Оқушылардың ұялшақтың сезімін төмендету


Slide 1 Slide 2

Мақсаты:

“Ұялшақ және тұйық балалардың

психологиялық зерттеулер арқылы

белсенділігін арттыру”

Міндеттері:

1. Тез бейімделеуге қажет әлеуметтік адамгершілік жағымды мінез-құлық қалыптастыру.

2. Жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту.

Slide 3

Ұялшақтық дегеніміз не?

Адамның өз мүмкіншіліктерін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттердің бірі-ұлшақтық, ұяңдық, тұйықтық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады. Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді. Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет төтеп бере алмаса біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып тұйықталуға, іштен тынуға ұласады да әркез сәтсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп

күресуден бас тартады.

Slide 4

Ұялшақтық

Ұяңдық

Тұйықтық

Адамның өз мүмкіншіліктерін

толық көрсетуіне кері

әсерін тигізетін қасиеттері

Slide 5

Ұялшақ, тұйық балалардың психологиялық белсенділігін қалай арттыруға болады

Мадақтау

Ұялшақтықты женудің бірден-бір жолы

Кеңпейілділік, жомарттық, ақылдылық қасиеттерін

дамыту

Оқушының физиологиялық белсенділігін дамыту мақсатында психологиялық жаттығуларды өткізу

Үйірме,

тәрбие шараларға қатыстыру

арқылы

Slide 6

Ұялшақ, тұйық балаларды қалай айқындауға болады?

1. Табиғаттан үндемейтін балалар.

2. Көзін үнемі төмен салып жүреді, иығы еңгіш тартып тұрады, бір нәрсе айта қалсаң қалтырап кетеді, сөйлегенде ешқан бетіңе тура қарамайтын балалар.

3. Бір нәрсені жүректеріне өте жақын алады, өкпешіл болып келеді.

4. Өз сезімдерін көпшілік алдында көрсетпейді, ішінен уайымдайды, жалғыздықты сезінеді, торығу сезімі басым болып келеді.

5. Өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін көрсете алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай тұйықталып жүреді.

Slide 7 Slide 8

Жоғары

Адекватты немесе дәл

Төмен

Қорытынды

Қатысқан оқушы саны

Жоғары

Адекватты немесе дәл

Төмен

24

8

15

1

“Графикалық тест”

Баланың өзін-өзі бағалауын анықтайды

Нәтиже

8 оқушы өзін жоғары бағалады

15 оқушы өзін дәл бағалады

Сыныптағы ұялшақ, тұйық бір оқушы өзін төмен бағалады

Slide 9

“Неден қорқасың” арттерапия жұмысы

Slide 10

3. «Дұрыс бағыттағы қадам»

Сендер менің 30 сұрағыма жауап беруге тиіссіңдер, егер сендер дұрыс жауап берсеңдер, онда мен бір қадам алға жасаймын, ал егер қате жауап берсеңдер онда бір қадам артқа шегінемін. Мен есік маңынан бастаймын. Бүкіл бөлмені өтіп, қайта орныма оралуға тиіспін. Мен сендердің қолдарыңдағы пешка ретінде боламын. Соңында көрейік қай жерге келеді екенмін. Сұрақтар пәндерге немесе арақатынастыққа байланысты алуға болады (не ұнайды, не ұнамайды, қандай қиялын бар т. б. ) .

4. «Қандай кейіп?».

Мақсаты: Оқушылардың ұялшақтың сезімін төмендету.

Мұғалім ахуал тізімін таратып береді. Бір бала оқушылардың қандай кейіпте қатып тұрып қалғанын шешу керек. «Толқиды теңіз бір, толқиды теңіз екі, толқиды теңіз үш. Қуаныш фигурасы (ахуал тізімін қара), орныңда қатып тұрып қал». Ахуалдар тізімі: қуаныш, ыза, үрей, мейірім, қызығушылық, ұялшақтық, жетістік.

Осындай тренингтер өткізілсе, балалардың бойындағы ұялшақтық мінездері төмендеп, көп көмек болары анық. Ондай балалар мұғалімнің назарында үнемі болуы керек. Әр баланың дұрыс дамып, жетілуі біздің қолымызда.

Қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген сенімділікті

арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар

Мақсаты: Ауызша сабақтар кезінде балаларда көбінесе қорқыныш пайда болады. Ұялшақ балаларда қорқыныш басым болады. Қорқынышы басым болса, баланың өз-өзіне сенімсіздігі жоғарылай түседі. Үрей мен сенімсіздікті сезінуі мүмкін екендігін елестетіңіз және оларға көмектесуге тырысыңыз.

Slide 11

Қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген

сенімділікті арттыруға арналған жаттығулар нәтижесі

Slide 12

Физиологиялық жағынан дамытуда

сабақ үстінде бірнеше

жаттығуларды жасауға болады.

І. Жаттығу:

Көз алдыңызға жарқырап «жанып тұрған шарды» елестетіңіз.

Оны өзіңіздің «денеңізге ойша сыйдырыңыз».

«Жанып тұрған шардың» денеңізге кірудегі ретін, жолын «ойыңызбен» қалай ауысатының, қозғалатынын, тыныс алу барысында қалай қозғалатынын, әрі тыныс алғанда ол жоғары көтеріліп және төменге түсіп қандай орынға ие болғанынын қарастырыңыз.

Неғұрлым тыныс алуыңыз терең болса, соғұрлым шардың қозғалысы көбірек болады.

Неғұрлым көп тыныс алсаңыз, соғұрлым шардың қозғалысы тез болады.

Тыныс алуыңыздың жиілігін өзгертіп отырыңыз, не жиілетіңіз, немесе сәл баяулатыңыз. Бірақ ойдағы елес «шардың» қалай қозғалатынында бақылауды ұмытпаңыз.

Тапсырманы орындап біткеннен кейін әр қатысушы өзінің ой- пікірімен бөліседі.

Slide 13

ІІ. Жаттығу:

Атылмыш тапсырмада өз зейініңізді қол бұлшықеттеріне шоғырландыруға тырысыңыз:

2- 3 рет терең тыныс алыңыз. Көзіңізді жұмып, толық дем алуға тырысыңыз. Тағы терең тыныс алыңыз . . .

Өзіңіздің дем алуңызға қарай қолдарыңызды көз алдыңызға елестетеп келесідей сөздерді айтыңыз: «Мен тыныштық күйдемін, менің денем толық дем алуда . . . , Менің қолдарым өте жылы және ауыр . . . Сол жылылық менің шынтағымнан бастап қол саусақтарыма келуде . . . жылылық шынтағымнан бастап иығыма дейін баруда. . Менің қолдарым өте жылы және ауыр . . . ». Қолдарыңызды есіңізден шығармай аталмыш тапсырманы 5 минут орындаңыз.

Тапсырма уақыты біткенне кейін көзіңізді ашыңыз. Қолыңызды жұмып- ашыңыз, соның негізінде мойныңыз, дене қуысыңыз, энергияға толып, өзіңізді- өзіңіз жақсы сезінетін боласыз.

Тапсырманы орындап біткеннен кейін әр қатысушы өзінің ой- пікірімен бөліседі.

Slide 14

ІІІ. Жаттығу:

Өзіңіздің зейініңізді белгілі бір затқа немесе кеңістікке шоғырландырыңыз. Бұл белгілі бір затты қарастыру немесе сол затты зерттеу емес, бұл сырт қарағандағы сіздің ойыңыздың бағытталуы болып табылады. Зейініңізді шоғырландырып болғанан кейін, барлық ойыңызды және денедегі түйсігіңізді шоғырландырып, сезіне біліңіз.

Барлық сырттағы қоршаған заттарды ұмытып зейініңізді тек сол затқа немесе кеңістікке ойыңызыды шоғырландыруға тырысыңыз. Тапсырманы орындау ретіне қарай аталмыш зат немесе кеңістік сіздің барлық санаңызды жаулап алады.

Тапсырманы орындап біткеннен кейін көзіңізді жұмып, терең тыныс алып, оны баяу сыртқа қайта шығарыңыз.

Бұл тапсырма жаттығуды күніне бірнеше рет қайталаңыз.


Ұқсас жұмыстар
Алаптардағы екпе ағаш өсіру жұмыстары
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
БЕЛСЕНДІ ОҚУ ӘДІСТЕРІ
Ауыру сезімінің патофизиологиясы
Жаңа педагогикалық технологиялар
Ойын терапия: негізгі түсініктері, мақсаттары, процедуралары
Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері
Дамыта оқытудың тиімділігі
Абдукаримова Улжан Ануаровна речмердің синтетикалық терапиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz