ІНДЕТТІ АУРУЛАРДА ҰША


Slide 1

Індетті ауруларда ұша мен ішкі органдарды ветсансараптау. Еттегі улы заттар мен антибиотиктерді анықтау. Ішекті ветсансараптау

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Ветеринария Факультеті

“Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена” кафедрасы

Тақырыбы:

Slide 2

Жұқпалы аурумен ауырған мал ұшасы мен мүшелерін ветеринариялық-санитариялық сараптау

Малдәрігерінің аса жауапты міндеті - тағамдық өнімдер арқылы адамға жұғатын аурулардың алдын-алу болып табылады. Сонымен қатар, мал ауруларын таратпау, сыртқы ортаны қорғау, ауру малдан алынған өнімдерді залалсыздандыру күрделі де жауапты жұмыс.

Жұқпалы аурумен ауырған мал ұшасы мен мүшелерін ветеринариялық-санитариялық сараптан өткізгенде, малдәрігері оның сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі балауының ерекшеліктеріне көңіл аударады, ветеринариялық санитариялық сарапты үлкен ұқыптылықпен жүргізіп, алынған өнімдер тиісті бағалануы керек.

Slide 3

Амалсыздан сойылған мал ұшасы мен мүшелерін патологиялық анатомиялық өзгерістер тиянақты тсксерілуі қажет. Сойылған мал ұшасындағы өзгерістер аурудан өлген мал тәніндегі өзгерістермен салыстырғанда әлде қайда көмескі болады, тіпті байқалмауы да мүмкін. Ветеринариялық-санитариялық сараптау аса жауапты жұмыс, тағамға пайдалануға болмайтын ауру малдың етін жеп адам ауруға шалдықса, малдәрігері заң алдында жауап береді. Осы ретте С. С. Евсеенконың 1884 ж. «Адам медицинасы адамды қорғаса, ветеринариялық медицина адамзатты сақтайды» деген өлмес сөзін еске алғанымыз орынды ма деп ойлаймыз.

Slide 4

Ветеринариялық санитариялық сараптауда малдың жұқпалы ауруларын адам үшін қауіптілігіне қарай үш топқа бөлуге болады:

Біріншісі мал өнімдері (сүт, ет және т. б. ) арқылы жұғатын індетті аурулар. Оған топалаң, туберкулез, бруцеллез, аусыл, құтырық, қатерлі ісік, қойдың жыбырлағы (брадзот), энтеротоксемиясы (секіртпе), қозының анаэробты дизентериясы, Ауески ауруы, шошқа тұмауы, жылқының індетті қан аздығы, Қу-қызбасы, лейкоз, сары ауру, листериоз, мелиоидоз (жалған маңқа), некробактериоз, күл, псевдотуберкулез, шошқа тілмесі, маңқа, тулеремия, хламидиоз, түйе обасы, эпизоотиялық лимфангит (афри-ка маңқасы), фузариотоксикоз, малдың хламидиозды іш тастауы жатады.

Slide 5

Екіншісі, мал өнімдері арқылы адамға жұқпайтын антропо-

зооноздар (боғлама, ботриомикоз, стахиоботриотоксикоз және

сіреспе) .

Үшіншісі, адам ауырмайтын зооноздар, күлдіреуікті ауру,

вирусты диарея, шошқаның күлдіреуікті экзантемасы, шошқаның

дизентериясы, диплококк септицемиясы, қатерлі катаралдық қызба,

қой мен ешкінің індетті агалактиясы, шошқаның атрофиялық

риниті, ешкінің кебенегі, ірі қараның індетті ринотрахеиті, коли-

бактериоз, сақау, ісік ауру (колиэнтеротоксемия), парагрипп-3

(көлік қызбасы), паратуберкулез, пастереллез (геморрагиялық

септицемия), ірі қара малдың ала өкпесі (перипневмония), стрепто-

коккоз, ірі қараның обасы, шошқа обасы, қарасан, жылқының

ринопневмониясы (вирусты іш тастау), індетті пневмония, шош-

қаның індетті энцефаломиелиті (Тешен ауруы), шошқаның

жыбырлағы (аэробты дизентерия), жылқының делбесі.

Slide 6

Малдың жұқпалы ауруларын осылайша топтау ветеринариялық санитариялық сарапшылардың аурудың бірінші тобына аса көңіл бөліп, ол аурулардың таралмауына баса назар аударып, тиісті шараларды уақытымен жүргізуіне мүмкіндік береді.

Slide 7

Адамға мал өнімдері арқылы жұғатын антропозооноздар Топалаң (Anthrax) .

Бұл аурумен барлық түлік: ірі қара мал(қараталақ), жылқы (жамандат), түйе (ақшелек, қара без), қой(топалаң), шошқа және адам (түйнеме, күйдіргі) ауырады. Өте жұқпалы, жіті өтетін ауру. Аурудың аса жіті түрінде ауырған мал бірнеше сағат ішінде өледі. Бірақ, бұл індет көбінесе 5-6 тәулікке созылады. Аурудың қоздырушысы - Bac. anthracis - сыртқы орта жағдайына шыдамды болады. Оның сыртқы пішіні таяқша тәрізді, Грам бойынша оң және барлық анилин бояуларымен жақсы боялады, қозғалмайды, ұзындығы 4-8 микрон, ені 1-1, 5 микрон, сыртынан капсуламен қапталған. Ауру малдың денесінде қоздырушының вегетативтік түрі болады да, сойылған малда, ауа мен күн сәулесінің әсерінен 15-42°С жылылықта 6 сағаттың ішінде спора түріне айналады.

Slide 8

Ауру малдың зақымдалған ұлпалары мен қанынан дайындалған

жағындыда микроб таяқшалары сыңарланып немесе қысқа жіпше тәрізді тізбектеліп жатады. Жасанды коректік ортада өсірілген микробтың жағындысын тексергенде, олар ірі таяқшалардың қысқа тізбегінен тұратыны байқалады. Шошқадан алынған материалдарды бактериоскопиялық әдіспен тексергенде, таяқшаның тым өзгерген түрін (түйреуішке ұқсап иілген және шар тәрізді және т. б) капсуласымен көруге болады. Сафранинмен бояғанда таяқша қызыл кірпіш түстен қызыл түске боялса, капсуласы мен ыдыраған таяқшалары (көлеңкесі) сары түске боялады. Метилен көгімен таяқша қара-көк түске боялса, капсуласы қызғылт түсті, ал Ребигер ерітіндісімен (формалин қосылған генцианвиолет) бояғанда таяқша қара-күлгін көк, капсуласы қызғылт-көк түске боялады.

Ауру қоздырушысының вегетативтік түрі 60°С ыстықтықта 1сағ., 75°С -1 мин ішінде өлсе, 100°С лезде өледі. Бірақ-та 10°С суықта 24 тәулік, 24°С -12 тәулік, 15°С суықтықта мұздатылған етте 15 тәулік, тұздалған етті бір жарым ай бойы тіршілігін сақтайды. Қарын сөлі оны 20 мин ішінде өлтіреді. Тікелей түскен күн сәулесі микробты бірнеше сағатта өлтіреді. Ал, су ішінде бірнеше ай бойы тіршілік етеді. Күйдіргіш натр немесе калийдің 10% ерітіндісі микроб спорасын 2 сағат ішінде, ал автоклавта 125-130°C 30 мин. өлтіреді.

Slide 9

Ауру мал денесінде бос оттегінің тапшылығына орай, қозды-

рушы спора түзе алмайды, сондай-ақ малдың өлексесінде шіру үдерісінің үдемелі өтуіне байланысты оттегі әдеттегіден әлдеқайда көп жұмсалып, бос оттегінің мөлшері көп кемиді. Сүйтіп, шіри бастаған өлекседе де қоздырушының вегетативтік түрі спораға айналып үлгермей, 2-3 тәулік ішінде жойылады.

Ал, ауырған мал байқамай сойылған жағдайда сырттағы оттегіне бай ауаның әсерінен спора жылдам түзіледі. Сондықтан да, бұл аурумен ауырған малды союға болмайды, емдеп жазылғаннан кейін ғана союға рұқсат етіледі.

Спора түзеген бацилла 150°С дейін қыздырылған ауада 1 сағат, автоклавтың 125-130°С ыстық буында 30 мин, қайнатқанда 1сағат, ол 400°С ыстықтықта 20-30 сек. ішінде өледі. Тікелей түскен күн сәулесі спораны 4 тәуліктен кейін, формалин ерітіндісі 2 сағатта өлтіреді.

Slide 10

Санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар

Сібір жарасы ауруы анықталған жағдайда, малдың ұшасын, ішкі мүшелерін және терісін бактериологиялық зерттеу нәтижелерін алуды күтпей-ақ өртеп, жояды. Сібір жарасымен ауырған малдан алынған өнімдермен араласып кеткен басқа малды сойғаннан кейін алынған өнімдердің бәрі өртеледі, терісі дезинфекцияланады. Мал сойылатын пунктте топалаң табылса, мал сою тоқталып, тиісті ветеринариялық санитариялық шаралар жүргізіледі. Ауру малдың еті мен мүшелері және терісі барлық қалдықтармен бірге өртеледі. Топалаңның қоздырушысы жұғуы мүмкін деп күдік туғызған сау малдың еті сойғаннан кейін 6 сағаттың ішінде қайнатылады, қайната алмаған жағдайда 10°C аспайтын температурада ұстап, 48 сағат ішінде зарарсыздандыруға болады. Бұлай ете алмаса өртейді. Бір бөлмеде сақталғанына қарамастан, егер сау малдың еті мен мүшелері ауру малдың етімен жанаспаса, оларды шек қойылмастан пайдалана береді.

Slide 11

Ет комбинаттары мен мал соятын пункттер мен алаңдарда, ішкі сауда орындарындағы ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларында топалаңның белгісі байқалса немесе күмәнді жағдайда мал сою және оның мүшелерін тексеру жұмыстары тоқтатылады, ғимараттағы бұрынғы сойыс өнімдері түгел шығарылады. Ауру мал сойылған орын дезинфекцияланады. Ол үшін құрамында 5% хлоры бар хлорлы әктің мөлдір ерітіндісі мал сойылған бөлменің қабырғасына, еденіне, төбесіне мол етіп бүркіледі. Бөлме тазартылады. Жиналған қоқыс өртеледі. Содан кейін, күйдіргіш натрийдің 10% ыстық ерітіндісімен бөлме, ондағы мал соятын құрал-саймандар өңделеді. Кейіннее, бөлме арасына бір сағат салып, құрамында 5% хлоры бар хлорлы әктің ерітіндісімен екі рет дезинфекцияланады да, белгілі бір уақытқа оның есік-терезелері жауып тасталады. Көрсетілген мерзім өткеннен соң бөлменің едені сумен жуылады, есік-терезелері ашылып, хлордың иісі жойылғанша желдетіледі.

Slide 12

Өкпе, бауыр ілінетін қармақтар дәнекерлейтін шамның жалынымен апталады. Пышақ пен шанышқыны соданың 5% ерітіндісінде 30 минут қайнатады. Арнайы киімдер автоклавка немесе параформалин камераларына салынып, зарасыздандырылады. Топалаңға қарсы жүргізілгені туралы акт толтырылып, жұмысжалғастырылады. Осы ауруға қарсы күрес мал мамандарымен қатар жергілікті тұрғындар да ауруға қарсы барлық жүргізілетін шараларға саналы түрде қарап, белсенді қолдау көрсеткен жағдайда ғана ойдағыдай нәтиже береді. Сондықтан да, қалың бұқара арасында бұл ауруынөте зиянды екенін насихаттау қажет.

Slide 13

Туберкулез - tuberculesis

Туберкулез - tuberctulesis - малдын, күстын, жабайы жануарлардың және адамның созылмалы түротетін жұқпалы ауруы. Бұл ауруға салқын қанды жануарлар да шалдығады. Туберкулезбен көбіне ірі қара мал және шошқа ауырады. Аурудың қоздырушысы - M. tuberculosis оттегі бар жерде тіршілік ететін, қозғалу қабілеті жоқ, ұзындығы 0, 5-5, 0 мкм, ені 0, 3-0, 5 мкм, бас жағы иілген жіңішке таяқша, спора мен капсула түзбейді. Физикалық факторлар (ыстық пен суықтың) мен химиялық заттардың (қышқыл мен сілті) әсеріне микроб құрамында микол қышқылының болуына байланыстызімді келеді. Ал, малдың нәжісінде, жайылымда -12 ай, топырақта -2 жыл, ағынды суда 2 ай, мұздатылған етте -1 жыл, сары майда 45 тәулік, сүтте 10 тәулік, тұздалған етте -45-60 тәулік, сырда (ірімшік) -45-100 тәулік сақталады.

Slide 14

Микобактериялар 95-100°С дейін қыздырылған ауада 1-2 мин. 85°C -10 мин, 70°C 10 мин, 60°C -1 сағатта өледі. Ал, кепкен заттағы қоздырушыны өлтіру үшін, оны 70°C -7 сағат бойы қыздыру керек немесе КОН 5% ертінділері оны 2, 0-3, 0 сағатта өлтіреді.

Сүтті 70°С қыздырғанда 10 минут ішінде, ал қайнатканда 3-5 мин өледі. Арнаулы Циль-Нильсон әдісімен бояғанда микобактериум ашық-қызыл түске боялады.

Ауру қоздырушысының бес түрі бар: адам туберкулезінің қоздырушысы - M. tuberctulesis, сиыр мен түйенікі - M. bovis, құста -M. avium, суыққандылар да - M. piscuim. Ірі қара көбіне - M. Bovis зақымданады, ал кейбір жағдайда басқалары да ірі қараны зақымдауы мүмкін.

Шошқа туберкулезбен бірінші үш түрімен де зақымданады. Дегенмен, көбіне шошқа туберкулезін - M. bovis қоздырады. Қой мен ешкі және жылқы туберкулезбен сирек ауырады. Оларды қоздырушының бірінші үш түрі зақымдайды. Адам көбінесе M. tuberculosis, кейде bovis және avium түрлерімен зақымданады.

Slide 15

Ветеринариялық-санитариялық бағалау

Туберкулез үдерісі шоғырланған жағдайда, яғни, бір уақытта төсі мен ішкі мүшелері зақымдалып, лимфа түйіндеріне таралған жағдайда, қоңдылығының жай-күйіне қарамастан, ішкі мүшелерін (оның ішінде ішек-қарнын) жояды. Лимфа түйіндері, ішкі мүшелерінің бірі немесе басқа ұлпасы туберкулезбен зақымдалған қоңдылығы қалыпты (шошқа ұшасынан басқасы), сондай-ақ зақымдалмаған басқа мүшелері қайнатылады немесе қайта өңделіп консерві немесе етті азық жасалады, ал іш майы қорытылып алынады. Туберкулезбен зақымданған мүшелері мен ұлпалары зақымдану нысанына қарамастан, жойылады. Шошқа ұшасында жақ астындағы лимфа түйіндерінде ғана ағарған туберкулезбен зақымдану анықталған жағдайда, оларды алып тастайды, ал басын ішкі мүшелерімен бірге шектеусіз шығарады.

Slide 16

Туберкулезбен шажырқай лимфа түйіндері ғана зақымданған жағдайда, ішекті жояды, ал ұшасы мен қалған ішкі мүшелерін шектеусіз шығарады. Жақ астындағы немесе шажырқай лимфа түйіндерінде қатайған, ағармаған ошақтар түріндегі (олардың түріне қарамастан) зақымдану немесе жақтың астында және шажырқай тораптарында бір уақытта туберкулез ошақтары анықталған жағдайда, олар ішегімен бірге жойылады, ал ұшасы мен қалған мүшелері қайнатылады немесе қайта өңделіп, консерві дайындалады.

Шошқа ұшасының лимфа түйіндерінен коринебактериялар немесе атипиялы микобактериялар тудырған туберкулез ауруы анықталған кезде шошқа ұшасы мен мүшелері шектеусіз шығарылады, ал зақымданған лимфа түйіндері алып тасталып, жойылады.

