Ацтектер тайпасы



Ацтектер тайпасы

Ацтектер (көне атауы - әстектер, науа) - Мексикадағы үндіс халқы. Моңғол расасының америкалық нәсіліне жатады. Ацтек, испан тілдерінде сөйлейді, жазуы - латын алфавитіне негізделген, христиан (католик) дінін тұтынады. Жалпы саны - 1, 2 млн. адам. Ацтектер
Аңыздарда Ацектердің Астлан (Бірқазан) деген елден шыққаны айтылады. 12 ғасырда басқа да көшпелілермен бірге Ападак жазығындағы отырықшы халықтарды жаулап алған. Ацектердің шығу тегі жөнінде 1980 жылы өте қызықты, батыл пікірлер айтылды. Оған қарағанда Ацектертер Орталық Азиядағы остяктармен (“әстек”) туыстас. [Азия] мен Америка құрлығы Беринг көпірі арқылы жалғасып тұрған кезде Моңғол нәсілді Ацектердің арғы аталары Азиядан Америкаға өткен. 1325 жылы Теночтитлан мемлекетін - қазіргі Мексиканы құрады, 1427 жылы Андан жазығын, соңынан Мексиканың орталық, батыс, Оңтүстік жағын тұтас бағындырып, 15 ғасырдыңортасында күшті мемлекеттік болған. Суармалы егіншілік түрі кеңінен қолданылған. Жүгері (майс), бұршақ дақылдары, асқабақ, мақта, агава, темекі т. б. еккен. Мақта-матаға өрнек салу, сырлы қыш құю, құс қанатынан бас киім, шекпен тоқу, мыс, алтын аптау, зергерлік, архитектура, мүсін, зертас өнері жоғары дәрежеде өркендеген. Қабырғалары одободан, қамыстан, тастан тұрғызылған, төбесі сабаннан, агава мен пальма жапырағымен жабылған бір бөлмелі үйлерде тұрады. Үйжанында булы моншалары (темоскль) болады. Саз аспаптары - флейта, барабан т. б
Ацтектердің конкистадорлармен соғысы

Ацтек жазуы
( орыс. ацтекское письмо ) - ацтектер пайдаланған, 16 ғасыр белгілі жазу. Ацтек жазуы тұтас алғанда пиктографиялық болғанымен, ондаиероглифтер элементі де аз емес. Пиктограммалардың орналасуында нақты жүйе жоқ: олар көлденен, тік немесе қарама-қарсы бағытта орналасқан. 16 ғасыр испандықтар жаулап алғаннан кейін, испан әліпбиі қабылданған кезде, дін және заң жүйесінде ацтек жазуы көпке дейін қолданылып келген

Топтық бөлініс
Ацтектер тайпасы да өзге тайпаларға баланысты адамдар дәрежесіне байланысты бірнеше топтарға бөлінген. (масеууали, пилли) Басында топтар қанмен берілмеген, кейін дәрежелері ұрпақтарына қарай берілген. Ацтек әскерлері:пиллилер бұл атақты өздерінің ерліктерінің арқасында алған. 5 құл иеленетін адамдарың(пиллилер) Ягуар дәрежесін алуға мүмкініктері болған. Кейін тлакатеккатль дәрежесін алады. Ал тлатоани болу үшін кем дегенне 17құл иеленуің керек. 18жасқа жеткенде жасөспірімдер ертеде өздері ерлік көрсетіп кім болатынын таңдаған. Кейде олвр бірігіп ерлік көрсеткен. Ондайларды ияк деп атаған.

Мексика жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастаған. Шамамен б. з. б. 1-мыңжылдықтың ортасынан бастап Орталық және Оңтүстік Мексикадағы тайпалар отырықшылыққа көшті, егіншілік, қол өнері, өнер, дін дамыды.
Б. з. бастапқы кезеңінде Орталық Американың солтүстік-батыс бөлігіне майя тайпалары қоныстанды (қара Майя мемлекеті) .
15 ғасырда бүкіл орталық Мексиканы өздеріне бағындырған ацтектер Теночтитлан қаласының (қазіргі
Мехико) негізін қалады.
Мехико қаласы - әлемдегі ең ірі және көне қалалардың бірі. Ол Мексика орталығындағы Мехико алқабында орналасқан. Қала, тарихи ескерткіштермен, тамаша мәдени туындыларымен және жыл бойы өзгнрмейтін климатымен мақтана алалады. 1500 жылға дейін Мехико ацтектердің астанасы болған. Кейін ол испан басқыншылардың қармағына өтті.
Мексика мәдениеті әлемдегі таңғаларлық тамаша мәдениет үлгісіне жатады. Ұлттық аңыз-әнгімелерден сусындаған дәстүр, әртесттік міне-құлық пен испан мәдениетінің ықпалы қосыла келіп, біргей мәдени мұраларды өмірге әкелді. Ата-баба мұрасын ерекше мұра ететін мексикалықтар ұлттық салт-дәстүрді сақтап қалуға айырықша көңіл бөледі. Қазіргі мексика музыка өнерінен ежелгі ацтектердің драмасы мен би үлгілерін тауып алу қиын емес. Сондай-ақ Майя дәстүрі де - Мексика үшін қастерлі аманат.

Мехико қаласы Мекиканың дәл орталығында орналасқан. Қала Мексика таулы өлкесінде орналасып, барлық жағынан таулармен қоршалған. Теңіз деңгейінен 2240 м биіктікте орналасқан.
Қала аспанында жыл бойы смог болады. Жиі болып тұратын жер сілкіністеріне қала тұрғындары үйреніп қалған. Ең ірі жер сілкінісі 1985 жылы 19 қыркүйекте 7сағат 19 минутта тіркелген. Бұл табиғи опаттың арқасында 100 метрлік теледидар мұнарасы құлап, 10 мыңнан астам қала тұрғындары қайтыс болған.
Климаты - субропикалық, қаңтардағы орта температура +12 °C, шілдеде - +17 °C. Жылғы орта жауын-шашын мөлшері - 750 мм.

Халқы, тілі, діні
Мехико халық саны 19, 7 млн адам. Астана тұрғындарының жартысынан көбі - испан-үндіс метистер, шамамен 20 % - көне Мехико тұрғындары - үндістер, қалғандары - еуропалықтар. Мемлекеттік тілі - испан тілі. Мехико үнді тұрғындары ойынша тағы бірнеше тілдер де пайдаланылады, соның ішінде ацтек тілі (науатль), майя тілі, отоми. Сенушілер арасында католиктер (90 %) басым, аздаған протестантизм ұстанушылар да бар.

Ацтектер империясы
ацтектерден құрылған Орталық Америкада XIV-XVI ғасырларда пайда болған ерте таптық мемлекет. Империя қазіргі Мексика орталық бөлігін қамтиды. 1521 жылы ол Hernán Cortés бастаған Испан конкистадорларының қолынан жойылған болатын.

Ацтекттер ойыны
«pulque» (pulque), төмен алкоголь мазмұнмен ферменттелген сусындарды ішуіне болғанына қарамастан, Ацтектер ескі жасқа толғанға дейiн қатты мас алуға тыйым салынды; Осы тыйым салуды бұзғандар өлім жазасына кесілді.
қазіргі заманғы Мексика сияқты, Ацтектерде доппен ойнауға ынтық ойыншылар болды, бірақ олардың жағдайдында ол «tlachtli» (АСТ. Tlachtli), ежелгі Мезоамерикандық ойынның «улама» атты ацтектер нұсқасы болды. Ойын қатты резеңке доппен( адам басының өлшемін бірдей) ойнатылады.
Ацтектертерде әдетте, осы ойын үшін екі арнайы орын болды. Ойыншылар допты өз жамбасымен соғады; Ойынның мақсаты тас сақина арқылы допты өткізу болды. Адамдар ойынның қорытындысы бойынша бәстеседі. Байлар байлықтарын, ақшаларын кедейлер өмірлерін, аз-мұз азық-түліктерін талқыға салған.

Киімдері:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz