Қой малын ұстаудағы орындарға қойылатын санитарлық - гигиеналық нормалар


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Қой малын ұстаудағы орындарға қойылатын санитарлық-гигиеналық нормалар

Slide 2

жоспар

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

III. ҚОРЫТЫНДЫ

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Slide 3

Кіріспе

Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орталық Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүниежүзіне тараған.

Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Қойларды азықтандыру және күтіп-бағудың гигиенасы

Қойларды биологиялық құнарлы азықтар мен қамтамасыз ету, олардың аман сақталуы мен өнімінің молаюының бірде-бір кепілі болып саналады. Рационда неғұрлым күкірті бар аминқышқылдары (цистеин, цистин, метионин) көп болса, солғұрлым қой жүні өседі. Азықтағы протейннің мөлшері емес, сапасы мал өніміне айтарлықтай әсерін тигізеді. Басқа малдармен салыстырғанда, қойлардың қатаң азықтың түрі, құрамы мен сапасына сезімталдығы жоғары болады. Мысалы, қойларды тарының соломымен көректендіру олардың жүннің түсуіне соғады. Сол сияқты, қойлардың жүнінің сапасы оларды қыша (горчица) шөптері мен және ірі сабақты, қышқылдары дәнді шалғындар мен азықтандырғанда төмендейді.

Қойлардың рациондарында минералдық заттардың жетіспеушілігіде олардың денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Әсіресе, қыс айларында, қозыларда минералды заттар мен витаминдердің жетіспеушілігінен бірін-бірі еміп, жүнін сорып, соның салдарынан ұлтабарының аузына жеке ішек жолына жүн-жұрқа жиылып, ауруға ұшырап, кейде жаппай өлім-жітімге шалдығады. Бұдан сақтандыру үшін саулықтар мен қозыларға арналған азықтарға сәбіз, сүйек ұны, тұз қосып береді.

Slide 7 Slide 8

Ірілендірілген қой шаруашылықтарында бірнеше қоралардың түрлерін жобалап - тұрғызады. Оларға қысқы және ерте көктемде қоздайтын аналықтарға арналған жылыланған төл үйшігі бар қоралар: негізгі қошарларды (тұқымды) ұстайтын, әртүрлі жастағы және жынысты қойларға арналған қоралар, қаракул шаруашылықтарында төл үйшік және мал сою пункті қаралады. Қой қораларымен біріктіріліп немесе жеке ұрықтандыру пункті, қой қырқу орындары қаралады. Қой фермаларының территориясында ветеринариялық және мал өлшенетін орындар, су, жылу көздерінің ғимараттары, азық дайындайтын, сақтайтын, малдар тұратын ашық алаңдар т. б. болады.

Қой қоралар табиғи жасанды жайылымдардың маңайында орналастырылуы керек. Қой қоралардың сиымдылығы 1500 басқа дейін орналастыруға арналады. Кең тараған қой қоралардың сиымдылығы 600-800 басқа болады. Қой қораларды сол түстік және орталық аймақтарда көбінесе «Г» типті, ал оңтүстікте «П» тәрізді тұрғызылады. Бұл қоралардың сыртқы бұрышы жел өтін азайтып және қора ішінің суып кетпеуін қамтамасыз ету үшін, желдің басым соғатын жағына қаратып орналастырады. Ал ық жағынан биіктігі 1, 5 м дейін қоршау жасап, малдардың серуендеп азықтанатын алаңын қалдырады. Олардың ішіне қатаң азықтарға және жемге арналған науалар қойылады. Қорадағы әр басқа арналған орындардың размері әртүрлі болып, олардың жасына, жынысына, ұстау тәсіліне, өніміне және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Қой малын ұстаудағы орындарын жобалау

Ұсақ малдардың фермалары - қой және ешкі малдарын бағып өсіруге арналған өндірістік және шаруашылық құрлыстарының жинағы. Қой шаруашылығының өнімі оның бағытына тікелей байланысты: биязы, жартылай биязы, кылшық, жартылай қылшық жүнді және каракул. Осыған қарап қой шаруашылығы асыл тұқымды және өндірістік, яғни әртүрлі өнімдер алуға (жүн, ет, тері, елтірі, сүт) бағытталған. Фермадағы малдарды жігіне, жасына байланысты жэне ауа райы мен жер орайын ескере отырып көлемі әртүрлі отарларға бөледі.

Slide 12

Малдар тобы

Қоралар және малдарды орналастыру тәсілдері

Бір басқа шаққандағы ферма размері, м. кв

товарлы

тұқымды

1

2

3

4

Қошқарлар: а) Негізгі аталық қошқарлар

Қошқар қоралары немессе жасанды ұрықтандыру пункті Жекелеме клеткада

3

4

б) Ремонтты немесе байқау (тексеру) қошқарлар

Топты клеткада немесе секцияда

2, 0

-


Ұқсас жұмыстар
ҚАРА МАЛДАРЫН ҰСТАУ ТӘСІЛДЕРІ
ӘР МАЛ ТҮРЛЕРІНЕ МИКРОКЛИМАТ ЖАСАУ ШАРАЛАРЫ
Өндіріс ғимараттарына қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Жобалардың түрлері
Малды жазғы кезеңде күтіп бағу гигиенасы
ӨНДІРІСТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТЫР
ЖАНУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫ
Оқушыларының мектеп портфелінің санитарлық - гигиеналық талаптарға сәйкестігін зерттеу
Өндірістік гигиена және санитария
Химия – фармацевтикалық өнеркәсіпте қолданылатын шикізаттар мен аппараттарға қойылатын техникалық талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz