Ақыл - есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу принциптері




Презентация қосу
Олигофрен
ия
Орындаған:Қабидоллаева Балнұр
Жоспары

Кіріспе
Негізгі бөлім
Ақыл-есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу
принциптері
Негізгі белгілері
Олигофрения түрлері
Ішкі сілтемелер
Американдық Ассоциациясының ережесіне сәйке
Қорытынды
Олигофренияға жалпы сипаттама
Олигофрения (грек. olіgos – аз және phren –
ақыл) – ақыл-ойдың кемдігі; іштен туа біткен не
алғашқы 3 жыл өмірінде дамымай қалған
психиканың әр түрлі формалары. Аурудың пайда
болуына әр түрлі себептер: тұқым қуалайтын
аурулар салдарынан организмдегі генетикалық
ауытқулар; кейбір заттардың, мыс, амин
қышқылдарының (фенилкетонурия),
көмірсулардың (галактоземия) т.б. алмасу
процесінің бұзылуынан болатын аурулар;
жатырдағы ұрыққа не іштегі нәрестеге зақым келуі
(ана бойындағы вирусты
инфекция, токсоплазмоз, мерез) не сәбидің 3
жасқа дейінгі алған жарақаттары (мысалы, бас
сүйек-ми зақымы, т.б.) әсер етеді.
Негізгі белгілері
Олигофренияның ең негізгі белгісі
адамның танымдық әрекетінің, атап
айтқанда, ойлау және сол ойды қорыту
қабілетінің нашар дамуымен
сипатталады. Сондай-ақ олигофрения
кезінде адамның есі, назар аударуы,
сөйлеуі, т.б. психика әрекеттерінде
тежелу байқалады. Науқастардың
көпшілігінде сезім органдарында,
қимыл-қозғалысында, тіпті жекелеген
мүшелерінде де ауытқулар (бойының
өспеуі, дене бітімінің диспропорциясы,
т.б.) болады.
Ақыл-есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу принциптері.
Кемақыл баланы арнайы оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеті,
арнайы мектептерде мектептегі оқуға дайындау, көңіл-күй, ақыл-ой,
физикалық даму деңгейінің барынша көп ықтималдығын қамтамасыз
ету болып табылады. Мектептегі оқуға дайындық әр баланың жеке
мүмкіндігін есепке ала отырып өтуі керек.
Халыққа білім беру жүйесінде балалар тәулік бойы болатын
арнайы балабақшалар, сондай-ақ арнайы балалар үйі бар. Бұл
мектепке дейінгі мекемелерге «дебильдік дәрежесінің қиын емес
түріндегі олигофрения» диагнозы бар балалар қабылданады.
Эписиндром, балалар сал ауруы (БЦП), анық көрініп тұрған
психопатоұқсастық тәртіппен, қояншықпен халыққа білім беру
жүйесіндегі мектепке дейінгі мекемелерге қабылданбайды. Бұл
мекемелерге сонымен қатар психикалық дамуының тежелуі бар
және «имбецильді дәрежедегі олигофрения» диагнозы қойылған
балалар қабылданбайды.
8 жастан асқан балаларға баруға рұқсат жоқ.
«Имбецильді дәрежедегі олигофрения» диагнозы бар балалар
әлеуметтік қамтамасыздандыру Министрлігінің мекемелерінде
тәрбиеленеді.
Олигофрения түрлері

Идиотиялық

Имбециалық

Девильдік
Имбециалдық (лат. іmbecіllus
– ақыл-ойы әлсіз)
олигофрения –
олигофренияның орташа түрі;
алдыңғы жағдаймен
салыстырғанда, науқас
қарапайым сөздерді анық
айтып, аздап санай да біледі.
Идиотиялық олигофрения
(грек. іdіoteіa – надан) –
олигофренияның ауыр түрі;
ақыл-ойдың мүлдем
дамымауы. Бұл жағдайда
ойлау, сөйлеу қабілеті
дамымайды; науқас
міңгірлеген дыбыстар ғана
шығарады, оларға
айтылған сөздің мағынасын
түсінбейді.
Дебильдік (лат. debіlіs – әлсіз)
олигофрения – олигофренияның
әлсіз түрі; орташа түріне қарағанда
науқастың сөйлеу қабілеті біраз
дамыған, бірақ сөз қоры аз, көбіне
жаттап алған сөздерін айтады.
Олигофрениямен ауырған
науқастардың барлығы да
психиатрдың бақылауында болады,
негізінен оларға психикалық ой-
өрісінің дамуына себепші болатын
емдік шаралар жүргізіледі.
Психика
Сезім мүшелері
•1. Түйсіну, қабылдау, елестету,
Сыртқы қоршаған ортадан және
ойлау, сезім, ерік және т.б. түрінде
ағзаның өзінің ішкі
шынайы өмірді бейнелеу түрінде
органдарынан келген ақпаратты
көрсететін мидың қызметі;
алғашқы талдау жасайтын
адамның өзіне тән сапалы тәлім-
перефериялық арнайы анатоми-
жосығын анықтайды; қоғамдық
физиологиялық жүйе,
еңбек үдерісі мен тілдің дамуы
Сенсорлық жүйенің
арқасында пайда болуымен
перефериялық бөлімі.
байланысты психиканың жоғары
Қоршаған ортадағы барлық
нысаны — адам санасы.
мәліметтерді біз сезім
мүшелерінің көмегімен аламыз.
•2. Адамның рухани жетілушілігі,
оның рухани сапасы, көңіл-күй
иірімдерінің жиынтығы.
Адамда 5 сезім мүшелері бар, оларға:

көру мүшесі - көз,
есту мүшесі - құлақ,
дәм сезу мүшесі - тіл,
иіс сезу мүшесі - мұрын,
сипап сезу мүшесі - тері
Американдық Ақыл-ой Кемістігі Ассоциациясының
ережесіне сәйкес, ақыл-ойдың кемтарлығы былай
сипатталады:
Жалпы интеллектуалды даму деңгейінің айқын
төмендеуі.
Ерекше тапшылық немесе бейімделуге қабілетінің
жоқтығы.
Белгіленген өзгерістердің 18 жасқа дейін көрініс
беруі.

Олигофренияның ең бедерлі көрінуі – интеллектінің
дамымауы. Олигофрениямен ауыратындардың
интеллектуалды коэффициенті (IQ) 70-тен төмен. Туа
біткен кем ақылдықты психикалық әрекеттің ыдырау
белгісі бар жүре пайда болған кем ақылдықтан
(деменция) ажырату керек.
Кемақылдықтың этиологиясы (себептері).
Кемақылдықтың себептері болып келетін
тұқымқуалаудың ескерілген аурулары мен
бұзылуларының 300-ден астам түрі бар.
Кемақылдық (олигофрения) дегеніміз
орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы
нәтижесінде танымдық іс-әрекеттің түбегейлі бұзылуы.

Ұқсас жұмыстар
Арнайы психологияның дамуы
Деменция ния
Олигофренияның пайда болу себептері
ДЕФЕКТОЛОГИЯ
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БҰЗЫЛУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар
Дефектология ғылымының, саласы
Мектеп психологының рөлі
Пәндер