ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ


Slide 1

Ресей Федерациясын экономикалық аудандастыру

Slide 2

Ресейдің экономикалық зоналары

Батыс және Шығыс экономикалық зоналары

Батыс зона немесе Еуропалық Ресей

Шығыс зона немесе Азиялық Ресей

Slide 3

Ресей аумағы ішкі айырмашылықтарына байланысты Батыс (Еуропалық) және Шығыс (Азиялық) экономикалық зоналарға бөлінеді. Олар бір-бірінен аумақтарының игерілуі мен еңбек ресурстары, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары, экономикалық даму дәрежесі мен болашақтағы бағыт-бағдары жағынан түбегейлі айырмашылықтар жасайды. Сонымен қатар 11 экономикалық аудан ажыратылады, олардың сегізі Батыс зонада, ал қалған үшеуі Шығыс зонада орналасқан.

Slide 4

Батыс зона немесе Еуропалық Ресей ел аумағының 26%-ын құрайды. Ресейде өндірілетін өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерінің 85%-ы осы зонаға тиесілі. Батыс Еуропаға жақын орналасуы, өңдеуші өнеркәсптің басым болуы, жоғары маманданған еңбек ресурстарының жинақталуы экономикалық деңгейдің қарқынды болуына өзіндік ықпалын тигізген. Алайда өнеркәсіптің сырттан тасымалданатын шикізат пен энергияға тәуелді болуы, сумен қамтамасыз етілудегі кейбір қиыншылықтар, экологиялық проблемалардың туындауы өнеркәсіптің кептеген түрлерін шектеуді қажет етеді. Ғалым мен ғылымды көп қажет ететін кәсіпорындардың ірі қалаларда шоғырлануы қала халқы үлесінің артуына әсер етуде. Қала халқының үлесі 75%-ға жетеді және Ресейдің ең ірі қала агломерациялары мен 11 миллионер қаласы осы зонада орналасқан.

Slide 5

Шығыс зона немесе Азиялық Ресей ел аумағының 74%-ын құрайды. Бұл зона табиғат ресурстарына аса бай болып келеді. Елдегі отын-энергетикалық ресурстың 80%-ы, ағаш сүрегі қорының 80%-ы, су ресурсының 75%-ы, су-энергетикалық ресурстың 81, 5%-ы, сондай-ақ түсті және сирек металдардың, химиялық шикізаттардың басым бөлігі шоғырланған. Ресейдегі мұнайдың 70%-дан, газдың 92%- дан астамы осында ендіріледі. Соңғы жылдары зонадағы қала халқының үлесі күрт өсуде, 900-ге жуық қала типтес елді мекен, 230-дан астам қала бар, оның екеуі миллионер қалалар (Новосибирск және Омбы) . Шығыс зонаны дамытудың басты бағыттары - шикізаттарды өңдеу барысында технологиялық әдістерді жетілдіру, аймақтағы көлік жүйелерін жақсарту, қызмет көрсету салаларын дамыту және экологиялық қауіпсіздік шараларын мейлінше қатаң сақтау.

Slide 6

Ресейдің экономикалық аудандары

Орталық экономикалық аудан

Волга-Вятка экономикалық ауданы

Орталық қара топырақты аудан

Солтүстік-Батыс экономикалық ауданды

Солтүстік экономикалық аудан

Солтүстік Кавказ экономикалық ауданы

Волга бойы экономикалық ауданы

Орал экономикалық ауданы

Батыс Сібір экономикалық ауданы

Шығыс Сібір экономикалық ауданы

Қиыр Шығыс экономикалық ауданы

Калининград облысы

Slide 7

Орталық экономикалық аудан құрамына Мәскеу қаласы мен 12 облыс кіреді. Өзіне тән табиғат жағдайы мен ресурстарына негізделе отырып, бұл ауданда өнеркәсіптің машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері сияқты салалары; ауыл шаруашылығының көкөніс пен картоп, зығыр өсіру, қала маңы шаруашылықтары өркендеген. Сонымен қатар бұл аудан мемлекеттік басқарудың, қаржы-қаражаттың, ғылым мен мәдениеттің, туризмнің тарихи қалыптасып, өркен жайған аймағы болып саналады.

Slide 8

Волга-Вятка экономикалық ауданы кұрамына 2 облыс (Нижегород және Киров) пен 3 республика (Чуваш, Мари Эл, Мордва) кіреді. Негізгі маманданған салалары машина жасау, химия, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, картоп өсіру мен сүтті-етті бағыттағы мал өсіру, қала маңы шаруашылықтары болып табылады.

Slide 9

Орталық қара топырақты аудан -ең шағын аудан, оның құрамына Белгород, Воронеж, Курск, Липецк және Тамбов облыстары кіреді. Жетекші маманданған салалар қатарына қара металлургия, машина жасау, химия, құрылы материалдарын өндіру және тамақ өнеркәсібі жатады. Сонымен қатар жоғары дамыған ауыл шаруашылығы дәнді дақылдар, қант қызылшасы, күнбағыс, картоп өсіру мен етті-сүтті бағыттағы мал өсіруге маманданған.

Slide 10

Солтүстік-Батыс экономикалық ауданды Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысы құрайды. Бұл аудандағы тарихи қалыптасқан шаруашылық салалары машина жасау, химия, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінен тұрады. Ауыл шаруашылығының зығыр өсіру және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы, қала маңы шаруашылықтары сияқты салалары қарқынды дамыған. Сонымен қатар теңіз көлігі, ғылым мен мәдениет, туризм өркен жайған.

Slide 11

Сыртқы сауда

Ресей Федерациясының басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың жалпы сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы сауда байланысына тәуелді. Ел экономикасы көптеген жылдар бойы жасанды саяси кедергілер әсерінен дүниежүзілік нарықтан тыс қалып келген болатын. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей экономикасы ашық сипат алып, халықаралық деңгейге бетбұрыс жасады.


Ұқсас жұмыстар
Экономикалық география
Карта - белгілі бір топографиялық проекциялар көмегімен Жер бетінің үлкен өлшем бірліктерінде анықталатын аудандардың нақты жазықтықта кішірейтілен кескіні
Қазақстанды экономикалық аудандастыру
Мемлекеттік сорт сынау мен будандарды аудандастыру
Географиялық картаның типтері
АЛАКӨЛ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ЗОНАСЫН ЖАҒДАЙЫ
СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Табалдырық аялдамасы
Орман тұқым ісі
Аумақтық экономиканы зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz