Жаңа туған төл аурулары
Презентация қосу
Жаңа туған төл аурулары
Орындаған: Әбдікерімов Жасұлан
Тобы: Вм-302
Қабылдаған: Бименова Жанат
Ауыратын төл түрлері
• Құлындар туғаннан кейін 2 сағаттан соң ғана аяғына тұруға талпынады, оған анасының емшегін
табуға көмектесу керек. Егерде құлын анасының уызына (сүтіне) жарымаса оны су аралистырып
сиыр сүтімен бағады (0,5л сиыр сүті 0,5лқайнағансу + 1-2 тауық жұмыртқасы + 2 ас қасық қант
пен 10 гр тұз).
• Боталар өте әлсіз болады, күні бойы аяқтана алмайды, енесі басқа мал сияқты ботаның үстін
жаламайды да, сондыктан оның үстін, аузы-мұрнын құрғатып сүрту керек, асты жылы, күрғақ
болғаны дұрыс. Аязды күндері ботаның үстін жылы орап жауып қояды, 15 күн толғанда ботаны
енесімен бірге қалдыруға болады, жалпы 1,5 жасқа дейін бірге жүре береді, егер енесі қайтадан
буаз болмаса. Буаз түйелердің ботасын 8-10 айлық кезінде ажыратып бөледі.
• Торайларды алғашқы 1-2 күндей енесінен болек жылы жерде ұстайды, тек әрбір 1,5-2 сағат
сайынәкеліп емізіп тұрады. Торайлары көп болса, енесінің бауырында емшек санына қарай 10-
12- сін қалдырып, артығын басқа мегежіндерге телиді. Торайларға 5 күннен бастап қосымша 50
мл су араластырған сиырдың сүтін бере бастайды. Су, қуырылған дән, минеральді қоспаларды
беріп үйрете береді. Торайлар, әсіресе, темір тұздарына өте мұқтаж келеді. Астауға ұнтақгалған
бор, ағаш күйіктерін, сүйек ұнын керегінше салып қою керек.
• Қозылар туғаннан кейін жарты сағаттың ішінде емшекке ұмтылмаса, оның аузын ашып, емшекті
сауып ішкізеді. Қозысын алмаған жас саулықтарды әбден үйренгенше баласымен бөлек
клеткаға қамап қояды. Қозыны басқа саулыққа телігенде, оның үстіне сол саулықтың сүтін
жағады.
Төлдің тұншығуы
Тұншығу, асфиксия (грек. asphyxіa; a – жоқ және sphyxіs –
тамыр соғуы) – қанда оттек көмірқышқыл газының көбеюінен
болатын адам өміріне қауіпті патологиялық жағдайы.
Тұншығу әр түрлі жағдайларға байланысты,
мысалы, жүрек бронхы демікпесі кезінде, тыныс жолына бөгде
заттар түскенде, электр тогымен зақымданғанда, т.б. пайда
болады.
Сот медицинасында тұншығуды екі топқа бөледі:
• механикалық тұншығу;
• токсиндік тұншығу
Урахус фистуласы
• Урахус (ежелгі грек. οὖρον -зәр + χέω— құямын) (басқа
атауы: зәр ағысы) — қуық ұшының алдыңғы бөлігін және
іштің көлденең фасциясы арасындағы кіндіні қосатын
эмбрионда түтікше түзілуі, аллантоистің жоғарғы
бөлігінен пайда болады. Осы протокқа сәйкес ұрықтың
зәрі ұрық жанындағы суларға шығарылады. 5 айдан
бастап құрсақішілік өмір ағымының облитерациясы
басталады, ол туған сәтке қарай аяқталады, оның
ортаңғы кіндік байламына айналуымен. Алайда, белгілі
бір жағдайларда ағын толығымен жабылмайды, соның
нәтижесінде оның аномалиялары қалыптасады.
Алғашқы тонғақтың қатып қалуы
• Барлық мал түліктерінде кездеседі, әсіресе кұлындарда жиі кездеседі.
Әдетте, төлдің тоңғағы (меконий) емшек емгеннен кейін-ақ, уыздың
әсерінен 2-3 сағаттың ішінде бөлініп шыға бастайды. Тоңғақтың дер
кезінде бөлінбеуі, негізінен уызды кешіктіріп бергеннен немесе мүлдем
бермегендіктен.
• Төлдің нәжісі (тоңғағы) шыкпай, ішек-карынның атониясы салдарынан
оның ішіндегі заттар шіріп, интоксикация басталады. Алғашкы кезде төл
мазасызданып, тыпыршып, бүйіріне қарай береді. Бір-екі күн өткен соң,
төл әлсіреп жатып қалады да, көп кешікпей өледі.
• Тік ішекке саусак салып, онда катып қалған нәжістің жиналып тұрғанын
байқаймыз.
• Тездетіп тік ішекті катқан нәжістен босатамыз. Ол үшін сабынды сумен
немесе майлы ерітінділермен терең клизма жасайды: аузынан кастор
майын кұяды, карнының сыртынан ұқалап жеңіл массаж жасайды.
Кіндіктен қан ағу
• Көбінесе, төлдің өкпесі өз қызметін толык
аткара алмай отырғанда (ателектаз) немесе
жүректің клапандары дұрыс жабылмай, қан
айналу процестерінің бұзылуынан болады.
Төлдің кіндік тамырларынан (венадан
тамшылап, артериялардан шапшып) қан
ағып тұрады. Кіндікті мықты байлап, йод
ерітіндісімен күйдіреді, төлдің өзіне қолдан
тыныстандыру әрекеттерін жасайды.
Кіндіктің қабынуы
• Жаңа туған төлдің кіндігін дезинфекциялық ерітіндімен
күйдірмесе, төлдіц тұрған жері лас болса, кіндікке патогенді
микробтар еніп кетіп, қабыну процесі басталады.
• Ауру төл көп жатады, емшек ембейді, дене қызуы
көтерілген, кіндігі қызарып ісінген, ұстағанда қатты
ауырсынады, қысқанда ішінен ірің шығады. Төл сепсистен
өліп кетуі мүмкін.
• Тездетіп кіндікті дезинфекциялық ерітінділермен жуып
тазалайды, абсцесс болса, оны жарып іріңнен тазартқан соң
стрептоцид ұнтағын сеуіп қояды. Кіндік айналасына 1 млн
ә.б. антибиотик ерітілген новокаиннің 20-40 мл 0,5
ерітіндісін бірнеше жерден жібереді.
Артқы тесігінің болмауы
• Тік ішек сыртқа ашылмай тері астына немесе одан да тереңірек
жамбас қуысында бітеу қалып қояды. Уызға тойған төлдің іші
кеуіп, төл мазасыздана бастайды, ішін теуіп тыпырлайды,
байқап қарағанда төлдің құйрығының асты, артқы тесіктің орны
томпайып, түртіп тұрғанын көреміз. Мұндай жағдайда шұғыл
операцияға кіріседі. Асептика, антисептика қағидаларын сақтай
отырып, терінің том- пайып тұрған жерін тіліп тік ішектің бітеу
аяқталған ұшын тауып алып, терінің сыртына тартып шығарады
да, оны да тіліп, ішіндегі жиналып қалған тоңғақты алып
тастаған соң, тік ішектің тілінген шеттерін терінің тілінген жеріне
тігіп, артқы тесікті қолдан жасап шығарады. Тек тігілген жерлері
толық жазылғанша, жараны дезинфекциялық маймен майлап
тұрады.
Бронхопневмония
• Бронхопневмония-деп жас төлдің өкпесінің қабынуын айтады. Аурудың негізгі
себебі төл организмінің резистенттігінің төмендігі. Ондай төлге сыртқы ортаның
әсері (өкпек жел, төменгі температура, қапырық ылғалды ауа, шаң-тозаң,
микробтар) өте зиянды, тез арада қабыну процесі басталады.
• Төл жөтеледі, танауынан көкшіл-сарғылт түсті қоймалжың ағады. Дене қызуы
қалыпты жағдайда, кейде 40-41°-қа дейін көтеріледі. Тыңдап көргенде кеудесінен
сырыл естіледі.
• Емдеу іиаралары - жан-жақты болғаны дұрыс. Атап айтканда, бұлшық етке А және
Д витаминдерін, тәулігіне 3-4 рет пенициллинді немесе стрептомицинді 7000-10
000 ЕД \кг мөлшерінде жібереді, әсіресе, бициллин-3, немесе бициллин-5
препараттары тиімді. Пенициллинді новокаинмен ерітіп кеңірдектен жіберуге де
болады. Венаға окситетрациклин гидрохлорид немесе биомицинді 1кг салмағына
0,002 гр мөлшерінде жібереді. Бірнеше бұзауды бір жабық бөлмеге қамап,
новансенолдың 1 пайызды ерітіндісімен аэрозольді әдіспен емдеуге де болады.
Жүрек қан тамырларының қызметін реттеу үшін тері астына коффеин салады,
новокаин блокадасын қолданады.
Ақтышқақ
• Аурудың негізгі себебі төл организмінің резистенттігінің төмендігі, яғни анасының
буаздық кезінде бағып күтімінің нашар болғандығы.
• Емшек емгеннен кейін 2-3 күннен соң-ақ төлдің іші өтеді, боғы сүйық ақ-сұрғылт түсті,
өте сасык, құрамында түйіршік болып қатып қалған сүт кесектері, қан жолақтары
болады. Төлдің артқы аяқтары жамбасы, құйрығы нәжіспен былғанған, төл әбден
әлсіреген, көбінесе, көзін жұмып жата береді, көзі шүңірейіп ішіне кіріп кетеді, дене
қызуы кейде көтеріліп, көбінесе, қалыпты жағдайда, тіпті төмендеп кетуі де мүмкін. Төл
осылай жатып 4-5 күннің ішінде интоксикациядан өледі.
• Ауру бұзауға сүт, уыз ішкізуді азайтып оның орнына 0,5-1 л физиологиялык (тұзды)
ерітінді құяды немесе жусанның, шай қурайдың қайнатпасын ішкізеді, аш өзектен
құрсақ қуысына 100 мл электролитті ерітінді (оның құрамы: хлорлы натрий 5,0, магний
сульфаты-1,0, кальций глюканаты-2,5, хлорлы кобальт-8 мг, марганец сульфаты-10 мг,
мыс сульфаты-15 мг, цинк сульфаты-10 мг, дистиллденген су-100 мл) жібереді, оған
аскорбин қышқылы мен В12 дәрумені қосылса, оның емдік қасиеті арта түседі.
Патогенді микрофлораны басу үшін алдымен, АБК, ПАБК сияқты
ацидофильдіпрепараттарды, содан кейін құрамында олеандоми- цин , фуразолидон (7
мг/кг), астрбинкышкылы (5 мг/кг) бар 100 мл сұйық ішкізеді.
Назарларыңызға рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz