Тұрақты радиометрлік аспаптардың құрылысы және жұмыс істеу принципі




Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
Тұрақты радиометрлік аспаптардың
құрылысы және жұмыс істеу принципі
Сабақтың мақсаты :
Тұрақты радиометрлік аспаптардың құрылысын және
жұмыс істеу принципін оқып меңгеру
Сабақтың жоспары:

1.«Прогресс-БГ» спектрометрлік
кешенінің жұмысы мен
құрылымын оқып үйрену;
Заманауи кезеңдегі радиологиялық
зерттеулердің ерекшеліктері
ЧАЭС апатына дейін азық түліктердегі цезий-137 мен стронций-90
активтілігін бақылау бета-радиометрлік қондырғыларында
(мысалы УМФ-1500, ДП-100 және т.б.) әрбір радионуклидтің
активтілігін өлшеу сынамалардағы цезий мен стронцийдің
селективті радиохимиялық экстракциясына сәйкестендірілген
есептік нұсқалар бойынша жүргізілді. ЧАЭС апатынан кейін
қажетті өлшеулер көлемі өте көп болғандықтан, бұл аспаптық-
әдістемелік негіздегі барлық бақылаулар жүргізу мүмкін болмай
қалды. Бірінші кезекте, өте ұзақ уақытты және еңбекті көп қажет
ететін өлшеу нұсқаларын дайындаудың химиялық
процедураларына байланысты болды.
Тығырықтан шығу жолы компьютерлік гамма-, бета-спектрометрлік кешенін пайдалану
болды. Спектрометрді пайдалану кең көлемдегі есептік нұсқаларды дайындауды әлдеқайда
жеңілдетеді және арзандатады. Заманауи бағдарламамен қамтамасыз етілген есептік
техниканы пайдалану меншікті активтілікті және оның қателіктерін есептеуді, спектро-
граммаларды өңдеуді автоматтандырады және т.б. Әр түрлі бөлімдердегі әдістемелер,
жалпылай апробацияланған сынама алу тәсілдері сақталады, спектрометрлік
радиометриялаудағы әдістердің мүмкіндіктері үшін есептеу сынамаларын дайындау
өзгертілген. Радиациялық бақылау зертханаларының өлшеу жүйелеріне кешенді енгізу,
өнімдер құрамындағы цезий-137 мен стронций-90-ды уақытша шектеу мөлшерінің
(УШМ-93) талаптарын сақтау жұмыстарына көмектесті, бірақ бұл іс-шаралар, яғни
УШМ-93-ті қолдану жаңа радиациялық қауіпсіздік нормасына (РҚН-96) ауысуға
байланысты аяқталды. РҚН-96 сәйкес, әр түрлі азық түліктердің құрамындағы цезий-137
мен стронций-90-ның меншікті активтілігі деңгейінің рұқсат етілген шекті мөлшері
әзірленген, ал ол «Тағамдық өнімдер мен шикізаттар қауіпсіздігінің гигиеналық
талаптарына енген. Санитарлық ережелер мен нормалар СанПиН 2.3.2.560-96».
Тағамдық өнімдердің радиациялық қауіпсіздігінің жаңа критерилеріне өту, кешендерді жаңа
нормалар талаптарына сәйкес әдістемелік және метрологиялық қамтамасыз етуді талап
етеді. СанПиН-ді енгізу «Республика аумағында тағамдық өнімдерге радиациялық бақылау
жүргізу және ұйымдастыру» әдістемелік нұсқауларына сәйкес, тағамдық өнімдер мен
шикізаттардың радиациялық қауіпсіздігіне сынақ жүргізу критерилеріне төмендегілер
жатады:
тексеру үшін тағамдық өнімдерден сынама алу;
активтілікті өлшеу үшін сынамадан өлшеу үлгісін дайындау;
өлшеу үлгісінде цезий-137 мен стронций-90-ның активтілігін өлшеу;
цезий-137 мен стронций-90-ның сынамадағы меншікті активтілігін анықтау;
цезий-137 мен стронций-90-ның сынамадағы меншікті активтілігінің радиациялық
қауіпсіздік критерийлері талаптарына сәйкестігін анықтау;
санитариялық-гигиеналық сараптама жүргізу және қорытынды жасау үшін нәтижелерді
беру.
Осы көрсетілген нобайдағы деректер әдістемелік нұсқаудың тиісті бөлімдерінде
қарастырылады.
Пайдалану мақсаты және аймағы:

«ПРОГРЕСС – БГ» кешені өлшеу үлгілеріндегі бета- және
гамма-сәулелелерін бөлетін нуклидтердің активтілігін
спектрометрлік тәсілмен анықтауға арналған. Кешен зертхана
жағдайында тағамдық өнімдерде, биологиялық сынамаларда,
сонымен қатар басқа да қоршаған орта нысандарында
радионуклидтердің активтілігін анықтауға арналған арнайы
дайындалған қондырғы ретінде қолданылады.
Кешен құрамы:

«ПРОГРЕСС – БГ» кешені бір компьютер арқылы басқарылатын екі немесе одан да көп
спектрометрлік трактан тұрады. Әр тракт спектрометрлік детектордан, төменгі және
жоғарғы вольтті қорек көзінен, күшейткіштен, аналогты-сандық түрлендіргіш негізіндегі
амплитудалық анализаторға (АСТ) және компьютерге қосылған.
«ПРОГРЕСС – БГ» кешенінің жұмыс істеу принципі өлшеу үлгілерінен шыққан сәулелерді
тіркейтін детектордан импульстың аспаптық спектрін алып, бір қалыпты жағдайда өлшеу
үлгілері бөлетін сәулені тіркеуге арналған. Зерттелетін сынамадағы радионуклидтің
активтілігі, алынған спектрограмманы «ПРОГРЕСС-3.1» арнайы бағдарламасы пакетінің
көмегімен компьютерде өңдеу арқылы анықталады. «ПРОГРЕСС-3.1» бағдарламасы пакеті
әрбір спектрометрлік трактқа жеке тәуелсіз бағдарлама ретінде қолданылатын
бағдарламалар жинағынан тұрады. Ол әрбір спектрометрлік тракттың жұмысын өздігінен
басқара отырып, спектрограмманы талдап, радионуклидтерді сәйкестендіріп, тиісті
нуклидтердің сынамадағы активтілігін анықтап, активтілігін өлшеудегі қателігін есептеп,
өлшеу нәтижесін хаттамасын береді.
Бета-сәулесін тіркеу тракты бір корпусқа орналастырылған
пластик негізінде дайындалған сцинтилляциялық детектор
блогынан, күшейткіштен, қорек көзінен, өлшеу үлгісін ұстағыштан
және фондық сәулеленуден қорғайтын қорғасын блогынан тұрады.
Гамма-сәулесін тіркейтін сцинтилляциялық тракт йодты натрий
кристалы негізіндегі детектордың сцинтилляциялық блогынан,
қорек көзінен, фондық сәулеленуден қорғайтын қорғасын
блогынан тұрады.
Кешеннің құрылымы мен жұмысы

Кешеннің екі өлшеу тракты да жеке өлшеу құралы ретінде
пайдаланылады. Бір компьютер арқылы басқарылатын екі және одан да
көп тракттармен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған. Кешеннің
спектрометрлік трактысының жұмысы мен құрылымын егжей-тегжейлі
қарастыру «Бағдарламамен қамтамасыз етілген «ПРОГРЕСС» кешенін
пайдаланып өлшеу үлгілеріндегі радинуклидтердің бета-сәулесінің
активтілігін өлшеу әдістемесінде» және «Бағдарламамен қамтамасыз
етілген «ПРОГРЕСС» кешенін пайдаланып өлшеу үлгілеріндегі
радинуклидтердің гамма-сәулесінің активтілігін өлшеу әдістемесінде»
көрсетілген.
«Альфа,бета,гамма» сәулелерін бөлетін нуклидтердің активтілігін өлшеуге
арналған «Прогресс» спектрометрлік кешені
Назар қойып тыңдағандарыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Дозиметриялық аспаптар
Электродинамикалық жүйенің аспаптардың құрылысы және ондағы бөлшектердің қызметі
Электр энергиясын тұтынушылар
Сандық амперметрлер
Рентгенометрлер дозиметрлік аспаптар - иондағыш сәулеленудің экспозициялық доза қуатын өлщейтін аспап
Сканерлейтін зондты микроскоптар және жұмыс істеу принциптері
Радиатор міндеті
Rieter фирмасының машиналары
Шығын өлшегіштер
Тахеометр туралы
Пәндер