ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕР КӨЗДЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ҚОРҒАНУ




Презентация қосу
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
РАДИАЦИЯ ҚАУІПСІЗДІГІ
НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ
РАДИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАДА ИОНДАУШЫ
СӘУЛЕ КӨЗДЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
• Сабақтың мақсаты: Радиация қауіпсіздігі негіздерін
оқып үйрену және ветеринарлық радиологиялық
зертханада иондаушы сәуле көздерімен жұмыс
жүргізуді ұйымдастыруды меңгеру.
РАДИАЦИЯ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕ
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАР
• Радиация қауіпсіздігі мәселелері халықаралық деңгейде радиациядан қорғанудың халықаралық комиссиясының
(РҚХК, орысша МКРЗ) шешімдерімен шектеледі. Бұл комиссия 1950 жылы құрылған. РҚХК өз жұмысын радиация
өлшем бірліктерінің халықаралық комиссиясымен (РӨБХК, орысша МКРЕ ) тығыз байланыста жүргізеді. Сонымен
қатар АЭЖХА – атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттгігі де бар. Бұл құрылым да атом энергиясына
байланысты жұмыстар кезінде радиациядан қорғану мәселелерімен айналысады. Бұл құрылымға Қазақстан
Республикасы 1994 жылы мүше болып кірді.БҰҰ - ның жанында радиация мәселелері жөнінде арнайы ғылыми
комитет құрылған (ЮНЕСКО). Ол РҚХК (МКРЗ), РӨБХК (МКРЕ) және дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен
(ДДСҰ орысша ВОЗ) бірге жұмыс жүргізеді.РҚХК (МКРЗ) нұсқауларын ескере отырып радиоактивті заттар және
иондаушы сәулелердің басқа да көздерімен жұмыс жүргізудің негізгі санитарлық ережелерімен (НСЕ – 87), (ОСП –
87) және радиациялық қауіпсіздіктің нормалары (РҚН - 99), (НРБ - 99) қабылданып, құжат ретінде басылып
шыққан.Радиологиялық зертханаларда радиоактивті заттар иондаушы сәулелердің көзі ретінде ашық немесе
жабық түрінде пайдаланылуы мүмкін. Иондаушы сәулелердің жабық көзі деп қоршаған ортаға таралу
мүмкіншілігі жоқ заттарды айтамыз. Ал, иондаушы сәулелердің ашық көзі деп ұнтақ, сұйық және газ түріндегі
заттарды айтамыз, өйткені олар қоршаған ортаға таралуы мүмкін.
ГИГИЕНАЛЫҚ НОРМАТИВТЕР
ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІК
• РҚН (НРБ) құжатында барлық халық 3 топқа бөлініп, іштей және сырттай сәулеленген кезде олардың жылына алуға болатын
шектеулі доза мөлшері көрсетілген.
Б-тобы. Халық арасындағы жеке В-тобы. Қалған барлық
А-тобы. Техногенді сәуле тұлғалар. Бұл топқа иондаушы сәуле халық. Бұл топқа кіретін
көздерімен үнемі немесе көздерімен тікелей жұмыс жүргізбейтін, адамдар табиғи фондық
уақытша тікелей жұмыс бірақ, радиация көздерімен жүмыс доза мөлшерінен артық
жүргізетін тұлғалар.Олар үшін істейтін мекемелердің санитариялық доза мөлшерін
жылдық доза мөлшері 5 рбэ қорғану аймағына жақын жерде қабылдамауы керек.
болып тағайындалған. Бұл топқа орналасқан тұрақжайына немесе
рентгенологтар, радиологтар, радиологиялық зертханалардың қосалқы
радиация көздерімен жұмыс бөлімдерінде жұмыс істеуіне байланысты
жүргізетін ғылыми қызметкерлер сәулеленуге мүмкіндігі бар тұлғалар. Олар
т.б. жатады. үшін жылдық шектеулі доза мөлшері 0,5
рбэ болып тағайындалған.
• Радионуклидтердің тікелей шоғырлануына байланысты өте жоғары дәрежеде
сәулеленіп және зақымданатын ағзалар сезімтал ағзалар (критические органы)
деп аталады. Радионуклидтердің ерімейтін қосындылары тыныс алу, ас қорыту
жолдары және тері арқылы организмге түскен кезде өкпе, ішек-қарын және тері
сезімтал (критические) ағзалар болып табылады. Кейбір радионуклидтер үшін
әр уақытта белгілі бір ағзалар сезімтал болып есептеледі.Мысалы, йод үшін –
қалқанша без, стронций, кальций және радий үшін – сүйек. Қан түзу жүйесі
және жыныс бездері барлық радионуклидтер үшін сезімтал ағзалар болып
есептеледі. Бұл ағзалар радиацияға сезімтал болып бөліну себебі олар
радиация әсеріне жылдам ұшырайды, содықтан оларда өте аз мөлшердегі
дозасы әсер еткеннің өзінде де айтарлықтай өзгерістер пайда болады.
• Радиациялық қауіпсіздіктің нормалары (РҚН) бойынша барлық сезімтал ағзалар 3 топқа бөлінеді:

• 1- ші топ (өте сезімтал ағзалар) – бұл топқа барлық дене, гонадтар, сүйек кемігі жатады.
• 2- ші топ (орташа сезімтал ағзалар) – бұл топқа бұлшық ет, май ұлпасы, бауыр, бүйрек,
көк бауыр, ішек-қарын жолдары, өкпе, көз крусталигі т.б. бірінші және үшінші топқа жатпайтын
ағзалар кіреді.

• 3-ші топ (сезімталдығы аз ағзалар) – бұл топқа сүйек ұлпасы, тері, қолдың басы (кисть),
білек, қалқанша безі, қызыл асық (лодыжки), аяқтың басы (стопа) кіреді.
РАДИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛАРДЫҢ
ҚҰРЫЛЫСЫ, ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ
ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚҰРАЛ – ЖАБДЫҚТАРЫ

• Радиоактивті заттармен жұмыс жүргізудің негізгі санитариялық
ережелеріне сәйкес, радиоактивті изотоптардың ашық көздерімен
жұмыс жүргізудің барлық түрі, радиоизотоптардың радиоулылық
топтарына бөлінуіне және жұмыс орнындағы нақты мөлшеріне
(активтілігіне) байланысты үш сыныпқа бөлінеді.
• І-ші сыныпты жұмыстар жүргізілетін зертханалар жеке орналасқан
ғимараттарда, жеке кірер есігі бар және кіре берісте міндетті түрде санитариялық
өткізгішпен жабдықталып, шыға берісте радиациялық қадағалау орыны болуы
керек. Бұл зертханалар да үш бөлікке бөлінеді.
• 1-ші бөлік сәулеленудің негізгі көзі болып есептелетін технологиялық құрал-
жабдықтар мен коммуникацияларды орналастыратын, үнемі пайдаланылмайтын
бөлмелер.
• 2-ші бөлік әлсін-әлсін пайдаланылатын бөлмелер (бұл жерде құрал-
жабдықтарды жөндеу, қалдықтырды уақытша сақтау және шығару жұмыстары
жүргізіледі).
• 3-ші бөлік жұмыс жүргізуші қызметкерлердің толық жұмыс күні отыратын
бөлмелер.
• ІІ-ші сыныпты жұмыстар жүргізілетін зертханалар басқа ғимараттардан
оқшау жеке ғимаратқа орналастырылады. Бұл зертханаларда арнайы
санитариялық өткізгіш немесе душ бөлмесі және шыға берісте радиациялық
қадағалау орыны болуы керек. Зертхана бөлмелері міндетті түрде сору
шкафтарымен немесе бокстарымен жабдықталған болуы керек.
• ІІІ – cыныпты жұмыс жүргізілетін зертханалардың орналасуына арнайы талаптар
қойылмайды. Дегенмен мұндай зертханаларды жеке ғимараттарда немесе жұмыс
ғимараттарының бірінші қабатында жеке кірер есікпен қаматмасыз етіп орналастырған жөн. Бір
қызметкерге бөлінетін жұмыс орнының ауданы 10м2 – ден кем болмауы керек. Ішкі жоспарлануы
бойынша зертхана аумағы үш бөлікке бөлінеді: таза, шартты таза және лас. Таза бөлігіне
радиоактивті заттарды кіргізуге тиым салынады. Шартты таза бөлімінде радиометрия жұмыстары
жүргізіледі. Лас бөлігінде радиоактивті заттар сақталады және зертханаға зерттеуге түскен
сынамаларды дайындайды.Ветеринариялық радиологиялық зертхана ІІІ-ші сыныпты зертхана
қатарына жатады.
• Радиоактивті ластануды оңай тазалау үшін зертханадағы құрал – жабыдқтар
мен жиһаздардың беті жылтыр, біркелкі заттармен қапталған болуы керек.
Едендер де біркелкі, майда болуы керек (линолеум немесе майлы бояумен
боялған).Еденнің шеті бірте-бірте қабырғаға ауысуы керек. Зертхана
қабырғалары биіктігі 2 метрге дейін майлы бояумен боялған немесе
кафельмен төселген болуы керек. Зертханалар күшпен ауа кіргізу және шығару
желдеткіштерімен қаматамасыз етілуі керек. Олардың жұмысы кезінде ауа таза
бөліктегі бөлмелерден лас бөліктегі бөлмелерге қарай қозғалуы
керек.Зетханаларда суық және ыстық су болуы керек, ал су ағызу шүмектері
аяқпен немесе шынтақпен іске қосылуы керек. Лас су ағу құбыры тұндырғыш
шұңқырымен қамтамасыз етілуі керек. Барлық бөлмелерде күнделікті
дымқылды жинастыру жұмыстары және айына бір рет күрделі жинастыру
жұмысы жүргізілуі керек. Құрғақ сүртіп жинастыру жұмысын жүргізуге қатаң
тиым салынады.
РАДИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛАРДА ЖҰМЫС
ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ЖЕКЕ БАС ГИГИЕНАСЫ
ЖӘНЕ ЖЕКЕЛЕЙ ҚОРҒАНУ ӘДІСТЕРІ

• Ашық радиоактивті заттармен және иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс жүргізуші барлық
қызметкерлер жеке қорғаныс құралдары: халаттармен, қалпақтармен, резеңке қолқаптармен,
пластикаттан жасалған алжапқыштармен, білек қаптармен, тәпішкелермен, арнайы аяқ
киімдермен (бахилдер, резеңке кебістер), ал керек болған жағдайда тыныс алу ағзаларының
қорғаныс құралдарымен (респираторлармен), мақта – дәкелі маскалармен, көзілдіріктермен,
ұстағыш қысқыштармен, манипуляторлармен қамтамасыз етілуі қажет. Арнайы киімдерді сақтау
үшін шкафтар орнатылады. Жеке қорғаныс құралдары шекті рұқсат етілген мөлшерден
жоғары ластанған кезде , олар дереу тазасына ауыстырылуы немесе зарарсыздандырылуы
(дезактивациялануы) керек.Радиоактивті заттармен жұмыс жүргізілетін бөлмеден шығарда
арнайы киімдерді, қол қап және басқа да жеке қорғаныс құралдарын шешіп, қолды мұқият
жуып, радиометриялық аспаптармен оның тазалығын тексеру қажет.
ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕР КӨЗДЕРІМЕН
ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ҚОРҒАНУ
ӘДІСТЕРІ
• Радиоактивті заттармен жұмыс жүргізу кезінде ең басты мәселе, тағайындалған
шекті сәулелену дозасының мөлшерінен жоғары дозаны және радиоактивті
заттардың организм ішіне түспеуін қадағалап отыратын еңбекті ұйымдастыру
жұмыстары болып табылады. Альфа сәулесінің бөлшектері және жұмсақ бета
сәулесімен сырттай сәулелену кезінде арнайы қорғану қажет етілмейді, өйткені
олардың ауада таралу қашықтығы өте аз. Адамды үстіндегі кез-келген киімі,
резеңке қол қаптар олардың әсерінен толық қорғайды. Альфа – бөлшектер
организмнің ішіне түскен кезде нақты қауіп туғызады, өйткені олар ұлпалармен
тікелей байланыста болады. Сондықтан альфа активті заттармен жұмыс жүргізу
кезінде, жұмыс бөлмелерінің ауасына және әртүрлі жұмыс орындарына
таралмауына негізгі көңіл аударылуы қажет.
• Бета – бөлшектері, альфа – бөлшектеріне қарағанда ұлпаларда ұзағырақ
қашықтыққа қозғалады. Энергиясы 70 кэВ-тан ақ жоғары болған кезде олар
терінің мүйізді қабатынан өтіп, сезімтал торшаларға дейін жетеді. Бета –
бөлшектердің ағымы негізінен жамылғы ұлпаларға және көзге әсер етіп,
олардың тобарысып кебуіне, терінің күйігіне, тырнақтардың сынғыштығына
т.б. әкеліп соғады. Бета сәулелері ұлпалармен контактыда болып тікелей
байланыста әсерлескенде өте қауіпті.
• Гамма сәулесі мен өткір бета сәулелері сырттай ісер еткенде олардан қорғану,
сәуле көздерімен тікелей жұмыс жүргізу уақытын қысқартумен, сәулелерді
жұтатын қорғаныс қалқаларын (экрандарын) пайдаланумен, арақашықтықты
ұзартумен және жұмысқа, иондаушы сәулелерді мейлінше аз бөлетін сәуле
көздерін пайдаланумен, яғни сұйылтумен жүзеге асырылады.Аталған қорғану
әдістері әрқайсысы жеке-жеке немесе өзара әртүрлі құрылымда араласып
пайдаланылуы мүмкін.
• Сәуле көздерімен тікелей жұмыс істеу уақытын қысқарту, қызметерлерді өте
жоғары дәрежеде манмандандыру, яғни жұмысты өте тез және дәлдікпен істеп
үйрену, сонымен қатар жұмыс күнін (6 сағат), жұмыс аптасын (5күн) қысқарту,
уақытша сәулеленуге байланысты емес, басқа жұмысқа ауыстыру, сондай-ақ
жылдық еңбек демалысын ұзарту (36 жұмыс күні) арқылы іске
асырылады.Сәуледен қорғанудың ерекше тиімді әдісі, сәулелерді жұтатын
қорғаныс қалқаларын (экрандарын) пайдалану болып табылады. Бета
сәулелерінен қорғану үшін атомдық массасы аз (шыны, органикалық шыны,
аллюминий) материалдардан қалқалар дайындалады немесе екі қабаттан
тұратын қалқалар: бірінші қабаты атомдық массасы аз, бета – бөлшектерін
жұтатын, ал екінші қабаты тежелуден пайда болған рентген сәулелерін жұтатын
ауыр (қорғасын және т.б.) материалдардан дайындалады.
• Гамма сәулесінен қорғану үшін атомдық массасы жоғары (қорғасын, шойын
және т.б.) қалқандарды пайдалану керек.Жасалған түріне (конструкциясына)
байланысты барлық қорғаныс қалқандары тұрақты (қабырғалар, шкафтар,
құдықтар) және жылжымалы (тасымалданатын қалқандар, қорғаныс
алжапқыштар, шымылдықтар, контейнерлер) болып бөлінеді. Қалқандар
құрамалы болуы мүмкін, олар қорғасыннан немесе шойыннан жасалған
стандартты кірпіш – блоктардан тұрады.Қорғаныс қалқандарының қалыңдығын
жартылай әлсірету (Δ ½) қабатының көмегімен есептеуге болады. Олар әртүрлі
анықтамаларда келтірлген немесе берілген радиоактивті сәуле көзіне тәжірибе
жүзінде есептеп анықтауға болады. Он жартылай әлсірету қабаты іс жүзінде
сәулені толық жұтады.Арақашықтықты пайдаланып қорғануды, радиоактивті
заттармен жұмыс жүргізуді дистанциялық жұмыс құралдарын (дистанциялық
құрал – саймандар, ұзартқыштар, манипуляторлар және т.б.) пайдаланып
жүзеге асыруға болады. Қорғанудың бұл түрі өте – мөте тиімді, өйткені бұнда
кері квадраттар заңы пайдаланылады; арақашықтықты екі есе ұзартқан кезде
доза төрт есе азаяды және т.б.
НАЗАР ҚОЙЫП
ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Иондаушы сәуле көздерімен жұмыс істеу кезіндегі медииналық қызметкердің еңбек гигиенасы
Иондаушы сәулелер және радиактивті заттармен жұмыс істеу қауіпсіздігі
Радиациялық қорғау
Радиациялық қауіпсіздік
Үсік - дене ұлпаларында жергілікті мұздаудың арқасында қалыптасатын шіру мен кері әсерлерден қабынулар арқылы бейнелетін зақымдалу
Қараюдың тығыздығы сәуле шығарудың жұтылған энергиясына пропорционал
Бейбіт уақыттағы Радиоактивті ластану
Инфрақызыл сәулелермен кептіру
Дозиметрлік құрал аспаптар
Асқынған сәулелік ауру
Пәндер