Қояндардың ұстау жүйелері



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қояндар және терісі бағалы аң фермаларын жобалаудың санитарлық-гигиеналық нормалар

Жоспар:
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім:
Қояндардың ұстау жүйелері Бағалы терілі аңдарды ұстау гигиенасы және фермаларын жобалаудың санитарлық-гигиеналық нормасы Бағалы терілі аңдарды азықтандыру гигиенасы
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қояндар (лат. Leporidae) - сүтқоректілердің бір тұқымдасы.
Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0, 1 - 4, 5 кг, дене тұрқы 12 - 75 см, шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 - 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар.

Қояндардың гигиенасы
Үй қояндарын өсірудің маңызы оның биологиялық ерекшеліктерімен байланысады. Қояндар өте тез өсетін, басқа малдар мен салыстырғанда шағылысқа келу мерзімі ерте туатын және аналық қоян жылдың әр кезінде күйті келіп, шағылысқа түсе алады. Онымен қоса бір аналықтан жыл ішінде 25-30 бас көжек алуға болады, яғни әр аналықтан 80-100 кг құнды, жұғымды ет және бағалы 30-35 қоян терісін алады. Сол сияқты қояндар, басқа үй малдарына қарағанда, сыртқы ортаның әсерлеріне өте сезімтал келеді де, әртүрлі тосын жағдайларға үрейленіп, стресске ұшырайды.


Сыртқы клеткаларда ұстау кездерінде қояндарды ашық аспанның астында немесе жабық қалқандарда жыл бойы әртүрлі типті клеткаларды қойып, сонда азықтандырып өсіреді. Бұл тәсілмен ұстағанда қоян организмі шынығып, денсаулығы артып, жүнінің сапасы жақсарады. Бірақ мұндай жүйеде ұстағанда ауа райының қолайсыз мерзімдерінде, әсіресе қыста, тудырып өнім ала алмайды.

Арнайы сарайларда (шед) ұстағанда екі қатарлы, бір-біріне беттерін қаратып, бір немесе екі қабатты клеткаларды, жергілікті арзан материалдардан, ұзындығы 50-70 м дейін, ені - 2, 5-3 м қылып салынған шедтердің ішіне қойып соған жекелеме немесе шағын топпен қояндарды орналастырады. Екі қатарлы орналасқан клеткалардың ортасынан 1, 2-1, 5 м жол қалдырып, төбесі шатырлы болып жабылады. Бірінші қабаттың клеткалары жерден 40-60 см биіктікте аяқтарға тұрғызады да, астынан түскен көңді жинап алатын арықтар (канал) қалдырады. Әр клетка екі бөліктен: кіші ұялы, үлкен - азық бөлімнен тұрады. Кіші бөлігінің қабырғалары тұтас материалдардан жасалып, ортасындағы бөлігінде қоян кіріп-шыға алатын тесік қалдырып, ішіне 40*50*20 см фанерден жәшік қояды да құрғақ төсеніш (солома, жапырақ) материалмен толтырады. Азық бөлігінің алдыңғы қабырғасы және асты тор көзді болады да, алдыңғы бетінің іш жағынан азық науасы мен су құбырын орнатады. Екінші қабаттағы клеткалардың еденінің асты болып, біріншілерінің төбесі есептеледі де, шедтің сыртынан келіп, ашып көңді жинап алатын сырмалы бір тақтай бойындай, саңылау қалдырылады. Ортаңғы жолдың жоғарғы жағына аспалы, жылжып тұратын азық салатын жәшік ілінеді. Қояндарды сарайда ұстау күннің аязы мен жауын-шашындарынан қояндарды сақтайды да, мұндай тәсілмен ұстағанда жылдың ауыспалы мезгілдерінде де (күз, көктем) оларды төлдетіп, өнім алуға болады.

Қоян қораларында ұстау жүйесі кезінде әртүрлі арзан материалдардан, көбінесе кірпіштерден, шлак, саз құймалардан, сирек самандардан жылыланған қоралар тұрғызып, ішіне бір типті (размерлі) тоттанбайтын сым темірден жасалған клеткаларды бірнеше қатарлы қылып, көбінесе бір қабат, ал жас қояндар үшін 2-5 қабатқа дейін орналастырады. Ірілендірілген қоян шаруашылықтарында, жыл бойында ұздіксіз ет алынатын, қояндарды асфальттанған немесе бетондаған едендері бар, ішінде тіреулері жоқ жақсы жылыланған жабық қораларда ұстайды да, оның ішіне орналастыратын клеткалардың едендерінің ауданы: көжектері мен аналық, бір аталық, 5-6 бас өндірістік 3 айдан асқан жас қояндар үшін - 0, 5 м2, ал бройлерлік көжектері мен бір аналыққа - 0, 7 м2 жасалады.

Көптеген қоян шаруашылықтарында қояндарды бір ғана жүйемен ұстап қана қоймай, әртүрлі жүйені кезекпен пайдаланады. Мысалы, еттік жас қояндарды күннің қатты суығына дейін далада клеткаларда, ал ауыспалы мезгілдерде шедтерде ұстаса, аналық қояндарды қыста қорада клеткаларда ұстап, қосымша көжектетіп өнім алады.
Жабық қораларда ұстағанның жоғарғы нәтижелі болуы оның микроклиматының негізгі көрсеткіштері температурасы, ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы, тағы басқа зиянды газдардың мөлшері қояндардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, нормативке негізделуіне байланысты болады. Қоян қораларынан көңді (әр тәулікте бір реттен кем емес) қырғыш транспортерлермен жинап, автокөлікке тиеп шығарып отырады.
Ауа алмастыру қоян қораларында механикалық жүйемен жасалады. Қыс айларында қоян қораларын жылыту электірлі каллориферлер мен ауа алмастыру жүйесімен біріктіріп жүргізіледі.

Қоян қораларындағы микроклимат






Бағалы терілі аңдарды ұстау гигиенасы
Аңдар өсіру мен айналасатын шаруашылықтар қатынастар шектелген, жабық типті болуы керек. Ондай шаруашылықтың территориялары тұтас немесе тор көзді әртүрлі материалдармен қоршалып, қоршаудың төменгі басы кем дегенде 30 см жерге сіңірілген болады. Қорғанның биіктігі түлкілер және поляр түлкілері (песец) үшін 2 м кем болмай, жоғарғы басының қалқыны болса, норка мен бұлғындар үшін қоршау биіктігі 1, 5 м болып, оның орта тұсында, аңдардың өрмелеп шығып кетпеуі үшін, жылтыр, тайғақ материалдан жолақ жол жасалады. Таулы және қары қалың түсетін аймақтарда барлық андардың түрлеріне арналған фермалардың қорғандарының биіктігі - 2, 5 м жасалады. Бағалы терілі аңдарды ұстау тәсілдері де үй қояндарын ұстайтын жүйелеріндей (сыртқы ауада клеткаларда, шедтерде және қораларда) болады. Оларға арналған қоралар мен технологиялық элементтердің размерлері мен орындарының нормативті көрсеткіштері ұстау жүйелері және андардың түрлі мен физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады. Бұлғындар, норкалар, түлкілер, сол сияқты поляр түлкілеріне арналған сарайлар (шедтер) сыртқы ұзын бойымен төбенің карнизінен (қабырғаның жоғарғы ернеуі) серуен алаңының үстіне дейін және азық жолының бойы мен серуен алаңының астыңғы ернеуінен жерге 20 см сіңірілген сеткамен (торкөз) тартып, қоршалады. Аңдарды сарайларда ұстау, оларды ауа райының әртүрлі қолайсыз жағдайларынан (жауын-шашын, аяз борандар) сақтап және азықтандыруды, көң тазалап, шығаруды, сумен қамтамасыз етуді механикаландыруға мүмкіншілік тудырады.



Бағалы терілі аңдарды азықтандырудың гигиенасы
Барлық бағалы терілі аңдар-ет қоректілері болады да, тек нутрилар-өсімдіктер мен көректенеді. Нутрилердің көректенуі үй қояндарыныкі мен сәйкес келеді. Олар дәнді, бұршақты азықтарды, жемді тамыр-түйнектілерді, қант қызылшасының қоспасы (жом) т. б. қоректенеді. Ет қоректі аңдардың рационына мал өнімдері және өсімдік азықтар кіреді. Клеткалы аңдардың фермаларында азықтарды нормалау, өңдеу және дайындау өте маңызды орын алады. Бағалы терілі аңдарды көректендіру үшін ет, балық, сүт өнімдері пысқан немесе шикі күйінде, көк өністер, дәнді өнімдер, витаминді құрама қоспалар пайдаланады. Бұл азықтарды ұнтақтап, кесіп, арнайы машинкалардың көмегімен араластырып су қосып немесе құрғақтай түрінде аңдардың сұранысына қарай қоректендіреді.

Органолептикалық көрсеткіштері (иісі, түсі, концентрациясы т. б. ) қалыпты болса, ірі қара, жылқы және елік еттерін аңдарға шикі түрінде пайдалануға болады. Шошқа етін, аңдарға Ауеска ауруының жұқпауы үшін, температура мен өңдеп барып береді. Норкалар мен бұлғындарға қой еттері мен мүшелерін, энцефалопатия мен ауырмас үшін, пысырылған түрінде береді, түлкілер мен песецтерге және күзендерге, олар бұл ауру мен ауырмайтын болғандықтан, шикі қалпында бере береді. Бұзау және қоян еттерін, пастереллез және сальмонеллез аурулары мен ауырмау үшін, пысқан түрінде береді. Лажсыз сойылған малдардың еттерін, сол сияқты сойылған түлкілер, песецтер және бұлғандардың ұшаларын тек ыстық температуралық өңдеуден өткізгеннен кейін ғана аңдарға беруге болады. Есейген аңдар мен тұқымсыз жас күшіктерге тәулігіне бір рет, ал тұқымдық күшіктер мен буаз аналықтарға - 2 рет күніне азық беріп және су мен қамтамасыз етіп отырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz