Кілегейлі заттар




Презентация қосу
Кілегейлі заттар
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
- Шырышты заттар
- Крахмал шырышы – Mucilago Amyli
- Жалбызтікен тамыры - Radix Althaeae
- Зығыр тұқымының шырышы - Mucilago seminum Lini
- Исланд мүгі - Lichen islandicus
- Сұлы ботқасы
Кілегей. Mycilago (ат.с., жекеше), mucilaginis (іл.с., жекеше) –
өсімдіктердің кілегейлі заттарын еріту немесе су арқылы
бөліп алу арқылы дайындалатын, қою, тұтқыр сұйықтық.
Кілегейді өсімдіктің тұқымы мен тамырларынан алуға
болады. Оларды сыртқа да, ішке де қабынуға қарсы және
бүркегіш дәрілік зат ретінде қолданады. Қабынған ұлпаны
сыртынан қаптап, ол оны сыртқы ортаның тітіркендіргіштік
әсерлерінен қорғайды. Рецепттерде көбінесе кілегейлерді,
оның әсерін бәсеңдету үшін, тітіркендіргіш заттармен бірге
тағайындайды. Бұндай жағдайда оны дәрілік затқа қарағанда
10 есе көп алады. Кілегейлерді қысқартылған формада, тек
кілегейдің жалпы мөлшерін көрсетіп жазады. Ресми
кілегейлер – Mucilago Salep – ятрышник кілегейі, Mucilago
seminis Lini – льнян тұқымдары кілегейі.
Шырышты заттар ( Mucilaginosa) суда бөртеді, гомогенді қоймалжың сұйықтық
( гомогенді ерітінділер, яғни дисперсиялар) түзеді, салқындатқанда сілікпе түрінде
тоңазиды. Бұл сұйықтың тұтқырлық қасиеті жоғары, олардың ортасында химиялық
процестер өте баяу өтеді, диффузия мен сіңу проуесі баяулайды, сұйықтың өзі
тұтқыш әсер етеді. Шырышты заттар өзінен - өзі химиялық процестерге түспейді,
бірақ қабынған ұлпаларды бүркеп, олар жүйке ұштарының сезімталдығын
бәсеңдетеді және қабыну құбылысының неғұрлым тез шешілуіне жәрдемдеседі.
Осы мақсатпен оларды теріге жағады және ішкізеді. Олар дәм сезімінәлсіретеді,
сондықтан оларды көптеген қоректі заттардың жағымсыз иісін азайту үшін
қолданады. Мәселен, таңқурайдың қарақаттан тәттірек екені жалпы жұртқа мәлім,
ал ім жүзінде қызыл қарақаттың жидегегіне қарағанда таңқурайдың жидегінде қант
едәуір аз, қышқыл көп, дәмдегі айырмашылық таңқурайда қарақаттағыға қарағанда
бүркеуіш заттар едәуір көп.
Шырышты заттар жылуды нашар өткізеді, мұны қабыну құбылыстарын емдеуде
пайдаланады. Қабынған ұлпаны бүркей отырып олар жылудың қайта тебуіне бөгет
жасайды және жылытқыш компресс ретінде әсер етеді. Осының арқасында
жалқаяқтың бойға таралуы жақсарады және қабынуды емдеу жеңілдетіледі.
Қабынған ұлпаларды сыртқы әсерден және тітіркендіргіштерден қорғайды, қабыну
аймағында ауырсыну бәсеңдейді. Олардың мұндай әсері қарын мен аш ішектің
қабынуында өте пайдалы.
Шырышты бездер бөліп шығаратын шырыш кілегей қабықтар рецепторларын
ас қорыту жолындағы жын тарапынанболатын тітіркендіргіштерден табиғи
түрде қорғайды. Бұл шырыш қарын мен ішектің қалыпты жұмыс істеуін сақтау
үшін әбден жеткілікті болады. Бірақ қабынғанда интерорецепторлардың
сезімталдығы күрт күшейеді, сөйтіп әлбетте, бүркеуіш заттар жеткіліксіз
болады, оның үстіне бөлінетін шырыш мөлшері жиі азаяды. Мұндай жағдайда
ішекке енгізілген шырышты мөлшері жиі азаяды. Мұндай жағдайда ішекке
енгізілген шырышты заттар қабықты бүркелейді, оның интерорецепторларын
ас қорыту жолындағы жынның әсерінен қорғайды, сөйтіп қабынуға қарсы
әрекет етеді. Тітіркенудің жоқтығы секрецияны нашарлатады және ішектің
жиырылуын баяулатады. Осы мақсатпен шырышты заттарды қайнатпа және
шырыш түрінде қолданады.Олардың ас қорыту жолындағы әсері, өкінішке
орай, бір сағаттан ұзаққасозылмайды, сондықтан олардың нәтижелігін
қамтамасыз ету үшін арасына аз ғана уақыт салып жиі қолданады. Аш ішекте
шырышты заттар едәуір өзгеріске ұшырайды, олар негізінен қарында және
ішектің бастапқы бөлігінде әсер етеді ( ішті қатырмайтыны да сондықтан).
Шырышты заттар өзінен өзі сіңбейді және олардың құрамындағы
заттардың сіңірілуіне күшті бөгет жасайды. Сондықтан олармен
қосылып тағайындалған дәрілік заттар көбінесе жергілікті әсер етеді,
ал баяу сіңірілетіндіктен судағы ерітінді түрінде қолданылғандағыдан
әлсізірек және ұзағырақ әсер етеді. Мысалы, ерітінді түрінде
ішкізәлген коразол пилюля (домалақ дәрілер) түрінде қабылданған
қоразолдан 6 - 10 есе тезірек және қысқа мерзімге сіңіп, әсер етеді.
Ветеринариялық тәжірибеде шырышты препараттар қабынуға қарсы
қолданылатын дәрі - дәрмек ретінде, сондай - ақ дәрілік заттардың
( мысалы, хлоралгидрад тітіркендіргіш әсерін бәсеңдету үшін,
асқазанға түскен улануды емдеуге, әртүрлі дәрілік формаларды және
басқаларды дайындау үшін қолданылады). Фармацияда шырышты
заттарды пилюля, болюс және ботқа дайындау кезінде форма түзгіш
зат ретінде және эмульсиялар дайындау кезінде эмульгатор ретінде,
сондай - ақ галендік препараттар технологиясының басқа да
жағдайларында пайдаланылады.
Крахмал шырышы – Mucilago Amyli, C6 H10 O5. Крахмалда крахмал түйірінің ішкі
бөлігін құрайын амилаза және сыртқы бөлігін құрайтын амилопектин түрлері болады.
Амилаза екі формада - кристалл және аморфты формада болады. Амилопектин
клейстердің тұтқырлығын туғызады. Дәмсіз және түссіз, саусақтардың арасында
сықырлайтын ақ ұн тәрізді ұнтақ. Суық суда және спиртте ерімейді. Судың 50 бөлігін
қацнатқанда ақ, көгілдір реңді, аздап мөлдір шырышты коллоидты бейтарап
реакциядағв ерітінді (крахмал клейстер). Бидай крахмалы (A.Tritici) неғұрлым көп
пайдаланады. Жүгері (A.Maidis), картоп (A.Solani) және күріш (A.Oryzae)
крахмалдары сирек пайдаланылады.
Крахмалды құрғататын сеппе дәрі дайындау үшін басқа дәрілік заттарға қосылған
түрінде форма түзгіш зат ретінде және клизма үшін тітіркендіргіш заттары бар
крахмал клейстер (1 - 5 процент) түрінде бүркеуіш зат ретінде, ішкізгенде дәрілік
заттар мен улардың сіңуін баяулататын қабынуға қарсы дәрі - дәрмек ретінде
қолданады.
Крахмал диастаза ферментінің әсерімен өте оңай қорытылады, әуелі неғұрлым аз
жоғары молекулалы көмірсутегіне (декстриндерге), сонан соң мальтоза мен глюкозаға
дейін ыдырайды. Крахмалдың бүркеуіш әсері өткінші, бірақ сонымен бірге оның
қорытылғаннан кейін бағалы азықтық заттар болып табылатынын ескеру керек.
Крахмал адсорбент ретінде де өте шипалы әсер етеді.
Ергіш крахмал - амилоген (Amylogenum) - крахмал клейстерін ұзақ қайнатқанда,
әсіресе ерітілген тұз қышқылын қосқанда алынады.
Крахмал шырышын төмендегі тәсілмен
даярлайды: бидай крахмалының 1 бөлегін
салқын судың 4 бөлегімен араластырып, 45
бөлек ыстық су қосады. Трагакант
шырышын былай даярлайды: трагаканаттың
4 бөлегін гуммиарабиктің 1 бөлегімен және
судың 500 бөлегімен араластырады. Рецепті
үлгілері:
Rp.: Chlorali hydrati 60,0
Mucilaginis Amyli
Aquae destillatae āā 500,0
M. D. S. Жылқыға 1 рет клизма жасауға
Жалбызтікен гүлі
Жалбызтікен тамыры (Алтейный корень) - Radix Althaeae - дәрілік
жалбызтікен, құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін
өсімдік. Емдік мақсатта екі жылдық өсімдіктің тамырын пайдаланады.
Оның құрамында едәуір мөлшерде шырыш (37% - ға жуық), қант,
пектин және аспарагин болады. Жалбызтікін тамырын ветеринарияда
тыныс жолдары қабынғанда, жөтелді азайту үшін жиі қолданылады.
Әсер ету механизмі шырыштың қарын мен ішектің жіңішке бөлігінің
шырышты қабатын бүрке отырып, оны химиялық және физикалық
тітіркендіргіштерден қорғайтынында және сол арқылы бронхы
бездерінің рефлекторлық тітіркенуін азайтуда. Сонымен бірге оны
крахмал қолданылған жағдайда қайнатпа түрінде ішкізеді, сондай - ақ
пилюляны, болюсті, ботқаны, микстураны дайындау кезінде қолданады.
Көбінесе шырышты препараттар ретінде сүйсіннің түйнегін
(клубни ятрышника), құлқайырдың жапырағы мен гүлін (лист и
цветы мальвы), андыздың гүлін (цветы коровяка), өгейшөптің
жапырағын (лист мать и мачеки), таушүмілдіктің шөбін (трава
фиалки) пайдаланады.
Технологиясы: 13,0 г ірі кесілген жалбызтікен тамырына
бөлме температурасындағы 260 мл суды қосып, араластыра
отырып 30 минут тұндырады. Содан соң екі қабат дәке
арқылы сүзіп, шикізатты сықпайды. Сығындыда 1,0 г
натрий бензоатын, 2,0 г натрий гидрокарбонатын ерітіп,
цилиндрге құйып, қажет болса көлемін 200 мл дейн сумен
жеткізеді, содан соң босататын құтыға сүзіп, 3 мл көкірек
эликсирін, 20 мл қант шырынымен араластырып қосады.
Тығындап, безендіреді. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту
этикеткалары «Қолданар алдында шайқа», «Балалардан
сақта», «Салқын жерде сақта».
Сүйсін
Сүйсін (лат. Orchis) – сүйсіндер тұқымдасына жататын бір және көп
жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұл өсімдік Волгоград облысынан бастап,
Украинаның Днепр маңайындағы жазықтарына дейінгі орманды
алқаптарда, бұталар арасында, дымқыл және сызды жайылымдарда
кездеседі. Қазақстанда жазық жерлер мен орман алқаптарында, бұталар
арасында, ылғалды жайылымдарда, көлеңкелі жерлерде өсетін 10 түрі бар.
Бұлардың биіктігі 10-75 см. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі бірнеше
жіңішке шашақты тамырлар мен екі түйнек тамырдан тұрады.
Жапырақтары ұзынша, сопақтау немесе имектеу келеді. Гүлдерінің
көпшілік түрінің түсі көкшіл, қара көк, олар шашақ гүлшоғырын
құрайды. Гүлдерінің еріндері 3-4 қалақты болады. Сәуір-шілде айларында
гүлдеп, жеміс береді. Жемісі - қорапша пішінді.
Сүйсіннің түйнегінде 50%-ға жуық шырыш, крахмал, ақуызды заттар,
қант, кальций, қымыздық қышқылы мен минералды тұздар болады. Сүйсін
- дәрілік өсімдік, халық медицинасында оның түйнегінің шырынын жүйке
әлсіреген кезде, адам аурудан қажып, әлі кеткенде пайдаланады. Сүйсінді
асқазан-ішек ауруларына, жөтелге, улануға қарсы қолданады
Зығыр
Зығыр тұқымының шырышы - Mucilago seminum Lini
Зығыр дәні (семя льна) - Semen Lini. Зығыр тұқымдасының бір жылдық
шөптесін өсімдік. Дәнінен құрамында сұйық май болады, ол
бейорганикалық еріткіштермен (дихлорэтан, төрт - хлорлы көміртек,
бензин) экстрациялау арқылы, немесе дәнді сығу( жаншу ) арқылы
алынады. Сұйық май алынғаннан кейін сірне немесе күжара қалады, олар
белокқа және көмірсутекке бай, оларды малды азықтандыру үшін
пайдаланады. Сірне мен күнжара ішектің қозғалыс қимылы мен
секреуиясын баяу жандандырады. Әсері 2 - 3 сағатқа созылады, неғұрлым
айтарлықтай байқалса, ас қорыту жолының қызметі соғұрлым көп
бәсеңдейді. Әсіресе бұзаулар мен қозыларға жағымды (тек шипалы ғана
емес, сонымен бірге сақтандыру тұрғысынан да) әсер етеді. Дәнде жиі
кездесетін линамарин осы бағытта әсер етеді. Осы деректерді негізге ала
отырып, зығыр сірнесі мен күнжарасының тек мал азығы ретінде ғана
емес, сонымен бірге ас қорытудың негізгі қызметі қалпына келтіретін
фармакологиялық зат ретінде де өте жағымды әсер ететіндігі. Сірнедегі
немесе күнжарадағы еріткіштер кейде жануарлардың улануына себеп
болуы мүмкін.
Зығыр майы
Зығыр майы құнды Омега – 3 және Омега – 6 полиқанықпаған май
қышқылдарынң тамаша сыртқы көзі болып табылады (біздің ағзамыз
бұл майларды өзі синтездей алмайды). Омега – 6 кейбір басқа
майларда болса да, Омега – 3 жеткілікті көлемде тек қана зығыр
майында болады. Зығыр тұқымынан жасалған майда Омега -3 көлемі,
балық майына қарағанда 2 есе көп, және басқа тағам өнімдеріне
қарағанда айтарлықтай көп. Ағзаға түскен кезде Омега – 3 және
Омега – 6 жасушаның құрылымына енеді де, кейін жасуша
белсенділігіне, жүйке импульстарын табыстау жылдамдығына
жағымды әсер етеді. Бұған коса, зығырдың тұқымында ақуыздың,
дәрумендердің (А, В, Е, F, P) және сау тамақтану үшін қажетті
болатын басқа да биологиялық белсенді заттардың мол көлемі бар.
Зығыр майын жүйелі түрде қабылдау холестерин деңгейі мен қан
тұтқырлығын төмендетуге, тамырлар иілімділігін арттыруға
көмектеседі, ең соңында бұл миокард инфарктының, атероскелоздың,
гипертониялық аурудың, жүректің ишемиялық ауруынң дамуына жол
бермейді, инсульт пен тромбтардың пайда болу тәуекелін
төмендетеді.
Зығыр дәндерінен шырыш
дайындау (Mucіlago semіnіs Lіnі
1:30). Шырыш дәндердің бетінде
болады, сондықтан оны
майдаламайды. КСРО МФ VІІІ
басылымы бойынша 1 г
тұқымдарды алдын-ала суық
сумен шайып, 30 бөлік ыстық су
құяды. 15 минут шайқап, сүзеді.
Салеп түйнегінен шырыш дайындау (Mucіlago Salep 1:100).
Салеп шумағында шамамен 50% шырышы бар. 1,0 г
ұнтақты босататын құтыда 1 мл спирт қосып жібітеді.
Спирт ұнтақ массасынан ауаны ығыстырып, сумен жібуін
жақсарту үшін қосылады. Cодан соң 10 мл суық су, бірден
88 мл ыстық су қосып, суығанша шайқайды. Тек ex tempore
дайындалады. Сулы сығындылар рецептіде дәрілік
заттармен бірге жазылады. Олар сығындының терапевтік
әсерін күшейтеді немесе толықтырады. Осындай
микстураларда дәрілік заттар ұнтақ немесе сұйық түрінде
болуы мүмкін. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. № 142 бұйрығының 1
бөлім 22 тармағына сәйкес: Тұнбалар мен қайнатпаларды
дайындаған кезде ұнтақ түріндегі дәрілік заттарды сүзілген,
суыған сығындыда ерітеді. Қажет болған жағдайда
сығынды көлемін белгіге дейін сумен жеткізіп, қайтадан
босататын құтыға сүзеді.
Исланд мүгі
Исланд мүгі ( исландский мох ) -(Lichen
islandicus) қына. Оның қабығының
құрамында 70% дейін гемицеллюза - лихенин
бар, оны бұрын қына крахмалы деп атайтын,
сондай - ақ цитрариннің ащы заты (2%
жуық), қант, пектин заттары және аз
мөлшерде минералдық тұздары бар.
Шырышты зат, қабынуға қарсы
қолданылатын дәрі - дәрмек ретінде немесе
ащы дәм бергіш зат ретінде ішкізеді
( қосынды, қайнатпа, сілікпе түрінде ).
Сұлы
Сұлы ботқасы. Бұл ботқаны жиі тұтыну арқылы асқазан-ішек
ауруларынан арылуға болады. Ол ағзаны энергиямен қамтамасыз
ететіндіктен, адам күні бойы сергек жүреді. Оның құрамында
жасұнықтың төрттен бір бөлігі болады, ал бір стақан құрғақ
геркулес сұлы жармасы бұл элементтің тәуліктік нормасын
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сұлыда ішектегі майдың сіңуіне
көмектесетін фермент бар. Сұлыны қайнату кезінде пайда болатын
шырыш өте пайдалы. Бұл сұйықтық асқазаннан барлық микробтар
мен токсиндерді жуып шығарады, ішек пен асқазанның шырышты
қабатын бүркейді.

Дәрумендер: Сұлыда көп мөлшерде Н дәруменінің биотині
болады. Бұл холестерин, аминқышқылдары мен ақуыздың
алмасуына белсенді қатысады. Н дәрумені адамның көңіл-күйін
жақсартып, тері саулығын қамтамасыз етеді
Кендір
Mucilago Seminis Lini – кендір ұрығынан алынатын шырыш (кендір
ұрығының 1 бөлегін ыстық судың 30 бөлегімен араластырып, 15
минут бойы шайқайды).
Кендір (Apocynum) – кендір тұқымдасына жататын көп жылдық
өсімдік. Қазақстанда Сырдария, Іле, Шу өзендері алқабында өсетін 4
түрі, оның ішінде жиі кездесетін түрі – қызыл кендір (A. lancіfolіum)
бар. Биіктігі 120 см-дей сабағы мықты, бұтақты, тік өседі. Жапырағы
ұзынша не сопақша келген қандауыр пішінді, шеті иректелген. Гүлі
ұсақ, ақ, қызғылт, күлгін қызыл түсті. Гүлшоғыры – сабақ басына
орналасқан шашақ. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз –
қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды қабатталған
жапырақша. Тұқымы ұсақ, түкті болады. Қызыл кендірдің сабағынан
мата тоқуда, арқан есуде пайдаланылатын өте мықты ұзын
талшықтар алынады. Кендір құрамында каучук, оның жер астындағы
өркендерінің қабығында былғары өнеркәсібінде қолданылатын илік
заттар бар. Тамыр сығындысынан алынатын цимарин глюкозидінің
дәрілік маңызы зор
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Ветеринариялық фармакология», К.Н Қожанов, Алматы 2007

2.«Фармакология», Б.Д Айтжанов, Ә.М Өтенов, М.А Молдағұлов, Алматы,
«Агроуниверситет» 2006

3. Фармация және фармакология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі,
Д.К Кияшев, М.Д Қияшев

4.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық
тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998

6. «Ақтөбе» облыстық-қоғамдық газеті, 9-ақпан 2012 ж
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Уланудың патологиялық морфологиясы
Асқорыту мүшелерінің патологиясы
МИКОТОКСИКОЗДАР
Мыс қосылыстарының токсикологиясы
Ас қорыту жүйесі
Гастрит жіктелуі
Жануарлардың гликозидтермен улануына токсикологиялық сипаттама
ГЛИКОЗИДТЕР КУМАРИН ТИПТІ ГЛИКОЗИДТЕР
Құс стоматиті
ГОРМОНДАРЫ КІРІСПЕ
Пәндер