Төлеген Айбергенов өмірі мен шығармашылығы


Slide 1

Төлеген Айбергенов өмірі мен шығармашылығы

«Ана»

Slide 2

Төлеген Айбергенов

Биографиясы

Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қаракалпақ елінің Қонырат деген жерінде дүниеге келген. 1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, туған ауылында мұғалымдік қызмет атқарады.

Балалық шағы

Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959) . 1959-62 ж. Қоңырат аудындағы орта мектепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Қумдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін) . 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол турапы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.

29. 08. 1967, Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан, Өзбекстан

Slide 3

Төлеген Айбергенов өз шығармаларында өмір шындығына терең зер сала отырып, содан өз өлеңдеріне өзек боларлық сыршыл сезім, туған жерге деген сүйіспеншілік, заман тынысы, махаббат иірімдерін көңіліне тоқып, ақындық шабытпен жырлап, терең өрнектей білді. Сондықтан да ақын лирикасы өмір шындығын нақты бейнелейтін көркем туындыға айналып, оқырман жүрегіне жол таба алды. О, адамдар, біргемін мен сендермен, Ықыласыңа ешнәрсені теңгермен. Сендер менің бақытымның бұлағы Сендер менің дарыныма жел берген, - деп өзі жырлағандай, туған халқының шаттығы мен қасіретін, өз замандастарының ұлылығы мен кішілігін, асыл арманы мен таза махаббатын, күш-жігері мен ерен еңбектерін ғана жырлауды мақсат еткен, соны өзіне бақыт санаған гуманист, нәзік жанды сыршыл ақын екендігін оның кез келген өлеңдерінен көруімізге болады. Ақын отыз жыл ғұмыр кешіп, том-том етіп өлеңдер жазған жоқ, оның бар өлеңін жинағанда бір кітаптан аспайды. Дегенмен оның әрбір өлеңі бір томға татиды. Себебі оның әрбір өлеңінен оқырман қауым өз сырын, өз сөзін, өз сезімін, тебіренісін, өмірге деген құштарлығын сезінеді. Төлеген Айбергенов лирикасы - өмір шындығын сол бір табиғи қалпында бейнелейтін көркем шежіре. Оның өлеңдері өмірдің өзінен алынған көркем туындылар деп қарау әбден орынды болар еді. Төлеген Айбергенов - өзін толғандырған тақырыбының ішіне бойлай еніп, оны ұтымды, жаңа бейнелеулер арқылы әсерлі етіп, шеберлікпен бейнелей беретін сезімтал ақын. Оның лирикасының басты тақырыптары - өз заманының әуендері, халқымыздың ерлік істері мен еңбек адамдарының сыр-сипаты, туған жерге деген сағыныш, сүйіспеншілік, халықтар достығы, махаббат, ана тақырыбы, ұлы тұлғалар жайлы толғаныстар. Ақын қай тақырыпқа барса да, салғырт қарамаған, бар жан-тәнімен ақтарыла айтқан. Кішігірім дүниенің өзінен үлкен-үлкен ойлар түйіп, оны шын ақындық шеберлікпен, бейнелі тілмен, сезімтал жүрекпен бейнелей берген. Оның өлеңдерінің қайсысын алып қарасақ та, өмірдің алуан-алуан сырларымен қабысып жатқан нәзік лирика басым түсіп жатады. Өлеңдерінде өз басының тіршілігімен, өзі арқылы бүкіл елдің, халқының өмірімен, сол сияқты бүкіл адамзаттың арман-мүддесімен біте қайнасып жатады. Ақын бойындағы бар қасиеттер, қуаныш, сағыныш, махаббат, достық, мұң, өмірге деген құштарлық, бәрі де ақынның жеке басын күйттеуден тумайды, бүгінгі дәуірдегі жалпы адамға, адамзатқа тән шындықтан туады. Осылардың бәрін өлеңіне сыйғыза отырып, ақын заман үнін, жырын бүгінге арнайды, келешек ұрпаққа жеткізеді.

Slide 4

Нағыз жыр перзенті

Азғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне ғана тән табиғи даралықпен шебер бейнелеген дарынды суреткер. Жарық дүниенің 30-ақ жыл сәулесін көрген ақын бізге отты жыр, өлмес өлең қалдырды.

Ақын Мұқағали Мақатаев жыр перзентіне арнаған «Төлегенге» өлеңінде:

Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,

Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.

Торғай - өлең шырылдап бара жатты,

Аузында ажал деген сұрапылдың . . . деп жырлапты.

Өзіндік өлең өрнегімен танылды

Қазақ өлеңдері көбінесе 7, 8 және 11 буынды болып келеді. Ал Төлеген Айбергенов 18-19 буынды өлеңдер жазып, өлең құрылысына жаңалық енгізген ақын.

Slide 5

~АНА~

Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Біз - қазақ деген ұлы халықтың ұрпағымыз. Қыз Жібек пен Баян Сұлудың, Мәншүк пен Әлияның сіңлілеріміз.


Ұқсас жұмыстар
Айбергенов жыр - көшімен сырласу
Төлеген Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығынан жазылған хронология лық тізбекті тыңдау
Төлеген Айбергеновтің өмірі
Жан еді өлең үшін дара туған атты Төлеген Айбергенов туралы естеліктер кітабы
Әлібек Қаңтарбаев шығармашылығына зерттеу
Қазақ тілді мектептер проблемасы
Бауыржан Момышұлы өмірі мен шығармашылығы
”Қыз Жібек” жыры бойынша бекіту сабағы
Сыр сандық өлеңі
Бір адамға
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz