Жоспардың нақтылығы


Slide 1

Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау

Баймурат. Е ; Әли. А ; Әлмаханбет. А ; Камалова. Г Базат. Д;

Slide 2

Жоспарлау - бұл тәрбиешінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.

Жоспардың қызметі - педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді

Жоспарлау - мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы

Slide 3

Тәрбие берудің стратегиялық жоспарын әзірлеу алдында әр буындағы тәрбиешілермен ұйымдастырылатын жұмыс формалары мен тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сай тақырыптарын айқындап алуы шарт. Басым стратегиялық 5 бағыты айқындалды

Slide 4

Психологиялық сөздіктерде «Мотивация - түрткі, ниеттену, жеке тұлға әрекетінің сипаты, мазмұны және оның мінез-құлқының жиынтығы» деп қарастырылған. Мотивация өзіңді немесе басқаны жеке тұлғалық мақсатқа және ұйымның мақсатына жетуге әрекеттенуге ниеттену процесі.

Тәрбиеленушілердің сапалық деңгейлерін бағалау өлшемдерін қалыптастыруда алшақтату мотивациясы - бұл төменгі деңгейдегі (тұрақсыз, қызығуы жеткіліксіз, немқұрайлы) тәрбиеленушілермен жұмыс жасау.

Жетістікке ұмтылу мотивациясы - бұл орта деңгейдегі (қызығушылығы бар, бірақ бағдары айқын емес) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.

Белсенділік мотивациясы - бұл жоғары деңгейдегі (ізденімпаз, өзіндік идеясын ұсына білетін) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.

Slide 5

Жоспарлаудың қызметтері

Жалпы алғанда, жоспар - әрекеттің мазмұнды көрсеткіші, оның ретін, көлемін, уақытша шекарасын анықтаушы құжат.

нақты бағыттар мен әрекет түрлеріне бағыт беруші

қойылған мақсаттардың жүзеге асырылуын қадағалау;

кез келген уакыт аралығында жоспар бойынша істелген жұмыс мазмұны мен көлемін қайта қалпына келтіру

жанама іс-қимыл көрсетуші, нақты әрекет аркылы нәтиже көрсетеді;

әрекеттің қандай тәсілдермен ұйымдастырылатындығы, оның объектісі және субъектісі кім болатынын

Slide 6

Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар:

Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.

Өмірмен тығыз байланыстылығы.

Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.

Тәрбие жұмысының формаларының тәрбиеленушілердің жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.

Жоспардың нақтылығы.

Жоспар - ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында тәрбиеленушілердің белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.

Тәрбие жоспарының мақсат, міндеттерінің айқындығы.

Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы.

Тәрбиеленушілердің жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

Slide 7

Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау жөніндегі тәжірибесін талдаудың негізінде жоспарға төмендегідей талаптар қоюға болады:

жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы;

сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы;

тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету;

жоспардың нақтылы болуы;

жұмысты келісіп жоспарлау.

Slide 8

Мектеп жұмысының тәжірибесінде жоспардың негізгі үш түрі қолданылады

Перспективалық

Жылдық

Ағымдық

Мектепті соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.

жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды.

жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанында жасалады.

Slide 9

Педагогикалық модельдеу қағидалары - сынып жетекшісі іс-әрекетінің негізі

Модельдер

эвристикалық

дидактикалық таңбалы және заттық-техникалық

табиғи және жасанды.

Slide 10

«Модель» термині латын тілінен /modulus/ шыққан, «өлшем», «әдіс» «бейне» деген ұғымдарды білдіреді.

Оқу әрекетін модельдеу екі аспектіден тұрады.

оқудағы іс-әрекет элементтерінен тұрады.

Оқу процесіндегі білімді меңгеру

Slide 11

Педагогикалық модельдеуде сынып жетекшісі іс-әрекеті

Әрекеттің негізгі бағыттары

Міндеттері

Міндеттерді жүзеге

асыру құралдары

Сынып оқушыларын, олардың қарым-қатынасын, бір-бірімен тілдесуін, сыныптағы әрекетін зерттеу

Сынып қауымдастығының тіршілік әрекетін, келешегін, мақсат, міндеттерін жобалау, бағытын анықтау

Сыныпты ұжым ретінде қалыптастырудағы, топтастырудағы, дамуға қолайлы орта құрудағы біріккен әрекет

Сынып оқушыларының қызығушылығын, қажеттілігін, икемділігін, басқа жеке ерекшеліктерін зерттеу

Сыныптың ұжым ретінде қалыптасу деңгейін, бір-бірімен қалыптасқан өзара қарым-қатынас жағдайын анықтау

Сыныптың жалпы тіршілігіне қатысы бар ата-аналардың, басқа да адамдардың тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау

Тәрбие жұмысының әсерін, тиімділігін анықтау

Сынып ішіндегі күнделікті әрекетті, тіршілікті оқушыларға жағымды етіп ұйымдастыру арқылы сынып бейнесін қалыптастыру

Мектептің тәрбие кеңістігінде сыныптың орнын анықтау

Сынып ұжымының дамуында қоршаған ортаның жағымды әсер ету мүмкіндіктерін

анықтау

Сауалнама, танымдық-дамыту ойындары, қоғамдық белсенділігін, шараларға қатысу себебін зерттеу әдісмемесі, қызығушылығы мен әуестігінің картасын құру

Танысу, өзінің қабілетін, мүмкіндігін ашуға бағытталған сынып сағаттары

Социометрия әдісі арқылы сынып белсенділері мен қамтылмай қалған оқушыларды жалпы сыныптың ұжым ретінде қалыптасу деңгейін анықтау

Сыныптың шығармашылық бірлескен әрекеттері (мерекелер, қойылым дайындау т. б. )

Тест, сауалнама арқылы оқушылар мен ата-аналардың сыныптың тәрбие жұмысымен, жалпы тіршілігімен қанағаттану деңгейін анықтау

Оқушыларды ұйымдастыру, әрекетке баулу ойындары. Ұжымдық-шығармашылық шаралар

Slide 12

Тәрбиеші тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не істеуі қажет?

тәрбиеленушілердің жасын, сынып ұжымының даму деңгейін, тәрбиелеу шарттарын, мектептің педагогтар ұжымының мүмкіндігін ескере отырып, мақсаттары мен міндеттерін анықтап алу керек.

1

2

3

4

5

тәрбиеленуші мен сынып ұжымын, сондай-ақ өмірбаяндары мен отбасындағы тәрбиелерін, оқу-тәрбиелік процесс барысының жағдайын зерттеуі тиіс.

тәрбиеленушілерді жоспарлауға қатыстыру. Оның формалары: сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар, ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы.

алда тұрған оқу жылы күнтізбесінің атаулы күндерін зерттеу.

барлық оқу пәндерін тереңдете оқуға көмектесетін экскурсиялар, мұражайларға, көрмелерге бару, пәндік апталар, онкүндіктер өткізу, т. б. қажеттігін анықтау

Slide 13

Тәрбиеші тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегідей ұстанымдар жиынтығын ескеруі қажет:

2

3

4

5

6

1

Мақсат.

Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері

Сынып ұжымының қызығушылықтары

Жоспарланатын істің жүйелігі.

Әртүрлі әдістер мен формаларды қолдану

Жоспарлаудың шығармашылық сипаты

Slide 14

Перспективалық жоспарды түрлі бағытта жасауға болады

Сынып оқушыларына мінездеме.

Тәрбиелік міндеттер.

Саяси мәдениетін қалыптастыру.

Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, тәрбиелеу.

Ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеу.

Халықтық салт дәстүр негізінде тәрбиелеу.

Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру.

Өз еліне, атамекеніне сүйіспеншілік және халықтардың достастығын құрметтеуге тәрбиелеу.

Еңбекке, іскерлікке баулу.

Әсемдікке тәрбиелеу.

Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие.

Экологиялық және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Slide 15

талдау барысында тәрбие жұмысының нәтижесі мен тұжырымын білу;

тәрбиелік және ұйымдастырушы-педагогикалық міндеттерді білу;

тәрбие жұмысы бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің сипаттамасы мен кеңестерін, материалдарын білу;

әр елдің, қаланың, мектептің озық тәжірибелерін білу;

ата-аналар мен көпшіліктің мүмкіндіктерін;

кәсіпорын, мәдениет мекемелерінің тәрбиелік қуаты;

оқу жылының дәстүрлі мерекелерін;

ел, қала, ауыл өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды;

ұлы адамдардың өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды;

мектептің дәстүрін;

педагогтардың, оқушылардың, ата-аналардың ұсыныстары.

Тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегілерді ескеру қажет:

Slide 16

Тәрбиешінің ата-аналармен жұмысында берілетін кеңес

1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу

2. Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай жай түсіндіру


Ұқсас жұмыстар
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ
Тәрбие жұмыстарын жоспарлау
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын
Бизнес жоспардың негізгі бөлімдері
Бизнес - жоспардың бөлімдері
Абсолютті шамалар
Бизнес жоспардың міндеттері
Сынып жетекшілерге әдістемелік көмек
Сапалы талдаудың міндеті тәуекелділіктің факторын анықтау
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz