Бас көкіректің аяқ - қолдарының қалған басқа төрт жұбы жүру аяқтары
Презентация қосу
ӨРМЕКШІТӘРІЗДІЛЕР
• Өрмекші тәрізділер (лат. Arachnіda) – омыртқасыздардың бір класы. Өрмекші
тәрізділердің класына атмосферамен тыныс алатын мүшелері жапырақшалау
келген өкпелері мен кеңірдектері бар құрлықта тіршілік ететін хелицералылар
жатады. Денесі – бас көкірек пен құрсақтан тұрады, бірақ бұлары жоғары
сатыдағы өрмекші тәрізділерде – кенелерде (Acarina) – жалпы бір бөлім бірігіп
кетеді
Морфологиясы
• Баскөкірегі әдетте сегменттенбейді, бірақ өрмекші тәрізділердің кейбір отрядтарында
оның кейінгі жағы дербес екі-үш сегментке бөлініп келеді (сольпугалар). Бас –
көкіректің алты жұп аяқ-қолдары болады, бұлардың бірінші жұбы ауыздың үстінгі
жағында жатады да, қалған бес жұбы ауыздың кейінгі жағында жатады. Аяқ –
қолдардың бірінші жұбы хелицералылар (сhelicera) қысқарып, 2-3 мүшелігі ғана
қалған. Олардың ұшында қысқыш немесе тырнақ сияқты болып біткен мүшелік
(членик) алу, яки ең сезімі мүшесінің жұмысын атқарады. Бұл - пелипальпалар
(pedipalpus). Бас көкіректің аяқ-қолдарының қалған басқа төрт жұбы жүру аяқтары.
• Өрмекшітәрізділердің денесінің артқы бөлімі – құрсағы - әдетте сегменттелген.
Құрсақта аяқ-қолдардың рудименттері де болуы мүмкін. Құрсақтың алдыңғы
жағында, екінші сегментте, сыңар жыныс тесігі жатады.
Дамуы
• Метаморфозсыз тікелей даму.
Бас көкірек
• Өрмекшініңденесі жұмыртқа пішіндес келген екі бөлімнен құралады. Екі бөлімнің
арасындағы байланыстырып тұрған жіңішке сабақша құрсақтың алдыңғы жақтағы ең
шеткі ұшы болып табылады: ол құрсақтың бірінші сегментіне сәйкес келеді.
• Баскөкіректе алты жұп аяқ-қолдар болады. Аяқ қолдар өспеген бос жері бас
көкіректің бетіндегі екі қалқанша болып саналады үлкен аралық қалқанша бас-
көкіректі жоғары жағынан, ілгері жағынан бүйірлерінен және аздап артқы жағынан
жауып тұрады. Арқалық қалқаншаның алқалық беті мен ілгері жақтағы бетінің
шекараларында да көлденең қатар болып сегіз жай көздер жатады. Арқалық қалқанша
сегменттелмеген. Бас көкіректің астыңғы жағынан сопақ қалқанша төстабан жауып
тұрады. Төстабаны да сегменттелген. Бас – көкіректің алты сегментінің бірігіп
тұтасып кеткендігін, тек бірінен соң бірі жатқан аяқтардың алты жұбынан ғана
байқауға болады.
Бас көкіректегі аяқ-қолдары
• Бастан шығатын екі мүшелікті хелицералар кресті өрмекшіде өзінің негізгі
мүшелерінің бағытымен төмен қарай кеткен. Мүшелерінің сайы болады, сол сайға
хелицераның ұшындағы тырнақ тәрізді мүшелік жиырылып орналасады. Осы
тырнақтың ұшына жақын улы бездің өзегінің тесігі жатады, бұл без хелицераның
негізгі мүшелігінде, бас көкіректің алдыңғы жағында болады. Аяқ-қолдардың келесі
жұбы аяқ-қармалағыштар (педипальпалар) алты мүшелікті. Аяқ қармалағыштың
негізгі мүшелігінің, әдетте өрмекші тәрізділерде болатыны сияқты, жақ тармағы
болады. Жақ тармағының екеуінің арасында көлденең ауыз саңлауы жатады, ауызды
алдыңғы жағынан етті бұдыр – жоғарғы ерін тежеп тұрады да, артқы жағы мен
төменгі жағынан, жоғарыда айтылған, төменгі ерін тежеп тұрады. Жақ тармағының
жиегіндегі қылшықтар, өрмекшінің соруына көмектеседі. Аталығында соңғы мүшелік
пен жыныстық шағылыс аппараты байланысты болады. Жіңішкерген ұш жағы инеге
(embolus) айналатын ұшында тесігі бар нәк тәрізді домалақ кейбір ересек еркек
өрмекшіде жыныстық шағылыс аппараты болып саналады. Аталығы мен аналығы
шағылысып қосарланған кезде ине аналық өрмекшінің екі тесігінің бірі арқылы ұрық
қабылдағышына енеді де, сол кезде резервуарда жатқан шәует (сперма) ерекше бір
қысатын тесік арқылы сығылып аналығының ұрық қабылдағышына құйылады.
Сыртқы жамылғысы
• Өрмекшінің сыртқы жамылғысы әдетте хитинді кутикуладан және оны
астарлап жатқан клеткалар құрылысты гиподермадан тұрады. Сыртқы
жамылғының астында бұлшық ет қабаты жатады, бұл қабат түрлі бағытта
кеткен ет талшықтарынан құралады.
Кресті өрмекшілердің ішкі құрылысы
Нерв системасы
• Орталық нерв системасы бас – көкірегінің артқы жартысында төстабанның үстіңгі
жағында шоғырланып жатады. Осы жерде құрсақ тізбегінің бірігіп кетуінен пайда
болған жалпайып келген нерв массасы болады. Бұл жұтқыншақ асты массасының
сегменттенуі бүйірдегі нервтердің бес жұбының түп жақтарының жуандап
келетіндігінен көрінеді, бұлардың алдыңғы жұбы аяқ қармалағышты қамтамасыз
етеді де, келесі төрт жұбы жүру аяқтарына кетеді. Артқа қарай екі нерв тіні кетеді де,
олар сабақша арқылы құрсаққа еніп құрсақтың ішкі органын қамтамасыз етеді.
Жұтқыншақ үсті түйін (ми) қысқа және жуан коннективалар арқылы жұтқыншақ
асты массамен байланысқан, бүкіл орталық нерв жүйесі тар жұтқыншақтың
горизанталь иіні тесіп өткен жалпы нерв массасына айналады. Жұтқыншақ үсті
түйіннің алдыңғы жақ бетінен жұп негізі бар көз нервтері шығады, бұлар кейін көздің
санына сәйкес сегіз бұтаққа бөлінеді. Көз нервтерінің астыңғы жағынан тап сол
жұтқыншақ үсті түйіннің алдыңғы жақ бетінің өзінен хелицералардың қос нерві
шығады.
Көру органдары
• Кресті өрмекшінің сегіз көзінің бәрі де жай көздер.
Ас қорыту органдары
• Крестіөрмекшінің ішектерінен үш бөлімді ажыратуға болады: алдыңғы, ортаңғы
және артқы ішек бөлімі. Алдыңғы ішектері қысқалау, ал ортаңғы ішек - өте күшті
дамыған және өзінің түрлі тармақтарымен іштің көп жерін алып жатады. Алдыңғы
ішекті екі бөлімшесі де кутикуламен астарланған және олардың ішкі қуысын керетін
радиациальды бұлшық еті бар. Жұтқыншақ орталық нерв жүйесін тесіп өтеді. Сол
бағытында артқа кетіп, сорғыш қарынға барып құяды. Сорғыш қарыннан кейін сәл
кеңірек ортаңғы ішек басталады – яғни бұның бас көкірекпен қарынға өзінен
шығарып тұйық тармақтар жіберетін жері жатады. Бұл тармақтар бас-көкіректің
ішімен аяқтарға барып, олардан кейін қарай бұрылып, төс табандағы орталық нерв
жүйесінің астыңғы жағынан келіп тұйықталып аяқталады. Сабақша арқылы ортаңғы
ішек құрсақ ішіне өтеді. Бұл тармақтар, өздерінің секрет шығару әрекетімен қатар,
сору ролін де атқарады, ортаңғы ішектің негізгі каналы тәрізді қызмет атқарады.
Құрсақтың артқы бөлімінде өрмек сүйелдерінің үстіңгі жағынан ортаңғы ішек
қапшық сияқты кең жерге келіп құйылады – бұл жерді ректальдық қуық деп атайды.
Бұған өрмекшінің нәжістері жиналады және мальпигий түтіктері арқылы мүшелерде
ыдыраған өнімдер келіп түседі. Ректальдық қуықтан кейін тік ішек келеді, бұл –
аналь сүйелінің төменгі жағынан келіп аналь тесігі болып сыртқа ашылады.
Қан айналыс органдары
• Кресті өрмекшінің қан жүру системасы, өздерінің меншікті қабырғалары бар, қан
тамырларынан және бірнеше қуыстардан – лакундардан, яки синустардан, құралады,
бұл қуыстар дененің ішкі қуыстары болып табылады. Барлық қан тамырлары
артериялық қан тамырларының жүйесіне жатады: бұлардың барлығы да қанды
жүректен алып шығып, дененің барлық жерлеріне тотыққан қанды таратып алып
кетеді. Синустар жүйесі вена қан тамырларының орнына жүреді, ақыр аяғында келіп,
барлық қан синустар жүйесінің соңғы буыны – жүрек жанындағы синусқа келіп
құйылады. Бұл синус жүректі жан-жағынан қоршап тұрады. Жүректің қабырғалары
түзетін сақина тәрізді мышицаның жиырылуы қанды алдыңғы жақтағы бұтақтанып
жатқан қолқаға да сондай-ақ, артқы артериялардың түйдегіне де бағыттап жіберіп
отырады, осылар арқылы қан дененің ішкі қуысына құйылады. Дененің барлық
бөлімінен қан өкпелерді қоршап жатқан синустарға жиналады, бұл жерден тотыққан
қан жүрек жанындағы синусқа қайтады. Жүрек жанындағы қуыстан қан үш жұп
остиялар арқылы жүрекке құйылады.
Тыныс органдары
• Крестіөрмекшінің тыныс органдары ретінде жапырақ пішінді келген өкпелері және
кеңірдек түтіктерінің жүйесі бар. Кеңірдек түтіктері жалғыз сыңар болып келетін
стигма мен өрмекшінің бауыры жағына өрмек сүйелдерінің ілгері жағынан келіп сыртқа
ашылады. Құрсақтың алдыңғы жағының төменгі бетінде саңылау тәрізді жұп тесік
жатады. Бұл тесіктер тақ жыныс тесігімен бір деңгейде жатады. Осы екі саңылаудың
екеуі де жапырақ тәрізді өкпелердің стигмалары. Өкпенің саңылау тәрізді тесігі өкпенің
кіреберісіне барып тіреледі. Кіреберістің артқы қабырғасы да, төменгі қабырғасы да
тұтас келеді. Алдыңғы жақ қабырғасында бірқатар параллель саңылаулар бар, бұл
саңылаулар өздерінің санындай жалпақ қалталарға барып жалғасады, ол қатарлар
жалпы бір текше болып жатады. Қалталардың араларында дененің тар қуыстары
жатады, сол қуыстарға қалталарды шайып өтетін қан келеді. Олардың жұқа
кутикулардан қабығы болады және өздері семіп беттесіп қалмайды. Оларға ауа ешбір
кедергісіз кіре алады, өйткені кіреберістің де сондай-ақ қалталардың да
қабырғалардың беттерін ағаш сияқты бұтақтанып кеткен өсіктер басып жатады, бұл
өсіктер қалтаның қарсы жатқан қабырғасына барып тіреледі. Кеңірдек үймесі
бұтақтанбайтын екі жұп түтіктерден тұрады, бұлар негізгі қалтадан шығып ілгері қарай
кетеді. Негізгі қалта өрмек сүйелдерінің ілгергі жағынан білінер – білінбес көлденең
саңылау болып сыртқа ашылады.
Соңы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz