Аралардың гигиенасы



Аралардың гигиенасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ

Жоспар:
I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
Омартаға орын таңдау
Ара ұяларының микроклиматы
Аралардың қыс мерзіміндегі гигиенасы
Аралар омартасындағы ветеринариялық-санитарлық режим
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Омартаға орын таңдау

Ара ұяларының микроклиматы
Ұядағы (семья) аралардың барлық түрлерінің қалыпты өсуі үшін, ұядағы температура бір қалыпты, тұрақты 34-35С болып азық қоры жеткілікті және асырағыш аралардың болуы қажет.
Аралардың ұясында, әсіресе өну зонасында, сыртқы ортаның температурасына байланыспай-ақ тұрақты қалыпты температураны ұстап тұрады. Бұл жерде температураның тәуліктік ауытқуы еш уақытта болмайды. Ұяның өну орталығының шеткі аймақтарында температура +33, 5С болады.
Сыртқы ортаның температурасы төмендеп +10С болғанда, ұяның шет жағындағы температураның қалыптыдан ауытқуы 1, 5С ғана болады.
Аналық аралардың өсу зонасындағы температурада, өте тұрақтылығы мен сипатталады. Ол арадағы орташа температура 34С болады. Ұяның сыртындағы ауа температурасы 23С тан 11С дейін төмендегенде аналықтар ұясының температурасы 0, 5С артық өзгермейді.


Аралардың қыс мерзіміндегі гигиенасы
Ауа райы суытып, тұрақтаған кезде араларды қыстаққа (зимовка) көшіреді. Араларға қыстақтық қораны, ауа райы суық жерлерде ара ұяларын 5-7 ай бойы қыстату үшін салады. Қыстаққа қатты жел өтінен жасырын, сәл атмосфералық жауын-қар сулары жиналмайтындай, су ағары бар дөңестеу, жер асты сулары төмен орналасқан (2 м жақын емес) құрғақ участок таңдалады.
Қыстамаға дұрыс дайындалған аралар ұялары аса елеулі күтімді қажет етпейді де, қыстың алғашқы 1-2 айларында ғана қатысып, ондағы температураны, ылғалдылықтың құралы психрометрің көмегімен, тексеріп, желдету арқылы микроклиматын қалыпқа келтіреді. Қыстың екінші жартысынан бастап ұяларда аралардың өнуі басталып, балдың шығыны екі есе артады да, ол кездер өте жауапты болып саналады.
Қыстақта температура мен ылғалдық тұрақты болуға тиіс. Аралар ортаның температурасы мен ылғалдықтарының жиі-жиі ауытқуларына сезімтал келеді. Сондықтан қыстақтың ішкі ауа температурасы бір қалыпты 0-2С болып, минус 2С дан плюс 4С дейін ауытқуы рұқсат етіледі. Жоғары температура кезінде аралар мазасызданып, олардың қыстауына зиянды әсерін тигізеді.



Аралар омартасындағы ветеринариялық-санитарлық режим
Шаруашылыққа немесе омартаға ескі пайдаланған ұялар, бал шығаратын аппараттар, әртүрлі саймандар, бал салатын ыдыстар т. б. түскенде міндетті түрде дезинфекцялаудан өткізіледі. Омартада ұялардың артық қоры (10-15 %) болуы керек. Аралардың семьяларын бүтін, боялған, номерлеген және жер бетінен 30 см биіктікте аяқтарға отырғызылған ұяларда ұстайды. Омартада қол жуғыш, қақпақты шелек, дәрі-дәрмек, жәшік, сабын, қол орамал және бір жұмысшыға екіден халаттар болуы керек.
Әрбір жаңадан келген аралардың партиясын, басқа омартадан 5-7 км жақын емес жекелеген омартаға орналастырады. Оны малдәрігерлік бақылауда 30 күн ұстап, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының бар жоғын тексереді. Егер лабораториялық зерттеудің нәтижелері аурулардың жоқтығын бекітсе, семьяларды негізгі омартаға орналастырады. Көктемде арашы адам әр ұядағы аралардың ұшу қарқынына көңіл аударады. Омартаның жұқпалы аурулардан амандығын анықтау үшін, әрбір ара семьясынан 10 % есебінен (50-ден кем емес) тірі араларды бөліп алып (немесе сондай мөлшерде өлгендерден) лабораторияға жібереді. Бал жинау аяқталғаннан соң, көктем және күзде аралар семьяларын тексереді. Қарап тексеру кезінде ұялардың ұшу өнештеріндегі өлген аралардың санына көңіл бөледі. Аралардың 5-10 бастарының өлуі табиғи болуы мүмкін, ал өлгендер саны көп болса, ұяларды қараудан өткізеді. Ұялардың алдыңғы алаңдарында жорғалаған аралар, олардың личинкалары, өлекселері және ұшып қонатын тақтайларында, қабырғаларында ара нәжістерінің жұғындылары болса семьяларды мұқият тексеруден өткізеді.

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Гершун В. И., Муслимов Б. М. Ветеринарная гигиена. Учебное пособие. Алматы, Қайнар, 1994.
2. Храбустовский И. Ф., Демчук В. М., Онегов А. П Практикум по зоогигиене. Уч. пособие Москва, Колос, 1984.
3. Мырзабеков Ж. Б. Сагындықов Қ. А. және т. б. Ветгигиена. Лабораториялық-практикалық сабақтардың методикалық нұсқаулары. Алматы, 2005
4. Кузнецов А. Ф., Демчук М. В и др. Гигиена сельскохозяйственных животных. Книга 1, 2. Москва: Агропромиздат, 1991.
5. Мырзабеков Ж. Б., Сағындыков Қ. А. және т. б. Жалпы зоогигиена. Оқу құралы. Алматы, 1992.
6. Мырзабеков Ж. Б., Ибрагимов П. Ш. Ветеринариялық гигиена. Алматы, 2005 жылдары. Шетелдегі және ТМД елдеріндегі жылқы өсірудің озат тәжірибесі.
7. Волков Г. К. и др. Ветеринарно - санитарные и зоогигиенические проблемы промышленного животновдство. М., Колос, 1979.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz