Төлен Әбдіковтің Қонақтар әңгімесіне аналитикалық шолу: тақырып, композиция және кейіпкерлер


Slide 1

Төлен Әбдіков «Қонақтар»

Slide 2

Төлен Әбдіков кім?

(04. 09. 1942 ж., “Еңбек” ауылы, Жангелдин ауданы, Қостанай облысы) - жазушы, драматург, қоғам қайраткері.

Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965) . “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, “Жалын” альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977 - 79 жылы “Қазақфильм” киностудиясының бас редакторы, Қазақстан КП ОК-інде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, онан кейінгі кездері “Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағына 2-хатшысы болды. 1994 ж. ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 1997 жылдан ҚР Президенті аппаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды. [1] Сонан бергі кезеңде “Көкжиек” (1969), “Күзгі жапырақтар” (1971), “Ақиқат” (1974), “Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары, Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған “Өліара” (1985), “Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді. “Біз үшеу едік” атты драма шығармасы Ғ. Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрындақойылды. “Ақиқат” атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философия тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді. [2] Жастық шағында еркін күрестен спорт шеберлігін орындаған. Сондай-ақ, домбырашылар оркестрінде күйші болған.

Slide 3

«Қонақтар» әңгімесінің басты тақырыбы - адамгершілік, баланың ата-ана алдындағы мәңгілік перзенттік парызы. Сапабек тәрізді қалада тұратын оқыған азаматтың ата-анасына салқын, жасанды қарым-қатынасы.

Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау.

1. Әңгіменің басталуы - ата-ананың баласын тағатсыздана күтуі

2. Дамуы - жоғалған құлынды іздеген Ерғабыл қарт

3. Байланысуы - Көп күттірген конақтар

4. Шиеленісуі -Әке мен бала арасындағы түсініспеушілік

5. Шарықтау шегі -туған баласынан, немересі мен келінінен көңілі қалған қария

6. Шешімі -Соңғы үміт

7. Қорытынды -Орындалмаған арман.

Slide 4

Кейіпкерлердің портреті:

Slide 5

ВЕНН диаграммасы

ауыл тұрғыны, қарт, оқымаған, көп сөйлемейтін, қарапайым,

мейрімді, арманшыл, төзімді, қажырлы, еңбекқор, баласын жақсы

көреді, ақылды

қуыс кеуде, саяз ойлы, мақтаншақ, парызын түсінбейді,

өркөкірек, салт - дәстүрді білмейді

Ерғабыл қарт

Сапабек

Әкелі - балалы туыстар, ер адам, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей

Slide 6

Сөздік жұмысы

Алагеуім - таң енді атып келе жатқан уақыт, апақ - сапақ

Жолай - жолдан соғу, бару

Шақша - насыбай салатын ыдыс

Ноқта - Жүген тәрізді мал басына кигізілетін әбзел

Сағағы - мойын, алқым

Көлегейлеп - қолын маңдайына апару, күннен қорғану

Қынжылу - кейбір ренішті жағдайдың жанға батуы, қиналу

Қитар - жөнге бірбеткей қыңыр, қисық

Slide 7

Бір тамшы ой Алғаш рет еңбекақы алсаң - анаңа, әкеңе сыйлық әкел. Бұл сыйлығың - алғысыңның айғағы. В. А. Сухомлинский

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Төлен Әбдіковтің Қонақтар шығармасын талдауға арналған оқу сабағы: мақсаттар, тапсырмалар және бағалау критерийлері
Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілек романы: композиция, кейіпкерлер және эпикалық-реалистік дәстүр
Қыз Жібек жыры бойынша бекіту сабағы: композиция, кейіпкерлер және тарихи-әдеби талдау
Мұхтар Әуезовтің Еңлік-Кебек пьесасын талдау: композиция, кейіпкерлер және пікірталас
Қазақстанда басылған этнопедагогика оқулықтарына аналитикалық шолу
Төлен Әбдіктің Парасат майданы: адамгершілік пен ішкі күрестің философиялық талдауы
М. Әуезовтің Абай жолы эпопеясындағы кейіпкерлер: қазақ әдебиеті сабақ жоспары мен аналитикалық талдауы
Оқыту теориясына аналитикалық шолу: негізгі тұжырымдар, өзекті мәселелер және әдістемелік ұсыныстар
Тақырып қоюдың мәні мен талаптары
Кітапхана сайтының дизайны: стильдік элементтер, мәтін және композиция қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz