Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Құс шаруашылығы өндірісіне арналған санитарлық - гигиеналық нормалар

Семей, 2019 жыл

Slide 2

I. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім

Жалпы құстар жайлы мәлімет Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері

Құс шаруашылығы өндірісіне арналған санитарлық - гигиеналық нормалар

III. Қорытынды бөлім

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Жоспар:

Slide 3

I. Кіріспе бөлім

Құстар биологиялық ерекшеліктері бірқатар бар. Ғаламшарды мекендейді барлық жануарлар дүниесiн, тек олар қауырсындарын, сондай-ақ зат алмасудың жоғары деңгейі бар. Құстар мен сүтқоректілердің оттегін тұтынады қарағанда 3-6 есе көп 1 кг дене салмағы жылу шығаратын. Әдетте олар дене температурасы, басқа жануарлардың аса яғни 3-5 ° C жоғары 41-42° С, бар. құстардың сүйектері жұқа және берік болып табылады. Олардың кейбіреулері pnevmatichny. Қанаттары модификацияланған Байқау кезінде. Құстар отырықшы және салыстырмалы түрде аз өкпе болып табылады. Өкпе әуе қап толықтырылсын, олар тыныс процесін нығайту мен жақсартуға ықпал етеді. Құстардың жылы жоғарғы қоспағанда, төменгі (ән) көмей бар.

Slide 4

Еліміздің халықты тағамдық өнімдер мен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның орындалуына ауыл шаруашылық құстарын өсірудің де зор маңызы бар. Өйткені құстардың етінің құндылығы ғана емес, оған жұмыртқа және мамық өнімдерінің бағалылығын қоссақ, оны мен бірге олардың тез жетіліп, көп өнім беретіндігін ескерсек құстарды өсірудің маңызы белгілі болады. Бірақ құстарды өсіру кезінде олардың сыртқы қоршаған ортаға (күтіп-бағуға, азықтандыруға т. б. ) сезімталдығының өте жоғары екендігін ескеру қажет. Құстардың азғана жерде көптен орналасқан жағдайында оларды әртүрлі аурулардан сақтандыру тек қана ветеринариялық санитарлық ережелерді орындап, гигиеналық талаптарға сай жұмыс істегенде ғана болады.

Slide 5

Құс шаруашылығында үш түрлі ұстау жүйелері бар:

Slide 6

Құстарды қалың жиналмайтын төсеніштерде ұстау тәсілі көбінесе, ет бағытындағы фермаларда қолданылады. Қалың төсеніштерде құстарды ұстау үшін әуелі құрғақ, дезинфекцияланған және алдын ала қортылған хлорлы әкі ұнтағы себілген (әр кв. м. 0, 5-1 кг) еденге қалыңдығы - 15 см төсеніш салып, соңынан әр бір екі айда үстіне төсеніш материалын қосып, жалпы қалыңдығы жыл аяғына дейін 25-30 см жеткізеді.

Мұндай төсеніштерде, биотермиялық процесстердің нәтижесінде, қыс айында температура 12-18ºС жетеді де, ал төсеніш аралығындағы сапрофитті микробтардың өсуінің салдарынан, әсіресе витаминдер тобы В түзіліп, құстар төсеніш түйірлерін шоқып жеп, өздеріне қажет кейбір витаминдерді табады. Сол сияқты, құстарды қалың төсеніш едендерде ұстағанда, олар еркін қозғалыста болып, денсаулығына бір шама пайдалы әсері тиеді.

Slide 7

Құстарды сырықты (планчатты) едендерде ұстау тәсілі кезінде арнайы ағаш сырықтардан құрылған (размері, көбінесе 2 м × 3 м) рамаларды қоралардың еденінен 80-85 см биіктікте, көлдеңнең орналастырады. Рамаларды жасауға қалыңдығы 1, 5-2 см, жалпақтығы 4-5 см ағаш сырықтар (рейка) алып, құс саңырығына бөгет болмау үшін үстіңгі бетін тегіс, қырларын жұмырлап үстіріктеп, бір-бірінен 2, 5-3, 0 см қашықтықта орналастырады. Мұндай едендердің арасынан құс саңырағы астындағы бетондалған арыққа түсіп, одан механикалық түрде арнайы сырғыш-қырғыш құрылымдардың көмегімен тазаланып отырады.

Сырықты едендерде ұстағанда құстарға төсеніш қажет болмайды және олардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралмайды, құстардың саңырығы еден тесігінен төмен түсіп кетеді де, олардың денесі таза болып, ауру жұқтыру қаупі төнбейді және құстардың орналасу сиымдылығы жоғарлайды. Бірақ, мұндай артықшылығымен қатар айтарлықтай кемшілігі болып, бұл сырықтан жасалған едендердің сыртқы әсерлерге құс саңырықтарына төзбей, тез істен шығып, жарамсыздануы саналады.

Slide 8

Құстарды тор көзді едендерде ұстау - басқа түрлеріне қарағанда тиімді болып есептеледі.

Ол үшін аса берік, ауыр салмаққа иіліп кетпейтін, сыртқы әсерлерге төзімді, әсіресе химиялық заттар мен газдарға, тот баспайтын (цинкпен, полиэтиленмен, резинамен қапталған) сымдардан ара қашықтықтары (тесігі) 3, 5 × 3, 5 см төркөздер (сетка) жасалып, жерден 60-70 см биіктікте, керіп орнатылады. Олардың астында көң жиналатын бетондалған арықтар жасалады. Бұл тәсілдің сырықты едендерден артықшылығы сыртқы факторлардың әсеріне төзімділігі болса, кемшілігі ұзақ уақыт құс салмағына шыдамай, еден иіліп, салбырап кетеді де, оны жиі керіп отыруға қосымша еңбек жұмсалады және құстардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралуға тура келеді.

Slide 9

Арнайы клеткаларда құстарды ұстау тәсілі құс шаруашылығында, әсіресе ірі өндірістерде (фабрикалар) кең таралған. Бұл тәсілмен ұстау кезінде арнайы клеткалы батареялар (тізбегі) жасалып қораның ішіне бірден бес қабатқа дейін аралықтарынан жол қалдырып орналастырылады. Ол үшін құстарды жекелеме, шағын топпен (2-10 басқа дейін) және ірі топпен (бірнеше ондық) ұстауға арналған цинкпен көмкерілген сымдардан клеткалар жасалып тізбектеп орналастырылады.

Slide 10

Құс қораларының микроклиматы нашар болса жас құстардың өсіп-дамуы тежеліп, өнімділігі төмендеп, құстың басқа ауруларға қарсы тұру қабілеті азаяды. Құстарды қанағаттандырғысыз микроклиматы бар қораларда ұстағанда, олардың өнімі 40-50 % төмендейді, бір өнімге шаққанда азық шығыны 30-40 % артып, құстың, әсіресе жас балапандардың ауруы 3-4 есе көбейеді. Ірі құстардың, онымен қоса ересек жас құстардың қораларындағы ауаның температурасының, қыс айларында, төмендеуі немесе жоғарлауы қалыпты нормадан 2 градустан артық ауытқымауы керек.

Жылдың жылы мезгілдерінде қора ауасының температурасының ең жоғарғы шегі сыртқы ауаның температурасының көрсетуінен 5 градустан жоғары болмай, бірақ 1-10 тәуліктік балапандар үшін 33ºС артық емес, басқа жастағы жұмыртқалайтын құстарға - 28ºС, ет бағытындағыларға - 26ºС жоғары болмауы керек.

Қысқа мезгілде (тәулік ішінде 4 сағатқа) ауа температурасының жоғарлауына рұқсат етіледі, бірақ жалпы орта есеппен 33ºС жоғары көтерілмеуі керек.

Slide 11

Жұмыртқалайтын тауықтардың гигиенасы Құстардың санын арттырып, олардан алынатын өнімін молайтуда құнарлы азықтармен қамтамасыз етумен қатар жұмыртқалайтын тауықтарға олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестіріп қалыпты микроклиматта ұстау болып саналады. Қазіргі кезде құстардан алынатын өнімнің, әсіресе жұмыртқаның көп бөлігін, оларды клеткада ұстап алады. Құстарды едендерде ұстаудан клеткаларда ұстап өсіруге көшудің нәтижесінде еңбек шығынын азайтып, жұмыртқа өнімінің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік туады. Тауықтарды клеткаларда ұстаған кезде, едендегі мен салыстырғанда, жұмыртқа салмағы артып (1г), бірақ қабағының қалындығы жұқарып беріктігі төмендейді және жұмыртқалау сезонының соңында клеткада ұстаған тауықтардың жұмыртқаларының зақымдалуы (дефект) көп болады. Клеткада ұсталған тауықтардың жұмыртқаларында сынықтармен кертіктер 10 % оданда көп кездессе, еденде ұсталғандарда жұмыртқаның қабығының ластануы 40-50 % жоғары болады. Құстарды интенсивті жүйелермен ұстаған кезде күйзелістік факторлар (вакциндеу, өндірістік шу, ұстау, орын ауыстыру, тасымалдау т. б. ) жиі болып, олардың физиологиясына теріс әсерін тигізіп, алынатын жұмыртқаның саны мен сапасын төмендетеді. Вакциянациялау кезінде болатын күйзелісті егудің алдында және соңынан 3-4 тәулік бойы тауықтарға азықпен қосып витаминдер жинағын антистрестік мөлшерде беріп алдын алады. Ал тауықтарды ұстаудан, тасымалдаудан және орын ауыстырудан туатын стресстерді көрсетілген шаралардың алдында бір тәулік бұрын азықпен қосып транквилизаторларды беру арқылы әсерін төмендетеді.

Slide 12

Құс шаруашылығы өндірісінде өндірістік үдеріс ағымды типте құстың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады. Негізгі өнім мен алғашқы өңделген өнім алу (құс, жұмыртқа) үшін оларды келесі өндірістік топтарға бөледі:

Slide 13 Slide 14

Күрке тауықтардың гигиенасы Күрке тауық өсіретін шаруашылықтардың негізгі алатын өнімі ет болып саналады. Аналық күрке тауықтарды кең енді қораларда, қалың төсенішті едендерде серуен алаңдары қаралып ұсталады. Қоралар бірнеше секцияларға (бөлмелерге) бөлінеді де, әр бөлмеде 150 бастан жасына байланысты, нормативке сүйеніп сиымдылығын белгілейді. Қора ішінен әр 4-5 күрке тауыққа есептеп жұмыртқалайтын ұялар қалдырады. Ет бағытындағы жас күрке тауықтарды жабық қораларда едендерде, клеткаларда және аралас ұстау тәсілдерін пайдаланып, қалыпты микроклиматта өсіреді. Қандай тәсілмен ұстамасын, күрке тауықтың балапандарын өсіргенде, әсіресе алғашқы күндері қора ауасының температурасы мен ылғалдылығы зоогигиеналық нормативке сәйкес болуы қажет.

Slide 15

Үйректердің гигиенасы Үйректерден ет өнімін өндіру технологиясы оларды қалың жиналмайтын төсеніштерде, сеткалы, сырықты едендерде және клеткалы батареяларда, ал жаз айларында жеңіл күрке лагерлерде өсіріп ұстауға негізделеді. Үйректерді өсіру кезінде аталған тәсілдердің тек біреуін бордақылаудың басынан бастап ақырына дейін немесе аралас өсіру тәсілін пайдаланады. Үйректерді ет бағытында өсіріп, союға 49-56 тәулікті жасында яғни оларда түлеу процесстері басталмай тұрып, беріледі. Ол кезде олардың әрқайсысының орта салмағы 2, 5 кг одан да жоғары болады. Үйректерді, инкубациялауға (бастыруға) арналған жұмыртқалар алу үшін қораларда қалың төсеніште ұстап өсіреді. Қораның 15-20 % бөлігіне сеткалы, көздерінің размері 20×30 мм, едендер жасалады да, 25-30 см биіктікте керіп орнатып, астынан құстардың саңырағы түретін арық жасалады да ішінде қырғыш механизм құрылады. Су ішетін орындарды сеткалы едендерде, ал азық науалары су ішетін жерден 3 м қашықтық емес қылып, төсенішті едендердің үстіне жасалады. Үйректердің су ішетін жерге келулері үшін тақтайдан еніс жол жасап (трап) қояды. Қора ішіне 4-5 басқа бір ұя салу қаралады.

Slide 16

Қаздардың гигиенасы Қаздарды өсірумен айналысатын шаруашылықтар, оларды қалың төсенішті, сеткалы едендерде клеткалы батареяларда және жазғы лагерлерде (жеңіл көлеңкелі жаппасы, серуен алаңы қаралған) ұстайды. Қаздарды етке бордақылап семірту кезінде қалың төсенішті едендерде тәуліктік жасынан бастап, етке союға берілгенше, ұстайды да серуен алаңдарын (солярий) жасайды. Кейбір кездерде қаздарды 20 тәуліктік жасына дейін клеткалы батареяларда өсіріп, одан кейін қалың төсенішті едендерге ауыстырады. Балапандарды сеткалы едендерде өсіруде тиімді болуы мүмкін. Жұмыртқалайтын қаздардың және өнімдік ересек қаздардың қораларының жанынан, олардың едендерінің аудандарының 150-200 % есебімен, серуен аландары қаралып, қатаң жаппасы болуы (бетондаған) керек. Қаздардың қораларын жарықтандыру 1-7 тәуліктік жасына дейін күндіз-түні жүреді де, одан кейін 14 сағат ұзақтықта ұстап тұрады да, союға жөнелтеді. Балапандар үшін жарықтандырудың мөлшері - 30 люкс, ал ірі қаздарға - 15 лк шамасында болады.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Құстар гигенасы
Құс шаруашылық кәсіпорындарын жобалау санитарлық - гигиеналық нормалары
Ірі қара малының гигиенасы
Ірі қара малдарының гигиенасы
Ірі қара малының гигиенасы туралы ақпарат
Терісі бағалы аңдар гигиенасы
Шошқа малдарының гигенасы
Құстарды автокөлікпен тасымалдау
Құстардың инфекциялық бронхиті ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Бұрғылау кемелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz