Исатай бейнесі



Махамбет, Махамбет. . . Білмеймін жел ме, сел ме Жырлар онымен бір тұлға теңесер ме. . . Әділетсіз дүниенің қабырғасын Махамбетше сөгер жан кездесер ме. . Ф. ОҢҒАРСЫНОВА
Махамбет Өтемісұлы

ӨМІРБАЯНЫ
Махамбет Өтемісұлы - 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. - 20. 10. 1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерленген . Қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан. Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге келді. Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен. Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекшісінің түрмесіңде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды. Осылайша Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтағаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруға күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақовтың жалдамалыларының қолынан қаза тапты.

Көтерілістің негізгі себептері:
- Ақшалай салықтың өсуі;
- Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі;
- Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі;
- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
Көтерілістің басты мақсаты
Хан озбырлығына шек қою.
Шаруалар жағдайын жақсарту.
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.
Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық отаршылдыққа қарсы.
Көтерілістің барысы. Көтерілістің кезеңдері- үш кезеңге бөлінді.
Бірінші кезең: 1833-1836 жылдырға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңі ретіңде сипатталады.
Екінші кезең: көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап олардың жеңіліске ұшырауына дейінгі-1837 ж. қарашаның орта шеніне дейінгі кезең.
Үшінші кезең: Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтық сол жағалауына өтуінен (1837 жылдын желтоқсанынан 1838 жылдың шілдесіне дейін көтерілістің жеңілуі) .

Көтерілістің жеңілу себептері.
Үстем тап өкілдерінің опаздығы. Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмады. Қару - жарақтың теңсіздігі.
Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі. Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күші басым болуы. Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.
Көтеріліс жергілікті (локальдық) сипатта болды. Нәтижесі:
• Салық мөлшеріне шек қойылды. • • Патша үкіметі қазақ старшиндарымен санасатын болды. • • Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді. • • Қазақ феодалдарының отаршылдық басқару мен байланыста екенін көрсітті. • • Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды. Көтерілістің тарихи маңызы.
1836 - 1838 жылдардағы көтерілістің тарихи маңызы зор болды.
1. Жәңгір хан және оның маңайындағылрдың озбырлығына белгілі дәрежеде шек қойылды.
2. Патша үкіметі аз болса да, көтеріліске қатысқан қазақ ауылдарының мүдделерімен санаса бастады.
3. Көтеріліс қазақ үстем тап - феодалдарының опасыздығын дәлелдеді.

Өлеңдерінің тақырыбы
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани- поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт- азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т. б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман- мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т. б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан- жақты сипатталды. Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арнаған 106 өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн жағынан байыта, жетілдіре түсті. Махамбеттің лирикалық өлеңдері, көбіне, толғау, жыр, терме үлгісінде жазылды. Исатайға арнаған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Махамбет шығармашылығы қазақ поэзиясы жанрларының қалыптасуына (сатира, элегия, монолог, арнау, т. б. ), стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты.

Ақын өлеңдері жанры жағынан былай жіктеледі
Лирикалық өлеңдері
Шешендік толғаулар
Жоқтау
Риторикалық сұрау
Азаттық идея, азаматтық үн
Саяси лирика( толғау, жыр, терме)
«Жалған дүние», «Аймақ көл», «Ұл туса», «Аспандағы бозторғай», «Арғымақтың баласы»
«Абайламай айырылдым», «Мұнар күн», «Тарланым», «Қызғыш құс», «Арғымаққа оқ тиді».
«Орай да борай қар жауса», «Беркініп садақ асынбай», «Жалған дүние», «Қайда бар?».
«Ереуіл атқа ер салмай», «Атадан туған ардақты ер», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын».

«Жұмыр-Қылыш» күйінің шығуы:
Исатай өлгеннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағы да күш жинап, ханнан кегін алу үшін Жайық бойындағы Байбақты еліне барады. Ол жақта Жұмыр (шын аты Садыр) және Қылыш деген батырлармен кездесіп, жолдас болады. Жасырынып жүрген, жанына екі батырды ерткен Махамбет Байбақты ауылының төрелерімен отырған Баймағамбет Айшуақовтың үстінен түседі. Баймағамбет сұлтан Махамбетті ұстауға әрекет жасайды. Сол кезде Жұмыр мен Қылыш оны арашалап, ұстатпай, топтан аман алып кетеді. Махамбет осы оқиғаға байланысты «Жұмыр - Қылыш» күйін екі батырға арнаған.

Мен, мен едім, мен едім
Халқы үшін семсерімен де, сөзімен де қайрат көрсеткен, сол жолда құрбан болып, шаһит кеткен Махамбет батыр «Мен, мен едім, мен едім» өлеңінде өз бейнесін ашады:
Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан,
Ел құтқарар ер едім,
Жандаспай-ақ бір тынбан,
Томағалы сұңқар мен едім, -
Толғамалы найзамен,
Толықсып жауға шапқанда,
Бір озғанмын жұртымнан.

Мұнар күн
Шығарма жанрының түрі: поэзия
Өлеңнің тақырыбы: ел қамын жеген ер бейнесі
Идеясы: Исатай өлгеннен кейін жабырқау көңілмен жазған өлеңі еді.
Шумақ саны: 1
Тармақ саны: 38
Бунақ саны: 3
Буын саны: 8
Ұйқас түрі: Аралас ұйқас
Өлеңде кездесетін әдеби-теориялық ұғымдар:
Теңеу - Құба арлан Жаңбырдай Бұландай Судай Зымырандай
Дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл
Аллитерация - Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Буыршын мұзға тайған күн.
Бура атанға шөккен күн.
Бұлықсып жүрген мырзадан,
Бұрынғы дәулет тайған күн
Ассонанс Он сан байтақ бүлген күн
Ортақ белін сырланған
Оқ жаңбырдай жауған күн.
Оң қанатын теріс жайып
Эпитет -«Бұрынғы бақыт тайған күн», «Буыршын мұзға тайған күн», «Мұнар күн», «Шұбар күн» Алма мойын ару Құба арлан т. б
Тәрбиелік мәні:

1837 жылы Исатай мен Махамбет Жайықты жарып өткен соң қасындағы қырық жолдасымен далаға қонады. күн суық боран екен. Ертемен тұрса батырлар қар астында тоңып қалған екен. Сол заманда Бөкейлік қазақтары едәуір тәрбиелі екен. Сол кезде едәуірі тастан, ағаштан салған үйде, шайға үйреніп қалған. Етіктің орнына елдің бірқатары кебіс-мәсі киеді екен.
Далада қонып, тоңып тұрған жігіттердің көбі жылы үйді, жұмсақ төсекті, қызыл шайды жоқтайды.
Сонда Исатай айтыпты -мыс: «Ай, жігіттер! Қазақ жұртына сәлем айтыңыз! Ел болам десе-құс төсек төсенбесін, шай ішпесін, қималы етік кимесін», -деп.
Қималы етік деп кебіс-мәсі айтқан. Сол уақытта Махамбет осы өлеңді айтып жолдастарын жұбатқан дейді.
Ереуіл атқа ер салмай,
Еңку-еңку жер шалмай, -
деген жолдарымен «еңку-еңку» барар жолдың айшылық алыстығының әрі ауырлығын жеткізетін болса, «еңкудің» қайталану күшейткіш мәнге ие болған. «Еңку-еңку» жер қалайда игерілуі керек. Егер де оның игерілу міндет болмаса, ол өлеңге осыншалық аса мән беріліп айтылмас та еді. Осы игеруге ұмытылдырып тұрған қажеттілік - азаттық үшін күрес.
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ірімей
Тебінгінің әбден тер сіңіп, шіріп тозатындай, ал терлігінің майдай іріп, яғни, үгітіліп таусылатындай шаққа жету үшін қанша жаз бен қыс өтетінін айтады. Төзімділіктің өзінің тоз-тозы шыққанын көрсету арқылы ақын ұзақ уақыттың суретін қашап шықты.
Өзіңнен туған жас бала,
Сақалы шығып жат болмай-
деген де уақыттың көрсеткіші Баланың өзі шал болуы азаттық үшін күрестің ұзақ, бір ұрпақты қартайтатындай, алайда сенің оған шыдауың керек екенін баса айтады. Бұл- бостандыққа кететін уақыт
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай
Көтерліске шығар болса, көретін азабын шынайы жыр арқылы айқын анық жырлап тұр.

Махамбет бейнесі
Махамбет өлеңдерінде «Мен» сөзі жиі қолданылады. Ондағы «Меннің» мәні ерекше. Бұл өлеңдегі «Меннің» астарында мол сыр бар. Мағынасы терең. Мұндағы «Мен»-Махамбеттің бүкіл болмысы, Махамбетттің күрескерлік әлемі, Махамбеттің батыр жүрегі. Осы «Мен» арқылы оның ісі, күрескерлігі, ерлігі, елге деген махаббаты, елдің тәуелсіздігіне деген жауапкершілігі, дұшпанына деген ыза-кегі көрінеді. МЕН - мақсаты анық, мұраты айқын, ойы нық болмыс. МЕН - елін Еділдің бойы ен тоғайға қондырсам деген асыл арман иесі. МЕН - кескілеспей басылмайтын, боз ағаштан биік батыр. МЕН - ойшыл, дана. Елі мен жері үшін мазаланған тұлға. МЕН -ғұмыры күйзеліспен, құсалықпен өткен жан.

Мен-кескесті ердің сойымын Мен-кескекті ердің сойымын, Кескілеспей басылман. Алдыңа келіп тұрмын деп, Ар, намысым қашырман. Байеке, сұлтан, ақсүйек, Қыларың болса, қылып қал, Күндердің күні болғанда Бас кесермін, жасырман! Мен-тауда ойнаған қарт марал Табаным тасқа таяр деп Сақсынып шыққан қиядан. Мен- бір шарға ұстаған қара балта едім. Мен-ақсұңқар құстың сойы едім

Махамбеттің асқар таудай аға тұтып, ерге тірек, халыққа көсем санаған, қаза тапқаннан кейін де аруағын ардақтап өткен адамы-Исатай. Ол туралы өлеңдері көп. "Тарланым", "Міткен ер", "Тайманның ұлы Исатай", "Мұнар күн", "Соғыс", "Исатай деген ағам бар!, т. б. тікелей Исатайға арналған. Батырдың халық жолындағы қаһармандық істері, адами асыл қасиеттері, көтерілісшілер арасындағы зор беделі, келісті келбетіне дейін осы өлеңдерде желі болып тартылып жатыр.

Махамбетің Исатайға арналған өлеңдері
1. Тайманның ұлы Исатай 2. Исатай деген ағам бар 3. Тарланым 4. Мінкен ер 5. Мұнар күн 6. Ұлы арман 7. Біртіндеп садақ асынбай 8. Ереуіл атқа ер салмай 9. Арғымаққа оқ тиді 10. Мінгені Исатайдың ақ табан-ай 11. Исатай сөзі 12. Арыстан одан кім өткен?

Исатай бейнесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz