Субөнімдерді өңдеу технологиясы
Презентация қосу
Тақырыбы:
Қазақстан Республикасына
субөнімдерді (импорттау) және
тасымалдау кезіндегі қойылатын
ветеринариялық – санитариялық
талаптар және оларды жақсарту
шаралары
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Субөнімдердің сипаттамасы,тағамдық құндылығы,оларды бөлу
2.2 Субөнімдерді өңдеу технологиясы
2.3. Қазақстан республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы жануартекті
шикізаттарды тасымалдау (орны ауыстыру) кезіндe ветеринарлық-
санитариялық бақылау
2.4. Жануартекті шикізаттарды ветеринарлық бақылау және тасымалдау тәртібі
2.5. Жануартекті шикізат өнімдерін тасымалдағаннан кейін контейнерлерді
ветеринарлық-санитарлық өңдеу
2.6. Жануартекті шикізат өнімдерін тасымалдауға арналған ыдыс-қораптарды
зарарсыздандыру
2.7. Су көліктерімен жануар тектес шикізаттарды тасымалдау кезіндегі ветсан
бақылау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I.Кіріспе
Субөнімдер – ірі және ұсақ малдардың ішкі мүшелері мен
бөліктерін өңдегенде алынатын өнімдер. Оған – тіл, ми, бауыр, өкпе,
көмей мен жұтқыншақ, бүйрек, жүрек, асқазан, көк бауыр, бас,
сирақтар, құлақ, құйрық, желін жатады. Субөнімдерді мал түріне қарай
ірі қара, қой, шошқа және тағы басқа сойыс малдары деп бөлінеді. Ірі
қара, қой, шошқаның субөнімдерін тағамдық құндылығына қарай I
және II категорияға бөледі. I категорияға – барлық малдардың тілдері,
бауырлары, бүйректері, милары және жүректері, диафрагмасымен
алынған ет кесінділері, сонымен қатар сиыр мен қойдың құйрықтары,
сиырдың желіні жатады. II категорияға - тағамдық құндылығы
неғұрлым төмен өнімдер – мимен тілі жоқ бас, өкпе, өңеш еттері, көк
бауыр, құлақ, үлкен қарын, кеңірдек, қой мен сиыр ұлтабары, буындар,
ерін, сиырдың жалбыршақ қарны, сирақтары, шошқа асқазаны мен
шеміршекті құйрығы жатады.
II.Негізгі бөлім
2.1 Субөнімдердің сипаттамасы,тағамдық
құндылығы,оларды бөлу.
Субөнімдер- ірі қара және ұсақ малдар мен
шошқалардың ұшасынан басқа мүшелері. Мал
массасының 10-18%-ін құрайды. Қолдану мақсатына
қарай тамақтық және техниалық деп бөлінеді.
Тағамдық субөнімдерге бас және оның құрама бөліктері,
құйрық, желін, қарын, бауыр. өкпе, жүрек, бүйректер, көк
бауыр, ет бөліктері, жұтқыншақ пен көмей жатады.
Техникалық субөнімдерге: дене бөліктері және тағамдық
құндылығы жоқ мүйіз, бас сүйегі, жыныс органдары
жатады.
Морфологиялық құрамы әр түрлі, бұл өңдеу кезінде
еске алынады. Оларды шартты түрде 4 топқа бөледі:
ет- сүйекті – бас (терісіз, тілсіз, миы алынған), ( қой,
сиыр), құйрық, сирақ;
жұмсақ ливер ( бауыр, өкпе, көк бауыр), бүйрек, ет
кесінділері,желін, тіл, ми т.б.
-шырышты – (қарындар, ұлтабар, барлық малдардікі);
-жүнді (шошқа бастары, ірі малдың аяқтары,
шошқаның аяқтары, қойдың аяқтары, сиырдың
еріндері, шошқаның құйыршықтары, шошқаның
құлақтары).
Ірі қара қой және шошқаның субөнімдерін тағамдық құндылығына
байланысты І және ІІ категорияға бөледі:
I категориялы субөнімдерде –бауыр, бүйрек, тіл, ми, жүрек, диафрагма, ет
кесінділері, қой мен сиырдың құйрығы. Субөнімдердің шығымы
- сиырда -20-14%;
шошқада -18-14%;
жылқыда -16-10%.
Тамақтың құндылығы жағынан субөнімдер етпен бірдей , ал витамин және
минералдық құрамы жағынан бауыр, бүйрек, ми еттен жоғары тұрады.
II категориялы субөнімдерде белок – коллаген көп ( онда триптофан жоқ ).
Бірақ, тамақта коллагеннің ыдырау өнімдерінің ( глюкоза, желатоза) болуы
асқазанның сөлін бөлуге және оның ас қорыту функциясына жақсы әсер етеді.
ІІ категорияға тағамдық құндылығы неғұрлым төмен өнімдер- ми мен тілі
жоқ бастар, өкпе, өңеш еттері, көк бауыр, үлкен қарын, кеңірдек, миы мен тілі
алынбаған бастар, қой мен сиыр ұлтабары, бұындар,терін сиырдың
жалбыршақ қарны, аяқтары, шошқа асқазаны мен шеміршекті құйрығы.
2.2 Субөнімдерді өңдеу
технологиясы
Субөнімдер негізінен сау малдан
алынады. Ветеринариялық –
санитариялық тексеруден өтуі керек.
Ұшадан бөліп алған соң, оларды
дереу өңдеу керек Ветеринариялық –
санитариялық ережеге сәйкес,
субөнімдер сойған соң 7 сағат ішінде
ал шырышты өнімдерді – 3 сағат
ішінде өңдеу керек, өйткені олардың
сапасы тез бұзылады: бауыр – бүйрек
қарайып кетеді: жүнді субөнімдерді
тазалау қиындайды, олардың
тауарлық түрі нашарлайды.
Мал денесінен ішкі мүшелерді алу (нутровка). Ішкі
мүшелерді малды сойғаннан кейін неғұрлым тез
уақыттың ішінде алу қажет ( 30 минут ішінде ). Ішкі
мүшелерді алу ұшаның көлденең не тік қалыпта
орналасуында іске асырылады. Ол үшін алдымен
мынадай даярлық жұмыстар жүргізіледі: екі артқы
аяқтың арасындағы қашықтықты ұзарту (керу), кеуде
сүйегін арамен қосу, шап сүйекті шабу, тік ішекті
айналдыра кесіп, қуықты байлап қою керек.
Ішкі мүшелерді конвейерлі және конвейерсіз үстелде алуға болады.
2.3. Қазақстан республикасының мемлекеттік
шекарасы арқылы жануартекті шикізаттарды
тасымалдау (орны ауыстыру) кезінде ветеринарлық-
санитариялық бақылау
Жануартекті шикізаты - бұл әрдайым өңдеу, өндіру,
тасымалдау кезінде мемлекеттік ветеринарлық
бақылауында болатын нысанның бірі. Жануартекті
шикізаттарын тасымалдау кезінде жіберуші
шаруашылықтың инфекциялық аурулардан сау екендігіне
назар аудару керек, егер ауру кездесетін болса,
зарарсыздандырады. Жануарлардан алынған шикізаттар
шетелге жіберілетін болса, жүк артылатын стансада,
жүктің көлеміне қарамастан шекара және көліктегі
мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың аумақтық
басқармасының ветеринарлық инспекторы міндетті түрде
зерттеу жүргізеді.
Жануарлардан алынатын шикізаттардың салмағын
тарту үшін стансаларда бөлек таразы, бөлек арба
болуы керек. Жануарлардан алынған шикізаттың
қабылдау және сақтау орнына, таразыларға,
төсеніштерге, арбаларға әрқашан зарарсыздандыру
жасалынып тұруы керек. Жүк артушылар, малдан
өндірілген шикізатты тиеу, түсіру және сұрыптау
кезінде, арнайы киімдермен (қатты матадан жасалған
костюм немесе комбинизон, қолғап, резенкелі етік,
алжапқыш және бас киім) қамтылады.
Арнайы киімдерді басқа жүк артуға киюге тыйым
салынады. Жануардан өндірілген шикізаттар
тасымалданған соң, вагондар міндетті түрде
жуылып, тазаланып, зарарсыздандырылады (жүк
иесінің қаражатынан). Сойыс тері, жүн шикізатын,
қоян, қара түлкі, суыр, тиін, түлкі, ит, мысық,
аюдың, т. б. терілерін сібір жарасына зерттейді.
Сойыс терілермен жүн шикізаттарын сібір
жарасына тексеріп, теріс нәтиже бергенде, оларға
таңба қойылады. Ірі терілерді 2 жерден
таңбалайды, түбінде және жауырын арасында,
ұсақ малдар терісін құйрық түбінде, таңбасыз
терілерді тасымалдауға тыйым салынады.
Тері-былғарыны тасымалдау үрінде, ал ылғалды
тұздалған терілерді су ағып кетпейтіндей
бөшкелерде тасымалдайды. Жүн, қыл, шаш, түбіт
және қауырсын вагон арқылы жіберілгенде,
тасымалдауға арнайы қатты немесе жұмсақ
жәшікке, ыдыстарға немесе қатты матадан
жасалған қапшықтарға тюктелініп тасымалданады.
3 үлгідегі ветеринарлық сертификатта немесе
ветеринарлық анықтамада жүннің жуылғанын
және жуылмағанын, жуылса қай түрімен
жуылғаны көрсетіледі.
Сүйектер, мүйіз және тұяқтарды тасымалдау
барысында хлорлы әк ерітіндісімен ағартып
кептіреді және ветеринарлық сертификатта осы
жайлы мәлімет жазылады. Негізгі назарды мына
сүйектерге аудару қажет: ірі қара мал - буын
түтікті, төс омыртқа және жая, шошқаларда және
қойларда - омыртқа, төс, жамбас, түтікті және жая
сүйектері. Әрбір сүйек партиясын таза пергамент,
целлофан, полиэтилен пленкасына салады.
Азықтық сүйектер (фасонды, фасонсыз) таза
санитарлық талаптарына сәйкес көп қабатты
фанер жәшіктерге салынуы тиіс, жәшіктердің іші
және сырты пергаментпен қапталуы керек.
Азықтық жануартекті ұнды тексеріске тасымалдауға
жіберер алдында келесі талаптар қарастырылу тиіс:
-етті сүйек ұнын ауылшаруашылық малдарына жалпы
бактериологиялық жағдайы 1 г-да 500 мың микроб
денешіктерінен көп емес және сальмонеллез ішек
таяқшалардың энтеропатогендік типтері және протей,
токсин түзетін анаэробтар болмауына зерттеулер
жүргізілгеннен кейін қолданады;
-азықтық ұнды 3-4 қабатты қағаз қаптарында және
дезинфекцияланған таза мата қапшықтарға салып
тасымалдайды (1 қапшық салмағы 50 кг- аспауы
қажет). Азықтық ұнды транспорттық көліктердің
барлық түрімен тасымалдайды.
Ветеринариялық қызметтің бақылауындағы қол
жүгін және поштамен жіберілетін жүктерді
тасымалдау
Жануарлардан алынған өнімдерді қол жүкпен және пошта арқылы
жіберіп тасымалдау үшін оларды дайындау және қаптау қажет, атап
айтқанда: шикі ет, құс еті, ысталған, жартылай қолдануға дайын ет
өнімдері басқа жүктерден бөлек, міндетті түрде қатты не- месе
жұмсақ тығыз ылғал өтпейтін орауға қапталады. Құс еті тасымалдауға
тек қана ішкі құрылыс мүшелері тазаланған немесе жартылай
тазаланған түрінде қабылданады;
- шикі жұмыртқалар
- қатты су өткізбейтін орауларда;
- балық, уылдырық, асырауға арналған шаяндар
- сәлемдеме және жүк салатын жай қораптарында;
- тері, үлбірлі тері, жүн, қауырсын, шаш, сүйек, ішек, қарын, қатты
немесе жұмсақ су өткізбейтін орауда тасымалданады.
2.4. Жануартекті шикізаттарды
ветеринарлық бақылау және тасымалдау
тәртібі
Теңіз және өзен көлігімен әртүрлі жануарлар терісін, жүн, шаш,
қыл және жүн тарамдарын, құрғақ және суланып-тұздалған
шектер, мамық, қауырсын, сүйек, мүйіз, тұяқ және тағы да басқа
жануартекті шикізаттарды белгіленген нысан бойынша,
шаруашылық жұқпалы аурулардан сау екенін дәлелдейтін
ветеринарлық сертификаттары мен анықтамасы болған жағдайда
тасымалдайды. Шикізатты су жолымен тасымалдау өзіндік
ерекшеліктермен сипатталады, тасымалдау ережелерін сақтамау
барысында көптеген ауру, соның ішінде індеттік, паразитарлық
аурулар, әсіресе сібір жарасы туындауы мүмкін. Әсіресе, Азия,
Африкадан келіп түсетін шикізаттарды мұқият бақылау керек,
себебі ол елдерде тері шикізатында сібір жарасының
қоздырғышын анықтау үшін Асколи реакциясы қойылмайды.
Сулы - тұздалған терілерді тасымалдау. Оларды
бөшкелерде, байлап және бос түрде тасымалдайды.
Терілерден жағымсыз иіс шыққандықтан, терілер
салынған бөлікшелерді құрғақ жүктермен қосып
тасымалдамайды, себебі олар бөтен иіске сезімтал
болып келеді. Трюмдерде корпустың металл бөлігінің
түбіне тақтайдан, брезенттен жасалынған төсеніш
төсейді. Теріні арту барысында оның сапасын және
жағдайын анықтау қиын. Сол себепті жүкті сақтау
жағдайларын, теріні жабдықтау тәсілдерін, кеме
бөлімдеріндегі желдету жүйесі туралы мәліметті
арнайы журналға тіркеу керек.
Жүнді тасымалдау. Тасымалдауға жуылған және
жуылмаған жүн жіберіледі. Аталған екі жүн түрін бірге
тасымалдауға болмайды. Жүнді әдетте престелген қатпарлар
түрінде тасымалдайды, салмағы 120-400 кг, ылғалды және
сулы жүнді тасымалдауға қабылдауға болмайды. Жүнді
сулы, майлы немесе ылғал бөлетін жүктердің үстіне артуға
болмайды. Рейс барысында жүк бөлімдері жақсы желдетілуі
керек. Жүн және қыл өте гигроскопиялық жүктер. Масса
бойынша конденсаттық ылғалдылық жуан жүн үшін 15%,
жіңішке жүнін 17%. Қылды кәдімгі жәшіктерде (1,25-2,23
м/т) бөшкелерде (2,80- 3, 11 м/т) және қаптарда (3,03-3,20
м/т) тасымалдайды. Жануар түктерін престелген күйде
немесе қаптарда тасымалдайды.
Бағалы аң терісі шикізатын тасымалдау. Бағалы
аң терісі - ерекше бағалы жүк, сондықтан оларды
арнайы тараға жабдықтап, тасымалдау барысында
сапасының сақталуын қамтамасыз етеді. Бағалы аң
терісі бұйымдарын үй жануарларының терілерінен,
теңіз аңдарының терілерінен дайындайды, алдымен
құрғақ әдіспен химиялық және өңдеуден кейін ұзақ
сақтайды. Бағалы аң тері. ерін, яғни құндыз, кәмшат,
түлкі, сусар терілерін арнайы қаңылтырдан жасалған,
ішіне шамалы нафталин себілген қораптарда
тасымалдайды.
2.5. Жануартекті шикізат өнімдерін тасымалдағаннан кейін
контейнерлерді ветеринарлық-санитарлық өңдеу
Көптеген қолданылатын контейнерлер әмбебап құрылғы. Олар
МемСТ 18447-79 теңіз, өзен, темір жол және автокөліктермен
(күрделі, орташа және аз тонналы контейнерлер) өнімдерді
жалпы және жекелеп тасымалдау үшін қолданылады. Әрдайым
тасымалдау контейнерлерінің көлемі өседі. Шетелде
изотермиялық суытылмаған көне рефрижераторлы
контейнерлерін, термостарын тез бұзылатын өнімдер үшін
кеңінен қолданады. Контейнерлердің басты кемшіліктерінің бірі,
олардың болаттан жасалынған сыртқы беткейлерінің әрдайым
коррозияға ұшырауы, осының нәтижесінде оларға үнемі мұқият
болу, кей кезде коррозияға қарсы арнайы шаралар жүргізу, яғни
коррозияға қарсы мықты болатты, мысалы мырышты кабаттарды
қолдану сияқты күтім керек.
Бірінші санаттағы контейнерлерді ветеринарлық-
санитарлық өңдеу. 1-категориялы ветеринарлық-
санитарлық өңдеуді механикалық тазалау, жуу, ал
керек жағдайларда профилактикалық
зарарсыздандыру шараларын жүргізіп өткізеді.
Механикалық тазалау кезінде қоқыстарды және тағы
басқа заттарды ылғандандан ыдыстарға салып, қоқыс
өртейтін пешке, оларды өрттеу үшін апарады.
Контейнерлерді жууды ыстық сумен жүргізеді, оның
температурасы 60-70°С болуы керек.
Үшінші санаттағы контейнерлерді зарарсыздандыру
Өнімдер мен жануартекті шикізат өнімдерін
тасымалдағаннан кейін, контейнерлерді өңдеу ылғалды
және аэрозольды түрде жүргізіледі. Әр жағдайда да
оларды механикалық өңдеуден өткізеді:
контейнерлердің ішкі бөлігіне механикалық тазалау
жасамас бұрын зарарсыздандырушы ерітіндімен
ылғал-темірде портты жудандырады. Тасымалдауға
қолданылған материалдарды ылғал өткізіейтін ыдысқа
салып, арнайы алаңға қоқыс жағатын пешке шығарып
тастайды.
Зарарсыздандырудың аэрозольді әдісі. Аэрозольді
зарарсыздандыруды бірінші дәрежелі
зарарсыздандыру сияқты жүргізіледі. Аэррозольді
зарарсыздандыру арнайы алаңдарда өт- кізеді, ол
үшін: 55 мл/м3 38-40% формальдегид ерітініісін, 60
мл/м3 20% сутқышқылды ерітінді, құрамында 3,5%
әсер етуші заты бар, 60 мл/м3 қолданылады.
Контейнерлерді босатқаннан кейін қолданған
техникалық құралдарды міндетті түрде ылғалды
әдіспен зарарсыздандыру керек. Ағынды суларды да
залалсыздандырған жөн.
2.6. Жануартекті шикізат өнімдерін тасымалдауға
арналған ыдыс-қораптарды зарарсыздандыру.
Жануартекті шикізат өнімдерін (жүн, қыл, тері, мүйіз,
т.б.) тасымалдайтын ыдыс-қораптарды Крупина
камерасында бумен өңдейді. Вегетативті микробтармен
вирустармен залалданған өнімдер тасымалданғандарын
111°С температурасында, 0,5 атм қысымда, 105 минут
экспозициясымен зарарсыздандырады. Жұмсақ
қораптыстарды зарарсыздандыру. Қаптарды, қаптайтын
маталарды ОППК-2 камераларында 2 м3
залалсыздандырады. Камерада формальдегидтпен
зарарсыздандыру жүргізгенде, булы-ауалы және
формальдегидті қосылыстарын 60°C қолданады.
Халықаралық поштамен жіберіп тасымалданатын
қораптыстарды зарарсыздандыру. Ветеринарлық
бақылауда Мемлекеттік шекарада мемлекетаралық
поштаның құжаттарын мемлекетке жұқпалы ауру
қоздыоғыштары еніп кетпеуі дь он де үшін бақылайды.
Мұндай бақылау мемлекетаралық пошта айырбастың
бөлімдерінде, әуежайларда, темір жол стансалары мен
автокөлік жолдарында болады. 970 M Егер мемлекет
аралық поштамен жіберуші заттарда инфекциялық
қоздырғыш табылатын болса, міндетті түрде
дезинфекцияланады. Зарарсыздандыру жұмыстарын
халықаралық пошта аймағында, шекаралық бақылау
бекеттерінде, әуе жол- да, теңіз, өзен порттарында, темір
жол стансаларында арнайы да, бөлінген орындарда
жүргізеді.
2.7. Су көліктерімен жануар тектес шикізаттарды
тасымалдау кезіндегі ветсанбақылау
Теңіз және өзен кемелерімен мал терілерін, жал-
құйрық, қылшық, таралған жүн, бағалы аң терілерін,
кептірілген және 9 түздыққа салынған ішектерді, құс
мамығы мен қауырсындарын, сүйек, мүйіз, түяқ тағы
басқа да жануар тектес шикізаттарды тасымалдайды.
Бұл жүктер, тек қана олардың жұқпалы аурулардан таза
екендігіне кепілдік беретін, арнайы қабылданған
түрдегі ветеринариялық- куәлігі болған жағдайда ғана
тасымалға қабылданады. Бұл куәлікті жүк жіберуші
әкелуге міндетті. Жануар тектес шикізаттарды су
жолдарымен тасымалдаудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Жүн тасымалы кезіндегі ветсанбақылау .Су жолдарымен
(теңіз және өзен) жүнді жуылған және жуылмаған күйде
тасымалдайды. Жүннің бүл екі түрін бір-бірінен бөлек,
оңаша жүк бөлімдерінде тасымалдайды, яғни жуылған
жүнмен жуылмаған жүнді бір бөлімге бірге тиеуге
болмайды. Жүнді кемеге теңделген жүктер ережесіне сай
тиейді. Кеме сиымдылығын үнемді пайдалану үшін, жүн
тендерін трюмдерге жатқызып тиейді, ал кейде олардың
өлшемі мен деканың кеңдігіне қарай тұрғызып немесе
араластыра тиеуге болады. Әдетте жүнді престелген теңдер
түрінде тасымалдайды, ал олардың массасы 127 ден 453 кг
дейінгі аралықта болады.
Сүйек, мүйіз және тұяқтарды тасымалдау кезіндегі
ветсанбақылау. Жануар тектес шикізаттың бұл
түрлерін бүтін түрде, кеспектерге, жәшіктерге,
корзиналарға немесе тығыз матадан жасалған қаптарға
буып түю арқылы тасымалдайды. Ветеринариялық
сертификатта бактериологиялық зерттеулер нәтижесі
көрсетілуі керек. Сүйек, мүйіз және түяқтарды теңіз
кемелерімен тасымалдау кезінде фумигация (улы
заттардың буымен, газымен уландыру) жасалғандығы
жөнінде сертификат жазылып, онда оның жүргізілуі
көрсетіледі.
ІІІ.Қорытынды
Конвейерді үстелдің жылдамдығы мен жұмыс конвейерінің
жылдамдығы бірдей ( синхронды) болуы қажет. Алдымен
пышақпен ұшаның ішін жарып, содан кейін іш майды, ішек –
қарынды, өкпе – бауырды, жүректі, өңешті, кеңірдекті және көк етті
алу қажет. Ішкі мүшелерді алатын конвейерде мал дәрігері ішкі
органдарды қарайды. Асқазанды бөлшектеп, майсыздандырып,
субөнімдер цехіне, ішектер ішек цехіне жіберіледі.
Ішкі мүшелерді абайлап алу керек, ішек – қарынды, өкпе –
бауырды, және ұшаның ішкі қабатын бүлдіруге, ластандыруға
болмайды. Ірі қара мал конвейер үстелінің конструкциясы табақша
тәріздес.
Конвейерде үстел мен ұша конвейерінің жылдамдығы бірдей
болғандықтан жұмысшылар ішкі мүшелерін алғанда ұшаға
қарағанда стационарлық қалыпта тұрады. Операция аяқталған соң
қайтадан бұынғы орнына келіп басқа ұшаны өңдейді
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Мустафин О.Ж., Барақбаев Б.Б., Мал өнімдерінің
технологиясы.,1993 ж.
ҚР «Ветеринария» туралы заңы Астана, 2005
Бегенова А.Б. «Шекара және көліктердегі ВСБ»
Алматы, 2014-408 бет.
Жексенбиев Д.Б. «Мемлекеттік шекара және көліктегі
ВСБ»,Алматы, агроуниверситет,2005.
Увалиев А.И., Аймагамбетова Г.Б. Практика
таможенного оформления. Алматы,2000, 142с.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz