ресурстары

1994 жылы Ресей мен Еуропалық Одақ арасында серіктестік пен достастық келісімге қол қойылды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz