Бұлтты және мобильді технологиялар: концепциясы, бұлт модельдері және мобильді байланыс стандарттары


Slide 1

Бұлтты және мобильді технологиялар

Орындаған МО-11 тобының студенттері:

Исабеков ж. с.

Төлеухан А. С.

Slide 2

Бұлтты технология - қызмет көрсететін әртүрлі ұғымдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама. Бұлтты технология тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайн жағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.

Slide 3

Пайдаланудың тиімді жақтары:

Үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;

Тұтынушы компьютерлік құрылғының осалдығына немесе оның сынып, бұзылуына немесе жұмыс істейтін программаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды;

Тұтынушы кез келген жерден, кез келген уақытта ғаламторға қосылған кез келген компьютерлік құрылғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады;

Тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады;

Slide 4

Басқа программалардан айырмашылығы

Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі программалармен жұмыс істеуден басты айырмашылығы- тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне ғаламтор-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында.

Slide 5

«Есептегіш бұлттар» мақсатына қарай мынадай төрт түрге бөлінеді:

Жеке бұлттар (private cloud)

Ортақ бұлттар (public cloud)

Қоғамдық бұлттар (community cloud)

Аралас бұлттар (hybrid cloud)

Slide 6

Жеке бұлттар (private cloud) - жеке кәсіпорындарының өзіне ғана, сондағы жеке тұлғалар мен олардың тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Жеке бұлттар сол кәсіпорынның өздеріндегі серверлерде орналатылуы мүмкін. Немесе сыртқы тұлғаларда - ірі провайдерлердің сервер орталықтарында (Data-center) орналасып, VPN-каналы арқылы қолжетімді болуы мүмкін.

Slide 7

Ортақ бұлттар (public cloud) - көпшілікке арналған, олардың интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Интернет желісіндегі Google, Yahoo т. с. с электрондық пошта жүйелері, Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желілерді Ортақ бұлттардың мысалы ретінде қарауға болады.

Slide 8

Қоғамдық бұлттар (community cloud) - ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфраструктура.

Slide 9

Аралас бұлттар (hybrid cloud) - екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас комбинациясын атауға болады. Бұлт түрінің осы моделін географиялық түрде әр жерде орналасқан филиалдары бар, немесе көптеген бағдарламалық жүйелері бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.

Slide 10

Мобильді технологиялар

Мобильді технологиялар - бұл кітапхананың жаңа қызметі, тәжірбиелік біліктілік, келешек. Қазіргі заманда адамдар интернет желісіне ұялы телефондар және портативті компьютерлер көмегімен кіріп, керек ақпаратқа қол жеткізе алады.

Slide 11

Мобильдік ақпараттық технологияларға осылар жатады:

GSM және UMTS - байланыс стандарты

WAP - cізге ұялы телефоннан интернеткекіруге мүмкіндік беретін хаттама

LTE - деректерді беру технологиясы

Wi-Fi - сымсыз мобильді интернет

Slide 12

GSM - каналдары уақытша және жиілікке бөлінген, әлемдегі цифрлық ұялы байланысының стандарты.

1980-ші жылдардың соңында Еуропалық электрбайланыс стандарттау институтының (ETSI) қамқорлығымен құрылды.

Slide 13

WAP - бұл интернеттің ресурстарын тек қана ұялы телефон арқылы, компьютердің және / немесе модемнің көмегінсіз қолдануы.

Slide 14

LTE - ұялы телефондарға және деректермен жұмыс істейтін басқа терминалдарға стандартты жоғары жылдамдықпен деректерді беру. Ол GSM / EDGE және UMTS / HSPA желілік технологияларына негізделген, сонымен қатар басқа әуе интерфейсін пайдалану себебінен өткізу қабілетін және жылдамдығын арттырады.

Slide 15

Wi-Fi - IEEE 802. 11 стандарттарына негізделген құрылғылардағы сымсыз LAN технологиясы. Wi-Fi логотипі - Wi-Fi Alliance компаниясының сауда белгісі. Wi-Fi аббревиатурасы бойынша (ағылшын тіліндегі «Wireless Fidelity» сөзінен «сымсыз дәлдік» деп аударуға болады), қазіргі кезде сандық деректерді ағындарды радио арналардан таратудың барлық стандарттарының отбасы әзірленуде.

Slide 16

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Бұлтты және мобильді технологиялар: платформалар, виртуализация, бұлттық сақтау және ұялы байланыс стандарттары
Мобильді технологиялар стандарттары мен бұлттық технологияларға шолу
Бұлтты және мобильді технологиялар: қызметтері, түрлері және артықшылықтары
Бұлтты есептеу технологиялары: даму тарихы, сервистік модельдер және мобильді операторлардың қолданылуы
Бұлттық есептеулер мен мобильді технологиялар: тарихы, қағидалары және сипаттамалары
Мобильді қосымшаны әзірлеу: құралдар, интерфейс жобалау және әзірлеу кезеңдері
Бұлтты есептеулер индустриясының жаңа бағыттары, модельдері мен артықшылықтары
Мобильді репортаж: веб-ресурстар мен құралдардың журналистік қолданылуы
Транспозондар мен мобильді генетикалық элементтердің жіктелуі, қозғалыс механизмдері және биологиялық рөлі
Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz