ҚАЗАҚСТАН - МАЛАЙЗИЯ ҚАТЫНАСТАРЫ


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН-МАЛАЙЗИЯ ҚАТЫНАСТАРЫ

МО-31 студенті Ұжымбек Қадырберген

Slide 2

ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР

Саяси қатынастар

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

​Мәдени-гуманитарлық қатынастар

Slide 3

Қазақстан мен Малайзия қарым-қатынасы серпінді түрде даму үстінде. Бүгінгі таңда, халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында көпжақты келіссөздер сәтті жалғасуда. Қос мемлекетте де өзара әрекеттесу потенциалы бар, сондай-ақ саяси, экономикалық және әлеуметтік мәдени даму бағыттары ұқсас. Екіжақ өздерінің сыртқы саяси бастамаларын жүзеге асыру мақсатында бір-біріне белсенді түрде қолдау береді.

Саяси қатынастар

Slide 4

Малайзия Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 1991 жылдың 31 желтоқсанда мойындады. Қазақстан мен Малайзия арасындағы диломатиялық қатынастар 1992 жылдың 16 наурызда орнатылды.

1996 жылдан бастап Куала-Лумпур қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі өз қызметін атқаруда. 2019 жылдың 9 мамырда Елбасының Жарлығымен - Болат Бәриұлы ИМАНБАЕВ Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі болып тағайындалды.

Малайзияның Қазақстандағы Елшілігі 1996 жылдың желтоқсан айында ашылды. 2017 жылдың 21 ақпаннан бастап Малайзияның ҚР Елшісі болып Саид Мохамад Бакри Саид Абдул Рахман тағайындалды.

Slide 5

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда-экономикалық ынтымақтастық екі жақты қауымдасудың маңызды компоненті болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында, малайзиялық компаниялармен және инвесторлармен бірлесе отырып, 1 млрд. АҚШ доллары қаражат мөлшерінде мұнай-газ, ауылшаруашылық және құрылыс салаларында жобалар жүзеге асырылуда.

Slide 6

Тауар айналымның серпіні: 2016 жылы өзара сауда айналым мөлшері 84 млн. АҚШ долларын құрады. (2015 жылы - 96, 9 млн. АҚШ доллары), оның ішінде ҚР экспортының үлесіне 0, 112 млн. АҚШ доллары, ал Малайзия импортынан 83, 8 млн. АҚШ доллары бөлінді.

ЭКСПОРТ

Қазақстан экспортының құрылымы:қара металл өнімдері, геодезиялық және өлшеу аспаптары, құрал-жабдықтар, құбырға арналған фитинг.

ИМПОРТ

Қазақстан импортының құрылымы:пальма майы, майлау материалдары, резеңкеден жасалған бұйымдар, киім, жиһаз, электроника мен электротехникалық тауарлар, аспаптар мен қосалқы бөлшектер.

Slide 7

Қазақстан-Малайзия ынтымақтастығы мәдени-гуманитарлық салаларда жоғары белсенділігімен белгіленеді. Осы бағытта екі мемлекеттің рухани жақындылығын арттыру мақсатында ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен шығармашылық топтардың концерттері, музыкалық және мәдени фестивальдар, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.

​Мәдени-гуманитарлық қатынастар

Slide 8

2012 жылы Малайзияның Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиеті орталығы ашылды.

Қазақстандық шығармашылық ұжымдар белсенді түрде Сабах штатында жыл сайын өткізілетін «Sabah International Folklore Festival» атты халықаралық фольклорлық фестивальға қатысады.

Қазақстандық «Astana Pro Team» кәсіби велосипедшілер командасы «Tour de Langkawi» атты Малайзиялық вело жарыстарда тұрақты түрде қатысып отырады.

Slide 9

MATERIALS

Қазақстан және Әлем елдері. Кітап-альбом. -Алматы: Өнер баспасы, 2007. 136-140 б.

http://mfa. gov. kz/kz/content-view/sotrudnichestvo-respubliki-kazakhstan-c-malajziej


Ұқсас жұмыстар
2009 жылғы мәлімет бойныша қала тұрғын саны
Мемлекет нысаны түсінігі - мемлекеттану ішіндегі негізгілердің бірі
Шет елдердің ұлттық валютасы
АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫ – НЕСИЕЛІК МЕКЕМЕЛЕРІ
Ипотекалық несие
Ұлтаралық компаниялардың дүние жүзі экономикадағы ролі
Цифрландыру динамикалық үдеріс
Мемлекет басшының Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер Жолдауының жүзеге асуының маңызды факторы - цифрлық технология
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ
Жер пайдалану құқығы және жерге өзге де құқықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz