Мал шаруашылығының ерекшелігі оған күнделікті судың қажеттігі




Презентация қосу
Қ А З А Қ Ұ Л Т Т Ы Қ А Г РАРЛЫ Қ У Н И В Е Р С И Т Е Т І
В Е Т Е Р И Н А Р И Я Ф А К УЛЬ ТЕ Т І
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ
С А РАП Т АУ Ж Ә Н Е Г И Г И Е Н А К А Ф Е Д РАС Ы

ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫНДА
СУДЫҢ МАҢЫЗЫ
тақырыбына арналған СӨЖ
ЖОСПАР:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1.Атмосфералық су
2.2.Жер бетіндегі сулар
2.3.Жер асты сулары
2.4.Судың санитариялық-биологиялық көрсеткіштері
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Су кешенді табиғи байлық болып табылады және дүниежүзілік мұхит
(94%), жер асты суы (4%), мұз бен қар (2%), өзен, көл және батпақ
суларынан тұрады. Барлық су қорының (1,5 млрд км ) тек 2 пайызы ғана
тұщы су үлесіне тиеді.
Адам өмірі үшін, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі үшін су аса
қажет. Сонымен қатар су сыртқы орта факторлары есебінде жануарлар
денсаулығына едәуір әсер етеді. Сондықтан мал организмі үшін судың
алатын орны ерекше. Ол ерекшелік организмнің құрамының үштен екі
бөлігінің судың үлесіне тиюімен қатар оның құрамында зиянды заттар мен
қауіпті микробтардың болуымен оның малды өсірудегі санитариялық орны
жан-жақты көрсетілген.
Мал шаруашылығының ерекшелігі оған күнделікті судың қажеттігі.
Сондықтан мал мен мал кәсіпорындарының сумен сенімді түрде тұрақты
қамтамасыз етілуі. Тағы да бір ерекшелігі - мал шаруашылығы көбінесе
елді мекендерге арналған су жүйелерін пайдаланатындықтан оның суға
деген сұранысының сол елді мекендердің сумен қамтамасыз ету дәрежесіне
тәуелділігі. Ал республикамызда ауылдағы көптеген (7 мыңнан астам) елді
мекендерде судың тапшылығы мен оның сапасының төмендігі байқалып
отыр. Мұндай жағдайдың басты себебі - көптеген пайдаланып отырған су
құбырларының ескіруіне байланысты санитариялық талапқа сай емес.
Осыған байланысты елімізде қабылданған «ішетін су» салалық
бағдарламаның іске асуы, біріншіден, ауылдағы елді таза әрі сапалы сумен
керекті мөлшерде қамтамасыз етуімен қатар мал шаруашылығының да
суға қажеттілігін арттыруға бағытталған.
• Ауыз су тұтынушыларын соның ішінде мал кәсіпорындарын
үздіксіз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелері мына
төмендегідей болуы мүмкін:
• бағыттары бойынша: елді мекендерге арналған (қала, қыстақ, ауыл), өндіріске
және ауыл шаруашылығына арналған деп бөлінеді;
• пайдаланылатын су көздерінің түрі бойынша: жер бетіндегі су көзінен (өзен,
көл және т.б.) алатын жер асты су көзінен алатын (құдық, бұлақ және т.б.) және
атмосфера суынан алатын (жауын-шашын, қар суы) жүйелер;
• суды тарату әдісі бойынша: өздігінен ағатын (су көзі тұтынушылардан жоғары
орналасқан); механикалық жолмен берілу (сорғыштардың көмегімен) және
аймақтық (кейбір аудандарда су бөлек сорғыштармен беріледі);
• пайдалану әдісі бойынша: шоғырланған (централизованная) жүйе (барлық
тұтынушылар бір су көзінен топтық құбырлар арқылы қамтамасыз етіледі)
және жергілікті жүйе (әрбір тұтынушы дербес су көзімен қамтамасыз етіледі .
Мал шаруашылық кәсіпорындарында судың тәулік бойы шығындануы өнім
үздіксіз беруді талап етеді. Бұл сумен қамтамасыздандыру жүйесінің жоғары
сенімділігінің қажеттілігін керек етеді. Мал шаруашылық кәсіпорындарын
сумен қамтамасыз ету үшін жер асты сулары кеңінен қолданылады, оларды
арнайы салынған құбырлы және шахталы құдықтардан, ақпалы және
горизонтальды су шығарғыштар арқылы алады. Жер асты суы әдетте өте таза,
түрлі бөгде қоспалары жоқ, құрамында микробы да аз, бірақ айтарлықтай
минералды болып келеді.
Су дегеніміз негізгі биологиялық сұйық. Су организмге үш сұйық күйде (фазада)
кездеседі: клетка ішінде, клетка сыртында және трансцеллюларлық. Оның ең көп
мөлшері клетка ішінде жиналады (40-50 пайызы). Клетка сыртындағы суға қан
плазмасы, клетка аралық сұйық және лимфа жатады. Трансцеллюларлық сұйық
(ішек-қарын жолындағы, перикардтағы, плеврадағы, құрсақ қуысындағы, көз
ішіндегі, буын қалтасындағы) тамырлардан кілегей қабат арқылы бөлінген.
Ұлпалардағы су құрамының ондағы зат алмасудың белсенділігімен байланысы
бар. Мәселен, мида - 86 пайыз, бүйректе - 80 пайыз, бауырда - 70 пайыз, сүйек
ұлпасында - 20 пайыз су болады. Жануарлар организміне су азықпен бірге ішкенде
және органикалық заттардың клетка ішінде ыдырауы әсерінен пайда болады
(метаболикалық су). Судың көбісі теріде, дәнекер ұлпа мен бұлшық еттерде болады.
Олар су қоры міндетін атқарады. Тері су алмасуда зор роль атқарады, сондай-ақ
организмді температураның кездейсоқ өзгеруінен қорғайды. Диффузия мен терлеудің
нәтижесінде эпидермис арқылы су бөлінеді, организмнің зәр бөлуін азайтады.
Жануарлар судың тапшылығына шыдамсыз келеді. Организмдегі су 20 пайыз кемісе
ол өтеді. Олар, әсіресе төл организмі аштықтан көбі шөлге шыдай алмайды.
Жануарлар ашыққанымен су беріп отырса майының, көміртегі мен белоктарының
50 пайызын жоғалтқанымен 30-40 тәулік тіршілік ете алады. Ал су бермесе 4-8 тәулік
ішінде-ақ өліп қалады.
Су жетіспесе органдар мен ұлпалардың шөліркеп зат алмасуы
бұзылады, сүт қышқылының мөлшері өсіп торығу процестері
төмендейді, қанның ұюы артып, дене қызуы көтеріледі, тыныс алуы
жиілейді, ас қорыту бездерінің секрециясы азайып, тәбеті төмендейді
және өнімділігі күрт кемиді. Шөлдеу организмді интоксикацияға
ұрындырады. Себебі, бауыр, бүйрек, қан құрамында айтарлықтай
өзгерістер пайда болады. Белоктар жылдам ыдырай бастайды.
Организмде су көбейген кезде электролиттер айтарлықтай көбейіп
кетеді. Соның салдарынан клеткалар зақымданады. Сөйтіп,
организм суға уланады. Шамадан тыс тұтынылған су қан және
басқа клеткаларға өтіп оларды ісіндіреді. Қан қысымы артады,
ішекте сумен тым артық араласқан азықты организм нашар сіңіреді.
Сақа мал рационында су шамадан тыс көп болса, олардың өнімділігі
көтерілмейді, керісінше төмендеп кетеді, 1 кг сүт өндіру үшін
(азықпен бірге түсетін суды қоса есептегенде) 4-5 л су жұмсалады деп
есептеген дұрыс.
2.1.АТМОСФЕРАЛЫҚ СУ
Шығу тегіне қарай су атмосфералық, жер беті және жер асты суы деп бөлінеді.
Атмосфералық су жер бетіне жауын, бұршақ, қар, шық және тұман күйінде
түседі. Олар құрамындағы газдардың (азот, оттегі, көміртегінің қос тотығы)
жоғарылығымен ерекшеленеді. Бұл сулар құрамында көмір қышқылы
болғандықтан қышқыл реакциясы болады. Сондықтан да дәмі ұнамсыз келеді.
Мұндай сулар көбінесе ішуге жарай бермейді.
Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі;
жер (немесе су) бетіне бұлттанжауатын не оның бетіне су буының қойылуы
салдарынан тікелей ауадан бөлініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су.
Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды
айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар,
қиыршық мұз, бұршақ тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп
түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шық, қырау,
қылау, көкмұз (ожеледь).
Бұлттардан бөлініп шығатын атмосфералық жауын-шашын
негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде
жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай
ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су
қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді.
Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол
атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің
алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе
қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде
ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-
шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер;
мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар.
шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер
болады.
Қазақстанда А. ж.-ш-ның ең көп жауатын өңірі – Алтай тауының
батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал
Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады.
2.2.ЖЕР БЕТІНДЕГІ СУЛАР
Жер бетіндегі сулар жер бедерінің (шалшық, тоған, өзен, көл. теңіз)
ойпандау тұсына барып орын тепкен атмосфералық су мен жер беті
суының кейбір бөлігі. Бұл суды да сол қалпында іше беруге жарамайды,
алдын ала өңделіп барып пайдаланады.
Қазақстан территориясында жер беті суының мол қоры
орналасқан және оның негізгісі өзен мен көлдер болып табылады.
Гидрологиялық қызметінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 7557 өзен
бар деп есептеледі. Өзендер Республика территориясында біркелкі
орналаспаған. Олардың 50 пайыздан артығы таулы және тау етек
аудандарында орналасқан.
Республикада үш үлкен су көздері (Балқаш көлі, Арал және Каспий
теңіздері), екі көл (Алакөл мен Теңіз) және 38 мыңнан астам кіші көлдер
орналасқан. Алайда, жер беті суларының ресурсының (100,5 км жылына)
біркелкі орналаспауы оларды тиімді пайдалануға кедергі болып отыр.
Жер беті суларының сапасына келетін болсақ, барлық ірі су ағымдарының
сапалы ішетін суға қойылатын стандартқа сәйкес емес. Ертіс, Іле, Арал, Сырдария
сияқты ірі өзендер трансшекаралық болғандықтан қатты ластанған. Сондықтан олар
алдын ала өңдеусіз ішуге немесе шаруашылыққа пайдалануға жарамайды. Мысалы,
Орал өзені фенолмен жоғары деңгейде ластанған. Іле өзенінің экологиялық ауыр
жағдайы оның суының бормен және алты валенттілік хроммен шектен тыс
ластануынан туып отыр.Нұра өзені түпкі қабатында, суында және шайындыларында
сынап мөлшерінің деңгейі жағынан республикада ең ласы болып есептеледі. Ертіс
өзенінде мыс пен мырыш мөлшері осы уақытқа дейін жоғары. Балқаш суында, Іле
өзенінде мыстың, M мырыштың және никельдің мөлшері жылдан жылға көбеюде.
Үлкен су көздерімен кішігірім өзендердің ластан-ы негізінде канализациялық тазалау
қондырғыларының шамадан тыс пайдалануы мен олардың тиімсіз жұмысы, аракідік
лас сулардың жіберілуі, суды қорғау зоналарының қанағаттықсыз жағдайымен
байланысты. Сондықтан ең бастысы жер беті суларын қоқымданудан, ластанудан
және сарқылудан қорғау.
2.3.ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ
Жер асты суы ең алдымен атмосфералық судан тұрады.Өйткені,
атмосфералық су топырақтың төменгі қабатына өтеді де, онда жер асты су ағыны
немесе су қоймасы ретінде жиналады. Бұл сулар жер қыртысы саңылауының су
өткізбейтін қабатының үстіне шоғырланып, сулы қабат құрайды. Егер бұл қабат
бірінші су өткізбейтін қабатпен топырақтың аралығына орналасса және жер бетіне
жақын жатса ол атмосфералық қысым әсерінде болады. Ал бұлт қабат су
өткізбейтін қабаттар аралығына орналасса, онда ол гидростаттық қысым (артезиан
су) әсерінде болады.Санитариялық тұрғыда жер асты суы тайыз, терең су және
артезиан суы деп бөлінеді. Тайыз су әдетте жердің үстіңгі қабатында (2-3 м)
алғашқы су өткізбейтін қабат үстінде болады. Оның жататын түсі бұл қабаттың
тереңдігіне, сондай-ақ жыл мезгіліне байланысты. Құрғақшылық кезде оның мүлде
жойылып кетуі мүмкін. Бұл судың бір бөлігін топырақ ертінділері құрайда. Ал
топырақ ертіндісі гидротациялық қабат жасай отырып, топырақ бөлшектерінің
арасындағы капиллярлық кеңістікті толтырады. Тез ластанатын болғандықтан,
оның дәмі қанша жақсы болса да көп жағдайда ол ішуге жарай бермейді.
Терең су (1 метрден 2-3 км дейінгі, тіпті 6,5 км дейінгі тереңдікте) алғашқы су
өткізбейтін қабаттың астында жатады, Олар су шығатын бірнеше белестерде
орналасып, қысымды, қысымсыз да бола алады. 15 м тереңдікте жатқан жер асты
суы тайыз су деп аталады. Бұл сулар адамдарды ауыз сумен камтамасыз етудегі ең
басты су көзі болып табылады, Ал 15 метрден төмен жатқан су терең су деп
аталады. Бір литрінде кемінде 1000 мг еріген түз немесе көмір қышқыл тотығы,
әйтпесе тұщы суда сирек кездесетін элементтердің, мысалы, бром, йод, фтор,
темір, радий бар терен суды минералды су деп атайды.
Құрамындағы минералды қосылыстардың басымдылығына қарай
минералды су бірнеше түрге бөлінеді: хлоридты (курамында күкіртті сутек және
хлорлы натрийдің көп мөлшері бар); сульфидті (құрамында күкіртті сутегі бар);
көмірқышқылды (құрамында карбонаттар және СО2 бар); ащы сулар
(құрамында күкірт кышқыл магний бар) және басты компоненттердің бірінің
атымен аталатын (йодты, радонды немесе радиоактивті) минералды сулар.
Минер- алды сулардың ерекшілігі оларда дезинфекциялық қасиеттерінің
болуында (мұндай суларда балықтар ауырмайды, жақсы тұқым береді).
Артезиан суы оның гигиеналық қасиетіне байланысты өте жоғары бағаланады. Ол
микроорганизмдерден толық дерлік таза. Сондықтан да ешқандай тазартылып,
зарарсыздандырылмай-ақ іше беруге болады. Республикада барланған жер асты
суларының жылдық ресурсы (623 көз) 15,8 км" құрайды. Алайда, пайдалануға
жарайтын барланған су қоры біркелкі орналаспаған: тәулігіне әр адамға шаққанда су
қорының салыстырмалы мөлшері 0,08 м'-тең (Атырау, Солтүстік Қазақстан
облыстары) 1.6-2,3 м'-ке дейін (Жамбыл, Алматы және Павлодар облыстары) өзгереді.
Қазіргі кезде Республика территориясында жер асты суларын ластауы ықтимал
700-ден аса ошақ бар. Мұның ішінде ең көп ластау көздері Алматы, Қарағанды және
Шығыс Қазақстан облыстарында кездеседі. Жер асты суларының ластануы негізгі
минерализацияның артуы, кермектіліктің жоғарлауымен, хлоридтер мен
сульфаттардың мөлшерінің артуымен сипатталады.
2.4.СУДЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-
БИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Су малдың кейбір індетті, вирустық және инвазиялық аурулардың таралуында
үлкен роль атқарады. Ондай ауруларға топалаң, жылқының инфекциялық қан
аздығы, бруцеллез, туляремия, пастереллез сальмонеллез, лептоспироз, маңқа, аусыл
және көптеген паразит аурулары жатады. Суда патогендік микроорганизмдердің өмір
сүрү қабілеттілігі әртүрлі. Мысалы, Coli тобының бактериялары өзен суында 21-183
күн, ал су құбырында 2-262 күн сақталады. Бруцеллалар су құбырында 5-85 күн, ал
туберкулез микобактериясы өзен суында 150 күнге дейін өмір сүреді .

Кейбір зардапты микроорганизмдердің тіршілік ету
мерзімі (тәулік)
Кейде су көздерінде өсетін организмдердің құрамына қарап,судың
тазалығын немесе ластығын болжап анықтауға болады .
Микроорганизмдердің судағы өмір сүру қабілеттілігі су температурасына,
ондағы органикалық заттарға және еріген компоненттердің химиялық құрамына
байланысты.
Дегенмен, судағы патогенді микроорганизмдердің қатысуын анықтап
ажырата білу өте күрделі. Судың эпидемиялық және эпизоотологиялық тұрғыдан
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және судың санитариялық тазалығын анықтау
үшін бактериялық ластанудың жанама көрсеткіштері - микробтар саны, коли -
титр, коли- индекс пайдаланылады.
Микробтар саны дегеніміз 37°С температурадағы 1 мл суды микробтар
енетін табақшада (ет-пептон агары бар) еккенде 24 сағат ішінде температура
37+0,5°С жағдайында өскен барлық микробтар (колониялар) саны.
Коли-титр дегеніміз - құрамында бір ішек таяқшасы бар су
мөлшері.
Коли-индекс дегеніміз - 1 литр судағы табылған ішек таяқ
шаларының саны (таза су үшін 2-3 таяқша).
Су инвазиялық аурулар таратушысы немесе паразиттік
аурулар қоздырғыштарының аралық иелері үшін тіршілік
ортасы да бола алады. Адам мен мал фасциолез, кокцидиоз,
безгек, трихомоноз, диктиокаулез секілді ауруларға
құрамында инвазиялық қоздырғыштары бар сапасыз су
ішудің салдарынан шалдығады.
Осыларға қарағанда табиғи су малдың физиологиялық
және гигиеналық талабын әрқашан қанағаттандыра қояды
деу қиын. Кейбір жағдайларда мұндай суды тұтыну мал
денсаулығын бұзып, суға деген тәбетін төмендетіп қана
қоймай мал өнімдерінің сапасына да зиян тигізеді. Табиғи
судың микробтық және паразиттік, яғни тоғышарлық
флорасы жұқпалы аурулармен індетті құрт ауруларын
өршітуге қабілеті өте зор. Міне, осы жайттардан кейін
судың құрамы мен қасиетін гигиеналық нормалауды
немесе стандарттауды жүзеге асыру қажет дегенді баса
айтуға тура келеді.
Сумен қамтамасыз етудің жергілікті жүйесінде оны санитариялық жағынан үнемі
МЕМСТ бойынша бағалай бермейді. Өйткені, ол құбыр суы үшін қанша міндетті
болғанымен, тазартылып зарарсыздандырылмайды.Мұндай судың сапасын бағалау үшін
мынандай көрсеткіштер қолданылады: мөлдірлігі 30 см кем емес, түсі 40°С аспауға тиіс,
дәмі мен иісі 2-3 балл аралығында, жалпы керментілігі (тұтқырлығы) литріне 14 мгэкв/л
(40°С), фтор құрамы - литріне 1,5 мг дейін, нитрат құрамы 10 мг дейін, нитрит құрамы -
0,002 мг дейін, тотықтануы - литріне 4мг дейін, микробтар саны 1 мл 300-400 м. д.
аралығында, коли-титр кемінде 100мл, коли-индекс 10 ішек таяқшасынан аспауға тиіс.
Жем-шөп дайындауға жұмсалатын судың сапасына қойылатын талапта мал суаруға
қолданылатын суға қойылатын талаппен бірдей.
Су қора-жайларды, құрал-саймандарды жуып тазарту үшін және дезинфекциялау
үшін, мал күтімі және т. б. көп мөлшерде қажет және де ондай суда сапалы болуға тиіс.
Себебі, дезинфекциялайтын заттардың ерігіштігі судың минералдық құра- мына
байланысты болады. Тым тұтқыр (кермек) су жылытатын су құбырларын тоттандырып,
істен тез шығарады.
Тіпті қайта пайдалану (рециркуляция), яғни қиды қайталап жууға пайдаланылатын
су құрамының өзінде адам мен малға қауіп төндіретін улы заттар, сондай-ақ індетті,
инвазиялық және вирустық аурулар қоздырғыштары болмауға тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Біздің планетамыздағы тірі жәндіктер денесінің үштен екісі судан тұрады.
Өсімдік организмінде де, жануарлар организмінде де судың мөлшері едәуір
жоғары, су болмаса олар тіршілік етпейді.
Организмдегі су құрамы олардың түріне, жасына, жынысына және
ұлпаның типіне байланысты болады. Мысалы, жылқы организміндегі су оның
дене массасының 55 пайызын, сиырда 60 пайыз, үй қоянында 72 пайыз, балықта
80 пайыз құрайды. Жас жануарларда, әсіресе жаңадан туған төл организмінде су
сақа жануарлармен салыстырғанда едәуір көп болады. Жаңа туған бұзау денесінің
72 пайызын, 1,5 жастағы тайыншаның 61 пайызын, сақа бұқада 52 пайызын су
құрайды, Семіз мал денесіндегі су мөлшері арық малға қарағанда айтарлықтай
аз. Өйткені, май ұлпасы суға мейлінше кедей келеді. Мәселен, арық қой
денесіндегі су 60 пайыз, семіз қойда 46 пайыз құрайды. Ал, кейбір жануарлардың
(түйелер) ерекшелігі су жетіспеген жағдайда жиналған ішкі майлардан (өркеш
майы) метаболикалық су түзіп организмдегі су балансы теңестіріледі. Ал
жануарлардың эмбриондарында су мөлшері олардың массасының 97 пайызын
құрайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық
гигиена, Алматы,2005.
2. Т.М.Телеуғали, А.Т.Манкибаев. Мал шаруашылығы
өнімдерінің экологиясы.Оқу құралы. Алматы. 2015 ж.
3. Сайдулдин Т.С. Індеттану, Алматы, 1999.
4. Гершун В.И., Туякова А.К. “Ветеринарная гигиена”,
Костанай, 2005.
5. Кузнецов А.Ф., Демчук М.В. Гигиена сельскохозяйственных
животных. М.В.Агропромиздат, 1992.
6. Храбустовский И.Ф. и др. “Практикум по зоогигиене”,
1984;

Ұқсас жұмыстар
Аграрлық қатынастардың ерекшеліктері
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
Өсімдік шаруашылығының салалары
Саяхатпен шұғылданудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылықта пайдаланылатын су ресурстары(Өсімдік шаруашылығы)
Қола дәуірінің ерекшелігі
Құс шаруашылығы. Құс өсірудің әдісі
Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы
Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар
Пәндер