Ромб тәрізді шұңқыр


Slide 1

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Анатомия кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Ромб тәрізді шұңқыр. Ми нервтерінің ядроларының топографиясы.

Орындаған: Масабай Ә. Қ.

2-051ЖМФ топ

Тексерген: Шапатова Г. Б.

Қарағанды 2016

Slide 2

Жоспар:

Ромб тәрізді шұңқыр.

Ромб тәрізді шұңқырдың сұр затының топографиясы.

Ми нервтерінің ядроларының проекциясы.

Slide 3

Fossa Rhomboidea

Атына сәйкес екі жоғарғы және екі төменгі жағы болады. Ромбының жоғарғы жақтары-екі жоғарғы мишық аяқшаларымен, төменгі жақтары-екі төменгі аяқшаларымен шектелген. Ромбының ортаңғы сызығы бойымен, жоғарғы бұрышынан төменгі төменгі бұрышына дейін ортаңғы жүлге, sulcus medianus, созылып жатады. Ол fossa rhomboidea-ны оң және сол жартыға бөледі. Жүлгелердің жандарында сұр заттың жиналуынан пайда болған жұп томпақ, eminentia medialis, орналасқан. Ол төмен қарай біртіндеп тарылып, тіласты нервісін проекциялайтын үшбұрышқа, trigonum nervi hypoglossii айналады. Бұл үшбұрыштың төменгі бөлігінен латералды, сұр түсті, кіші үшбұрыш, trigonum nervi vagi, жатады, онда кезбе нервтің ядросы nucleus dorsalis nervi vagi, орналасқан. eminentia medialis-тің жоғарғы жағында томпақ бет төмпешігі, colliculus facialis, орналасқан. Латералды бұрышт аймағында VIII жұп нервтің ядролары жататын, кіреберіс алаңы, area vestibularis, орналасқан. Олардан шығатын талшықтардың бір бөлігі striae medullares ventriculi quarti түрінде, көлденең жүріп ортаңғы жүлгеге келеді. Олар ромб тәрізді шұңқырды жоғарғы және төменгі жартыларына бөліп, сопақша ми мен көпірдің шекарасына сәйкес келеді.

Slide 4 Slide 5

Fossa rhomboidea онтогенезі бойынша 3 бөлімнің қалыптасуы болып саналады

Жоғарғы бөлігі, pars superior, ромб тәрізді ми қылтасынан, isthmus rhombencephali, пайда болып, pedunculi cerebellares superiors, арасында орналасады.

Аралық бөлігі, pars intermedia, атқы мидан, metencephalon, түзіліп оң және сол латералды қалталар арасында жатады.

Төменгі бөлігі, pars inferior, сопақша мидан, myelencephalon, құрылып, оң және сол мишықтың төменгі аяқшаларының, pedunculi cerebellares inferiores, арасында орналасады.

Slide 6

Fossa rhomboidea алдынан мидың су құбырынан, артынан calamus seritorius-ке дейін тартылады. Оның бұрыштары: алдыңғы - үлкен миға, артқы - жұлынға, доғал бұрыштары - латералды қалталарға бағытталады.

Мишықтың төменгі аяқшаларының арасында жүргізілген сызық ромб тәрізді шұңқырды көлемі жағынан әртүрлі 2: жоғарғы(алдыңғы) және төменгі(артқы) үшбұрыштарға бөледі.

Slide 7 Slide 8

Fossa rhomboidea-ның сұр заты

Жұлынның сұр заты тікелей ми сабауы сұр затына ауысады да, бір бөлігі fossa rhomboidea-да және су құбыр қабырғаларында орналасады, ал бір бөлігі жеке бас сүйек нервтері ядроларына немесе өткізгіш жолдар будалары ядроларына бөлінеді. Жұлын сұр затының артқы мүйіздері жан-жағына ажырап орналасқан.

Slide 9

Сұр заттың алдыңғы мүйіздерінде орналасқан сомалық қозғалтқыш ядролар fossa rhomboidea-да медиалды, артқы мүйіздерде орналасқан сомалық сезімтал ядролар летералды орналасады, ал жұлынның бүйір мүйіздеріндегі вегетативті ядролар артқы және алдыңғы мүйіздердің аралығындағы орналасу қалпына сәйкес олар нерв түтігі ашылған кезде fossa rhomboidea-да сезімтал және қозғалтқыш аралығында жатады. Соның нәтижесінде fossa rhomboidea аймағында жұлындағы сияқты сұр зат ядролары алдыңғы-артқы бағытта орналаспай, қатарласа медиалды және латералды жатады.

Slide 10

Бассүйек нервтері ядроларының fossa rhomboidea-дағы проекциясы

Slide 11

XII жұп n. hypoglossus

Nucleus motorius - trigonum n. hypoglossi-дің тереңінде орналасқан.

XI жұп n. accessorius

Nucleus ambiguus - сопақша мида X, IX жұптың аттас ядроларының жалғасы ретінде.

Nucleus spinalis n. accessorii - жұлында, сұр заттың алдыңғы және артқы мүйіздерінің аралығында.

Slide 12

X жұп n. vagus

Nucleus solitarius - trigonum n. vagi аймағында

Nucleus dorsalis n. vagi - алдыңғыдан дорсалды

Nucleus ambiguus - Nucleus dorsalis n. vagi - ден тереңірек

ІХ жұп n. glossopharyngeus

Nucleus solitarius - trigonum n. vagi аймағында осы нерв жалғасы ретінде орналасқан

Nucleus sаlivatorius inferior - nucleus ambiguus пен олива ядросы арасында шашырай орналасқан

Nucleus ambiguus - сопақша мидағы formatio reticularis

Slide 13

VIII жұп n. vestibilocochlearis

- Nuclei cochlearis ventralis et dorsalis,

- Nuclei vestibularis lateralis, medialis, inferior, superior - area vestibularis аймағында

VII жұп n. facialis

- Nucleus solitarius - көпірдің дорсалды бөлігі

- Nucleus sаlivatorius superior - formatio reticularis, pars dorsalis pontis

Slide 14

VI жұп n. abducens

- Nucleus n. abducentis - көпірдің дорсалды бөлігі

V жұп n. trigeminus

Nucleus motorius - pars dorsalis pontis жоғарғы бөлігінде

Nucleus pontinus - алдыңғы ядродан латералды

Nucleus spinalis - алдыңғы ядролардың жалғасы

Nucleus mesencephalicus - суқұбырынан латералды орналасқан

Slide 15 Slide 16 Slide 17

Қорытынды:

Ромб тәрізді шұңқырдың функциясын білудің маңызы зор. Себебі, көптеген ми ядроларының орналасқан жері болып табылады. Айта кететін болсақ әр ядроның өзіне тән қызметі, атқаратын функциялары болады. Егер ромб тәрізді шұңқыр зақымдалатын болса, адамда патогенді факторларға душар етеді, тіпті өлім қаупін де тудырады. . .

Slide 18

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Май ткані әртүрлі реңді сарғыш түсті, үгітілмелі консистенциясы
Тікбұрышты үшбұрыш
Білек сүйектері
Жұтқыншақ анатомиясы
Шығыс евразия қола дәуірі
Аяқ бұлшықеттері
Өзендер және классификациясы, морфометриялық сипаттама
Алма туысына негізгі сипаттама
Сенсорлық жүйелер
Жапырақ құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz