Махамбет күйі




Презентация қосу
М.Өтемісұлы елдік пен ерліктің
ерең рухы

Өмірбаяны,шығармашылығы
мен өлеңдеріне талдау.
Дайындаған:
8«а»сынып оқушысы
Балтабайқызы Айымкөз
Жоспары:
1) Жылдар сөйлейді
2) Махамбет жөніндегі жазылған ақын - жазушыларымыздың ой -
пікірлері.
3)Исатай – Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі
4)Махамбеттің Исатай жайында және Исатай қаза болған соң
шығарған өлеңдері.
5)Махамбет өлеңдеріңің негізгі идеясы
Қысқаша өмірбаяны
Махамбет Өтемісұлы (1803, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы - 20.10.1846, қазіргі Атырау облысы, Индер
ауданы, Жарсуат ауылы Қараой жері
1824 - 28 ж. Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды.
1829 ж. Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталын, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай
қамалды.
1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды.
1834 ж. Исатай батырмен бірігеді. Сол жылы 9 маусымда Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында старшын
лауазымын ұсынды. Жер мәселесі, жайылымның тарлығы, орыс империясының қазақ хандығын жою мақсатындағы іс-
қимылдары, сондай-ақ, Жәңгір ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі мен ел билігінде қайын атасы Қарауылқожаға
үстемдік берген астамшылық әрекеттері бүліншіліктің тууына себепші болды. Қарауылқожа мен Исатай-Махамбет
арасындағы тартыс өршіл, наразылық үлкен қозғалысы айналды. Исатай атынан жазылған «Әй, Махамбет, жолдасым!» атты
Махамбет толғауы,ондағы «Хан баласы жылады-ай, Жанымды қи деп сұрады-ай» деген жолдар хан ордасын қоршауға алған
соғыс күндерінің(1837) шындығын сипаттайды. Осы жылдың қараша айында көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші
әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс табады. Бұл оқиғалар Махамбеттің «Соғыс» жырында бейнеленіп,
«Жабығу», «Ереуіл атқа ер салмай» туындыларында жеңілістің күйзелісті күйі шертіледі.
1838 ж. 12 шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға
әрекет жасады. Бұл ниетінен әрекет шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп, ел ішін паналады. Ақын өмірінде ауыр да
сүргінді жылдар жалғасып,
1841 ж. 4 наурызда белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілекеев деген қазақтың үйінде отырған жерінде Махамбет қолға түсті.
Орал әскерінің 40 мың адамнан құралған жасағы үй несі мен Махамбетті тұтқындал, Калмыков ауылында (қазіргі Тайрақ
ауданы) екі апта түрмеле ұстады, кейін Орынборға айдатты (17.3.1841). Орынбор генерал-губернаторы Махамбет ісін әскери
соттың қарауына тапсырды.
1841 ж. 7 шілдеде сот «бүліншілікке» тағы араласса, қатаң жазалансын деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан
өтпеуді қатаң ескертті.
1841 - 45 ж. аралығындағы Махамбет өмірі туралы деректер аз.
1845 ж. ақпанда Махамбет баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборға келді. Шекарадан өтуіне
байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғады, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қудалауын
қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдар дай (құрамында хорунжий Ықылас Төлейұлы,
беріш руының биі Жаңаберген Боздақұлы, Табын Төрежан Тұрымұлы, беріш руының қазақтары Мұса Нұралыұлы, Жүсіп
Өтеуліұлы бар) құралған қарулы жасақ жіберді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза таптынде - ақын, күйші,
Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің (1836 -38) көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша
оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған..
Атақты адамдарың Махамбет туралы
ойлары:
Зейнолла Қабдолов Фариза Оңғарсынова Нұрсұлтан Әбішұлы

«табиғаттан қалаған уақытында Менін ұғымымды оның Махамбет-ұлттық
табыла бермейтін асылдай аса семсер жырлы ақын Тұлға оның
сирек кездесетін құбылыс»
екендігін айта келіп: «Ондай екенін естіп,сырттай батырлығын,ақындығын,
құбылыс тек қазақ түгіл, барша мақтан ету күйшілігінің,азаттық
адамзаттың ғұмырында да көп емес,Махамбет жолындағы күрескерлігін
кездесе бермеген. Махамбет -
кəдімгі он екі жілік, бір мығым жырларындағы болашақ ұрпақтың
жұмырбасты пенденің патриоттық,асқақ рухты санасына сіңетіндей етіп
ертегідегідей аңызға қанға сіңіру елі мен жерін кеңірек дәріптеу керек.
айналуының, тек ертегіде ғана ешқанай мансапқа
кездесетін ғажайып ерлердің
қайтадан шындыққа сатылмайтын сезіммен
айналуының таптырмас бір Махамбетше сүйуды
мысалы», - деп жазған еді үйрену.
М.Өтемісұлы мен И.Тайманұлы
бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Нәтежиесі:
• Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары
• Жазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл
және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешушішайқас өтті. Оның
барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала
қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге
жуық адам қаза тапты.
• Исатай Тайманұлының қазасынан кейін көтеріліс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі Жайық шекара
шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп жүрді.
• Махамбет Өтемісұлы біраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге мәжбүр болды. Кейінірек қазақтарды Жәңгір ханға
және патша үкіметіне қарсы көтерілуге үгіттеді. 1845 жылы билеуші-сүлтанБаймағамбет Айшуақұлының
адамдарымен қақтығыс кезінде қапылыста қазаға ұшырады. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін оған
қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлімші етіп дүре соғылды. Көтерілісшілердің бірқатары
каторгаға айдалды, мал-мүлкі тәркіленді. Көтеріліске неғұрлым белсене қатысқандар Шығыс Сібірге біржолата жер
аударылды.
• Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият
ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің
басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады.
Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ
атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің
жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқты, екі бағытта — әрі
патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде-
қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак жасақта- ры мен түрақты орыс армиясы бөлімшелері жан-
жағынан түгелдей дерлік қоршауда ұстады. Кіші жүздің далалық бөлігіндегі қазақтардан көмек күту де мүмкін
болмады. Өйткені Жайықтың сырт жағындағы қандастармен байланыс жасауға шекара шебіндегі орыс әскерлері жол
берген жоқ.
М.Өтемісұлы мен И.Тайманұлы бастаған
ұлт-азаттық көтеріліс
• Көтерілістің тарихи маңызы
• Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.
• Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі
баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де
жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған
баскөтерулер болып өтті.
• Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап
айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық
білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді
Исатай өлгеннен кейін шығарған өлеңі
• «Мұнар күн» ұғымдарын мұнартып көрінген сағымның пайда болуымен түсіндіруге болады.38
тармақтан,аралас ұйқасқа құрылған,
• 8 буынды,3 бунақты өлең.Исатай өлгеннен кейін жабырқау көңілмен жазған өлеңі еді. Бұл өлеңде
буыршын мұзға тайған күн,бура атанға шөккен күн,буулы теңді шешкен күн,Лашын қуға төнген
күн,Қорашыл төбет болған күн т.б сөз тіркестері бар.Эпитеттер: «Бұрынғы бақыт тайған күн», «Буыршын
мұзға тайған күн», «Мұнар күн», «Шұбар күн» т.б Бұл-елім деп еңіреген ердің бастаған ісінің жеңіліс тауып
тұрған сәті.Күн-мұнар,бұлттан шыққан күн-щұбар.Бура атанға шөккен соң ақырзаман емей немене?Ақын
жүрегі қан жылайды,күн де жылайды,дауыл теріс соғады.Хас бәйтерек жығылған,қылыш балдағынан
сынған,дұшпанның көңілі тынған күн. «Буыршын» түйенің бір түрі, табаны бүртік келеді.Ол мұзға
таймайды.Егер мұзға тайса жақсылықтың белгісі емес.
• Бұл өлең құрылымы өте қысқа жазылған. Исатай қазасынан кейінгі ақынның күйзеліс кезінде жазған
жырлары.16 тармақ,шұбыртпалы ұйқасқа құрылған,8 буынды өлең. Бұл өлеңде күн мен түн,жалғыздық пен
қауым,әділдік пен әділетсіздік қатар алынады.Күн мен айдың жұбын негізге ала отырып,ақын басына
түскен трагедиялық жағдайды толық қарама-қайшылық сипатта көрсетіп,оның табиғи қырын ашады.Күн
мен түннің ауысуы,жарық пен қараңғылықтың болуы –тіршілік заңы.Ақынның ұтқаны- кеңістік атауларын
алып,оның мәні мен маңызы арқылы жүрегінің сырын ашуы еді.Өлең соңы
• «Бәрін айт та,бірін айт,
• Қаумалаған қарындас,
• Қазақта бар да менде жоқ» деп аяқталады. Рабиға Сыздықованың «Сөздер сөйдейді» зерттеуінде қарындас
сөзін бүгінге дейін екі мағынада қолданған дейді.Әдеби нормадағы актив мағынасы «ер адамның жасы кіші
әйел жынысты туысқаны». Махамбет өлеңіндегі қарындас сөзі әйел жынысты жасы кіші туысқан
емес,өзінің соңына еретін,өзіне демеу болатын туыстарды айтып отыр,қалың ағайынды іздеп отыр.
• Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке
қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ
ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз,
Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр
жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы
толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға»
деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін
жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы
ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай —
ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы.
«Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар»,
«Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде
Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы,
қайсарлығы сипатталады.
Ерекшелігі
• Махамбет поэзиясы- саф таза
тілімен,от-жалын шешендік
интонациясымен,көркемдік
шеберлігімен,жоғары ақындық
мәдениетімен,ұлттық дүниетаным
тереңдігімен,суреткерлік
қолтаңбасымен өзгешеленеді.
1) Қазіргі кезең
2) Махамбет өмір сүрген кезең

Егеменді тәуелсіз ел.Халық сенген,сайлап
алған Президенті бар,атамекенге
оралу(оралмандардың елге келуі)

Ресей қол астындағы бодан ел.Күрес пен
тартыс,ата қоныстан айырылу,ата
қоныстан үдере көшу.
Махамбет күйі
• Жұмыр қылыш — Махамбеттің күйі. Қазіргі уақытта Ұлытау тобының орындауында трек
және альбомы бар.
Жалпылама мінездеме:

Ұқсас жұмыстар
Махамбет күйлері
Махамбеттің балалық шағы
Махамбет Өтемісұлы ( 1803 – 1846 ) жайлы
Домбыра құрылысымен танысу
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН КҮЙШІЛІК ДӘСТҮРІ
Құрманғазы шығармашылығы
Күй - қазақ өнерінің феномені
Нұрғиса Тілендиев
Ақын жайлы көркем шығармалар
Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс хан
Пәндер