Шошқа тілмесі, патморфологиясы




Презентация қосу
Тақырыбы: Шошқа
тілмесі, патморфологиясы
Шошқа ТІЛМЕСІ – шошқаның жұқпалы ауруы. Қоздырғышы Erysіpelothrі іnsіdіosa бактериясы.
Көбінесе 3 – 12 айлық торайлар жиі ауырады. Шошқа тілмесі жылқы, сиыр, қой, ит, т.б. жануарларға
да жұғуы мүмкін. Шошқа тілмесі ауру және денесінде ауру қоздырғыштары сақталған шошқадан,
кемірушілерден, насекомдардан, азық, су, құрал-саймандар арқылы жұғады. Аурудың өте қатты
түрінен шошқа бірнеше сағатта өледі. Ауырған шошқаның температурасы 41°С-қа көтеріледі,
асқазан қызметі бұзылады, жүрегі қатты соғады, терісінде қызғылт дақ пайда болып, кейін қызарып
ісінеді. Аурудың созылмалы түрінде шошқаның іші өтеді, арықтап, буындары іседі. Емдеу жолы:
тілмеге қарсы арнайы сарысу және антибиотиктер егеді. Алдын алу үшін 2 – 4 айлық торайға
вакцина егіп, 4 – 5 айдан соң қайталайды. Шошқалардың тұратын жеріне дезинфекция жасалып,
кемірушілер мен насекомдардан тазартылады. Шаруашылыққа карантин қойылады
Ауру қоздырушысын алғаш анықтап, ажыратып жазған Р. Кох ( 1878 ),
Леффлер ( 1881 ), Л,Пастер және Л.Тюлье ( 1882 ). Микробты қоян
организмінен өткізіп, тірі вакцина даярлаған Л.Пастер ( 1883), ал тілмеге
қарсы қан сарысуын ұсынғандар Лоренц пен Лепланш ( 1885). Кейіннен
Д.Ф.Конев 1899 ж. Өзінің атымен аталған вакцинаны, ал Виноградник ВР –
2 вакциналық штаммды ұсынады. Инфекциялық ауру адамзатқа ерте
замманнан белгілі. Егерде осы уақытқа дейін ауру мал шаруашылығында
көп шығынға алып келсе және адамдардың арасында таралатын болса, онда
эпизоотияның мөлшері қандай болатының ескерсек, инфекциялық
аурулардың және олармен күресу жағдайы дұрыс жасалмаған жағдайда.
Жұқпалы аурулармен күресу шараларын зерттеу ерте заманнан бері белгілі.
Басқа жұқпалы аурулардың арасында жануарлардың инфекциялық аупуы
бацилалық тілме, шошқа қызылшасы деген атпен белгілі болған. Сонымен
қатар жануарлардың, шошқалардың қызылша ауруынан медицинада
зризипелоидом, ал шошқаларда бациллалық тілме сібір жарасынан, тифа
және басқа аурулардан ажыратып баламаған. Спинола 1842ж. Шошқа
аурулары атты еңбегінде ең алғаш шошқа тілмесін, сібір жарасынан
ажыратқан. 1869 жылы Карстеном және Гармсом зерттеу жұмыстарында “
Rotla des Shweines” деген атпен шошқа тілмесі дербес ауру екенін анықтады.
Өлім көрсеткіші жоғары – 55 – 80 %. Шаруашылық субъектісіне
қоздырғыштарды ауру, ауырып жазылған шошқалар, сонымен бірге ауру
жануарлардың бөлінділерімен ластанған заттар таратады. Шошқаның
тілмесінің қоздырғышы сырттан келмесе де, бактерия тасығыш –
шошқалардың арасынан, сыртқы ортаның жағымсыз факторларынан
( көлікпен тасымалдағанда, күн ыстықта арасынан айдағанда,
шошқалардың денелері ыстықтағанда немесе тоңғанда, азықтандыру түрін
кенет өзгерткенде, күн өткенде және ауаның жоғары ылғалдығында ) ауру
шығуы ықтимал.
Қоздырушының морфологиясы және тинкториялдық қасиеті.Шошқа
тілмесінің қоздырушысы0,2 –0,3 x 0,5– 1,5мкмкөлеміндегі қысқа, үйлесімді,
түзу немесе аздап иілген таяқшалар. Шошқа тілмесінің бактериялары негізгі
анилин бояуларының кәдімгі ерітінділерінің бәрімен жақсы боялады.
Факультативті аэроб; грам оң, қозғалмайды; спора және капсула түзбейді.
Мүшелердің жағындыларында қоздырушы жеке – жеке немесе шоғырымен
еркін немесе лейкоциттердегі қосылма түрінде орналасады. Кейде ұзарған
таяқшалар немесе қысқа жіпшелер кездеседі (негізінен ЕПС-да); созылмалы
түрінде, көбінесе веррукозды эндокардитте, жағындыларды жиі ұзын
жіпшелер, кейде грам бойынша оң жақсы боялмайтындары табылады.
Өсінділік және биохимиялық қасиеттері:
Тілме қоздырушысы 35 – 37ºС температурада, 7,2 – 7,4 pH-пен қарапайым
қоректік орталарда (ЕПА, ЕПС) жақсы өседі. Қоректі орталарда өсуі 24
сағаттан кейін, ал кейде 48 – 72 сағаттан кейін көрінеді. ЕПА-да, сонымен
қатар ұйыған қан сарысуында тілме қоздырушысы ұсақ, мөлдір,
иризирленген, кейде сұрлау реңді, дөңгелек, тізбек (S-формалы)
шықтарының тамшыларына ұқсас түрінде өседі.
Қоздырушының төзімділігі:

Тілме бактериялары сыртқы әсерлерге едәуір төзімді. Шіріген материалда қоздырушы
айлап сақталады, бөлме температурасындағы жарықта құрғатылған заттық шыныда
микроб өміршеңдігін 14 күнге дейін сақтайды. Тікелей түскен күн сәулесі тілме
өсінділерінің тіршілікке қабілеттілігіне және бірінші кезекте уыттылығына жойымды
әсер етеді. Тілме бактерияларын 70ºC температураға дейін қыздырғанда 5 – 10 минутта
өледі, етте біршама ұзақ сақталады; қоздырғышты жою үшін еттің бөлікшесін қайнату
2½ сағаттан кем емес уақытта жалғасуы керек. Етті тұздағанда және қақтағанда тілме
таяқшалары 3 – 6 ай бойы жойылмайды. Дезинфекциялаушы дәрілердің қарапайым
ертінділері қоздырушыны бірнеше минут арасында жояды.

Патогендігі және жұғу жолдары:

Тілме жаз айында шошқалар жайлымда болатын кезінде жұғу процесі жүреді.
Шошқалар алиментарлық жолмен – жер бұзылғанда және әр түрлі зарарланған өсімдік
және жануарлар қалдықтарын жегенде жұқтырады. Әсіресе бұл жағынан нашар
көмілген өліктер қауіпті. Сонымен қатар азықпен (еттік жануарлар), шошқалар
зарарланған балшықтарда жатқан кезде тері арқылы жұқтыруы мүмкін. Аурудың
бірінші жағдайлары пайда болған кезде, табынның жұқтыруы тікелей жанасу жолымен
жүреді. Көбінесе 6 айдан 12 айға дейінгі жас малдар ауырады. Қоршаған ортадағы және
бірінен бұрын жайылым топырағындағы, серуендеу қорасындағы және шошқа қора
территориясының айналасындағы қоздырушының төзімділігімен байланысты осы
аурудың тұрақтылығы эпизоотологиялық ерекшеліктердің бірі болып табылады.
Патогенезі және клиникалық белгілері:

Жасырын кезең 3 – 5 күннен аспайды. Жітіден тыс немесе ақ тілме
бірнеше сағаттың ішінде өліммен аяқталады, бірақ бұл түр өте сирек
кездеседі. Жиі жіті түрі байқалады, ол емсіз сондай – ақ көптеген
жағдайда 3 – 5 күннің ішінде жануардың өлімімен аяқталады. Жітілеу
түрі немесе есекжем зарарсыз өтеді және 10 – 15 күннен кейін
сауығуымен бітеді. Созылмалы тілме айларға созылады. Хрониктерді
шаруашылық құндылығының жоғалуына байланысты әдетте етке
сояды.Өте сирек кездесетін ақ тілме кенеттен өтуіне байланысты
клиникалық өте тән емес және аз байқалатын септикалық белгілермен
өтеді. Жіті түрдегі тілме септикалық көріністермен басталады: жоғарғы
температура, 41 - 42ºC-қа дейін және одан да жоғары, жиілеген және
ауыр тыныс алу, жиі пульс. Ауру мал төсенішке жасырынады, азыққа
бармайды, қиналып тұрады. Аурудың дамуына байланысты әлсіздік
күшейеді, бөксенің тәлтіректеушілігі пайда болады. Басында іштің
жүрмеуі байқалып, кешірек ол іш өтуге, кейде қанмен ауысады. Көздің
дәнекер қабығы қызарады, көздің қабығында құрғайтын ағулар пайда
болады. Теріде, әсіресе қарында, жамбастың ішкі беткейін басқанда
қызыл дақтар шығып тұрады (гиперемия). Қанды зерттегенде:
лейкоциттер 20000 – ға дейін және одан да көп, бірден эозинофилия -
15% және одан да көп. Жітілік терілі түрі немесе есекжем қысқа
мерзімді біркелкі қызбамен, жабырқаумен және теріде қызыл
дақтардың пайда болуымен өтеді. Дөңгелек, квадрат және ромб пішінді
дақтар тегіс қызыл көтерілуі түрінде шығып тұрады. Осындай дақтар
қатқыл тері аумағында – арқада, майында, жамбаста орналасады.
Одан әрі олар сорылып кетеді немесе некрозға ұшырап біртіндеп сау
теріден күшпен алынады. Созылмалы түріндегі тілме жіті түрдің немесе
есекжемнің жалғасы болып табылады. Хрониктердің терісінде
некротикалық аумақтарды байқауға болады, олар айтарлықтай
зақымданғанда пергамент панциріне ұқсас, қара құрғақ түрінде ауру
малдың арқасын немесе мойнын жабады. Созылмалы түрдің жиі кездесетін
асқынуы сүйелді эндокардит болып табылады. Осыған байланысты
жүректің декомпенсирленген ақауы пайда болады. Сауығуды бастап келе
жатқан сияқты малдар арықтайды, нашар азықтанады, шынтақ пен
көкірекке сүйеніп көп жатады. Тіпті бұлшықеттік күшену демікпені
шақырады және цианозбен өтеді. Жүректі аускультациялағанда
эндокардиальды шуыл естіледі. Кейде артрит байқалады. Жиі жамбас,
тұсамыс, білік буындары іседі, ыстық болып, ауырсынады, сәйкес аяққа
байланысты ақсау пайда болады.
Патологоанатомиялық белгілер:
Тілменің жітілеу түрінен өлген шошқаларды сыртынан қарағанда, терідегі
қызыл дақтар кейде предагональді цианозға байланысты дененің төменгі
бөлігінде диффузды көгерумен жасырынуы мүмкін. Көкірек және құрсақ
қуысында кейде сарылау мөлдір суықтықтық аздаған мөлшерін табуға
болады. Көзге паренхиматозды мүшелердің венозды қан көптігі түседі.
Плевраның, көк еттің сірлі қабықтарында, буйрек капсуласының, көк
бауырдың, эндо және эпикардтыңастында қан талаулар кездестіруге
болады. Өкпелер іркілген. Көк бауыр аздап үлпейген, қызыл – қошқыл түсті,
тілгенде сурет тегістелген. Асқазанның кілегей қабығы, әсіресе түбіне қарай
және ащы ішектің кілегейлі қабығының кейбір жерлері немесе диффузды
қызарған, ісінген, қан талаулар бар. Тоқ ішектің кілегейлі қабығы қабынған.
Шажырқай лимфа түйіндері ісінген, кескенде сөлді, кейде гиперемияланған.
Созылмалы жағдайларда, тері некрозынан басқа, буындардың айналасында
дәнекер ұлпалық клетчатканың ісінуін, буын қуыстарының өзінде – сұр –
фибринозды эксудат табуға болады. Жүрек қақпаларында жиі қос
қақпақтарында, өзгелерінде сирек, сүйелді немесе «түсті капустаны» еске
түсіретін фиброзды ұлғаюлар жиі көрінеді.
Аурудың жіті түрінен өлген шошқаның
өліксесі
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Шошқа тілмесі
ШОШҚА ТІЛМЕСІНІҢ ҚОЗДЫРУШЫСЫ
Эпизоотиялық ошақта жануарлар басының көпшілігі
Шошқа тілмесі. Тілме (Erysipelas Suum)
Шошка тілмесі кезіндегі қолданылатын биопрепараттар:
Жануарлардың сифункулятоздары және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралар
Гастрит жіктелуі
Гриб Сабуро агарында
ІНДЕТТІ АУРУЛАРДА ҰША
ШОШҚА ТҰҚЫМДАРЫ туралы
Пәндер