Басқару әдістері




Презентация қосу
БАСШЫЛЫҚ СТИЛІ
МЕН БАСҚАРУ
ӘДІСТЕРІ
Басқару стилі мен басқару әдістері

Басқару стилі - басқару қызметтерін атқару кезінде басшылардың
ұжымға ықпал ету тәсілі мен әдісі.
Ол басшылардың ұйымдық, кәсіби және моральдық - этикалық
сапасына байланысты құрылады.
Басқару әдістері – басқарушы субъектінің белгілі бір нәтижелерге
қол жеткізу үшін басқару объектісіне ықпал етуде қолданатын
құралдар мен тәсілдердің жиынтығы.
Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері жүйесінің
маңызы зор.
Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы
заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті
жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша
тиімді болуын қамтамасыз етеді.
авторитарлық (директивті)

Басқару
стильдері

демократиялық либералдық
Демократиялық басқару стилі

Демократиялық басқару стилі ұжыммен тығыз қарым-қатынас орнатумен
байланысты.
Демократия режимінде әлеуметтік топтағы әр адам өз ісіне жауапты және
маңызды шешімдерге тең дәрежеде үн қоса алады.
Бастықтың орынбасары мен жоғары лауазымды қызметкерлер ғана емес,
бір ортада қызмет ететін тұлғаның барлығы бірдей басқару үдерісіне
қатысуға құқылы. Барлығының пікірі маңызды.
Компания үшін маңызды шешім қабылдау керек болса, алдын ала
барлығын хабардар етіп, ақылдасып отырып, бірлесе үкім шығарады. Бұл
қатардағы қызметкерлерді де жігерлендіре түседі.
Ұжымда жағымды атмосфера орнайды. Әр қызметкер өзін үлкен
механизмнің маңызды бөлшегі санайды, яғни әрқайсысының өзіндік орны
бар, бірі болмаса, басқа жұмыс тоқтап қалады. Демократия ұйымның қиын
жағдайдан да оңай шығып, тез алға басуына мүмкіндік туғызады.
Бұл стильдің бір ғана кемшілігі – бастық әр қызметкерінің тілін табуы үшін,
оларды зерттеуге ұзақ уақытын жұмсайды.
Авторитарлық басқару стилі

Басқару ісіне қызметкерлер еш араласа алмайды.
Бұл стиль арқылы қатаң тәртіп орнатуға болады.
Еңбек шартын бұзған қызметкерді қатаң жаза күтеді.
Қателігі үшін бастық оған сөгіс жариялайды не айыптайды.
Бұл жерде ешқандай қызметкердің пікірі маңызды емес.
Барлық жұмыс процесі нұсқаулықтармен бекітіледі.
Қызметкерлер басшылықты әр басқан қадамынан хабардар етіп отыруы
тиіс.
Авторитарлық стиль компаниядағы дағдарыс кезеңін тез арада артта
қалдыруға көмектеседі.
Басқарудың бұл түрі басшының біраз уақыт жұмсауын талап етеді. Егер
ұжымның ауқымы кеңейіп, қызметкерлер саны көбейсе, олардың барлығын
бірдей қадағалап отыру оңай болмайды. Осындай себептерге байланысты
кей мәселелерді шешуге бірнеше күн қажет, жеделдік жоғалады.
Бұл стильдің кемшіл тұсы – егер бастықтың қабылдаған шешімі
қызметкерлеріне ұнамай қалса, бірнеше жақсы маманынан айырылып қалу
қаупі туады, яғни бір мезгілде бірнеше адам өз еркімен жұмыстан шығып
кетуі мүмкін. Сол себептен қатып қалған нұсқаулықпен ғана жүрмей,
қабылданған шешім қандай нәтиже берерін зерттеп алған жөн.
Либералды басқару стилі

Бұл басқару түрі ұжымға толықтай еркіндік береді.
Тек қызметкерлерге арналған белгілі бір стандарттар ғана бар.
Басқарушыға кім қалай жұмыс істеп жатқаны еш маңызды емес, тек
уақытылы жақсы нәтиже көрсете білсе болғаны.
Либералды басқару стилі ұжымдағы тәртіптің жоғалуына себеп
болуы мүмкін, алайда кей қызметкерлер басшы тарапынан қысым
көрмеген жағдайда, керісінше, еркін түрде жақсы жұмыс істеуі мүмкін.
Әкімшілік әдіс Экономикалық әдіс

Басқару
әдістері

Әлеуметтік-психологиялық әдіс
Басқарудың әкімшілік әдісі

Басқарудың әкімшілік әдісі ұжымдарға және солар арқылы өндіріс
процестері мен кәсіпорынның шаруашылық қызметіне ықпал еуге үлкен
роль атқарады.
Басқарудың әкімшілік әдісі дегеніміз өндіріс процесінде қызметкерлер
арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға тікелей басқарушылық
ықпал жасау тәсілдері мен жолдары құралдарының жиынтығы болып
табылады.
Бұл ықпал жасау әдістері жұмыстағы айқындық пен ынтымақтастықты,
тәртіптілікті, жүйе жұмысының орамдылығы мен тиімділігін қамтамасыз
етуге, жұмыста қажетті реттілікті сақтауға, басшы органдармен
адамдардың барлық шешімін іске қосуға, кадрлар мен жұмысты іске
асыруға тиіс.
Басқару аппараты:
а) Жалпы басшылық ететін басшылар — директор — жоғарғы саптағы
басшы.
б) Цех бастығы — орта деңгейдегі басшы.
в) Мастер, бригадир — төменгі деңгейдегі басшылар.
Басқарудың экономикалық әдісі

Экономикалық басқару әдістері - қоғам үшін қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін
жұмысшылардың, еңбек ұжымдарының экономикалық қатынастарына және мүдделеріне әсер
ету әдістері.
Басқарудың экономикалық әдістер жүйесі барлық шаруашылық жетіктерге сүйенеді:
жоспарлау, экономикалық талдау, экономикалық ынта және т.б.
Әрбір қызметкер біріншіден өзінің еңбегінің нәтижесіне, екіншіден өндірістік ұжымның
еңбегінің нәтижесінде, өзі мүше болып табылатын, үшіншіден жалпы қоғамдық өндірістің
нәтижесіне қызығушылық білдіреді.Директивалық тапсырмаларды және басқа әдістерді
қолдана отырып басқарылатын объектілерге тікелей әсер ететін әкімшілік басқару әдістерінен
айырмашылығы, экономикалық басқару әдістері олардың тәуелсіздігі мен бастамаларын
шектемейді, олар қызықты мемлекет, кәсіпорын және әр қызметкердің толық үйлесуіне ықпал
етеді.
Экономикалық басқарудың әдістеріне экономикалық есеп, экономикалық стандарттар,
оларға жеңілдіктер жүйесі бар бағалар, экономикалық ынталандыру қорлары, сыйлықақылар,
амортизация, несие, капиталды салымдар, айыппұлдар және басқа санкциялар жатады.
экономикалық басқару әдістері экономикалық тиімді механизмді қалыптастырудағы маңызды
бағыт болып табылады.
Экономикалық басқару әдістерін шебер пайдалану еңбек ұжымдары мен жұмысшыларды
ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің, өндіріс тиімділігін арттырудың және ресурстарды
тиімді пайдаланудың жаңа жолдарын табуға итермелейді. Экономикалық басқару әдістері
жеке мүдделерін қанағаттандыруға тырысатын жұмысшылар мен еңбек ұжымдары сонымен
бірге ұлттық мүдделердің сақталуын ғана емес, басымдығын қамтамасыз ететіндей
қолданылады.
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық
әдісі

Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдісі-жеке тұлғаның және ұжымның
әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін пайдалану, адамдарға еңбекке деген сана-
сезім қатынасын тәрбиелеу жолымен ықпал жасау тәсілі.
Кәсіпорынды басқару барысында ұжымның негізгі 3 стадиясы болады.
Бірінші стадия – адаптация – қызметкерлер бір-біріне, басшыға қарайды.
Басшының ақпарат беру арқылы, жаңа қызметкерлердің мақсаты, жоспары және
ұжымның қызметінің шарттарын жеткізеді. Адамдарды орнықтырады,
бағынатындарға талаптар қояды, тапсырмаларды сәтті орындауын қадағалайды
және орындау мәдениетін бақылайды.
Екінші стадия - өзін - өзі ұйымдастыру, өзін - өзі реттеу, өзін - өзі дамыту
процестері байқалады. Бұл стадия әкімшілік кірісуінсіз өзара – түсіністікті, өзара
құрметті керек ететді. Тұлғалық қасиет; қолдау мен даму басшысының ұсынуымен
болады.
Үшінші стадия – ұжымның интеграциясы, бірыңғай әлеуметтік организмін
қызметкерлердің қоғамы ретінде қарастыралады. Ережелер норма жөнінде
ұжымдық көзқарас құрылады, ұжымдық этика, өзара көмек пен әріптестік
қатынастары. Ұжымның жалпы мақсаты әрбір тұлғаның жеке мақсаттың
интеграциясының факторы ретінде.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Басқару субъектісінің қызметтері
Әкімшілік - құқықтық нысандар мен басқару әдістер ұғымы
Басқарудың экономикалық әдістері
Менеджмент әдістері мен қызметтері
Менеджмент әдістері
ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер жайында
Кәсіпкерлік қызметтегі қауіптер
СҰРАҚТАР КОНФЛИКТТІ БАСҚАРУ
Пәндер