Жылқылардың артериті




Презентация қосу
Жылқылардың артериті
Жылқылардың вирустық артериті
• Жылқылардың вирустық артериті /орыс. вирусный
артерит лошадей, лат. Arteritis viralis equorum/ – дене
қызуының көтерілуімен, коньюктивитпен, қабақтың
ісінуімен, жарықта көзін аша алмаумен, кілегейлі
қабықтардың қанталауымен, қарын мен сирақтың
домбығуымен,жылқыларды іш тастауымен мінезделетін
жіті өтетін аз зерттелген жұқпалы ауру..
Қоздырушысы
• Жылқылардың вирустық артеритінің вирусы Togaviridae
тұқымына,Alfa, Flavi, Pestivirus туыстастығына жатады
Вирус эфирге, рН төмен мәніне (3,5 төмен), қызуға сезімтал.
Жұқтырылған ұлпаларда вирус 6 жыл бойы, 4°С — 75 күн
сақталады. Вирус 0,1% формалинмен, УК-сәулелермен,
70°С кезінде қыздырумен инактивацияланады.
• 1957 жылы
Тарихи деректер
Долл және қызметтестері Огайо штатының (АҚШ) бір
шаруашылығында жылқыларда аурудың жіті өтіп жатқанын мінездеді.
Олардың мәліметі бойынша 30 % жылқылар өліп, 50 % биелердің іш
тастауы байқалды. Бұл ауруды олар жылқылардың вирустық артериті деп
атады.
• 1965 жылға дейін ауру тек АҚШ-та тіркелген. 1965-1969 жылдары ауру
Еуропада, Үндістанда, Австралияда, 1993 жылы Ұлыбританияда тіркелді.
Экономикалық шығын төлдің 60%-ға дейін жоғалуына, жылқылардың
жұмыс қабілетін уақытша жоғалтуына, айғырлардың қабыну функциясын
жоғалтуына байланысты, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық іс-
шараларды ұйымдастыруға байланысты болады.
Індеттік деректер
• Вирустық артеритке тақтұяқты жануарлар бейімді. Табиғи жағдайда
аэрогенді және жанасу арқылы жұғады. Алиментарлық жолменде
жұғуы мүмкін. Індет қоздырушының бастауы – ауру жануарлар.
Ауру жылқылар вирустың табиғи резервуары болып табылады.
Зертханалық жануарлар ағзасына, тауық эмбрионына және
гетерологиялық торша өсінділеріне егу мүмкіндігі сәтсіз аяқталды.
• Вирусты біріншілік бөліп алу үшін жылқылардың мүшелерінен
алынған торша өсінділері ғана жарамды. Басқа торша өсінділеріне
өсіру кезінде вирус иммуногендігін сақтап, уыттылығы төмендеген.
Сезімтал торша өсінділерінде цитпотикалық өзгерістерді шақырып
вирус көбейеді.
• Вирус тасымалдаушының уақыты белгісіз. Өлген төлдің организміне
қарап зерттегенде оның өкпесінде және көкбауырында көп вирус
табылған.
Дерттенуі
• Дерттенуі зерттелмеген. Вирус тамырлардың эндотелийіне енген соң,
қабыну процесстерін, тарылу мен тромбоздың түзілуін шақырады. Вирустық
артеритке организмнің барлық ұсақ артерийлерінің диссеминациялық
бұзылулары, әсіресе тоқ ішек пен соқыр ішектің,өкпенің, бүйрекүсті
капсулалардың, көкбауырдың және лимфа түйіндерінің бұзылулары мінезді.
Дегенеративті өзгерістер ішкі мүшелердің, сирақтың және қарынның
домбығуына әкеледі,сонымен қатар биелерді іш тастауға соқтырады.
Клиникалық белгілері
• Жасырын кезеңі 1 – 5 күн. Табиғи жағдайда ауру жіті өтеді және жасына,
жынысына қарамай барлық жануарларды зақымдайды. Жас төлдер өте
сезімтал.Клиникалық белгілері дене қызуының көтерілуімен, тәбеті
бұзылып, танау қуысы мен коньюктивиттің кілегейлі қабықтардың
қанталауымен, жастың ағуымен, танаудан серозды бөлінулермен,
қабақтың ісінуімен, қарын мен сирақтың домбығуымен, бұлшықеттердің
әлсіреуімен, биенің іш тастауымен және өліммен мінезделеді. (Долл және
басқалар., 1957) 10 – 35 күннен кейін жұқтырылған биелер іш тастайды.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
• Өлген жануарларды сойып қарағанда организмнің барлық ұсақ
тамырларының қабынғаны, ауыз қуысының кілегейлі қабықтарда
қанталаулар, өкпенің домбығуы, катаральды және катаральды –
геморрагиялық қабынулар және тоқ ішектің қабынуы, көкбауырдың
қанталауы және жансыздануы, бүйрек пен бауырда дегенеративті
өзгерістер көрінеді. Гистологиялық зерттегенде артерияларда
қанталаулар мен қабынуылар, өліеттенулер көрінеді. Ішектің
кілегейлі қабықтардың астында тамырлардың тромбоздануы және
жансыздануы көрінеді.
• Коньюктивитте, танаудың, ауыздың, көздің, асқазанның, ішектің
және іш тасталған төлдерде қанталаулар көрінеді. Плеврада және
іш қуыстарында - ұсақ қанталаулар; аралық перде ұлпасы ісінген,
ішкі плевралдық қуыстарында 50-ден 300 мл-ге дейін серозды
мөлдір сұйықтық болады.
Балау
• Бұрында ауруды балау клиникалық белгілеріне және патологиялық-
анатомиялық өзгерістеріне қарап негізделген. Бірақ ол тұмау (инфлюенца)
және жылқылардың ринопневмониясына ұқсас келеді, сондықтан ол қате
болып табылады.Қазіргі кезде ауруды зертханалық зерттеумен балайды.
Торша өсіндісінде қоздырғышты өсіреді. Нейтрализация, компемент
байланыстыру реакциясын және гистологиялық зерттеуді өткізіп,
антиденелерді табу үшін ауырып жазылған жануарлардың қан сарысуын
зерттейді. Ауырған және өлген жануарлардың мүшелеріне суспензия
дайындап, жылқыларға жұқтырып, биосынама қояды.Індеттік деректертерге,
клиникалық белгілеріне және патологиялық- анатомиялық өзгерістеріне қарап
уақытша балау қояды. Вирусты оқшаулау үшін көкбауырдың, өкпенің, лимфа
түйіндерінің, бүйректің, сонымен қатар танаудан аққан сораның және
коньюктивит қапшығынан дайындалған суспензия пайдаланылады. Вирусты
жылқының бүйрек торша өсіндісінен бөліп алады. Жылқылар мен понидан оң
сарысуды алады да вакцина егеді,содан кейін уытты вируспен
зақымдайды.Комплемент байланыстырушы реакциясы үшін антигендерді
өкпенің экстрактынан және іш тасталған төлдердің бауырынан дайындауғы
болады.
Ажыратып балау
• Вирустық артеритті жылқылардың ринопневмониясынан
(биелердің іш тастауы) және жылқылардың африкалық
обасынан ажырату керек. Клиникалық және патологиялық-
анатомиялық өзгерістерінің белгілеріне қарап бұл өте қиын
және олардың кейбіреулері ұқсас келеді.Вирустық артериттің
вирусы вирустық ринопневмониясының вирусына қарағанда
уыттылығы жоғары. Ішкі мүшелердің көптеген закымдарын
және жануардың өлімін шақырады.Ринопневмония
респираторлық індет сияқты жеңіл өтеді. Аурудың белгісі
көптеген іш тастаулар байқалады. Өкпе ұлпаларының
клеткаларында және төлдің бауырында ядро ішіндегі Каудри
А типінің қосылымдарын табады.Емі негізінен
симптоматикалық; емнің химиотерапиялық заттары жоқ.
Иммунитет және өзіне тән алдын алу
шаралары
• Ауырып жазылған жануарларда иммунитет
қалыптасады. Алдын алу үшін тірі аттенуирленген
вакцина қолданады.Жылқыларды әрбір жасында
вакцинирлейді, тек қана буаздықтың соңғы
сатысында вакцинирлемейді.
Ветеринариялық-санитариялық шаралар
• Шаруашылыққа вирусты кіргізіп алмау керек.Вет-
сан ережелерді сақтау қажет.Ауру шықса, сау емес
шаруашылықтан жылқыларды шығаруға және
кіргізуге болмайды.Ауру жылқыларды
оқшаулайды.Өлекселер мен іш тасталған төлдерді
өртейді.Ауру малдар тұрған бөлмелерді хлоры бар
ерітінділермен дезинфекциялайды.Іш тастаған
биелерді басқа шаруашылықтарға,осы аурудан
сауықтанғаннан кейін іш тастауы біткен соң 2 айдан
кейін аударуға болады.
Н а з ар
н д ар ы ң ы
ауд ар ға
а хм е т !!!
зғ а р

Ұқсас жұмыстар
Дастан және грифон
Орлов желісті жылқысы
Тешен ауруының қоздырушысы
Жылқының инфекциялық анемиясы, тұмауы, індетті лимфангоиты, обасы-презентация, вет. сан іс-шаралар жоспарын жасау
ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖҰМЫСШАҢДЫҒЫН АНЫҚТАУ
Жылқының тұқымдары
Жылқының жұқпалы анемиясы орыс
Жылқы тұқымдары туралы
Жылқы. Жылқы тұқымдарының шығу тегі мен шығару жолдары
АРЖАН МЕН ПАЗЫРЫҚ ОБАЛАРЫ
Пәндер