Қазіргі таңда елімізді шәймен қамтамасыз ететін компания саны


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті Ветеринария факультеті “Клиникалық ветеринариялық медицина” кафедрасы Реферат

Тақырыбы:Шәй, оның организмге әсер ету ерекшеліктері

Алматы қаласы

Slide 2

Шәй - жер шарында халықтың ең көп тұтынатын сусындарының бірі болып табылады, оның ішінде қазақ халқы әлем бойынша шәйды ең көп ішетін 10 елдің қатарына кіреді, Ол шаршағандық пен бас ауруын басады, ақыл-ой және физикалық белсенділікті жоғарылатады, бас миы, жүрек, тыныс жұмыстарын ынталандырады. Шәйдағы биологиялық құнды заттар бірыңғай кешен түзе отырып адам организміне жағымды әсер етеді. Сонымен қатар зиян заттарды (ауыр металдарды, радионуктлидтарды) адсорбциялап организмнен шығарады.

Slide 3 Slide 4

Шәйдағы биологиялық құнды қосылыстар май және холестерин алмасуға антитотықтырғыштық әсер етеді. Құрамындағы қосылыстардың әр түрлілігіне байланысты бұл сусын ас қорытуға, жүйке жүйесіне оң әсерін береді. Жүрек және тамыр жүйесінің жұмысын жеңілдетеді қан қысымын төмендетеді. Қазіргі таңда сатылымда шәйдың және шәй сусындарының түрлері өте кең ауқымда таралған.

Slide 5

Қазіргі таңда елімізді шәймен қамтамасыз ететін компания саны-11. Бірақ елімізде шәй өнділірмейтіндіктен, 2500 тоннаға жуық өнім шикізаты шет елден сатылынып алынады. Қазақстанға шәй өнімдерін импорттайтын елдердің қатарына Үндістан., Кения, Ресей жатады. Яғни, шәйдің барлық дерлік түрі шет елден тасымалданатындықтан, олардың сапасы міндетті түрде тексеріліп отырылуы қажет

Slide 6

Шәй дүние жүзінде тұтынылатын судан кейінгі ең танымал сусын болып табылатын, адам организміне оң әсерін тигізетін жоғары дәмді, ароматты қасиеттерге ие және жер шарында кең ауқымда таралған сергіткіш сусын. Шәй жапырақтары Камелия Синенсис ағашынан жиналады. Қазіргі таңда оны №1 сусын деуге де болады. Көптеген елдердің фитотерапевт мамандары шәйды күнделікті тұтыну онкологиялық аурулардың туындау қатерін төмендететіндігін айтады. Шөй шаршағандықты басады, шығындалған еңбекке қабілеттіліктің қайта қалыптасуына атсалысады, иммунитетті және адамдың көңіл күйін көтереді . Оны салқын тигеннен болатын ауруларға терлеткіш дәрі ретінде кең қолданады, асқорыту, қантамырлар және жүйке жүйесіне оң әсерін тигізеді.

Slide 7

Шәйды мәңгі жасыл шәй ағашының жоғарғы бұтақтағы жапырақтарын жинап, арнайы өңдеу арқылы алады. Ол құрамында 300-ге жуық негізгі химиялық заттар және қосылыстар кездесетін, химиялық құрамы өте күрделі өсімдік болып келеді. Жалпы адамдардың көпшілігі сусындардың құрамындағы зиянды заттарға мән бермейді және оны көп мөлшерде тұтынады Шәй дәмдік өнім болғандықтан ол ароматты, дөмді және сергіткіштік қасиеттері бойынша сипатталады.

Slide 8

Шәй көбінесе көк және қара шәй түрінде өндіріледі, қара шәй түрін алу үшін Camellia sinensis өсімдігінің балғын жапырақтары жеңіл кептіріліп апынып, қатты ұсақталып, ферменттеледі (бұл үдерісте шәй жапырағындагы ферменттер қоңырқай түске боялған әртүрлі субстраттарды алу үшін атмосферадагы оттегіні пайдаланады), содан соң отты кептіргіш көмегімен кептіріледі. Қара шәй - шәй жапырағын өңдеудің негізгі сатыларын кезекті орындау нәтижесінде алынады: қақтау, ферметация, ширатылу, кептіру. Механикалық жөндеу түрлеріне байланысты қара шайдың шашыраңқы, престелген және экстрагирленген түрлері болады.

Slide 9 Slide 10

Шәйдің классификациясы:

Slide 11 Slide 12

Түйіршіктелген шәй - бұл арнайы машинада ширатылған шамалар. Бұл шәй қораптарда болады. Мұндай шәйдың өндірісі механикаланғандықтан, бұл шәйдың пайдалы қосылыстарын және ароматын бұзады. Бірақ шәй тұнбасы өте ащы, берік болады және негізінен сүт немесе лимонмен ішіледі.

Slide 13

Бергамотты шәй түрлерін дайындау барысында шәй жапырақтары және ароматизаторлар қолданылады. Ароматизаторлардың табиғи және синтетикалық түрлері болады. Табиғи ароматизаторлар олар - шөптер, ароматты өсімдіктердің кепкен гүлдері, бүршіктер, құрғақ жеміс- жидектер дәнегі, ерігіш эфир майлары. Синтетикалық болса табиғи ароматизаторлардың құрамының формуласын дәлме-дәл қайталайтын химиялық формулалардың әртүрлі эссенциясы көп тараған.

Slide 14

Престелген кез келген шәй фабрикасындағы шәй жапырағын өңдеу үдерісі барысында туындайтын кондицияға сәйкес емес шикізаттан (ескі жапырақтардан, шәй тозаңдарынан) өндіреді. Ірілеу қалдықтар престеледі, ал ұсақтары таблеткаланады, одан да ұсақтары қапшыққа салынып қолданылады. Әрбір қапшық орташа шамамен 2, 27 г шәйды құрайды. Қазіргі таңда қапшықтағы шәй түрін әлем халқының 70% тұтынады. Мұндай шәй түрін демдеу көп уақыт алмайды, бірақ қолданар алдында сатып алынған танымал сауда маркасының немесе фирма шәйі қапшығының ішіндегі шәй ұнтақтары шаң тозаң немесе нағыз ұсақ шәй жапырақтары ма анықтап алу қажет.

Slide 15 Slide 16

Шәй құрамынан 28 минералды заттар анықталған. Басқа өсімдіктермен салыстырғанда шәйда фтор марганец, мышьяк, никель, селен, йод, алюминий және калийдің мөлшері жоғары болады. Шәйда сонымен қатар адамдарда тістің бұзылуының алдын алатын, бірақ көп мөлшері зиян болып келетін фтордың жоғары концентрациясы болады. Ескере кететіні, фтор ескі шәй жапырақтарында өте көп мөлшерде болады.

Slide 17 Slide 18

Шәй құрамында кездесетін минералдар әр алқапта әр түрлі болып келеді және өңдеу барысында көптеген өзгерістерге түседі. Зольды элементтердің жаңа жасыл жапырақ құрамындағы жалпы мөлшері құрғақ массаның 3-4%, шәйда 5-6% құрайды. Жапырақ жасының артуына байланысты зольды элементтредің мөлшері жоғарылап, құрғақ массаның 7, 5% құрайды. Осы көрсеткішке байланысты шәй жапырағының сапасын анықтауға болады. Калий зольды элементтердің 50-60% құрайды. Фосфор мөлшері жапырақ жасына тәуелді ауытқып отырады.

Slide 19 Slide 20

Шәй РР С, В тобы тәрізді суда еритін дәрумендердің көзі болып табылады. Жаңа шәй жапырағында сонымен қатар С дәрумені (аскорбин қышқылы) болады, бірақ өңдеу барысында қызыл, қара ферменттелген шәй құрамында С дәруменнің мөлшері төмендейді. Яғни жаңа шәй жапырағында 204, 5 мг, жасыл байхы шәйында 200, 6 мг, қара және қызыл шәйда 23-26 мг аралығында болады. Өртүрлі типтегі шәйдың 100 г құрғақ массасында 0, 03-0, 1 мг тиамин, 0, 6-1 мг, рибофлавин, 1 4-4 мг пантотенді қышқыл болады. Сонымен қатар К дәрумені және фолий қышқылы анықталған.

Slide 21

Сақталу кезіндегі сапасының өзгеруі. Құрғақ шәйды сақтау уақытында, оның құрамының өте баяу жүретін химялық өзгерісі орын алады. Олар шайдың ылғалдануына байланысты арта түседі және эфир майларының айырылуына, шәй катехиндерінің, экстрактивті заттардың өзгеруіне және шәй сапасының төмендеуіне әкеледі. Шәйдың гигроскопиялық қасиеті тотықпаған фенолды қосылыстардың (катхиндердің) олардың тотығу өнімдеріне (теафлавин және теарубигин) қатынасымен есептеледі. Бұл қатынас қаншалықты жоғары болса, сақтау барысында шәй соншалықты тұрақты болады және керісінше. Құрамында көп мөлшерде катехиндары болатын көк шәй қара шәйға қарағанда аз гигроскопиялық болып келеді. Шәй танин, катехин, кофеин, теофиллин, дәрумендер секілді бірнеше бай физиологиялық белсенді заттар жиынтығынан тұрады. Катехиндердің әртүрлі факторлардың зиянды әсерінен бүлінетін хромосомаларды қорғай алатындығын, организмнен радиоактивті стронцийді шығаратындығын заманауи зерттеулер көрсетіп отыр.

Slide 22
Ұқсас жұмыстар
Бүгінгі таңдағы Жапония мен Қытайдан кейінгі үшінші орындағы нарық ретінде Солтүстік Америкада шамамен
ЖАҺАНДЫҚ БРЕНД - МЕНЕДЖМЕНТ СҰРАҚТАРЫ
Nike компаниясының тарихы
Құнарлы топырақ – мол және сапалы өнім
ҚР-дағы лизингтік қызмет және оның дамуы
ЖАПОНИЯНЫҢ САҚТАНДЫРУ
Қазақстанда телекоммуникация саласының дамуы
Қазіргі нарықтағы сүт өнімдері
Холдинг
Кирова ЖШС - жеке егістік және жайылымдық жерлері бар үлкен фермерлік шаруашылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz