Сойыс малдарын тасымалдау кезіндегі ветеринарлық талаптар



Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Аграрлық факультеті
Орындаған: Мұратұлы Е
Тобы: ВМ-601
Тексереген: Серикова А. Т
Сойыс малдарын тасымалдау кезіндегі ветеринарлық талаптар
СӨЖ

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Сойыс малының жалпы сипаттамасы.
Ет өндiрiсiнде, ең бiрiншi етке арнайы бағылған мал пайдаланылады. Сонымен қатар басқа өнiм (сүт, жүн, т. б. ) үшiн бағылған малды да ет өндiрiсiне қолданады. Мал сою орындарына түсетiн малды “сойыс малы” деп атайды. Бiзде сойыс малына iрi қара, жылқы, есек, түйе, шошқа, қой, ешкi, бұғы, қоян және үй құстарының бәрiн жатқызады. Сойғаннан кейiнгi жүретiн биохимиялық өзгерiстердiң ерекшелiктерiне байланысты туғанына 14 күн толмаған төлдердi сойыс малына жатқызбайды. Малды союға дайындау (өсiру, бордақылау) ұжымшарда, арнайы фермаларда, бордақылау кешендерiнде, кооператив мекемелерiнде, құс фабрикаларында т. б. орындарда жүргiзiледi.

Сойыс малдарын шаруашылықтардан ет өндіріс орындарына тасымалдау аса күрделі де жауапты шаруа. Тасымалдау кезінде мал қоңдылығын төмендетпеу, тасымалдау әсерінен болатын аурулардың алдын алу, малдың жарақаттанбауын қадағалау, тасымалдауға жұқпалы ауруы бар малды жібермеу малдәрігерінің, шаруашылық қызметкерлерінің басты міндеті. Малды, құсты ет комбинаттарына ауру-сырқаусыз, шаршатпай жеткізу көптеген жағдайларға байланысты. Оған малдың жалпы жағдайы, малды тасымалдауға алдын-ала дайындау, тасымалдау көлігінің түрі, сапасы, малды көлікке тиеу және түсіру, тасу жылдамдығы, жол жағдайы, малдәрігерлік-санитариялық ережелерді сақтау ж. б. жатады.
Сойыс малдарын ет өндіру орындарына темір жолмен, автокөлікпен, кейде су жолымен жеткізеді. Республикада тасымалдаудың ең дамыған түрі автокөлікті пайдалану. Сойыс малын тасымалдау мал дәрігерінің бақылауымен жүргізіледі.

Малды автокөлікпен тасымалдау
Бұл өте тиімді және экономикалық жағынанда арзандау тәсіл болып табылады, әсіресе жол қашықтығы 300 шақырым болатын шамаларда. Малды тасу үшін көбіне жүкті автокөліктерді қолданады. Оған салмағы 60-105 кг шошқаның 23-32 бас, салмағы 106-200 кг-14-22 бас ірі қара мал және жылқыдан 4-5 бас сыйады. Бұдан басқа, әдейі шығарылған мал таситын автокөлік бар, олар ірі қара малдың 10-15 басын жайғастыруға есептелген. Шанағында әдейі жасалған табиғаттық сорғыш желдеткіші, екі есік, сатыланған мал жүргізгішпен, жарық шамы және қи жинағыш, биіктігі 1 м көлденең бөлгіш бар.

Малды тасуға химиялық заттарды, улы және өте жаман иісті заттарды тасыған машиналарды қолдануға болмайды. Шанаққа малдың бір түрін, бір жынысты және бірдей жастағыларын артады. Мұндай жағдай болмайтын болса, онда малдарды бірімен-бірін көлденең тақтаймен бөледі. Бір шанақта сиыр мен өгізді, ересек мал мен жас малды артуға да болады. Жылқыны да ірі қара мал сияқты тасиды, дегенмен жылқының тағасын алып тастау керек.

Малды теміржолмен тасымалдау
Малды тасу үшін жасалған вагондардың ішінде су беретін науа, үлкен-ірі малдарды байлайтын шынжыр т. б. саймандар болады. Вагондар бір ярусты (ірі қара мал және жылқы) екі және үш ярусты (ұсақ мал және құстар) болады. Вагондарға малды артар алдында, оңдап тазалайды және ыстық (60-700) сумен жуады.
Стансаға әкелінген малдарды темір жол қызметкерлерінің малдәрігері тағыда қарайды. Ол малға берілген құжаттармен танысады, малдәрігерлік куәлікте көрсетілген мал басын әкелінген малдың санымен салыстырады. Мал басы қабысса және ауру мал байқалмаса, өлген мал болмаса, барлық малды түсіретін орынға жібереді.
Малды түсіріп - артатын жерге, оларды күннің жарығында, артуға 2 сағат қалғанда әкелінеді. Малдарды қоршауға жайғастырып дем алдырады, 2 сағаттан кейін мал дәрігері қарайды. Ауру, ауруға бейімделген және арық малды вагонға артуға рұқсат берілмейді. Тасу құжаттары болмаса, онда малдар артуға жалпы жіберілмейді.

Малды 2- білікті вагонға мынадай есеп бойынша артады: ірі қара мал-ересек-8-12, жас мал 12-14, тірілей салмағы 120 кг бұзаулар 18-20, қой және ешкі 40-50 бас. Салмағы 30-60 кг шошқа 30-40, 60-80 кг 25-30, 80-100кг-22-25, 100-150кг 14-24, 150 кг жоғары 10-14 бас. Жылқылар саны 8 ден аспауы керек. Төрт білікті вагонға артылғанда, жоғары көрсетілген сандар 2 есе көбейеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz