Тіршілік қауіпсіздігі ғылымы




Презентация қосу
«Тіршілік қауіпсіздігі»
ғылымы
«Тіршілік қауіпсіздігі» ғылымының
анықтамасы мен мақсаттары

Тіршілік қауіпсіздігі (өмір қауіпсіздігі) - адамның қоршаған
ортамен қалыпты, жайлы және қауіпсіз өзара әрекеттесуі
туралы ғылым.
Тіршілік қауіпсіздігін зерттеудің объектісі адам мен
қоршаған орта шеңберіндегі теріс әрекет ететін құбылыстар
мен процестердің кешені.
Ғылым ретінде тіршілік қауіпсіздігінің басты мақсаты -
адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесуін
қамтамасыз ету, тұрғындарды қауіп-қатерден және төтенше
жағдайлардан қорғау мәселелері және жайлы өмір сүруге қол
жеткізу болып табылады.
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз
етудің негізгі міндеттері:

-қоршаған ортаға, адамға тигізілуі мүмкін теріс әсерді анықтау;

-қауіптен қорғау немесе адамға жағымсыз факторлардың әсерін
болдырмау;

-қауіпті және зиянды факторлардың әсерінің жағымсыз салдарын жою;

-адам өмірінің қалыпты, жайлы жағдайын құру.
Жануарлар мен өсімдіктердің
қауіпсіздігі
Жаһандық немесе халықаралық Адам өмірі
қауіпсіздік қауіпсіздігі

Тіршілік қауіпсіздігінің
құрылымы

Үй шаруашылығы Аймақтық
қауіпсіздігі қауіпсіздік

Ұлттық
қауіпсіздік
Тіршілік қауіпсіздігінің аксиомалары:

1. Кез келген әрекет немесе әрекетсіздік қауіпті болуы мүмкін.
2. Адам мекендеп отырған орта потенциальды қауіпті орта . Онда
мынандай қауіптіліктер бар: өлімнің әр түрлі формлары, аурудың
әр түрлі формалары, индивидтер, этностар, расалар арасындағы
қақтығыстар, соғыстар, аштық, әр түрлі авариялар,
катастрофалар, табиғи апаттар т.б.
3. Барлық табиғи процестер, антропогендік белсенділік және
қызмет объектілері өздігінен тұрақтылықты жоғалтуға немесе
адамға және оның қоршаған ортаға ұзақ мерзімді теріс әсерін
тигізеді.
4. Адам мекендеген орта адамға қарсы бағытталған. Мысалы
адам ауа құрамындағы оттегімен тыныс алады. Оттегі
тотықтырғыш элемент. Адам қанының құрамында темір деген
химиялық элемент бар. Темір мен оттегі өте жақсы тотығады,
нәтижесінде қақ (рухляк) түзіледі. Сондықтан, адам оттегімен
тыныс алғанда ағза ақырындап ескіре, қартая бастайды.
5. Егер адам зиянды әсерді ескере отырып, рұқсат етілген
мәннен аспайтын болса, қауіпсіздік нақты болады.
Ғылым ретінде тіршілік қауіпсіздігі кез
келген теріс әсердің шамасын былай бөледі:

Ыңғайлы (оңтайлы) шама: оңтайлы және белсенді
жұмыс пен демалу үшін, ең жоғары жұмыс қабілеттілігін
көрсету үшін оңтайлы жағдай жасайды , адамның
денсаулығы мен қоршаған ортаның тұтастығын сақтауға
кепілдік береді.
Рұқсат етілген шама. Теріс әсерлер ыңғайсыздыққа
әкеледі, адам қызметінің тиімділігін төмендетеді.
Қауіпті шама. Теріс әсерлер қолайлы деңгейден асып
түседі және адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Өте қауіпті шама. Қысқа уақыт ішінде жоғары
деңгейдегі теріс әсерлер адам жарақатына немесе өлімге
әкелуі мүмкін, қоршаған ортаның нашарлауына әкелуі
мүмкін.
Тіршілік қауіпсіздігі
ғылымының таным
әдістері:
•Талдау және синтез
•Жүйелік тәсіл
•Бақылау
•Математикалық статистиканың
әдістері және т.б.
Қорытынды:

Тіршілік қауіпсіздігінің мақсаты адамның өмір сүру
циклінің барлық кезеңдерінде қолайлы жағдайларды
қамтамасыз ету және адамдар мен қоршаған ортаға
теріс факторлардың әсер ету деңгейінің сәйкес келуі
болып табылады.
Тіршілік қауіпсіздігі ғылымы маңызды, өйткені
әрдайым табиғи немесе әлеуметтік әлемде әр түрлі
қауіп-қатер болады!
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Экология жайлы
Еңбек қорғау жөнінде нұсқаулар беру және іс-жүргізу
Қауіп - қатер
Экологияның даму кезеңдері
АЗЫҚ - ТҮЛІК ШИКІЗАТЫ ЖƏНЕ ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
1 Еңбек қорғау жөнінде нұсқаулар беру және іс-жүргізу 2 Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу 3 Жұмыс орнындағы микроклиматқа баға беру
Азаматтық қорғаудың басқару органдары
Қарапайым қарулар
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Топырақтану ғылымының маңызы
Пәндер