Президентінің мемлекеттік бағдарламасы



Қазақстан Республикасының Президентінің мемлекеттік бағдарламасы
Мәдени мұра

Мәдени мұра
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.


Мәдени мұра
Қазақстанның мәдени мұра жобасы - Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев бастамасымен іске асырылған мемлекеттік бағдарлама, стратегиялық ұлттық жоба. Қазақстандағы мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктерің зерттейді.
Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады


Бағдарлама жайлы
Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.


Бағдарлама жайлы
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.

Мақсаты
«Мәдени мұраның» мақсаты - елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.

мақсаты

Зерттеу жұмыстары
2004 жылдан - бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден - бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) - 2008-2011 жылдары реставрацияланған.
Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б. з. д. V-III ғғ. ) .
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 нысан) және жергілікті (11 277 нысан) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.
Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.


Зерттеу жұмыстары
Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі.
Орта ғасырлардағы әуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, терихи өлеңдер. Қазақтың дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні»антологиясы шығарылды. Бұл масштабы мен қайталанбастығы бойынша ұлттық мәдениетт тарихындағы қазақ халық әндерінің түпнұсқалық орындауларын жинау, даярлау, өңдеу, реставрациялау, цифрлундіру мен CD-дискілерді шығару бойынша орасан зор еңбек.
Сәтті аяқталған шетелдік жобалар - Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық және кесенесін салу.

Өнер саласы
«Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсірген. Бұл «Мәдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер.
«Мәдени мұра» бағдарламасында саяхаттық кластерді дамытатын бағыттағы шаралар іске асырылады. Туристік маршруттарды құрғанда археологтардың кеңестері қолданылады.
Жыл сайын елімізде және шет елдерде тарихи-мәдени мұрамызды дәріптеу бағытында шамамен 200 шара ұйымдастырылады.
Жобаның масштабтылығын мұндағы қазіргі Қазақстанның бүкіл интелектуалды потенциалы қатысқаны көрсетеді: әдебиет пен өнет, философия, тарих пен этнография, тіл білу және т. б. академиялық институттар, Ұлттық кітапхана, еліміздің жоғарғы оқу орындары.

Кітап басып шығару
Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: «Бабалар сөзі», құрамына Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің әдеби шығармашылығы кіретін «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар», «Экономикалық классика», «Әлемдік философиялық мұра» сериялары кездеседі.


Кітап басып шығару
Қазақ халқының философиялық мұрасының байлығын көрсететін барлық шығармалар мысалдарын біріктіру алғашқы әрекеті «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы» болған. Қорқыт-атаның айтқан сөздерінен бастап Абай мен Шәкәрімнің көзқарастарымен жалғасатын Ұлы дала ұлдарының философиялық көзқарастары әлемдік гуманистикалық рухани мәдениеттің алтын қазынасы болып саналады.
Бұл басылымдардың әрқайсысы - ғалымдар, жазушылар, аудармашылар, архивистер, кітапханашылардың бірлескен еңбек нәтижесі


Кітап басып шығару
Көптеген 18-19 ғасырларда қазақтардың өмірі мен тіршілігін зерттеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалғанын қоймаған.
Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш. Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А. И. Левшин былай деп тура айтқан: «Қазақтер адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А. Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны: «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де, ерікті. Олар кішкентай баладан қария шалдарға шейін, бойжеткен қыздардан үлкен апаларға шейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі». Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г. Потаниннің жазғаны: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай».

Музыкалық мәдениет
Талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер өнер тудыра отырып адамдарды «тамаша құпия» - музыкаға ортақтастырды. Ұлы далада намысшыл және рухани азат олар өз халқында патшалармен, әйгілі мемлекеттік қайраткерлермен және ірі қолбасшылармен бірдей құрметті болды.
Қазақ халқы өз тарихында бай музыкалық мәдениеттің өте бағалы негізін қалады. Қазақтардың ежелгі тұқымдары - көптеген номадтар өркениетінің тайпалары - бай аспаптық, аспаптық музыка, қазіргі заманғы дәуірге лайық жалғасын тапқан өзіндік музыкалды-ақындық салттар құрды.


Ұмытылмас мұрағат
“Қазақтың байырғы мәдениетіне қатысты сирек кездесетін деректерге талдау”, “Ғ. Мүсірепов және архив” атты еңбектер дайындалып, баспадан шығарылды. Профессор Ж. М. Төлеубаева Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Шығыстану институтының қолжазба қоры бөлімінде болып, Қазақстан мен Орталық Азияның саяси тарихы мен мәдениетінен мол мәлімет беретін түркі, араб, парсы және қытай тілдеріндегі қолжазбаларды анықтап, аудармасына жан-жақты талдау жасады. Нәтижесінде «Материалы по истории Казахстана и Центральной Азии» зерттеу монографиясының бірінші шығарылымы дайындалды. «Академик Б. А. Ахмедов. Избранные труды» жинағына өңдеу жұмысы жүргізілу үстінде. «Хрестоматия по истории межгосударственных отношений и дипломатии в Центральной Азии в XIII-XV века» атты жинағы баспадан шығарылды. Ұлттық орталықта «Қазақстанның тарихи мұрағаты» - «Исторический архив Казахстана» альманахы сериясын шығару қолға алынды

Ұмытылмас мұрағат
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz