Алынған сынамаларды буып, түюді меңгеру



Сабақтың тақырыбы: Ветеринариялық қадағалау нысандарынан алынған сынамаларды радиациалық сараптау кезінде толтырылатын алғашқы құжаттар және буып, түю.

Ветеринариялық қадағалау нысандарынан алынған сынамаларды радиациалық сараптау кезінде толтырылатын алғашқы құжаттар толтыруды және буып, түюді меңгеру.
Сабақтың мақсаты:

Ұсынылған варианттар бойынша сынаманың радиоактивтілігін зерттеу үшін сынама алу актісін толтыру;
Алынған сынамаларға ұсынылған варианттар бойынша, жолдама хат толтыру;
Радиометриялық зерттеулердің нәтижесіне байланысты, ұсынылған варианттар бойынша қорытынды толтыру.
Алынған сынамаларды буып, түюді меңгеру.
Сабақтың жоспары :

Өнімдердің тұтас партиясына тән орта сынама алғаннан кейін, мүмкіндігінше жоғары дәлдікпен, өнім салмағын (сұйықтар үшін көлемін) өлшеп жазу қажет. Өлшеп алынған сынаманың, тасымалдау кезінде жоғалмауын қамтамасыз ету немесе басқа заттармен ластанбауы үшін, сынама салынған ыдыс немесе қаптама герметикалық түрде жабылуы тиісті.

Астық, ұн, жарма және басқа да құрғақ азықтар сынамаларын кішкен-тай қапшықтарға салып, сынаманың аты, алынған орыны, жолдама құжаттар-дың нөмірі жазылған жапсырма қағазды (этикетканы) қапшыққа салып немесе сыртына бекітіп, аузын мықтап байлау немесе тігіп тастау керек.

Ылғалдылығы жоғары азықтардан немесе өнімдерден (көк шөп, сүрлем, ет, балық, т. б. ) алынған сынамалардың салмағын, оларды алғаннан кейін мейлінше тез өлшеу қажет. Егер мүмкіншілік болса, бұл сынамалардың салмағын өлшегеннен кейін сынама алу орнында кептіруге болады. Бұл буып - түюді, тасымалдауды жеңілдетеді. Кептіруді жаз айларында ашық ауада, күн сәулесі астында немесе бастырма астында, мүмкіндік болса кептіргіш қондырғыларда, есігі ашық кәдімгі қыздырғыш пештерде (духовка) жүргізуге болады. Барлық жағдайларда кептіру кезінде сынамалардың сақталуына зор көңіл бөліп, оның азаюына, жоғалуына жол берілмеуі тиіс.

Өсімдік өнімдерінен алынған сынамаларды полиэтиленнен жасалған кәдімгі қапшықтарға немесе пленкаларға орап салған өте ыңғайлы, дегенмен бұл мақсатта арнайы жасалған қапшықтардың қоры болғаны дұрыс, олар өте мықты болады және пайдаланғаннан кейін тазалауға, сумен және әлсіз қышқыл ерітінділермен жууға төзімді келеді де, сынамалар үшін бірнеше рет қайталап пайдалануға жарамды болады.

Майдан тазартылған ет, балық, құс ұшалары сынамаларын шикі салмағын өлшеп, құжаттарға тіркегеннен кейін, сынама алған жерде кептіруге болады. Ет сынамаларын кептіруді жұқа тіліктерге бөліп, таза сым темірге іліп тездетуге болады. Насекомдар балаң құрттарын салмас үшін еттің сыртын дезинсектормен (формалин т. б. ) өңдеуге болады. Егер жұмыс жағдайына байланысты сынама алған жерде кептіруге мүмкіндік жоқ болса, алынған сынамалардың салмағын өлшегеннен кейін, сынаманың бірнеше жеріне 5% формалин ерітіндісін шприцпен жіберіп, консервілейді.

Әрбір сынамаға белгі (бирка) тағылады, оған жәй қаламмен немесе шарикті қаламсап пастасымен сынаманың аты, алу орны және құжат нөмірі жазылады. Целлофанға немесе полиэтилен пленкаға оралған бирканы сынамамен бірге буып - түйеді. Буып - түю материалы ретінде полиэтилен қапшықтары немесе пленкалары пайдаланылады. Егер, бұл материалдар болмаса, пергамент: қағаз, калька, кленка, пластмассадан жасалған немесе эмальданған ыдыстар пайдаланылады.

Сұйық сынамаларды (сүт, су, несеп, қант өндірісінің қалдықтар т. б. ) сынама алу орындарында көлемі бойынша өлшеп алады да, ішкі қабырғасы азот (тұз) қышқылының әлсіз ерітіндісімен өңделген бөтелкелерге құяды. Бұл үшін полиэиленнен жасалған ыдыс (бөтелкелер, балондар т. б. ) қоры болуы керек, тек олар болмаған жағдайда ғана шыны бөтелкелер пайдаланылады.

Судың қосынды бета-активтілігін анықтау үшін 2-3 литрін алады, ал радиохимиялық талдау жүргізу үшін 10 литрден кем болмауы керек.
Егер толық радиохимиялық талдау жүргізу қажет болса, онда бұған қажетті құрғақ қалдық және оның күлін алу үшін 100 - 200 литр су қажет болады. Зертханалардан өте алыста орналасқан суаттардан мұндай көлемдегі сынамаларды арнайы көліксіз жеткізу мүмкін емес, сондықтан сынама алу орындарында, өлшеп алынған су сынамаларын аз көлемге дейін буландырып, азайту қажет. Тасымалдау ыдыстарының ішкі бетіне радионуклидтердің сіңуін азайту үшін, барлық жағдайларда тасымалданатын су сынамасына аз мөлшерде азот қышқылын қосу қажет.

Этикеткаланған сынамаларды мұқият орап, буып - түйіп және мөрмен бекітеді. Бір пункттен алынған барлық партияға, салмағы, алынған орны, датасы, әрбір алынған сынаманың толық сипаттамасы жазылған акт толтырылады. Екі данада толтырылған бұл актіден, зертханада әрбір сынаманы тіркеуге арналған жұмыс жорналына мәліметтер алынады. Актінің екінші данасы шаруашылықта қалдырылады және алынған құнды сынамаларды тіркеуден шығаруға (списание) негіз болып есептеледі.

Алынған сынамаларға 2 дана етіп акт толтырылады (2 - қосымша) . Актінің бір данасы шаруашылықта қалады.
Алынған орта сынамаларды өлшеп, таза, құрғақ ыдысқа (целлофан, полиэтиленнен жасалған қапшықтарға, шыны ыдыстарға) салып, жолдама хатпен жабдықтайды да (3 - қосымша) зертханаға жөнелтеді.
Радиологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша қорытынды құжат толтырылады(4 - қосымша) .



Тағамдық өнімдердегі және судағы радионуклидтердің уақытша қосынды шекті мөлшері 5, 6, 7 және 8 қосымшаларда көрсетілген.
Әрбір студент ұстаздың жетекшілігімен бөлімнің соңында берілген варианттың біреуі бойынша, сынама алуға, оларды зертханаға жөнелтуге және радиологиялық зерттеулердің қорытындысына байланысты өз еркімен құжаттарды толтыруы тиіс (9 - қосымша) .

Терминдер мен анықтамалар
Тағамдық өнімдер - табиғи немесе өңделген түрде адамға тағам ретінде пайдаланылатын өнімдер.
Партия - бір мезгілде тапсыруға, артуға, сынауға немесе сақтауға арналған, біркелкі ыдыстарға бөлшектеп салынған немесе қапталған, оралған бір түрдегі тағамдық өнімдер мен азық - түліктің нақтылы түрде ұқсастырылған (идентификацияланған) мөлшері.
Тасымалдау (қаптама, орама) ыдысы - өз бетінше тасымалдау бірлігін (фляга, жәшік, бөшке, цистерна т. б. ) құрайтын, әр түрлі өнімдерді салатын ыдыс.
Тұтыну ыдысы - өз бетінше тасымалдау бірлігін (бөтелке, банка, пакет, стакан, брикет т. б. ) құрамайтын, тұтынушыларға сатуға түскен, әр түрлі өнімдерді салатын ыдыс.
Өнім бірлігі - даналап сатылатын немесе даналамай сатылатын өнімдердің (бөшкеге, жәшікке, банкаға, флягаға, цистернаға және т. б. ыдыстарға) белгіленген түрде анықталатын мөлшері.

Іріктеу - партиядан бақылауға іріктеп алған өнім бірліктерінің қосындысы.
Іріктелген көлем - іріктеп алынған өнімді құрайтын, өнім салынған тасымалдау немесе тұтыну ыдыстарының бірлік саны.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz