АСТАНА - БАС ҚАЛА


Slide 1

АСТАНА-БАС ҚАЛА!

Астана - Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 852 985 адам тұрады (1 қаңтар 2015) . Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігіндеАқмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие

Slide 2

Бәйтерек

Slide 3

Бәйтерек - Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Техникалық сипаттамасыМеталлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4, 8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон»әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті - «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» - қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі

Монументтің авторлары

«Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А. Рүстембеков (топ жетекшісі), С. Базарбаев пен Ж. Айтбалаев, инженер-конструкторы М. Вахштейн, интерьер дизайншысы А. Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ құрылыс компаниясы (бас директоры В. Т. Кананыхин) салды. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыңэскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Астана қаласында Сәулетшілер одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде “Бәйтерек” кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді

Slide 4

Дүние жаралғалы, адам санасы орныққалы бері, ақылға жеңдіре бастағаннан-ақ, жарық жалғанда пенделердің дұрыс өмір сүруіне арқау болып келе жатқан ислам, христиан, буддизм және иуадизм секілді төрт негізгі діннің түсіністікке талап қалуын білдіретін төрт қырлы Пирамида Елордамыздың төрінде тұр. Елбасымыздың дана саясаты осындай жеміс берді. Пирамида Қазақстандағы ғұмыр кешіп жатқан 130 ұлттың және 40- тан астам конфессиялардың келісімдері мен татулықтарының да символы. Сондығынан ол Бейбітшілік пен келісім Сарайы деп те орынды аталды. Атақты ағылшын архитекторы Нормен Фостердің жобасы әлемнің барлық құрлықтарынан байқауға келіп түскен 48 туындының арасынан жеңіп шыққан . Астана Пирамидасының биіктігі 75 метр де, аумағы 25, 5 мың шаршы метр. Пирамида ішінде 1350 көрерменге арналған опера залы, сахнаның алдында 80 адамдық оркестр орыны бар. Ғимараттың ортағы бөлігінде Атриум залы, Бесік залы орналасқан. Астанадағы Пирамиданың сырт тұлғасы Египедтегі алып құрлыстарға ұқсағанымен, оның ішкі мазмұны мен салыну мақсаты тек қана адамзат бақытына арналған. Оны салғандар еркін елдердің бостан азаматтары.

Slide 5

Астана Арена - Қазақстанның бас қаласы Астанада орналасқан стадион. Бұл стадионға 30 000 көрермен сияды. Әлемдегі қозғалмалы шатыры бар алты стадионның құрамына кіреді.

Стадион бастапқыда, ресми ашылу күнінде де қазақтың атақты күрескері Қажымұқан Мұңайтпасұлының құрметіне Қажымұқан Стадионы деп аталған. Кейінірек, стадион оның ағымдағы Астана Аренаатауын алды. Стадион, ең алдымен футболға бағытталған, бірақ оңай елдің сүйікті спорт түрлеріне, соның ішінде күрес, дзюдо және бокс, басқа да спорт іс-шараларға, бейімделген болуы мүмкін. Арена 33 000 орындық екі деңгейлі құрылымы бар ірі амфитеатр ретінде ойластырылған: 16 000 орындық төменгі террассалар, қоршаған, және 17 000 орындық жоғарғы жағдай, батыс және шығыс жағында ілулі.

Жылжымалы шатыры 20 минутта ашылып-жабылады

Тарихы

"Астана Аренада" 2009 жылдың 3 шілдеде ашылған болатын және бұл стадиондағы ең бірінші ойыны сол күні Локомотив (Астана) пен Қазақстанның жастар құрама командасы арасында өткен болатын. Бұл ойынның төрешісі әйгілі италяндық Пьерлуиджи Коллина болатын, ал доппен алғашқы соққыны Қазастанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев орындаған болатын. Осы екі командалардың кұрамында, өздерінің ойыншыларыменен қатар, қонаққа шақырылған "жұлдыздарда" ойнаған болатын. Қазақстанның жастар құрама командасына - Грузия құрамасының және италяндық "Милан" клубының қорғаушысы Каха Каладзе мен Украин құрамасының шабуылшысы Андрей Шевченко, ал «Локомотив» құрамында - атақты түрік ойыншылар Хасан Шаш және Хакан Шүкур ойнады.

VІІ қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты

7-ші Азиада қысқы ойындарының салтанатты ашылуы осы "Астана Аренада" өткен болатын.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Жарасқан Әбдірашев - қазақ ақыны
Бүгінде Астана - болашақтың каласы
Оқушылардың сабаққа
Мәтін туралы түсінік
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАС ҚАЛАСЫ
БІЛЕСІҢ БЕ ЕЛОРДАНЫҢ ТАРИХЫН?
Астана қандай қала
Астана елдің –жүрегі
Кеңес Одағы жылдары қала атауы
Әсем қала
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz