Педагогикалық ғылым жүйесіндегі дидактика


Slide 1

Педагогикалық ғылым жүйесіндегі

дидактика.

Қаржы тобының магистранты

Каримбаева Айымжан

Нур-Султан 2020 жыл

Slide 2

Дидактика (гр. διαλεκτική - тәлімді) - білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдықформаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.

Slide 3 Slide 4

Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:

Не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты) ?

Кімді оқытамыз(оқыту субьектілері) ?

Оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері) ?

Неге оқытамыз(білім беру, оқыту мазмұны) ?

Оқытуды қалай ұйымдастырамыз(оқытуды ұйымдастыру формасы) ?

Оқытуға қандай құралдар қажет(оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т. б. ) ?

Оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер ) ?

Оқыту нәтижелерін қалай бақылауға және бағалауға болады(оқыту нәтижелерін бақылау, бағалау әдістері) ?

Slide 5

Дидактиканың зерттейтін пәні - ол білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері.

Сонымен бірге дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытудың ұйымдастырудың формалары мен әдістерін қарастырады.

Дидактиканың міндеті: «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» (Я. А. Каменский бойынша) - деген сұрақтарға дәлелді жауаптар беру. Сондықтан да дидактиканың қарастыратын негізгі мәселелері:

оқыту процесінің мәні мен оның заңдылықтарын ашу;

оқытудың білімділік мазмұнын анықтау;

оқытудың негізгі қағидалары, яғни принциптерін белілеу;

оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтап, олардың түрлерін жасау.

Slide 6

- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік) ;

- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы) ;

- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция) : байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы) ; іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;

- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру)

Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация) : оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы

Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:

Slide 7

Педагогикада бұл ұғымды тұнғыш рет еңгізген неміс педагогы В. Ратке (1571-1635) болды.

Вольфганг Ратке (1571-1635) - көрнекті неміс педагогы, Коменскийдің ережелеріне жақын оқыту ережелері жүйесін жасаған ірі дидакт. 1612 ж. Майндағы Франкфурт қаласында өткен неміс князьдерінің құрылтайына төмендегі үш, оның пікірінше, ең маңызды мәселені шешуге арналған нұсқаулық ұсынды: 1. көне де, жаңа да тілдерді жылдам және оңай үйренуді қалай қамтамасыз етуге болады. 2. жастар әр тұрлі ғылымдар мен өнерді зерделей алатын ана тіліндегі мектептерді барлық жерде қайтіп ұйымдастыруға болады. 3. Бүкіл Германияда басқарудың, тілдің және діннің бірлігіне қалай жетуге болады. Оның пайымдауынша дидактика оқытудың теориялық негіздерін зерттеумен айналысатын ғылыми пән.

Slide 8

Педагогика ғылымының философия шеңберінен өз алдына дербес ғылыми пән болып қалыптасуына айырықша үлес қосқан чех халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1671) . Оның “Ұлы дидактика” атты ғылыми еңбегі - педагогика теориясындағы тұнғыш шығармалардың бірі.

“Ұлы дидактика” - Я. А. Коменскийдің педагогикалық жүйесінде толық және дәлелді түрде баяндалған шығарма. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді. “Осыдан келіп ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін “адамгершілік шеберханасы” болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды.

Slide 9

Оқушы мен ұстаз іс әрекетінің жаңа сабақ типіндегі ұйымдастырылу ерекшеліктері

Дәстүрлі дидактика

Жаңа дидактика

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушы мен оқытушының бірлескен іс-әрекеті

Slide 10

Леонид Владимирович Занков(10 [23] . 10. 1901 - 27 . 11. 1977) - кеңес психологі. Дефектология, есте сақтау, педагогикалық психология саласындағы маман. Л. С. Выготскийдің шәкірті. Балалардың дамуының тәжірбиелі зерттеулерін жүргізген. Оқушылардың дамуы мен оқу факторларының мәселелерін қарастырған. Өзі аттас дамыта оқыту жүйесінің авторы. Л. В. Занков оқыту - оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет дейді. Оқыту - дидактикалық процесс болғандықтан, болашақ мұғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі өте қажет.

Slide 11

Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін зандылықтарды зерттейді, оқыту үрдісінін процесінің барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын теуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды.

Олардың негізінде ол екі басты қызмет атқарады:

Теориялық (диагностикалық және болжамдық прогностикалық)

Практикалық (нормативтік, құрал ретінде)

Slide 12

ДИДАКТИКА

Маммұны

(Нені оқытады?)

Мақсат

(Не үшін оқиды?)

Ұйымдастыру формалары


Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінің мәні
Оқытудың әдістемелік негізі
Оқытудың заңдылықтары және қағидалары
Дидактиканың оқыту мақсаты
Дидактика - педагогикалық маңызды саласы
Педагогика ғылымы
Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері
Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
Оқыту әдістерінің мәні
Оқытудың дидактикалық теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz