КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ




Презентация қосу
КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
КЕҢЕС МӘДЕНИЕТІ

• Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік
белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп
бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып жіберуге бағытталған
болышевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын
болмаған адамдардың жоғары бірлестігі — кеңес халқы», сондай-ақ, «мазмұны
пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған
идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте
заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе,
революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды. Шын
мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық болып табылады
• Жоғарыдағы «социалистік» мазмұнды көмкерген ұлттық форманы Сталин тек тілге әкеп
тіреген. Олай болса, өз ұлтының тарих-талғамын орыс тілінде жазған Ш. Айтматов пен
О. Сүлейменовты қалайша ұлттық мәдениеттен аластаймыз. Әдеби тілден басқа әр
этностың өзіндік рәміздері, таңбалары, музыка, театр, көркемөнер тілі бар. Әр этностың
төлтума мәдениетіне үлкен нұқсан келтірген большевиктік «тәжірибелердің» бірі —
ұлтаралық некелесуді дәріптеу. Әрине, табиғи-тарихи жағдайларда бұл — прогрессивті
процесс, дүниежүзілік мәдени сұхбаттасу ағынының бір бұлағы. Әр түрлі этностардың,
тіпті нәсілдердің араласуы нәтижесінде қазіргі әлемде көрнекті рөл атқаратын
американдар, бразилиялықтар, мексикандар, үнділер сияқты халықтар қалыптасты.
Этнобиологиялық және этноинтеграциялық тұтастануды оқшаулану деп түсінудің
ауылы ақиқаттан алыс.
• Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде
нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде
Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын», «Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын
діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың
сорақы бір көрінісі — домбыраны феодализмге апарып тіркеу.
ҚОРЫТЫНДЫ

• Қорытып айтқанда, большевиктік «мәдени революция» Жер шарының 76 бөлігінде «кеңестік
адам» атты, бұрын-сонды болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға бағытталды. Бұл
туралы Шыңғыс Айтматов шеберлікпен суреттеген мәңгүрт бейнесін еске алайық. Тарихи
дәстүрден мүлдем айырылған, тіпті өз анасын өлтіруге дайын мәңгүрттер қаптап кетті. Жас
жеткіншектерге үлгі ретінде ұсынылған Павлик Морозов өз әкесін сатқан адам.
• Әрине, ширек ғасырға созылған бүкіл осы кезеңді тек қара бояумен суреттеуден аулақпыз.
Қазақстанда кеңес өкіметі жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер де болды. Партия
саясатын түсіну үшін елге «көзі ашық», сауатты азаматтар керек еді.
• Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты
көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен
шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей
білді.
СОҢЫ

Ұқсас жұмыстар
Кеңестік кезендегі Қазақстан мәдениеті саласындғы жетістіктер мен қайшылықтар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Қазақ философиясының өкілдері
Қазақ киносы
Мәдениеттің бастаулары
Қазақ автономиясы
Баспасөз тілі мәдениеті
Стилистика пәнінің зерттеу нысаны мен бағыттары
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Пәндер