Туберкулез ауруымен ауырған малдан алынған тері шектеусіз шығарылады (дезинфекцияланбайды) .

Slide 17

Денесін туберкулез түгел жайлап кеткен (генерализация) малдың етін қоңына қарамастан және арық ұшаны кәдеге жаратады немесе өртейді. Басқа уақытта ауру малдың тек зақымданған мүшелері мен ұлпаларын кәдеге жаратады да, сау етін жақсылап қайнатып пісіреді немесе консерві дайындауға жібереді. Іш майы 100°С ыстықтықта 20 минут шыжғырылады.

Шошқа ұшасын тексергенде тек алқым лимфа түйіндерінде қатып қалған туберкулез ошақтары (түйіндері) болаа, басын тілімен қайнатуға жібереді де, ұшасын, мүшелері мен ішектерін тежеусіз пайдалана береді. Шажырақай лимфа түйіндері де осылай жеке зақымданған жағдайда, ішектерін кәдеге жаратады да басқа қалған мүшелері мен ұшасын тежеусіз пайдаланады. Шажырақай лимфа түйіндерінің бірінен казеоз (қатып қалмаған) түйіндері немесе туберкулез кеселі (қандай түрі болса да) алқым және шажырқай лимфа түйіндерінде бірдей байқалса, оларды кәдеге жаратады да ұшасы мен басқа қалған мүшелерін қайнатып пісіруге, ет консервісін немесе "ет нанын" дайындауға жібереді. Шошқа ұшасының лимфа түйіндерінің туберкулезге ұқсас, коринобактериялардың әсерінен пайда болған өзгерістерде, зақымданған жерлерін алып тастайды да ұшасы мен мүшелері тежеусіз пайдаланады.

Slide 18

Туберкулинге реакция берген малды сойғаннан соң лимфа түйіндерінен, ұлпалары мен мүшелерінен туберкулезге тән өзгеріс- тер табылмаса, ұшасы мен мүшелерін тежеусіз шығарады. Терісін дезинфекцияламайды. Егер, туберкулезбен малдың сүйегі зақымданса, сүйек еттері сылып алынып, қайнатылып пісіріледі, сүйегі кәдеге жаратылады.

Ауру малды сойған адамның туберкулезге шалдықпауы үшін, барлық сақтық шаралары жүзеге асырылады. Жұмысшылар қолын хлораминнің 2% ерітіндісі және хлорамин суымен дезинфекциялауы шарт. Пышақ кескен жерге йод ерітіндісі жағылады. Мал союға пайдаланған құралдарды соданың 5% ерітіндісінде 5 минут қайнатады. Мал сойылған жерді жақсылап тазалайды, дезинфекциялау үшін құрамында 5% хлоры бар әктің мөлдір ерітіндісі, хлорлы әктің 20% ерітіндісі, күкірт карбол қоспаларының 10% ыстық (70°C) ерітіндісі және күйдіргіш натр мен формалин қоспасының 3% ерітіндісін пайдаланылады. Арасына 1 сағат салынып, 2-3 рет залалсыздандырады.

Мал союшы адамдардың арнайы киімдері оқтын-оқтын ыстық суда қайнатылады немесе хлораминнің 3% ерітіндісіне 3 сағатқа салып қойылады.

Slide 19

Бруцеллез - Brucellosis

Бруцеллез - Brucellosis - ауыл шаруашылығы малдары мен

жабайы жануарларды және адамды зақымдайтын созылмалы

жұқпалы ауру. Ауырған мал іш тастайды, шуы түспейді, жатыры

қабынады, қысыр қалады, қынабы мен буындары іріңдеп қабынады,

ені ісіп шамадан тыс үлкейеді. Бұл ауру сойыс малдарының

арасында жиі кездеседі. Ауру қоздырушысының бірнеше түрі бар;

ірі қара бруцеллезінің қоздырушысы - Br. abortus, қой мен ешкіні -

Br. melitensis, адам бруцеллезінің негізгі қоздырыысы шошқада -

Br. suis, итте - Br. canis, (басқа түрлерінің болуы да мүмкін) . Бұл

түрлерінің өздері бірнеше жіктерге бөлінеді. Бруцелланың әр түрі

бір малдан, екінші малға ауысуы ықтимал. Қой мен ешкі

Br. melitensis сиыр мен буйволға, шошқаның Br. suis қой мен ешкіге

ауысқаны дәлелденген. Адам үшін бруцеллез қоздырушыларының

барлығы да қауіпті.

Slide 20

Бруцелла микроскоппен қарағанда шар, тырнақша, қысқа

таяқша тәріздес, былайша айтқанда микрококктар мен таяқшалардың арасынан орын алатын микроб (0, 6-1, 5 х 0, 4-0, 6 микрон) . Олар көбінде ретсіз, кейде бір-бірімен тізбектеліп немесе қосарланып жатады, спора мен капсула түзбейді, қозғалмайды, әдеттегі бояулармен жақсы боялады, Грам бойынша боялмайды. Бруцеллез ауруының қоздыруышысы сыртқы ортаның әсеріне біршама төзімді келеді, салқындықта ұзақ уақыт сақталады. Жер бетінде 40 тәулік, 5-8 см тереңдікте 60 тәулік, ылғалды жерде 90 тәулікке дейін тіршілік етеді. Тікелей түскен күн сәулесі бірнеше минуттен 3-4 сағат аралығында, ал шашырап түскен күн сәулесі 7-8 тәулікте өлтіреді. Бруцелла 70°С ыстықта 10 минут, 80-85°С 5 мин кейін, қайнатқанда лезде өледі, ал 56°С ыстықта 15-90 минутке шыдайды.

Бруцеллез микробы 25-35 рет тоңазытып және жібіткенге шыдайды. Салқын жерде сақталған залалданған етте ұзақ сақталады, 23°С мұздатылған етте 47 тәулік бойы тіршілік ету қабілетін сақтаған. Тұздалған етте де ұзақ уақыт сақталады, тіпті 182 тәулік бойы өзінің уыттылығын жоймаған. Іпінде бруцелласы бар еттен шикілей ыстап дайындалған шұжықта қоздырушысы тез (3 аптада) өледі. Бруцеллез малдың етінен дайындалған пісірілген шұжықта аурудың қоздырушысы табылмайды.

Slide 21

Малдың техникалық шикізатында, (терісі мен жүнінде) әсіресе қой мен ешкіден алынғандарында, бруцеллалар ұзақ уақыт тіршілігін сақтайды (жүнде 1, 5-4 ай) . Сүт пен сүт тағамдарында да біршама ұзақ сақталады, салқындатылған сүтте 4-7 тәулік, ірімшік, май, брынзада (тұзды ірімшік) 67 тәулікке дейін тіршілік қабілетін сақтайды.

Ал, енді бруцелланың химиялық заттарға шыдамыдылығына келетін болсақ, фенолдың 2 % ерітіндісі, креолиннің 2 %, лизолдың 0, 5 %, формалиннің 2 %, хлораминнің 0, 01 %, карбол қышқылының-2-3 %, соданың 5 % және хлорлы әктің 1 % ерітінділері ауру қоздырғышын тез өлтіреді.

Бұл ауру Орта Азия, Закавказье және Қазақстанда, Поволжье мен Батыс Сібірде көбірек орын алып келеді. Қазақстан республикасының солтүстік және орталық облыстары шаруашылық-тарындағы ірі қараның арасында ауру жиі кездеседі.

Slide 22

Ветеринариялық-санитариялық багалау. Бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал мен шошқаның, түйенің, жылқының еті ұшасы мен мүшелерінде патологиялық анатомиялық өзгерістер болмаған кезде ет 12 сағат тұрғаннан кейін шектеусіз шығарыла береді. Үша мен мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерістер анықталған жағдайда, шұжық және консерві өнімдеріне шығарылады.

Бруцеллезге оң әсер берген қой мен ешкінің санитариялық союдан алынған ұшасы мен мүшелері «Ветеринариялық қағида-ларды» сақтай отырып, пісірілген шұжықтарға немесе консервілерге қайта өңделеді.

Аурудың клиникалық белгілері мен патологиялық анатомиялық өзгерістері байқалған малдың барлық түрлерінің (уақ малдан басқа) еттерін пісіргеннен соң шығарады. Оң реакция бергенімен, аурудың клиникалық белгілері мен патологиялық анатомиялық өзгерістері болмаған ірі қара мен шошқа ұшаларын тежеусіз шығарады. Егер де, бұл мал Br. melitensis қоздырушысы бар ошақтан шыққан болса, олардың еттерінен, шұжық, (85-90°С батон ортасына 75°С кемемес) консерві, ет нанын дайындайды.

Slide 23

Бруцеллезге оң реакция берген сиыр желінін тиісті ережеге сай пісіріп зарарсыздандырады, ал аурудың клиникалық белгілері мен патологиялық анатомиялық өзгерістері болған жағдайда - ет ұнын дайындауға жібереді немесе пісіргеннен кейін мал азығы үшін пайдаланады.

Бруцеллездің клиникалық белгілері бар және патологиялық өзгерістер табылған малдың барлық түрлерінің, сондай-ақ бруцеллезге оң әсер берген мал (қой мен ешкіден басқа) ұшаларынан еттерін сылып алып, сүйектерін тағамдық май алуға немесе малдың құрғақ азығын дайындауға жібереді.

Slide 24

Аурудың клиникалық белгісі бар малдан алынған ішектер, өңештер мен қуықтарды пісіргеннен соң мал азығына

пайдаланады немесе құрғақ мал азығын дайындауды.

Аурудың клиникалық белгісі бар және бруцеллизге оң реакция

берген малдың қанынан құрғақ мал азығын немесе техникалық

өнімдер дайындауға рұқсат етіледі.

Ауру мал мен қой-ешкі бруцеллезіне (Br. melitensis) оң реакция

берген малдардан алынған тері, мүйіз, тұяқтары дезинфекцияланады.

Бруцеллезге шалдыққан малды сойғанда сақтық шаралары

қатаң сақталуға тиіс. Мал союшылардың арнайы киімдерін суға

қайнатады (30минут) немесе хлораминнің 1% ерітіндісіне 3 сағат

салып қояды, ол үшін киімнің 1 кг 4-5 литр ерітінді қажет.

Ауру мал сойылған бөлме алдымен механикалық жолмен

тазаланады. Содан соң, дезинфекцияланады. Ол үшін әктің 25%

мөлдір ерітіндісі, күйдіргіш натрдың 2 % ыстық ерітіндісі және т. б. дезинфекциялаушы заттар пайдаланылады.

Slide 25

Аусыл - Aphtae epizooticae

Аусыл - Aphtae epizooticae - жүп тұяқты ауыл шаруашылығымалдары мен жабайы жануарлардың жіті және өте жіті түрінде өтетін жұқпалы індеті. Ауырған малдың ыстығы көтеріледі, аузының кілегейлі қабықтарына, кейде желіні мен аяқтарында, тұяқ арасына күлдіреуіктер (афталар) шығады. Аусылмен адам да (әсіресе балалар) ауырады.

Аурудың қоздырушысы риновирус туыстығына жататын рибонуклеин қышқылынан (68, 5%) түзілген, сүзілгіш вирус. Антигендік қасиеті бойынша жеті серологиялық түрлері белгілі: О, А, С, Сат1, Сат-2, Сот-3 және Азия -1.

Slide 26
Ұқсас жұмыстар
Сазқұндызының
Артерия тамырлары қысымын анықтау
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
Қояншаруашылығы өнімдерін жұқпалы ауру кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаулар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы жайлы
Адам және жануарлар ауыратын жқпайтын аурулар кезінде жануарларды, өнімдері мен шикізаттарын ветеринариялық - санитариялық бағалауға машықтану
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде сарапталуы. ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық
Малдың кілегейлі қабықтарын, лимфа бездерін зерттеу және дене қызуын өлшеу
Сазқұндыз шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz