АСПАЛЫ БАҚТЫҢ СУРЕТІ АРТЕМИДА ҒИБАДАТХАНАСЫ
Презентация қосу
ӘЛЕМНІҢ 7 КЕРЕМЕТІ
ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ
– БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗҒА
ДЕЙІН 3 ҒАСЫРДА
ЕСКЕНДІР ЗҰЛҚАРНАЙЫН
КІШІ АЗИЯ, ОРТА АЗИЯ,
МЫСЫР, ОҢТҮСТІК
ҮНДІСТАН
ТЕРРИТОРИЯЛАРЫН
ЖАУЛАП АЛЫП, ҰЛЫ
ИМПЕРИЯ ҚҰРҒАННАН
КЕЙІН, САЯХАТШЫЛАРДЫ
ҚЫЗЫҚТЫРУ ҮШІН ОСЫ
ӨҢІРЛЕРДЕГІ 7 ОРЫННАН
ТАҢДАҒАН СӘУЛЕТ
ӨНЕРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ.
ӘЛЕМНІҢ 7 КЕРЕМЕТІ:
1)Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары,
біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
2)Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші
әйеліне арнап жасатқан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне
салынған.
3)Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің
заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
4)Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек
мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.
5)Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4
ғасырда салынған.
6)Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м.
біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы
жер сілкінісі кезінде қираған.
7)Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған,
мұнарасының биіктігі 160 м.
1) ХЕОПС ПИРАМИДАСЫ
Ішіне кез-келген Еуропалық собор еркін сиятын Хеопс
пирамидасының биіктігі 147 метрдей, оның әрбір көлбеу бетінің
ұзындығы 235 метрдей. Ал, ол алып тұрған жердің көлемі елу
бес мың шаршы метрдей. Ол әрқайсысы екі жарым, үш
тонналық әктастардан салынған. Оның құрылысына барлығы
екі млн. Үш жүз мыңдай блок қажет болды. Бүл блоктардың бір-
бірімен тығыз қиюластырылғаны соншалық, жігіне ине де сұға
алмайсың. Пирамиданың бүкіл сыртқы қабаты тамаша етіп
тегістелген әктас тақталармен қапталған. Пирамиданың өзі 20
жыл, ал Ніл өзені бойындағы тас қазғаннан тас таситын жол 10
жыл салынаған. Құрылыстың беріктігі ғажап. Ғасырдың ішінде
тек ұшар басы ғана шетілген.
Қүрылыс жұмысымен бір мезгілде 100 мың адам айналысып,
олар әрбір үш ай сайын ауыстырылып отырған.
ХЕОПС ПИРАМИДАСЫНЫҢ СУРЕТІ:
БАБЫЛДЫҢ АСПАЛЫ БАҒЫ:
Вавилонның құрылысшылары салған аспалы бақ төрт қабаттан тұрады.
Әрбір қабаттың жаппасы 25 метрлік колонналарға жалғасып жатыр.
Қабаттардың табанына тас тақталар төселіп, оның үстіне қамыс
жайылған. Су өтпес үшін қамыс үстіне асфальт пен қорғасын қүйылған.
Оның үстіне зәулім ағаштың тамыры жайылып шығатындай етіп
топырақ
төселген.Әрбір қабатта түрлі-түсті етіп тақталы саты салынған. Ең
үстіңгі
қабатта күндіз-түні тоқтамай ағып тұратын су және оның жағалауында
неше түрлі ағаштар отырғызылған. Бүл аспалы бақ дүние жүзінде
түңғыш
рет махаббаттың құрметіне салынған монумент болатын.
АСПАЛЫ БАҚТЫҢ СУРЕТІ:
АРТЕМИДА ҒИБАДАТХАНАСЫ
Бұл құрылысты саларда архитекторға, суретшіге немесе мүсіншеге
тапшылық болмаған. Ең үздік жоба ретінде әйгілі Херсифронның еңбегі
қабылданған. Ол ғибадатхананы мәрмәрдан салуды және сол кездегі
Иония шартымен үйлесе бермейтін қос мәрмәр калонамен қоршауды
ұсынады. Шешім батыл болып ғибадатхананы өзен жағасындағы ми
батпақ үстіне салмақшы болады. Ал салмағы ауыр мәрмәр құрылысы ми
батпаққа батып кетпес үшін терең апан қазылып оған бірнеше метр
қалыңдықта ағаш көмірі мен жүн-жұрқа қоспасы төселді. Бұл төсеніш
шын мәнінде архитектордың ойынан шығып ғибадатханаға ұзақ өмір
сыйлайды. Қанша әрекеттенсе де Херсифрон тас табалдырықты орнына
қоя алмайды. Ол бұл тасты ең соңғы серперіне балап өзін-өзі өлтірмекші
болады. Сөйтіп табалдырық түнде өзі жылжып орнына түседі. Сол күні
түнде Хелсифрон кенеттен қайтыс болады. Ол табалдырықты да
ғибадатхананың біткенін де көре алмай қалады. Енді оның бас
архитектор міндетін баласы Метагон басқарады. Ол өлгеннен кейін
Пеонит - Деметрий аяқтады. Ғибадатхана 450 жылда салынып болды.
АРТЕМИДА ҒИБАДАТҚАНАСЫНЫҢ
СУРЕТІ:
ЗЕВСТІІҢ МҮСІНІ:
Зевстің 14 метрлік мүсіні пілдің сүйегі мен алтыннан жасалған.
Бұл мүсін «Әлемнің жеті ғажабының» бірі саналған. Материалы
синкретті (құранды) осынау мүсінді жасау үшін Фидий бірнеше
жыл Олимпияда болады.
Зевс мүсіні тұрған ғибадатхананың биіктігі 64 метр, ені 28 метр
болса, бөлме ішінің биіктігі 20 метрге жуық. Залдың төрінде
тақта отырған Зевстің басы төбеге жетіп тұрған. Кеуде жағы
жалаңаш отырған Зевс ағаштан қашалған. Желеп-жебеушінің
денесі әдемі қызғылт түсті піл сүйегімен қапталып, киімі алтын
жапырақпен апталған. Бір қолында жеңіс құдай - Никаның
алтын мүсіні, келесі қолымен биік аса таяққа сүйеніп отыр.
Ендігі қалғаны - піл сүйегінен қашаған бедерлі суреттері бар
құдайлардың алтын мүсіні орнатылған. Зевстің орындығын
сипаттау ғана. Тақтың бүйірлерін Фидийдің туысы әрі көмекшісі
суретші Панэн безендірген.
ЗЕВСТІҢ МҮСІНІНІҢ СУРЕТІ:
МАВСОЛ ПАТШАНЫҢ
ТАБЫТХАНАСЫ:
Мазар храмы — ішкі колонналары коринф үлгісінде, сыртқы колоналары иониялық
үлгіде жасалған.Биіктігі 60 метр. Оның ұшар басындағы 4 ат жегілген күймеде 2м.
мавсол мен Артемисияның мүсіні асқақтайды. Мазардың төңірегіне арыстандар
мен шауып келе жатқан салт аттылардың мүсіні орнатылған. Бір кездері әйгілі
Герадот дүниеге келген қала, Нарияның астанасы Галикарнас туралы айта келіп,
Проспер Мериме былай деп жазды: «Мавзол өз қарауындағы елдің қаққанда қанын,
соққанда сөлін шығаратындығы сонша, Герадоттың өзімен айтсаң, оның қойшылары
қойды жылан жалағандай етіп қырыққанда басқа елдің қойшылары жіп есе алмай
калушы еді. Ол қол астындағыларга қырық сылтауды көлденең тартып пайда түсіре
алатын; керек болса жерлеуге ерекше салық шығарған, шаш салығын жүргізгенін
қайтерсің. Осылайшы қыруар салық жинаған. Неге Мавсолдың бейіті әлемнің жеті
кереметінің санатына кірді дегенде, осынау мол байлықты және нариялықтар мен
гректердің
ұдайы аралас-құралас болғанын айтса лайық».
МАВЗОЛ ТАБЫТХАНАСЫНЫҢ СУРЕТІ:
РОДОС АЛЫБЫ
36 метрлік зор мүсінге иығына деңгейлес темір арқалықпен
бекітілген үлкен үш тас бағана негіз болады. Бағаналардың
түбі мүсіннің екі аяғы мен жамылғы арқылы тұғырға
орнатылады., ал иық және белмен деңгейлес тұстары көлденең
діңгектермен ұстатылады. Бағандар мен діңгектердің сырты
темір қаңқамен қоршалып, оның сыртына қапталған қола
жапырақ кигізілген болады. Алып мүсін айлақтың жағасында
ақ мәрмәрмен өрілген жасанды төбемен бірге көтеріледі. Он екі
жыл бойы мүсінді ешкім көре алмайды. Өйткені мүсіннің
қаңқасына кезекті қола жапырағы кигізілгенде, шеберлерге
ыңғайлы болу үшін төңірегіне үйілген топырақ биіктетіліп
отырған. Кейін бос топырақ алынғанда ғана родоятықтар
өздерінің желеп-жебеуші күдайын көріп басындағы нұр
шашқан сұқтана қарайды.
РОДОС АЛЫБЫ:
АЛЕКСАНДРИЯ МАЯГІ:
Маяк биіктігі 120 метрлік, 3 қабатты мұнара секілденіп салынады.
Оның шаршы іргесінің әр қабырғасы 30 метрден болады.
Мұнараның 60 метрлік алғашқы қабаты тас-тақталардан
қаланады. Одан әрі 40 метрлік 8 қырлы мұнараның әр қыры
колонналармен бекітіліп, сырты мәрмәрмен қапталады. Үшінші
қабатының мұнарасы колонналармен шеңбер жасай көтеріледі
де, оның үстінде мәңгілік от лаулап, аса күрделі айналар
жүйесі сәуле шашып тұрған. Бұл жүйе күмбезде жанған оттың
жарығын күшейтіп, ол от 60 км жерден көрінетін болған
АЛЕКСАНДРИЯ МАЯГІНІҢ СУРЕТІ:
ӘЛЕМНІҢ СЕГІЗІНШІ КЕРЕМЕТІ – ВАТ
РОНГ КХУН
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz