Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық-құқықтық режимі: ұғымы, түрлері және мемлекеттік реттеу


Slide 1

Тақырып атауы: ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ

Slide 2

ЖОСПАРЫ

1. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚ ТҮСІНІГІ.

2. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗІРЕТІ.

3. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚ ЗАҢДАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЗАМАТ/ША ЛАРЫҢ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ.

Slide 3

САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ

СТУДЕНТТЕР 3 ТОПҚА БӨЛІНЕДІ.

ӘР ТОПТЫҢ АТАУЫ ЖЕРЕБЕ ТАРТЫЛУМЕН АТАЛЫНАДЫ.

КЕЗЕҢ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЙДЫ.

ВИДЕО СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРЕДІ

Slide 4

1. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚ ТҮСІНІГІ

Slide 5

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

Қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8, 5 %-ына тең.

Slide 6

Халықаралық жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді:

1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғылыми резерваттар;

7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау

5. Қорғалатын ландшафтылар;

6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар;

10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.

2. Ұлттық саябақтар;

4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар;

3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары;

8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар;

9. Биосфералық

резерваттар;

Slide 7

Мемлекеттік табиғи қорықтар

Slide 8

Қорықтар:

1 Ақсу-Жабағылы қорығы

2 Наурызым қорығы

3 Алматы қорығы

4 Барсакелмес қорығы

5 Қорғалжың қорығы

6 Марқакөл қорығы

7 Үстірт қорығы

8 Батыс Алтай қорығы

9 Алакөл қорығы

10 Қаратау қорығы

11 Дереккөздер

Slide 9

Табиғи қорықшалар

Табиғи қорықшалар - белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді.

Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.

Slide 10 Slide 11

Табиғат ескерткіштері

Табиғат ескерткіштері - көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т. б. ) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т. б. табиғат ескерткіштері бар.

Slide 12

Табиғи резерваттар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі - табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді.


Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білім беру, қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың Қазақстандағы маңызы
Экологиялық білім беру: этикалық және эстетикалық проблемалар мен Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызы
Экологиялық білімнің этикалық-эстетикалық мәселелері және Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары
Экологиялық білімдегі этика мен эстетика, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биосфераның ноосфераға айналуы
Экологиялық білім беру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және табиғатты ұтымды пайдалану: этикалық, құқықтық және ғылыми негіздер
Экологиялық білім мен тәрбие: этикалық-эстетикалық мәселелер және ерекше қорғалатын табиғи территориялардың маңызы
Экологиялық білімдегі этикалық-эстетикалық мәселелер мен ерекше қорғалатын табиғи территориялардың маңызы
Жердің экологиялық құқықтық режимі: ұғымы, пәні және жер пайдалану құқығы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жер бөлу ерекшеліктері және олардың болашақтағы қорғалуы мен қолданылуы
Экологиялық білім берудегі этикалық-эстетикалық мәселелер және ерекше қорғалатын табиғи территориялар: биосферадан ноосфераға өту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz