Листериоз ауруы
Презентация қосу
Листериоз
ауруы
Орындаған: Абдулла А. С.
Тексерген: Жузжасарова Г. Е.
Листериоз (Listeriosis) - орталық жүйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін
зақымданып, жедел тұрде қызбамен, жалпы интоксикациямен өтетін
ангиозды, септикалық, жүйелік түрлерінде өтетін жұқпалы, зоонозды ауру.
Таралуы және тарихи деректері.
Бірінші рет бүл ауруды үй қоянында Lucet (1892) сипаттады, ал D.A Gill (1931) қойда
анықтағаннан кейін қүстың, сиырдың және басқа да жануарлардың ауыратындығы
белгілі болды.
Қоздырушысы - Listeria monocytogenes грам теріс, таяқша тәріздес бактерия,
мөлшері - 0,5-2 х 0,3-0,5 мкм, ұіптары дөңестеніп бітеді, спора және қауашақ
түзбейді, жіпшелері бар, қозғалады, жартылай ауаса бағалы, кәдімгі қоректік
орталарда (pH 7,2-7,4) өседі.
Індеттанулық деректері.
Листериозға қой, ешкі, сиыр, шошқа, жылқы, қоян,
күзен, тауық, үйрек, қаз, күрке тауық бейім. Сонымен
катар, ит, мысық және маймылдың да ауыратындығы
белгілі болды. Жалпы алғанда листериялар 92 түрлі
жабайы жануарлар, одан қала берді иксод және гамза
кенелері/бит пен бүрге/бөгелектің балапан құртынан
да бөлініп алынған. Бұның бәрі лестриоздың үй
жануарларына жұғуы үшін қауіпті. Әсіресе кемірушіер
арасында байқалып, оқтын-оқтын тышқан тектестерді
көп шығынға ұшырататын індет ауыл шаруашылық
малдары үшін аса қауіпті. Қазақстанда және көршілес
елдерде басқа малдармен салыстырғанда негізінен қой
ауырады да, бұл түліктің ауруға шалдығу көрсеткіші
де: өлім көрсеткіші де жоғары болады. Басқа елдерде
сиырдың ауруы да жиі үшырайды. Листериозбен
жануарлар кез келген жаста ауырады, әйтсе де, жас төл
мен буаз малдардың бейімділігі жоғары болады.
Аурудын дерттенуі және сыртқы белгілері
Листериялар денеге енген соң қан мен сөлге өтіп, бүкіл организмді жайлап,
көбейеді де ми мен жұлынға енеді. Микроб эндо- жэне экзотоксиндер бөлуі
арқылы әр түрлі үлпаларды, қанның қыл тамырларын зақымдайды, қанның
белоктық қүрамы өзгеріп, моноциттер саны көбейеді. Инфекциялық
процестің одан эрі өршуі қоздырушының уыттылығы мең мал организмінің
физиологиялық ахуалына байланысты болады. Егер микробтың уыттылығы
төмен, ал мал организмінің төзімділігі тиісті дэрежеде болса, қоздырушы
денеге айтарлықтай зардабын тигізбей сөл түйіндерінде, бауыр мен
көкбауырда, бүйректе, жілік майында сақталады. Ондай жағдайда аурудың
көзге түсердей клиникалық белгілері байқалмай, мал ұЗақ уақыт бойы
жасырын листериялар алып жүруші болып қалады. Ал микробтың
уыттылығы күшті болса жас жануарларға өлі тиіп, сақа жануарлардың
орталық жүйке жүйесі зақымданып, энцефалит, энцефаломиелиттің
клиникалық белгілері байқалады, ал буаз малдар жыныс мүшелерінің
зақымдануынан іш тастайды.
Иммунитет.
Листериозбен ауырып жазылған жануарларда иммунитет қалыптасып, қан
сарысуында антиденелер пайда болады. Бірақ, листериозға қарсы гипериммунды
қан сарысуының, одан алынған глобулиндердің, ауырып жазылған малдардың қан
сарысуының емдік, дауалық қасиеті жоқ, сондықтан, бүл ауруға қарсы иммунитет
жасушалардың әрекетіне негізделген деп есептеледі. 1975 ж. бастап Қазан
ветеринария институтында алынған АУФ (ультракүлгін сәуле эсер еткен А
варианты)іштамынан даярланған вакцина қолданылады. Сиыр, қой, шошқа бүл
вакцинамен жылына бір ,рет тері астына егіледі. Иммунитет 10-14 күн өткенде
қалыптасып, 1 жылға дейін сақталады. Күзен мен үй қояндарында вакцинадан
кейінгі иммунитеттің ұзақтығы 6 ай.
Листериоздың өзіне тэн емдік препараттар жоқ. Емдеу үшін антибиотиктер
Емі (биомицин, террамицин, тетрациклин) қолданылады. Ем неғұрлым ерте
басталса, соғұрлым нэтижелі болады. Тіпті ауру жүғу қаупі туған кезде алдын-
ала жүргізілсе листериоздың алдын алуға болады. Дауалық мақсатпен малдың
Ікг салмағына биомицинді 20 мг, террамицинді 25 мг 5-7 күн бойы күніне 1-2
реттен беріп, қажет болғанда 5-6 күннен кейін қайталайды. Ауырған жануарды
емдеу үшін Ікг салмағына биомицинді 25 мг, террамицинді 30 кг күніне 2-3
реттен жазылып кеткенге дейін жэне тағы бірнеше күн ауру қайталанбау үшін
береді. Басқа да антибиотиктерді (амфицилин, экмоновациллин, бициллин),
сульфаниламиттерді қолдануға болады. Аурудың клиникалық білінуіне
байланысты симптоматикалық ем (жүректің, ас қорыту мүшелерінің, жүйке
жүйесінің қызметін дүрыстайтын, су-минерал алмасуын жақ-сартатын)
қолданудың маңызы зор
Дауалау және күрес шаралары.
Листериозды болдырмау үшін шеттен әкелінген малды бүл аурудан сау шаруашылықгардан
ғана алу керек. Жем-шөптің, әсіресе, сүрлемнің сапасы үнемі бақыланып, кемірушілермен
күрес жүргізіледі. Листериоз байқалған шаруашылықты сау емес деп жариялап, оған шектеу
қойылады. Шектеудің шарттары бойынша малды әкелуге рүқсат етіледі. Лажсыз сойылған
малдың қасап өнімдерін шикідей шетке шығаруға болмайды. Тек қана ет комбинаттарында
өңдеу үшін әкетуге болады. Листериялармен былғануы мүмкін жемшөпті, сүрлемді шетке
шығаруға болмайды. Листериоз шыққан фермада малдарды жаппай қарап,
ішінара ыстығын өлшейді. Орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілері
бар ауырған малдарды бірден союға жібереді. Ауруы күдікті жэне ауру
малдарды оқшаулап, емдейді. Сауықтырылған шаруашылықтан соңғы
ауырған мал жазылған соң 2 ай өткенде қорытынды дезинфекция мен
дератизация жүргізіп барып, шектеу алынады.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz