Банктің депозиттік операциялары


Slide 1

Мардан Сапарбаев Институты

Презентация

Тақырыбы:Банк балансы туралы жалпы түсінік және оны құру принциптері.

Банктегі есеп және есептеме

Орындаған:Жылысбек Ж

Тобы:УиАк 17-1

Қабылдаған:Жаздықбаева Д

Slide 2

Коммерциялық банктің балансын экономикалық - қаржылық тұрғыдан талдаудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:

1) банктің пассивтік операцияларының құрылымын талдау;

2) банктің активтік операцияларының құрылымын талдау;

3) банктің активті - пассивті операцияларының құрылымын талдау;

4) банк қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.

Slide 3

Банктің пассивтік операциялары қаражат тарту көздері мен банктік қаржылық қарым- қатынастарының табиғатын сипаттайды.

Slide 4

Пассивтік операциялардың нәтижесінде банктердің ресурстық базасы қалыптасады және сол арқылы банк ресурстарының пайдаланудың негізгі бағыттары мен мөлшері анықталады.

Slide 5

Банктің пассивтік операцияларының негізгі формаларына мыналар жатады

Өз табыстарын қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған банк пайдасының бір бөлігін аудару операциялары;

Басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;

Банктің депозиттік операциялары;

Банктің бағалы қағаздар шығарып, сату арқылы тартылған қаражаттары

Slide 6

Банктің пассивтік операцияларын талдаған кезде, ең алдымен, банктің меншікті қаражаттары мен сырттан тартылған қаражаттардың үлес салмақтарын және арақатынастарын анықтау қажет.

Slide 7

Талдаудың екінші кезеңінде банк міндеттемелерінің клиенттер топтары бойынша және орындалу мерзімдері бойынша үлес салмақтары анықталады.

Мұндай талдаудың нәтижесінде банк ресурстарының экономиканың қандай салаларынан және қандай мерзімге тартылғандығын анықтауға болады.

Slide 8

1) Банктің міндетті резервтерінен басқа бағыттағы табыс әкелмейтін қаражаттарының болуына және оның ұлғаюына жол бермеу;

2) Клиенттердің алдындағы міндеттемелерді орындауға және әртүрлі активтік операцияларды дамытуға қажетті несиелік ресурстарды табу және олардың мөлшерін ұлғайту;

3) Қаражаттарды арзанға тарту және қымбат бағалы қағаздары орналастыру арқылы банктің қажетті мөлшерде пайдасын қамтамасыз ету.

Пассивтік операциялардың құрылымын талдау барысында банк пассивтерін басқару жөніндегі негізгі міндеттер анықталады:

Slide 9

Банктің активтік операцияларының құрылымын талдау дегеніміз - банк ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттарын талдау. Бұл жағдайда банк ресурстарын кімге, қандай мақсатқа және қанша мерзімге берілгендігі туралы мәселе қойылады. Активтік операцияларды талдау үшін ең алдымен, несиелеу көрсеткіштері, банк балансының өтімділігі және әртүрлі активтік операциялардың тәуекел мөлшері анықталады.

Slide 10

Банк активтерін басқарудың негізгі міндетіне банк балансының өтімділігін сақтай отырып, оның табыстылығының мөлшерін арттыру жатады.

Slide 11

Банктің әртүрлі активтерінің табыстылық мөлшері және оның тәуекел деңгейі әртүрлі болып келеді. Сондықтан активтерді басқару барысында банк оларды келесі белгілері бойынша жіктейді:

активтердің жұмсалу мерзімі бойынша;

олардың әкелетін табыстылық мөлшері бойынша;

тәуекел мөлшері бойынша.

Slide 12

Дүниежүзілік тәжірибеде банктер активтерді басқару процесінде олардың әкелетін табыстылығын және олардан келетін тәуекелдерді алдын-ала болжау, есептеу барысында математикалық модельдеу әдісін қолданады. Ол әдістің негізгілеріне мыналар жатады:

1) бір факторлы немесе көп факторлы корреляция әдісі;

2) регрессия әдісі;

3) статистикалық - математикалық әдіс;

4) дискреттік талдау әдісі;

5) ықтималдықтар теориясы.

Комерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін талдау барысында есеп беру кезеңінің табыстылық көрсеткіштері бұрынғы өткен табыстылық көрсеткіштерімен салыстыра отырып, динамикасын анықтауға бағытталады.

Slide 13

Егер банктің негізгі қаржылық көрсеткіштері өсу динамикасын көрсетсе және банктің операциялық табыстарының үлесі ұлғайса, оның активтерінің сапасының өскендігін көрсетеді және жалпы қаржылық жағдайының жақсарғанын көрсетеді.

Slide 14

АКТИВТЕР

Символ

Жыл басында

Жыл соңында

1. Қолма-қол валюта, оның ішінде :

1. 1. Ұлттық валюта- теңге

1. 2. Шетел валютасы

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі салымдар

3. Басқа банктегі салымдар

4. Бағалы қағаздар

5. Тазартылған асыл металдар

6. Несиелер мен лизингтер

7. Басқа заңды тұлғалар капиталына инвестиция

8. Өтелмеген акцепт бойынша клиенттердің міндеттемесі

9. Негізгі құралдар (амортизацияны есептемегенде)

10. Материалдық емес активтер (амортизацияны есептемегенде)

11. Басқа да активтер

12. Минус: жіктелген активтер мен дебиторлық қарыз бойынша залалдарды жабу үшін басқа да мәжбүрлі шығындар

010

011

012

020

030

040

050

060

070

080

090

100

120

130

Барлық актив (1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11-12)

Slide 15

МІНДЕТТЕМЕЛЕР

символ

жыл басында

жыл соңында

1. Салымдар, оның ішінде:

1. 1. Талап етілгенге дейінгі салымдар

1. 2. Жинақ салымдар

1. 3. Мерзімді салымдар

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің алдындағы қарыз

3. Басқа банктер мен ұйымдар алдындағы қарыз

4. Банктің бағалы қағаздары

5. Халықаралық қаржы ұйымдары алдындағы қарыз

6. Өтелмеген акцептер бойынша банк міндеттемелері

7. Басқа да қарызға алулар

8. Басқа да міндеттемелер

200

201

202

203

210

220

230

240

250

260

270

Барлық міндеттемелер (1+2+3+4+5+6+7+8)

Slide 16

КАПИТАЛ

символ

жыл басында

жыл соңында

9. Жарғылық акционерлік капитал (сатып алған меншікті акцияны шегергенде)

10. Қосымша капитал

11. Банктің резервтік капиталы

12. Негізгі құралдарды қайта бағалау бойынша резервтер

13. Қайта бағалау бойынша резервтер

14. банк өкімінде қалған өткен жылдық бөлінбеген таза табыс

15. Бөлінбеген таза табыс (жабылмаған зиян)

16. Азшылық үлесі

Барлық капитал (9+10+11+12+13+14+15+16)

Барлық пассив


Ұқсас жұмыстар
Банктің пассивтік операциялары
АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАР
Коммерциялық банктердің операциялары
Қазақстан Ұлттық Банкі
Депозит нарығы туралы
Орталық банк
Коммериялық банктердің негізгі қаржылық операциялары
Несиелік операциялар есебін ұйымдастыру
Тәжірибе жетекшісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz