Жеміс өсімдіктерін көбейтудің биологиялық негіздері және тұқымдық, вегетативті (соның ішінде in vitro) әдістері


Slide 1

Орындаған:Шайзада АЙжан

Қабылдаған:Мажитова Роза

Жеміс өсімдіктерін көбейтудің биологиялық негіздері

Slide 2

Жеміс шаруашылығында көбейтудің биологиялық 2 тәсілі қолданылады:

Тұқыммен

Вегетативті

Тұқым қуалаушылық факторлардың құрамалығы салдарынан пайда болған ұрпақ тұрақты емес, себінділер өзара біркелкі болмайды, сонымен қатар аналық өсімдіктерден өзгеше болады.

Аналық өсімдіктің соматикалық клеткасынан, тканінен және мүшелерінен жаңа ұрпақты өсіру вегетативті көбейту деп атайды.

Slide 3

Вегетативті көюейту тәсілдері

Табиғи

Жасанды

Көбею процесі адамның қатысуынсыз болады.

Көбею процесі адамның тікелей қатысуымен болады.

Slide 4

Өсімдіктердің көбеюге бейімделген бөліктеріне жатады:

Мұртша

Жатпа сабақша

Төбелік сұлама бұтақша

Мүк жидектің, қой бүлдіргеннің, мүктің және т. б. жидек өсімдіктерінің көбеюіне арналған мүшесі

Бүлдірген мен құлпынайдың көбейетін арнайы мүшесі, буын аралықтары созыңқы жайылмалы сабақ тәріздес болып келеді

Бөрткенге тән. Бөрткеннің иілген өркені жермен түйіскенде жоғары бөлігінде бүршік түзіледі де олардың тканінде пластикалық заттар жиналады

Slide 5

Өсімдіктердің көбеюге бейімделмеген бөліктеріне жатады:

Тамыр атпа бұтақшасы

Партикуляция

Тамыр бұтақшаларымен таңқурай, бүрген, қытай лимондығы, піндік, арония көбейеді. Бұл өркен, көлденең орналасқан тамырлардағы қосалқы бүршіктерденпайда болады.

Бүлдіргенде, таңқурайда, қарақатта, тұшалада кездеседі

Slide 6

Көбейтудің жасанды тәсілдері

Қалемшемен

Сұлатпабұтақтармен

Телу арқылы

Сабақ немесе тамыр бөліктерінің өзінде жоқ мүшелерін (тамыр, сабақ) қалпына келтіре алатын мүмкіншіліктеріне негізделген.

Өсімдіктердің біржылдық сабақтарында қосалқы тамырлардың пайда болуына, олардың аналық өсімдіктерден алдын-ала ажыратылмауына негізделген.

Сорттың сабағының бөлігін басқа өсімдікке өзара біріктіру үшін көшіріп отырғызу көрсетеді. Телудің 150 түрі бар.

Slide 7

Қалемшемен көбейту

Таңқурайды, шиені, алхорыны, алманың біртектес телітушілерін, бекені көбейтуге болады. Ұзындығы 8-10 см және жуандығы 5-15мм келетін қалемшелерді күзден дайындайды.

Қарақатқа, жүзімге, бекеге, інжірге кеңінен қолданылады. Біржылдық күшті өскіндерден, ұзындығы 18-20 см қалемшелерді күзде немесе қыстың басында аяз түскенге дейін дайындайды.

Көптеген жеміс, жидек және сәндік өсімдіктер көбейтіледі.

Тамыр қалемшелермен

Сүректелген қалемшелермен

Көк қалемшелермен

Slide 8

Сұлатпабұтақтармен көбейту

Тіктемелі сұлатпабұтақ

Көлденеңді сұлатпабұтақ

Иілмелі сұлатпабұтақ

Әуелі сұлатпабұтақ

Бірінші тіршілік кезеңінде өскен өркендердің түбегіндегі үйме топырақты, екінші жылы көктемде жайып, сабақ түбінде 2-3 см тұғыр қалдырып кеседі.

Күздің соңында немесе ерте көктемде біржылдық қуатты өністерді радиуспен немесе жүйек бойымен 5-6 см тереңдікте қазылған қарықтарға жатқызып бекітеді.

Аналық өсімдіктің төменгі бөлігінде өскен бұтақ немесе өркенді жердің бетінен төмен қарай иіп тереңдігі 10-20 см-дей қазылған ойыққа жатқызады да топырақпен көмеді.

Тікелей ағаштың бөрікбасында бұтақтарды тамырландыру.

Slide 9

Телу

Бүршікпен телу

Қалемшемен телу

Жанастыра телу

Slide 10

Вегетативті микроклональды көбейту немесе in vitro-лық көбейту(әйнекте, пробиркада)

Пробиркаларда немесе колбаларда құрамына минеральды тұздар, дара және қос қаныттар, өсу желдеткіштері “B” тобындағы витаминдер және цитокинин кіретін қоректік ортада өсімдіктерден ажыратылған мүшелері, ұлпалары және жасушалары өсіріледі де бүтін өсімдік - регенерант алынады. Оларды әрі қарата кәдімгі тәсілдермен көбейтуге болады.

Slide 11

Назар аударғандарыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Өсімдік жасушаларын in vitro өсіру және биологиялық белсенді қосылыстардың синтезі
In vitro жасуша культурасы: тарихы, әдістері және практикалық қағидалар
Өсімдіктерді клондық микрокөбейту: in vitro әдістері мен кезеңдері
Каллус клеткаларын алу және in vitro өсіру: өсімдік ұлпаларын культивациялау әдістері мен морфогенез негіздері
Апикальдық меристеманы in vitro өсіру және өсімдіктерді вирустардан сауықтыру әдістері
Өсімдіктерді in vitro өсіру: каллусогенез, өсіру шарттары және биотехнологиялық қолданылуы
Гаметалар мен эмбриондарды бағалау және селекция: in vitro культивация әдістері мен даму морфофизиологиясы
Дубильді заттардың өсімдік тамырлануы мен морфогенезіне in vitro және биотест жүйелеріндегі әсері
Гаплоидтық технология: микроспоралар мен аналық гаметофиттің in vitro дамуы және селекциядағы қолданылуы
Өсімдік клеткаларын in vitro өсіру: қоректік орталар, әдістер және өсу шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz