Бизнес жоспар туралы ұғым


Slide 1

Бизнес жоспар

Slide 2

Мардан Сапарбаев атындағы институт

Презентация

Тақырыбы: Бизнес жоспар туралы ұғым

Орындаған:Илияс Ж

Тобы:Уиак 17-1

Қабылдаған:Абдраманова Г

Slide 3

Жоспар:

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Бизнес-жоспар анықтамасы

Бизнес-жоспардың түрлері

Оның бөлімдері

Slide 4

Бизнес жоспары туралы түсінік

Бизнес-жоспар - кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т. б. нақты көрсетіледі.

Slide 5

Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.

Slide 6

Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Бизнес-жоспарды қалай жазу керек?

1. Жобаның бюджетін анықтау. Жобаны толық іске қосып, алғашқы бірнеше ай ішінде жұмыс істеуі үшін ЕДБ-н қанша қаражат алу керек.

2. Банкті анықтап, шарттарын, пайыздық мөлшерлемесін, мерзімін, жеңіддіктерін, кепілдік, несиенің ең көп сомасын туралы білу, жеке тәуелсіз бағалаудан өткізу.

3. Кірісті есептеу үшін несиені төлеу тәсімін алу, түсім алу мүмкіндіктерін, бар шығындарды бағалау.

Slide 10

4. Кепілзат, несие сомасы, мерзімі, шарттары, төлеу тәсілдері (аннуитет, тең бөліктермен және т. б. ) бойынша банктің алдын-ала қолдауын алу

5. Еxcel форматында барлық тиянақталған және ауыспалы шығындарды, өнімнің өз құнын, өндірістік мүмкіндіктерді, құралдарға кететін шығындарды, жалақы қорын, салықтарды, жарнама мен жылжытуға кететін шығындарды есептеу.

6. 1-7 жыл арасындағы болжалды табысты есептеу, әлеуетті сұранысты сандық көрсеткіште бағалау, статистикамен растау (ниет шарты), ақша ағынын (cash flow) есептеу. Өтелімділік. Кірістілік.

Slide 11

Бизнес-жоспар келесі бөлімдерден тұрады:

Бизнес-идея. Істі алғаш бастайтын кәсіпкерге ең алдымен немен айналысатынын шешіп алу қажет, яғни ол бизнес-идея табуы тиіс. Бұл күрделі және жауапты саты. Бизнестің қалай құрылатынын осыған байланысты. Бұл жерде кәсіпкер өз білімі мен дағдыларын, жұмыс тәжірибесін, хобби мен қызығушылықтарын ескеруі керек.

Жеке мүмкіндіктер. Кәсіпкер жаңа бизнестің мүмкіндіктерін, өзінің мүмкіндіктерін және идеяны жүзеге асыруға керек өзге ресурстарды бағалауы тиіс.

Slide 12

Клиент. Кәсіпкер болашақ клиентінің кім болатынын жақсы білуі тиіс. Ол үшін кәсіпкер «Менің ықтимал клиенттерім кімдер? Олар қайда орналасқан? Менің клиенттерім нені бағалайды?» деген сынды сұрақтарға жауап беруі керек.

Бизнесті ұйымдастыру. Бизнесті ұйымдастыру барасында кәсіпкер өз клиенттеріне өнімді (тауарды немесе қызметті) шығару және оны сату үдерістері қалай, қашан ұйымдастырылатынын, оның қандай көлемде шығарылатынын ойластыруы тиіс.

Slide 13

Ақша қозғалысы. Кәсіпкерге жаңа бизнестің кірісі мен шығысын, теңгерімін болжау сияқты қаржылық құжаттарды жасау қиынға түседі. Дегенмен, ақшаның қозғалысын елестетіп көру қажет.

Тәуекелдер. Кәсіпкер бизнеспен бірге туындайтын: инфляция, несиелер, клиенттердің ақы төлеуден бас тартуы, төтенше жағдайларға байланысты немесе серіктесіңіз тарапынан алданып қалу сынды барлық тәуекелдерді ескеруі тиіс. Бұл тәуекелдерге дайын болуға және туындаған жағдайда еңсере білу үшін қажет.

Slide 14

Бизнес-жоспарды жасау кезінде келесі құрылымды ұстану керек:

Жобаның титулдық парағы.

Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі ) .

Нарық пен сала жағдайына талдау.

Жобаның мәні.

Маркетинг жоспары.

Өндіріс жоспары.

Инвестици ялық климат пен тәуекелдер.

Ұйымдық жоспар ( басқару және кадр лар

Қаржылық жоспар.

Қосымшалар.

Slide 15

1. Жобаның титулдық парағы

Титулдық парақ инновациялық жоба мен осы жобаны іске асыратын заңды тұлға жайлы жалпы ақпаратты қамтуы керек:

кәсіпорынның атауы мен заңды мекенжайы;

кәсіпорынның басшысының аты-жөні, телефон нөмірі;

құрылтайшыларының заңды мекенжайлары;

жобаның атауы мен мәні (3 - 5тармақтар)

Slide 16

Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі )

Жоба түйіндемесі - оның жарнамасы, сондықтан да ол жерде жоба тиімділігінің бар дәлелдері болуы керек. Осы бөлімнің мақсаты - жобаның мәнін, мақсаттарын, қанша қаражат салынуы керектігін, болжалды нәтижесін көрсету. Ұсынылған жобаның неге сәтті болатыны туралы негіздеме жеке беріледі.

Slide 17

Жобаның мәні

Бұл бөлім алдыңғы « Нарық пен сала жағдайына талдау » бөлімінің жалғасы болып табылады. Бұл жерде жоба өндірісі бағытталған тауардың (қызметтің) жан-жақты сипаттамасын беру керек, Осы жерде жобаның сәттілігін негіздейтін жан-жақты дәлелдерді келтіру керек. Заңды тұлға-жобаның бастамашысы туралы, егер жоба оның өндірістік құрылмын дамытуға бағытталып, онымен қарым-қатынаста болса, оның техникалық, технолгиялық, өндірістік әлеуеті жайлы толық ақпаратты беру.

Slide 18 Slide 19

Өндіріс жоспары

Бұл бөлімнің басты мақсаты - барлық өндірістік процестің жақсылап ойластырылғаны, заңды тұлғаны дамытудың негізделген жоспары барлығы, қойылған мақсаттарға жету стратегиясының барлығы туралы сендірерлік дәлелдер келтіру. Бірақ инвестордың көңілін бөліп, оның қызығушылығын азайтатын тым жан-жақты ақпарат бермеңіз, ал технологиялар, жабдықтар және басқалар туралы көлемді деректерді сілтемелермен қосымшаға орналастыру қажет.

Slide 20 Slide 21 Slide 22
Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспардың негізгі бөлімдері
Бизнесті ұйымдастыру
КӘСІПКЕР БИЗНЕСПЕН БІРГЕ ТУЫНДАЙТЫН
Бизнес - жоспардың бөлімдері
Бизнес жоспар туралы
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
Өндіріс жоспары
Туристік бизнесті жоспарлау
Бизнесті сипаттау
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz