Биосфера: анықтамасы, құрылымы, қызметтері және қорғау мәселелері


Slide 1

Биосфера туралы ілім

Орындаған:Капарова Алтын

Қабылдаған:Доскенова. Б. Б

Тобы:Б(о) -19к

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

М. Қозыбыаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Slide 2

Биосфера (гр. биос-тіршілік, өмір, гр. сфера - шар) - бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. [1]

Slide 3

Биосфера - тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10-15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2- 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В. И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан - 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфера дегеніміз не?

Slide 4

Биосфера қабаттары:

Slide 5

Биосфераның бөлімдері:

Тропосфера

Гидросфера

Литосфера

Ноосфера

Slide 6

Биосфераның пайда болуы:

Кембрий дәуірі

Силур дәуірі

Тас көмір дәуірі

Пермь дәуірі

Мезозой

Триас

Юра

Қазіргіге ұқсас жағдайдың қалыптасуы

Slide 7

Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы

Микроағзалар-Жануарлар\Өсімдіктер-Жаңа түрлер

Slide 8

Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі

Энергетикалық қызметі

Биосфераның қалыпты тіршілігі үшін және оның дамуы үшін энергия қажет. Ондай негізгі энергия көзі - Күн. Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі кезінде Күн сәулесін өзіне сіңіріп, мүшелерінде органикалық заттардың қорын жинақтайды. Өсімдіктердегі органикалық заттарды басқа азғалар пайдаланады. Жасыл өсімдіктерде жинақталған энергияның есебінен бүкіл биосферадағы тіршілік қалыпты жүріп отырады.

Газдық қызметі

Газдардың тасымалдануы және олардың бір күйден екінші күйге өзгеруі тірі ағзалардың қатысуымен жүреді. Газдық қызмет арқылы биосфераның газдық құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Жер бетіндегі көптеген газдар биогенді жолмен пайда болған. Тірі ағзалардың тіршілігі нәтижесінде оттек, азот, көмір қышқыл газы, күкіртті сутек, метан, т. б. газдар тасылмалданады.

Жинақтау қызметі

Тірі ағзалар коршаған ортадан алған, биогенді элементтерді өз мүшелерінде жинайды. Тірі ағзалар құрамында болатын элементтердің коршаған ортада кездесетін элементтерден едәуір айырмашылығы болады. Тірі ағзалардың құрамында сутек, көміртек, азот, оттек, натрий, магний, кремний, күкірт, т. б. элементтердің жеңіл атомдары көбірек кездеседі. Мұндай элементтердің тірі ағзаларда жинақталуы қоршаған ортаға қарағанда жүздеген, мыңдаған есе көп болады. Осы арқылы биосфераның химиялық құрамының әр түрлі екендігі байқалады.

Тотығу-тотықсыздану қызметі

Тірі азғалар топырақ арасында және гидросферада бұл қызметін үнемі атқарып отырады. Тірі азғалар заттарды тотықтыру арқылы оксидтер түзеді, ал кейбір заттарды (көмірсутек, күкіртті темір, т. б. ) қалпына келтіреді. Кейбір ұсақ азғалар пайдалы қазбалар (әктәс, боксит, т. б. ) түзуге де қатысады.

Биохимиялық қызметі

Тірі ағзалардың биохимиялық қызметі қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және (өлген ағзалардың) ыдырауы мен шіруі кезінде байқалады. Бұл кезде элементтер атомдар түрінде бір орыннан екінші орынға ауысады. Кейде адамның іс-әрекетінің нәтижесінде, биосфераға тән емес әрі биосфераға зиянды әсер ететін зат айналымы байкалады. Мысалы, өнеркәсіп орындарынан, көліктерден улы қоспалар бөлініп ауаны ластайды. Ал қышқыл жаңбырдың да табиғатка зияны мол. Сондықтан да табиғатты мұндай ластанудан корғау шараларына ерекше мән беру кажет.

Slide 9

Биосфералық қорық

1) Табиғи ортаның антропогендік өзгерістерін аспаптармен және биоиндикаторларды бақылау арқылы үнемі тексеру жүргізілетіп мониторингтік қорық деп аталатын аумақ. Дүние жүзінде 300-ден астам биосфералық қорық бар;

2) Қоршаған антропогендік ландшафтылардың жергілікті әсеріне, сондай-ақ тікелей антропогендік әрекеттерге ұшырамаған, катаң қорғалатын, жер аумағы айтарлықтай үлкен табиғи телім.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Биосфера: пайда болуы, құрылымы және қызметтері
Биосфера: анықтамасы, құрылымы және эволюциялық дамуы
Биосфера: негізгі құрамы, құрылымы, қызметтері және адамзаттың әсері
Биосфера: анықтамасы, құрамдас бөліктері және дамуы
Қаратау ормандарының құрылымы, биоалуандылығы және қорғау мәселелері
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары: құрылымы, қызметтері және заңдылық принциптері
В. И. Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясының құрылымы және зат айналымы
Қаржы және қаржы нарығы: анықтамасы, қызметтері және құрылымы
Түркістан облысының жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мәселелері
Қазақстан Республикасының су ресурстарын қорғау мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz