Шұбатты лабораториялық зерттеу




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Шұбатты лабораториялық зерттеу
Жоспар:

I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
• Шұбаттың дайындалу технологиясы
• Шұбатты ашыту
• Тәжірибелік зерттеулер
• Ғалымдардың қосқан үлестері
III. Қорытынды
Шұбат

Шұбат - түйеден өндiрiлген бұл сусын қазақ
аспаздығында кеңiнен қолданылады; түйенің сүтін
ашыту арқылы дайындалынатын сусын.
Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана нәрлi
және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С
витаминдерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 витаминдерi
бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi. Шұбаттың
бiр литрi адам организмінің С витаминiне және
рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыра
алады. Шұбат айранға қарағанда май, ақуыз, кейбiр
минералды заттарға, витаминдерге өте бай.
Статистикалық деректер өткен жылы біздің облыста 100 шақты түйе
басы болғанын көрсетеді. Бұдан ондаған жыл бұрын саусақпен ғана
санарлықтай болған түлік төресінің саны аздап болса да өсіп келе
жатыр. Қазір Көкпекті, Тарбағатай, Үржар, Ұлан аудандарының
кәсіпкерлері түйе ұстап отыр.
Шұбат – жаңа балауса спецификалық иісі мен өзіне тән дәмі
бар, ақшыл – сүт түстес, әлсін сары түспен ерекшеленеді.
Консистенциясы – сұйық, әлсін қою, көбіктенгенде газ
түзеді. Титрленетін қышқылдығы ұзақ уақыт бойы ұстауына
байланысты ауытқиды, 60 – тан 140ºТ (СТ РК 117 – 971
бойынша). Ашу барысында сүт қантының төмендеуі
байқалады, ол қышқыл, спирт, көмір қышқыл газын түзеді.
Осыған байланысты тығыздығы төмендейді 1,022 – 1,028
г/см3. Активті қышқылдықтың көлемі рН 4,1 – 3,9 тең.
Шұбаттың сапасы, оның ашытқы қорының сапасына
байланысты. Ашытқы қор ретінде бұрқырап ашыған сапалы
шұбатты алады. Онда бөгде иіс пен дәм болмауы тиіс.
Мұндай ашытқы қорды саумалға күнделікті қосып тұрады.
Алғаш, әлі шұбат жоқ кезде, саумалды ашыту үшін арнайы
ашытқыны – сүт қышқылды бактерия (болгар таяқшасы) мен
ашытқыны (торула) пайдаланады.
Түйені сауғаннан кейін сүтін сүзіп, 30 – 35 ° дейін салқындатады да, сосын оны
күбіге құйып, сүттің 3 – 4 бөлігіне 1 бөлігі есебінде ашытқы қор қосады.
Саумалды 20 – 30 минуттай піспектен араластырып, 3 – 4 сағаттай ашытады.
Осы уақыттың ішінде ол бұрқарап ашып, микрофлоралардың тіршілік әрекеті
нәтижесінде ондағы күрделі заттар едәуір қарапайым түрге айналады.
Шұбаттың қышқылдығы 60 – 70 °Т жетіп, ондағы казеин ірімтіктеніп, бірте –
бірте тұнбаға түседі. Казеин тұнбасы ірілеп кетпес үшін, шұбатты жақсылап
пісу керек, сонда оның ірі түйіршіктері майдаланып, ол біркелкі қою болып
жақсы ашиды.

Сүт қышқылды және спиртті ашу процесінің ұзақтығына қарай шұбат үшке
бөлінеді:

Әлсіз ашығаны – қышқылдығы 60 – 80°Т, бір тәулікте жетілгені;
Орташа ашығаны – қышқылдығы 80 – 105°С, екі тәулікте жетілгені;
Қатты ашығаны – қышқылдығы 106 – 125°, үш тәулікте жетілгені.

Арнайы микрофлоралардың нәтижесінде түйе сүтінде күрделі биохимиялық
процесс болады: сүт қанты (лактоза) ыдырап, жаңа заттар – сүт қышқылы,
спирт және көмір қышқылы пайда болады, құрамындағы витаминдері
молаяды. Шұбаттың химиялық құрамы, бастапқы сүт құрамынан едәуір өзгеше
Түйенің сүті Шұбат

Қышқылдық 18° 28°

Майлылық 4.3 % 4.3 %

Лактоза 2.75 % 1.32 %

Құрғақ заты, майдың
8.2 % 6.6 %
басқасы

Минералды заттар 0.86 % 0.75 %

Этил спирті 1.1 %

Аскорбин қышқылы 5.6 % 4.8 %
Дәрігерлердің жүргізген байқауларында, Туркмения мен Қырғызстанның
кейбір елді мекендерінде шұбат ішіп жүрген халықтардың туберкулезбен
мүлде дерлік ауырмайтындығы анықталған. Қазақтың, Түркменнің
халықтық медицинасында шұбатты туберкулез, қырқұлақ, мешел, гастрит
және басқа да ауруларды емдеуге қолданған. Клиникалық жағдайда
шұбатты адамның әр түрлі ауруларына ем ретінде қолдану тәжірибесі
Туркменияда лағаш рет қолға алынды. Г.С. Ходжакулиевтің мәліметінзде,
гастритке, шынышқаққа және басқа да асқазан ауруларына шалдыққан
адамға шұбат бергенде, оның шек – қарын жолдарындағы бұзылған
функциясы қайта қалпына келетіндігі айтылады. Г.А. Халлыева шұбатты
жас балалардың гипотрофия, мешел, туберкулез ауруларына қолданып,
жақсы нәтиже алған.
А.А. Ахундов өзімен бірге істейтін Түркмен Туберкулез ғылыми – зерттеу
институтының бір топ қызметкерлерімен бірлесес отырып, шұбаттың
туберкулез таяқшаларына тигізетін әсерін зерттеді. Жүргізілген тәжірибеде,
шұбат пробиркадағы туберкулез таяқшаларының өсуін тежеумен қатар,
олардың клетка құрамын да ыдырататындығы анықталды.
Олар шұбатпен жанасқан туберкулез таяқшаларының күйін
зерттей келіп, бұл таяқшалар өзінің формасы мен көлемін
өзгертетіндігін, сондай – ақ тіршілік әрекеті тежеліп,
қоректік ортада ешқандай өсіп көбеймейтіндігін аңғарды.
Тәжірибе нақтырақ болуы үшін авторлар бұл таяқшаны теңіз
шошқасына жұқтырды. Сонда шұбатқы жанасқан
туберкулез жұқтырылған теңіз шошқасы еш ауырмай аман
қалды да, ал шұбатқа жанаспаған туберкулез таяқшасы
жұқтырылғаны ауырып өлді. Өлген жәндікті сойып
қарағанда, оның барлық органдары туберкулез таяқшасымен
зақымданғаны байқалды. Ал тәжірибе тобындағы теңіз
шошқасын сойып қарағанда, онда ешқандай ауру белгісі де,
ішкі органдарының зақымданғаны да байқалмады.
Академик Асылбек Баймұхановтың басқаруымен ауыл шаруашылығы
ғылымдарының докторы Дастанбек Баймұханов, ғылым кандидаты Мүсәтiллә
Тоқанов және Болат Тоқанов құрамына енген ғалымдар тобы түйе сүтiнен
балқаймақ және шалап айыруды жүзеге асырды. Дайындалған балқаймақта
майлылық 15 пайызға дейiн жеткен. Ал, спирт 1 пайыз мөлшерiнде. Жоғарыда
әзiр-ленген шұбат өнiмдерi балаларды тамақтандыруға өте қолайлы әрi өт
жолдарына бiрден-бiр ем. Барлық жастағы адамдар денесiне жара шыққанда
оны ем үшiн iшсе болады. Ұмытшақтық, сусамыр ауруына шалдыққандар да
пайдалана алмақ. Бiр сөзбен айтқанда, түйенiң сүтiнен дайындалатын
сусынның шипалық қасиетi өте мол. Мүсәтолла Тоқановтың ғылыми
еңбектерiне жүгiнсек, түйе сүтiнен әзiрленген шұбаттың табиғи иммундық
қасиетi өте жоғары. Сондықтан, оны тыныс алу, ас қорыту, гастрит, бауыр
аурулары, өт жолдары, тоқ және тiк iшек ауруларына сусамыр және басқа
түрлi жараларды емдеуге қолдануға әбден болады. ҚР Ұлттық Ғылым
академиясының академигi, Денсаулық сақтау ми-нистрлiгiне қарасты
тағамтану академиясының директоры Төрегелді Шармановтың мәлiметi
бойынша шұбатпен туберкулез, бауыр ауруларын, холециститтi, өт
жолдарының бiтелiп қалуын емдеуге болады. Осыған орай, шұбатты әлемдiк
нарыққа шығару үшiн ғалымдар өнiмдi кептiру, құрғақ сүт ұнтағы және
таблетка түрiн жасау технологиясымен де айналысты.
Шымкенттік ғалымдар қазақтың ұлттық
тағамдарының бірі – шұбатты құрғақ
күйінде сақтаудың жаңа әдістері бойынша
инновациялық патентке ие болды. Табиғи
шұбаттың таблеткалы және ұнтақ түрін
жасау жолын тапқан мамандар, түйе
сүтінен жасалған йогурт, балқаймақ және
шалаптарды экспортқа шығаруды мақсат
Идея авторы ауыл
шаруашылығы
ғылымдарынының кандидаты
Мұсатілла Тоханов
сублимациялық процесс, яғни,
өнімнің ылғалын сорып алу
әдісі арқылы шұбат сусынын
құрғақ түрінде ұзақ мерзімге
сақтауға болатындығын
айтады.

– Процесс 6 сағатқа созылады.
Түйе сүтін қатырып, вакууммен
ауасын сорып әртүрлі өнім
жасауға болады. Шымкенттегі
Химфарм зауытынан келісім-
шарт бойынша тәжірибелі
түрде 6 литр түйе сүтінен
таблеткалар жасап шығардық.
Құрғақ түйе сүтін де алдық.
Егер кәдуілгі шұбатты 1
аптадан артық сақтауға
болмайтын болса, бұл
шұбатты экспортқа шығарып, қазақтың брендіне
айналдыру. Тек қаржыландыру жағы қолбайлау
болып отыр, – дейді Оңтүстік Қазақстан мал
шаруашылығы мен өсімдіктер ғылыми зерттеу
институтының технология және мал
шаруашылығы бөлімінің ғылыми қызметкері
Мұсатілла Тоханов.

Мамандар тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде
шұбаттың 1 литрінен 87 грамм құрғақ сүт алған
екен. Ал 1 шай қасық құрғақ шұбаттан – 100 грамм
сапалы, барлық емдік қасиеті сақталған шұбат
шығады. Сондай-ақ, 1 литр түйе сүтінен 40 түйір
таблетка алынады. Әр таблеткадан 100 грамм
шұбат алуға және оны әлемнің кез-келген жеріне
тасымалдауға болады дейді ғалымдар. Олар егер
тәжірибе жүзеге асса, бұл өнімді ғарыш
қызметкерлері үшін де дайындауға болатынын
айтады.
Тәжірибе авторлары жаңа шұбат өнімдері нарықта жоғары ұсынысқа
ие болатындығына сенімді. Билік орындарының бұл жаңалыққа
самарқау қарап отырғандығын айтқан ғалымдар идеяны қолдаушылар
болса, көмек беруге дайын екендерін айтады.

– Табиғи шұбаттың таблеткалы түрі, құрғақ түйе сүті, йогурт,
балқаймақ және шалап секілді жаңа әдістерімен алынған өнімдер әлем
нарығына шықса, теңдесі жоқ ұтымды тауар белгісіне айналары сөзсіз.
Емдік қасиеті бар өнімді барша Қазақстан халқы және өзге де әлем
жұрты пайдалана алар еді, – дейді Оңтүстік Қазақстан мал
шаруашылығы мен өсімдіктер ғылыми зерттеу институтының бас
ғылыми қызметкері Дастанбек Баймұқанов.

Сонымен қатар алдағы уақытта құрғақ шұбатты, қазіргі саудадағы тез
еритін кофе секілді сусын етіп шығаруға болады дейді жоба авторлары.
Ал емдік қасиеті бар дәріні кез-келген дәріханадан сатып алуға болады.
Оның бағасы да қалтаға лайық болмақ.

Өндірістен шыққан құны – 10 түйірі үшін 150 теңге деп есептелуде. Ең
бастысы өңделген шұбат өзінің шипалық қасиетін толық түрде
сақтайды. Бірақ бұл әзірге тек жоба ғана.
ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстандағы түйе шаруашылығын дамытып,
қолға алынып, түйе сүті және шұбат өндірілсе,
шұбаттан сүт қышқылды бактерияларды бөліп алу
үлкен қызығушылық тудырады. Осы бағытта
жұмыс жасау үшін, негізгі зерттеу обьектісі ретінде
шұбаттан сүт қышқылды бактерияларды бөліп
алып және оларды жан – жақты зерттеу
қарастырылуда. Бөліп алынған сүт қышқылды
бактерияларды сапасы жақсы, емдік қасиетке ие,
құндылығы жоғары сүт қышқылды сусындарды
алу үшін сүт қышқылды бактериялар негізінде
жасалған ұйытқыларды жасау көзделіп отыр.

Ұқсас жұмыстар
Түйе жануары, ерекшеліктері
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ БІР ЖҮЙЕЛІЛІГІ
Ұлттық сүтқышқылды сусындар
Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері
Психологиялық зерттеу әдістерінің Пирьов, Ананьев, Дружинин бойынша классификациялау
Індеттанулық балау
Зертханалық зерттеулерге зәрді алу
Агрономиялық зерттеуде радиоактивті изотоптарды қолдану
Сабақта мұғалім
Қазақ халқының ұлттық тағамдары
Пәндер